ҚР мұрагерлік құқықығынын негіздері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
1. ҚР мұрагерлік құқықығынын негіздері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Мұрагерлік құқық азаматтық құқықтың бір бөлігі болып табылады. Мұрагерлік құқық-қайтыс болған адамның мүлкінің мұрагеріне көшу тәртібін белгілейтін құқықтық нормаларының жиынтығы. Мұра азаматтың қайтыс болуы немесе оны қайтыс болды деп жариялау салдарынан ашылады. Мұрагер мұраны қабылдай отырып,мұраға қатысты барлық құқықтар мен міндеттерге ие болады.
Мұра қалдырушы қайтыс болар алдында мүлкі жайлы ешкімге өсиет етпесе немесе өсиет еткеннен кейін де мүлік иесіз қалса, мұрагерлер заң бойынша мұраға ие болады.
Біздің өмірімізде болып жатқан жағдайлардың барлығы азаматтық құқықтық қатынастарға жатады деп айтуға болады. азаматтық қатыанстардың пайда болуының алғы шарттарына оқиға мен заңды факт жатады. Осы оқиғалардың ішінде адамның қайтыс болуы да бар.
Әрбір адам жеке тұлға ретінде азаматтық құқықтық қатынастардың субъектісі болып табылады, белгілі бір мүлікке ие болады, ал осы адам қайтьыс болғанна кейін оның мүлкінің тағдары қалай болады деген сауалға жауап беру үшін біз азаматтық құққытық заңнаманың мұралау атты құқықтық институтына жүгінеміз.
Бұл құқықтық институт азаматтық заңнаманың ерекше бөлімінде көрсетілген. Қазақсатанның мұралау заңнамасы қазіргі кезде жетілген деп санауға болады. бұл жағдайдың дәлелі - азаматтық кодекстің күшіне енгізілгеніне 6 жылға жақын, ал осы институттың нормаларына әлі бір де өзгерту енгізілген жоқ. Теориялық жағынан да бұл қатынастар кеңінен қамтылған.
Жұмыстың міндеті - мұралау құқығын, азаматтардың меншігін мұралау арқылы қабылдау тәртібі бойынша азаматтық заңнаманы, арнайы әдебиетті зерттеу.
Жұмыстың мақсаты - жұмыстың міндетін орындау арқылы азаматтардың меншігін мұралау тәртібін нақтылап тану, ерекшеліктерін білу, бұл институттың тәжірибеде жүзеге асуын зерттеу.
Бұл жұмыстың бірінші тарауында азаматтардың меншігін мұралаудың жалпы түсінігі, маңызы, ерекшеліктері, мұраның ашылу тәртібі көрсетілген. Екінші тарауда мұралаудың нысандары, яғни заң бойынша мұралаудың түсінігі және мәні, өсиет бойынша мұралаудың тәртібі анықталған. Үшінші тарауда мұраны қабылдаудың заңды негіздері көрсетілген.
Мұрагерлік Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексімен, ал тікелей өзі белгілеген жағдайда өзге заң актілерімен реттеледі.Мұра ашылған кезде тірі жүрген, сондай-ақ мұра ашылғаннан кейін туған азаматтар өсиет және заң бойынша мұрагер бола алады. Мұра ашылғанға дейін құрылған және мұраның ашылу уақытында болған заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекет өсиет бойынша мұрагерлер болуы мүмкін.
Мұралық мүлікке мұра қалдырушының заң бойынша тиесілі мүліктері ғана кіреді. Егер мұра қалдырушы мүлікті қылмыстық әрекеттер арқылы тапқан болса, мұндай мүлік мұра беруге жатпайды. Азаматтардың меншік оның ішінде жеке меншік құқығының объектілері мұрагерлік мүлік құрамына жатады.
Мемлекеттік заңдар-мүліктік қатынаста және азаматтардың құқықтарын қорғау саласындағы заңдылықты одан әрі нығайтудың маңызды құралы болып табылады. Меншік иесінің заңда белгіленген шекте мүлік иеленуге, пайдалануға және оған билік етуге құқығы бар. Азаматтардың жеке меншігін және оған мұрагер болу құқын мемлекет қорғайды. Мұрагерлік құқық жеке меншікпен басқа да мүліктердің мұра қалдырушы адамның мұраға ие болатын мұрагерлерінің қарауына өтуін реттейді. Мұрагерлік құқық жанұя құқығымен заңдылықты қорғайды, отбасылардың нығайып, одан әрі өсіп-өркендеуіне, кәмелетке толмаған балалар мен еңбекке жарамсыз отбасы мүшелерінің құқығын қорғауда бір-бірін толықтырып, мазмұнын аша түседі.
Мұра қалдырушыны немесе мүмкін болатын мұрагерлердің біреуін қасақана өлтірген немесе олардың өміріне қастандық жасаған адамдардың өсиет бойынша да, заң бойынша да мұра алуға құқығы жоқ. Бұған өсиет қалдырушы оның өміріне қастандық жасалғаннан кейін өздеріне қатысты өсиет қалдырған адамдар кірмейді. Мұра қалдырушының соңғы еркін жүзеге асыруға қасақана кедергі жасаған және сол арқылы олардың өздерін немесе оларға жақын адамдарды мұрагерлікке шақыруға не мұраның оларға тиесілі үлесін көбейтуге ықпал жасаған адамдардың өсиет бойынша да, заң бойынша да мұра алуға құқығы жоқ.
Балаларына ата-аналық құқықтарынан айырылған және мұра ашылған кезде бұл құқықтарын қалпына келтірмеген ата-аналардың балаларынан қалған мұраны, сондай-ақ мұра қалдырушыны күту жөнінде өздеріне заң күшімен жүктелген міндеттерді орындаудан жалтарған ата-аналардың (асырап алушылардың) және кәмелетке толған (асырап алынған) балалардың заң бойынша мұраны алуға құқығы жоқ.
Лайықсыз мұрагерлерді мұрагерліктен шеттетуге негіз болатын мән-жайларды сот белгілейді.
Жалпы мұрагерлік құқықтың өсиет бойынша және заңды мұрагерлік құқық мәселелеріне арналған құқықтық нормалар заң шығарушылардан дәлділікті, ой-тұжырымдарының анықтығы мен айқындығын талап етеді. Бұл әрбір азаматтың басқа да мүдделерін қорғайтын мұрагерлік ерекшелігімен байланысты.
Мұрагерлік институттың консервативтілігі соншалық, оған қандай да бір маңызды өзгерістерді қолдану мүмкін емес, себебі оны қайта қалпына келтіру қиынға соғады. Дегенмен де уақыт өз толықтыруларын енгізіп отыр, бұл өмірдің өзгеруімен, сондай-ақ адамдардың өз талаптарының өзгеруімен де байланысты. Мұндай жағдайда қоғамда болып жатқан өзгерістерге соқтықпайынша, мұрагерлік құқық институты өзгеріссіз қалуы мүмкін емес. Ол барлық құқық сияқты бүтіндей жаңа уақыттың және жаңа саясаттың талаптарына жауап беруі керек. Аталған мәселелер теориялық деңгейде өңделмесе, мұрагерлік құқықтық қатынастарды реттейтін азаматтық заңдарды толық жетілдіру процесі қиындайды.

ҚР мұрагерлік құқықығынын негіздері
Азаматтық кодекстің 1043-бабына сәйкес, мұра қалдырушының соңғы тұрған жерi, ал егер ол белгiсiз болса, мүлiктiң немесе оның негiзгi бөлiгiнiң орналасқан жерi мұраның ашылу орны болып табылады. Мұра қалдырушының тұрған жерін анықтау кейіннен мұрагерлердің мұраға құқығы туралы куәлігін алу үшін қажет. ҚР мұрагерлік кұқығы мұраның ашылу уакытында күнді негіз алғаны кейбір қиыншылыктарға себеп болуда. Күн жоғарыда айтылғандай 00:00 сағаттан басталып 24:00 сағат толуымен бітеді. Күн дегеніміз белгілі бір уақыт жиынтығы (сағат, минут, секундтар жиынтығы) болғандықтан, мұрагерлердің өздеріне тиесілі үлесіне қай мезеттен бастап ие болатындығын (АК-тің 1072- бабы) немесе бір күннің ішінде мұрадағы заттар ортаға шыққан пайда, зиянның салдары мен зардабын кім шегетіндігін (АК-тің 123), мұраның құрамын белгілеуде көптеген қиындыктар туғызады (АК-тің 1040).
Мұраның ашылу уақыты өлімнен басқа Азаматтық кодекстің 31-ші бабында айтылған жағдайларда сот адамды өлді деп жариялауы мүмкін. Осылай жариялау өлімнің салдарын туғызады. Бұл жерде талқыланатыны, адамды өлді деп жариялағанда мұраның ашылу уақытын анықтау. АК-тің 1042 бабының екінші тармағы сот шешімінде баска күн белгіленбесе, сот шешімінің күшіне енген күні мұраның ашылу уақыты болатындығын айкындайды. Айтылған баптың сот басқа күн белгілемесе деп нені айтқысы келгендігі. Бұған жауапты азаматтық кодексіміздің 31-ші бабының үшінші тармағының екінші сөйлемі, егер адам өлім қатері төнген немесе жазатайым окиғада каза тапты деп жорамалдауға негіз болатындай жағдайда хабар ошарсыз жоғалып кетсе, сот осы оқиғаның болған күнін адамның өлген күні деп тануы мүмкін деген жауабын, беруде.
Мұраның ашылу орны мұра калдырушының соңғы тұрған жері ал, ол белгісіз болса мүлкінің немесе оның негізгі бөлігінің орналасқан жері. Бұл жердегі тұрған жерден, Азаматтық кодекстің 16-шы бабында айтылған тұрған (тұрғылықты) жерді түсінуіміз керек. Он төрт жасына толмаған адамдар немесе қорғаншылықтағылардың тұрғылықты жері олардын ата-анасының, асырап алушылырының немесе қорғаншыларының тұрғылықты жері болып табылады. Осымен байланысты соңғы тұрған жерді анықтауға Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының маусым 2004 жылғы №11 нормативтік қаулысы көмектесуде. Қаулының екінші тармағында: Мұра қалдырушының уакытша басқа жерге кету, мысалға, әскери қызметі, оқу, жүмысының жағдайы мен ерекшеліктері, іс саяхаты және емдеу мекемесі, бас бостандығынан айырған жер сияқты жағдайларда мұраның ашылу орны, кетуге дейінгі тұрғылықты жері. деп айтылған. Осы орайда айта кететін жәйт, азаматтың тұрған немесе тұрғылықты жері мен тіркелген жері әрдайым бір болмауы мүмкін. Сондықтан маңыздысы, мұра соңғы тұрған (тұрғылыкты) жерінде ашылады. Ал соңғы тұрған жері белгісіз болса мұрадағы мүліктің орналаскан жері мүлік әр жерде болса негізгі бөлігінің орналаскан жері, мұраның ашылу орны болып есептеледі.
Мұраның ашылу орнын анықтау, мұрадан бас тарту арызын беруде немесе мұрагерлікке кұкық туралы куәлік беруде қай нотариус кұзыретті екендігін белгілеуде, әлде мұрагерлік құқығынан туындайтын талаптарда қай соттың жер жөнінен соттылығын және т.б. жағдайларды анықтауда маңызы зор. Мұраның ашылған уақыты жергілікті азаматтық хал актілерін жазатын бөлімдерінің (АХАЖ) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық сот ісін жүргізу принциптерінің жүйесі
Сотта істі қараудың ауызшалығы
Еңбек құқығы туралы түсінік
ҚР жерге жеке меншік құқығы
Құқықты көркемдік және кең тұрғыдан айқындау
Азаматтық іс жүзіндегі құқықтық қатынастар
ЖЕР ІС ЖҮРГІЗУ НОРМАЛАРЫ – ЖЕР ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗГІ ҚАЙНАР КӨЗІ
Халықаралық құқық
Сабақтас құқықтардың пайда болуының тарихи алғы шарттары
Азаматтық процесстің қатысушылары (жалпы сипаттама)
Пәндер