Жасуша туралы теориянын қалыптасуы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
1. Жасуша туралы теориянын қалыптасуы.
XIX ғасырдың басында неміс ғалымдары - ботаник М.Шлейден мен Т.Шванн өсімдіктер және жануарлар жасушаларын салыстыра отырып зерттеу жүргізген. Нәтижесінде, олардың құрылыстары өте ұқсас және тіршіліктің дербес иесі екендігін анықтады. Демек, жасуша - тірі организмнің ең кіші өлшем бірлігі,сонымен қатар тіршіліктің негізгі тірегі.
Сонымен, 1838 - 1839 жылдары М.Шлейден мен Т.Шванн көптеген деректі материалдарға сүйеніп, жасуша теориясының негізін қалады. Жасуша теориясының қалыптасуы биология ғылымының әр түрлі салаларын дамытуға үлкен жаңалық болды. ФЭнгельс жасуша теориясын XIX ғасырдағы ашылған үш ұлы жаңалықтың бірі деп жоғары бағалады. Ол жаңалықтар - энергияның сақталуы және бір түрдің екінші түрге айналуы , жасуша теориясы және Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімі еді. Жасуша теориясының негізі қаланғаннан кейін 20 жылдан соң, 1858 жылы неміс дәрігері Р.Вирхов әрбір жасуша өзіндей жасушаның бөлінуі арқылы пайда болады деген қортындыға келді. Сонымен, жасуша - бір-бірімен тығыз байланысты әр түрлі құрам бөліктерден тұратын күрделі біртұтас жүйе болып табылады.
Қазіргі кездегі жасуша теориясының негізгі қағидалары мынадай:
1. Жасуша - барлық тірі организмдердің ең кіші өлшем бірлігі.
2. Әр түрлі органиэмдердің жасушалары - қүрлысы, құрлымы, химиялық құрамы, зат алмасуы және негізгі тіршілік әрекеттері жөнінен ұқсас.
3.Организмдердің жасуша құрлыстарының ұқсас болуы - өсімдіктер мен жануарлардың шығу тегінің бір екендігінің дәлелі болып табылады.
4. Жасушалар бөліну арқылы көбейеді.
5. Жасушаның негізгі құрлымдық бөлігіне цитоплазма және жасуша мембранасы жатады, ол барлық жасушаларға тән қасиет.
6. Көп жасушалы организмдер жасушаларының ең негізгі бөлігі - ядро, онда тұқым қуалау ақпараттары сақталып, келесі ұрпақтарға беріліп отырады. Тірі организмдер жасушалары ядросының жетілуіне байланысты екі топқа бөлінеді, яғни ядросыз жасушалы организмдер - прокариоттар, ал ялросы толық жетілген жасушалы организмдер - эукариоттар деп аталады.
Жасушаны зерттеу әдістері. Жасушанаң негізгі бөлімдері: мембрана, цитоплазма, ядроны, сондай-ақ цитоплазмадағы әр түрлі органоидтер мен молекулалардың құрлысын зерттеу үшін әр түрлі оптикалық құралдар қолданылады. Цитологияда қолданылатын негізгі құрал - жарық микроскопы. Жарықтың әсерімен көрсететін микроскопта жетілдірілген окуляр пайдаланылады
Ол зерттелетін объектіні экранға 1000 есе ге дейін үлкейтіп түсіре алады.
Қазіргі уақытта цитолг мамандар 800 - 1300 есе үлкейтіп көрсететін биологиялық микроскоптарды пайдаланады. Кейінгі кезде жасушаны молекулалық деңгейде зерттеу үшін 1931 жылы Девиссон мен Калбек ойлап тапқан электрондық микроскоп та пайдалануда. Электрондық микроскоптың шығуы әр түрлі қауіпті аурулардың қоздырғыштарын табуда ерекше орын алады. Биологияның арнаулы саласының бірі - биохимияда жасушаны молекулалық деңгейде зерттейді.
2. Ұлпалар туралы түсінік.
Ұлпа -- шығу тегі, құрылысы мен атқаратын қызметі бірдей жасушалар тобы. Өсімдіктерде ұлпаның алты типін ажыратады: түзуші, негізгі, жабындық, өткізгіш, бөліп шығарушы және тіректік. Түзуші ұлпа тамыр ұшы мен өркен ұшында орналасатын жасушалардан тұрады. Бұл жасушалар үнемі бөлініп, жаңа жасушалар түзеді, нәтижесінде өсімдік өсіп дамиды. Түзуші ұлпаларға сабақта орналасқан камбий жатады. Оның жасушаларының бөлінуі нәтижесінде сабақ жуандап өседі.
Негізгі ұлпалар фотосинтездеуші және қор жинаушы ұлпалардан тұрады. Фотосинтездеуші ұлпалар жасуша қабықшасы жұқа тірі жасушалар жиынтығынан тұрады, олардың цитоплазмасында көп мөлшерде хлоропластар болады. Бұл ұлпалардың негізгі қызметі -- фотосинтез процесіне қатысу.
Қор жинаушы ұлпалар қор заттарын жинайтын жасушалар тобынан тұрады, қорға нәруыз, май, көмірсулар жиналады. Сондықтан бұл ұлпалар түйнектер, пиязшықтар, тамыржемістер, тұқымдар, жемістерді түзеді. Бұл ұлпаларға су жинаушы ұлпалар да жатады (су сақтағыш ұлпа). Мысалы, олардан кактустың сабағы, алоэнің жапырағы түзіледі.
Жабындық ұлпа -- бұл жасушалар тобынан қабықша, тоз түзіледі. Ұлпаның негізгі қызметі -- өсімдіктің ішкі жүйесін зиянкес микроорганизмдердің енуінен қорғап, судың артық булануынан сақтау.
Өткізгіш ұлпалар суда еріген минералды заттарды тамырдан өсімдіктің жер беті бөліктеріне және органикалық заттардың жапырақтан басқа мүшелерге жеткізілуіне жауапты. Бұл қызметті сүрек түтіктері мен тіннің сүзгі тәрізді түтіктері атқарады. Бөліп шығарушы ұлпаларға шайыр жолдары, шірнелік, сүт жолдары жатады.
Тіректік немесе механикалық ұлпалар өсімдік мүшелеріне беріктік қасиет береді. Олар қабықшасы қалың жасушалардан тұрады. Олардан жаңғақ пен емен жаңғағы қабықшасы, алхоры, өрік сүйектері түзіледі. Мұнда жасушалар тұтас қатты ұлпа түзеді. Жасушада көбіне тірі заттар болмайды, бірақ олар жас өсіп келе жатқан жасушаларда болады да, кейіннен толықтай бұзылады. Жануарларда ұлпаның төрт түрі болады: эпителий, жүйке, бұлшықет, дәнекер.
Эпителий ұлпасының жасушалары бір-бірімен тығыз байланысқан, олар теріде, мүшелердің ішкі қабырғаларында қорғаныш қабатын түзеді. Жүйке ұлпасы нейрондардан тұрады, олар ми мен жұлынның қызметін қамтамасыз етеді. Бұлшықет ұлпасы ішкі мүшелердің қызметі мен организмнің кеңістікте қозғалуын қамтамасыз ететін дене бұлшықеттерін түзеді. Дәнекер ұлпалары тіректік, беріктік қасиет беріп, оттек пен қоректік заттарды тасымалдайды, оларға қан, лимфа, шеміршек, буын, сүйек жатады. Ұлпалардан мүшелер түзіледі. Мүшенің денеде тұрақты орны, белгілі құрылысы бар және нақты қызмет атқарады. Әдетте, мүшені бірнеше ұлпалар жиынтығы құрайды, бірақ олардың біреуі ғана оның маңызды, басты қызметін атқарады.

3. Мүше.
Адам анатомиясының дамуына үлкен үлес қосқан ерте кездегі Қытай, Үндістан және Египет. Шығыстың үлгілі ғалымы Әбу -- Әли - Ибн-Сина. Мысалы ол " Дәрігерлік ғылымның канондары" деген кітапта адамның ішкі мүшелері мен қан тамырларының анатомиясытуралы жазып, қай жерден қан алу, қан құю керек екендігін білген, сондай-ақ денеге ине шаншу арқылы емдеу әдісітуралы да айтып кеткен.
Анатомияның негізін салушы - Ежелгі Рим дәрігері Гален. Ол ит пен маймылды сойып солардың дене құрылысын зерттеп, оны адам дене құрылысына сәйкес болар деп жобалаған.Галеннің көп қателерін араб ғалымдары ,атап айтқанда Ар-Рази,Әл-Фараби,Ибн-Рушу,Әбу-Али- Ибн-Сина түзетіп, анатомияға көп жаңалылықтар қосты.Ежелгі грек ғалымдары Демокрит,Гиппократ қан тамырлар жүйесі бар екендігін анықтады.
Анатомияның дамуына үлкен үлес қосқан гректің ұлы ғалымы Аристотель болды.Ол жүйкені сіңірден ажыратып, жүректің қан айдайтын мүше екендігін білді.Ол ұлпалардың түрлерін анықтап берді.Қайта өрлеу дәуірінде анатомияның дамуына тікелей үлес қосқан ғалымЛеонардо да Винчи суретші, математик,инженер,ол 30 өліктен 800 нақты сүйектердің суретін салған.Мальпиги мен Шумлянскийкапилярларды ашып қан айналу тұйық екендігін дәлелдеді.Неміс ғалымдары Шванн мен Шлейден жасушалық теорияны ашты.
Орыс ғалымдары арасынанН.И.Пирогов,И.М.Сеченов,И.П .Павловтың еңбектері анатомияның функционалдық бағытқа түсуіне септігін тигізді.
Зоологиялық жіктеулер бойынша адам омыртқалыларға ,хордалылар типіне,сүт қоректілер класына,приматтар отрядына,адам тәрізді приматтар отряд тармағына ,адамдар туысына,оның ішінде саналы адам түріне жатады.
Анатомия пәнін оқығанда жасуша,ұлпа,мүше,мүшелер жүйесі,аппарат және ағза деген ұғымдардың түсінігін білу өте қажет.
Жасуша - деп тіршілік жүйесі бар , цитоплазма,ядро,органоидтардан тұратын, барлық өсімдіктер мен жануарлардың құрылысының , дамуының және өмір тіршілігінің негізін түзетін, белгілі бір пішіні бар тіршіліктің ең кіші бірлігін айтамыз.
Ұлпа деп тарихи қалыптасқан, өзіне тән морфологиялық және биохимиялық ерекшелктері бар жасуша мен жасушааралық заттардың жиынтығынан тұратын дене бөлігін айтамыз.
Мүшелер жүйесі деп бірнеше бірыңғай мүшелерден түзіліп барлығының дамуы мен құрылыстары үұсас болып белгілі бір қызмет атқаратын мүшелер тізбегін айтамыз.Мысалы ас қорыту,тыныс алу т.б.
Аппарат деп екі-үш мүшелер жүйесінің дамуы мен құрылысы ұқсас болмаса да жалпы бір қызмет атқаруын айтамыз. .Мысалы тірек-қимыл аппараты,несеп-жыныс аппараты.
Ағза-барлық мүшелер жүйесі мен аппараттардың жиынтығынан түзіліп, тіршілік қасиетін сыртқы ортамен байланысты атқаратын бір бүтін дене.

4. Жүйелі мүшелер.
Жүйке жүйесінің қаңқа бұлшықеттерінің жұмысын реттейтін бөлімі сомалы (грекше soma - дене), ішкі мүшелердің жұмысын реттейтін бөлім вегетативті (vegeto - қоздырамын) жүйке жүйесі деп атайды.Жүйке жүйесінің сомалы бөлімі ағзаның сыртқы ортамен байланысын жүзеге асырады, тітіркендіргіштерді қабылдайды. Адам еркіне байланысты қозғалыстарды басқарады.
Жұлын - орталық жүйке жүйесіне жатады. Жұлын цилиндр пішінді омыртқа жотасының өзегінде орналасқан, ұзындығы 42 - 45 см, салмағы 34 - 38 г. Жоғарғы шеті сопақша мимен жалғасады, төменгі шеті екінші арқа омыртқаға дейін созылып жатады. Жұлынның алдыңғы және артқы жағында ұзынынан созылған тік сайшалары (борозды) болады. Ол жұлынды оң және сол жақ жартыға бөліп тұрады. Жұлынның дәл ортасында іші жұлын сұйықтығына толы жұлын өзегі бар. өзектің айналасында пішіні көбелекке ұқсаған жұлынның сұр заты (нейронның денесі мен қысқа өсінділерінің жиынтығы) бар. Сұр заттың сыртын ақ заты (нейронның ұзын өсіндісінің жиынтығы) қоршап жатады.
Аралас жүйке дейтін себебі: жүйке талшықтарының бір тобы қозуды орталық жүйке жүйесіне, екіншісі одан қозуды шеткі мүшелерге өткізеді. Жұлыннан тарайтын жүйкелердіңқұрамында әрі сезгіш, әрі қозғалтқыш жүйке талшықтары болады. Жұлын жүйкелеріқолдың, тұлғаның және аяқтың қаңқа бұлшықеттеріне таралады. Орталық жүйке жүйесіне өтетін қозу жұлынның тек артқы түбірі арқылы өтеді. Ал одан келетін қозу жұлынның тек алдыңғы түбірі арқылы жүреді. Егер екі түбірден шыққан жүйке талшықтарының бір-бірімен қосылған жері жарақаттанса (кесілсе), жүйкелердің сезгіштігі де, қозғалтқыштық әрекеті де жойылады.
Жүйке орталығы деп жұлынның түрлі бөлімінде орналасқан қандай да болмасын мүшенің жұмысын реттейтін жүйке жасушаларының жиынтығын айтады. Мысалы, тізе рефлексі орталығы жұлынның бел бөлімінде; зәр шығару орталығы сегізкөз бөлімінде; көз қарашығының ұлғаю орталығы арқа бөлімінде және т. б. орналасқан. Жұлынның жүйке орталықтары рецепторлар және мүшелермен тығыз байланысты. Қозғалтқыш нейрондары - дене, аяқ-қол бұлшықеттері, тынысалу еттерінің жиырылуына әсер етеді. Жұлынның қатысуымен қозғалу рефлексі жүзеге асады. Жүрек, тынысалу, ішкі мүшелер жұмысында өзгерістер болады.

5. Ағза.
Ағза - француздың - organisme, латынша - organiso - құрамын, сыртқы құрылым беремін деген сөздеріндегі мағынаны береді.
Кең көлемде алатын болсақ, тірі ағза- дегеніміз,бір-бірімен байланыста болатын және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биологияның даму тарихы
Жасуша туралы
Жасушаның биологиясы
Клетка туралы ілім.
Биологиялың негізгі теориялары
Жасуша, үлпа, мүше, жүйелі мүшелер және ағза туралы
Өсімдік жасушасының құрылысы
Биологиядағы теориялық жалпылауы
Эволюциялық биология
Жасушалық теория
Пәндер