Дәрілік заттарды қолдануда туындайтын аурулар



Жоспар:
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
• Дәрілік заттарды орынды қолдану
• Дәрілік заттарды дұрыс қолданбау
• Дәрілік заттарды дұрыс қолданбаудың зардаптары
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Астана Медицина Университеті АҚ

Кафедра:___________________________ ______________________

СӨЖ

Тақырыбы: Дәрілерді қолдануда туындайтын аурулар

Орындаған: _________

Тексерген: ___________

Топ: 107-ЖМ

Астана-2012

Жоспар:

I.Кіріспе

II.Негізгі бөлім

• Дәрілік заттарды орынды қолдану

• Дәрілік заттарды дұрыс қолданбау

• Дәрілік заттарды дұрыс қолданбаудың зардаптары

III.Қорытынды

IV.Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Емдік немесе алдын ала емдеу мақсатында колланылатын заттар немесе олардың
қоспасы. Сот медицинасында дәрі-дәрмектер олардын адамдарға психикалық
немесе физикалық, әсер ету кабілеті арқасында ерекше маңызға ие болды. Өз-
өзіне қол салу мен өлтіру кезіндегі өлім себебі сапасына дәрі-дәрмек
үлесінің маңызы зор болғанымен, бірак барлық осындай жағдайларда
денсаулыққа зиян келтіру немесе өлімге душар ету негізгі мақсат болып
табылмайды. Негізгі сарын өзінікі сияқты, өзге біреудін мінез-
құлқына,допинг немесе есірткіні пайдалана отырып, белгілі бір деңгейде әсер
ету аркылы, оны психотропты немесе есірткілік заттардың көмегімен
бағынышты, тәуелді немесе еркінен айыру көзделеді. Дәрі-дәрмектер тудырған
әсерлер, көп жағдайда басқа қылмыстық әрекеттер кезінде, әсіресе автокөлік
қылмыстарында маңызды рөл ойнайды. Бұл жағдайда дозаны асыра қолдану, не
оның болмауы немесе шүғыл кажетдәрі-дәрмекті бермеу елеулі маңызға ие
болады. Дәрі-дәрмекпен улануды техникалық криминалистикалық дәлелдеу. көп
қиындықтармен тығыз байланысты. Оқиға орнында табылған дәрі қораптары мен
улану белгілері кұнды деректер бере алады. Әйтсе де көп жағдайларда,
материалды соттық-химиялық зерттеу кезінде белсенді заттар мөлшерінің тым
аз болатыны соншалықты, зиянын тигізген компонентті ұзақ уакытқа созылған,
күрделі сараптаулар нәтижесінде ғана байқап, анықтау мүмкін болады

Дәрілік заттарды орынды қолдану

Денсаулық сақтау саласындағы кепілдіктер Қазақстан Республикасының
әлеуметтік саясатының маңызды элементі болып табылады, сондықтан
медициналық көмекті басқару, медициналық көмекті ұсынуды алдын ала
жоспарлау, оның көлемдерін, құрылымы мен шарттарын келісу арқылы денсаулық
сақтау жүйесінің ресурстары мен міндеттемелеріне сәйкес жүргізілуі тиіс.
Дәрілік қамсыздандыруды басқару, бәрінен бұрын, формулярлық жүйе мен
медициналық қызметтердің экономикалық моделіне кіретін дәрілік
стандарттарға сүйенуі тиіс. Шектелген қаржылық ресурстар жағдайында науқас
үшін тегін медициналық, мемлекеттен өзінің азаматтарына кепілдік берілген
минималды (одан төмен медициналық көмек көрсетудің көлемі мен шарттарын
азайту мүмкін емес) әлеуметтік стандарттар жиынтығын оңтайландыру қажет.
Денсаулық сақтау ісінің шектелген қаржылық ресурстары жағдайында емдік-
диагностикалық процесті дәрілік заттармен, жұмсау материалдарымен және
медициналық мақсаттағы бұйымдармен орынды қамтамасыз ету мәселесі айрықша
өзекті және маңызды болып табылады.

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының (БДСҰ) деректері бойынша:

• Барлық дәрілердің 50%-дан астамы тиісінше тағайындалмайды,
босатылмайды немесе сатылмайды және әрбір екінші пациент дәріні дұрыс
қабылдамайды;

• Дәрілерді шамадан тыс, жеткіліксіз немесе бұрыс қолдану адамдарға
зиянын тигізеді және ресурстарды ысырапшылдықпен жұмсауға алып келеді;

• Барлық елдердің 50%-дан астамы дәрілерді орынды қолдануды ынталандыру
бойынша негізгі саясатты жүргізбейді;

• Дамыған елдерде мемлекеттік сектордағы пациенттердің кемінде 40%-ы
және жеке меншік сектордағы пациенттердің 30%-ы клиникалық басқару
принциптеріне сәйкес ем алады;

• Дәрілік заттарды қолдануды жақсартуға медициналық қызметтерді
жеткізушілерді құру мен бақылау, тұтынушыларды ағарту ісі мен дәрілік
заттарды тиісінше жеткізіп беру секілді шараларды қиыстыру тиімді әсерін
тигізеді (осы шаралардың кез келгені жеке-дара шекті түрде әсер етеді).

Дәрілік заттарды орынды қолдану ұғымы дәрілік заттарды дұрыс және тиісінше
қолдануды меңзейді. Орынды қолдану деген пациенттердің уақыттың тиесілі
аралығында тиісті дәрілік препараттарды дұрыс мөлшерлемесімен және олар мен
олардың қауымы үшін ең төмен құнымен алатынын білдіреді.

Дәрілік заттарды дұрыс қолданбау

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының бағалауы бойынша барлық
дәрілердің жартысынан астамы тиісінше тағайындалмайды, босатылмайды немесе
сатылмайды, әрбір екінші пациент оларды дұрыс қабылдамайды. Бұл қате
қолдану рецептуралық препараттар мен рецептісіз босатылатын дәрілерді
шамадан тыс, жеткіліксіз немесе тиісінше қолданбауға алып келеді.

Кең таралған мәселелер төмендегілер болып табылады:

• полипрагмазия (дәрілік заттардың аса артық көлемін қолдану);

• антибиотиктер мен инъекцияларды шамадан тыс қолдану;

• дәрілерді тағайындауда клиникалық басқару принциптерін сақтамау;

• өзін өзі тиісінше емдемеу.

Дәрілік заттарды дұрыс қолданбаудың зардаптары.

Дәрілік заттарды дұрыс қолданбау адамдар үшін зиянды зардаптарға және
ресурстарды ысырапшылдықпен жұмсауға алып келе отырып, барлық елдерде орын
алған.

• Микробтарға қарсы препараттарға орнықтылық. Антибиотиктерді шамадан
тыс қолдану микробтарға қарсы препараттардың орнықтылығын күшейтеді,
дәрілердің көп мөлшері инфекциялық ауруларға қарсы тиімсіз болып қалатынына
алып келеді. Обырды емдеудің көптеген хирургиялық процедурасы мен әдістері
инфекциямен күресу үшін қолданылатын антибиотиктерсіз мүмкін емес.
Орнықтылық аурудың ұзаққа созылуына, пациенттердің ауруханада ұзақ уақыт
болуына, тіпті олардың өліміне алып келеді.

• Дәрілерге қолайсыз реакциялар мен дәрімен емдеудегі қателіктер. Дұрыс
қолданбаудан туындаған дәрілерге қолайсыз реакциялар немесе дәрілерге
аллергиялық реакциялар аурудың күшеюіне, азаптануға және өлімге алып
келеді.

• Ресурстарды ысырапшылдықпен жұмсау. Денсаулық сақтаудың ұлттық
бюджеттік қаржысының 10%-40%-ы дәрілерге жұмсалады. Дәрілерді өз қаржысына
алу адамдар мен олардың отбасылары үшін әжептеуір қаржылық қиындықтар
тудырады. Дәрілерді дұрыс тағайындамау мен дұрыс қолданбау кезінде
мемлекеттік және жеке қаржыдан миллиардтаған доллар ысырапшылдықпен
жұмсалады.

• Пациенттердің сенімін бұзу. Дәрілердің шектелген санын шамадан тыс
қолдану олардың жетіспеушілігіне немесе қолжетімсіз бағамен сатылуына алып
келеді, нәтижесінде пациенттердің сенімін бұзады. Сондай-ақ дәрілерді
тиісінше қолданбаудан туындаған денсаулыққа қатысты нашар және негативті
нәтижелер де сенімді бұзуға алып келеді.

Дәрілік заттарды дұрыс қолданбауға қандай факторлар мүмкіндік туғызады?

• Дағдылар мен білімнің жоқтығы. Диагноздың белгіленбеуі, дәріні
тағайындайтын тұлғаның тиісті диагноз қою кезінде оңтайлы шешім туралы
білімінің жоқтығы, клиникалық басқару принциптері секілді тәуелсіз
ақпараттың жоқтығы, пациентті одан әрі қадағалауға мүмкіндіктің немесе
соттың істі қарауының ықтималдығына байланысты қауіптің жоқтығы дәрілік
заттарды тиісінше тағайындамауға немесе тиісінше босатпауға алып келеді.

• Фармацевтикалық компаниялардың дәрілік заттарды сәйкессіз, этикасыз
жылжытуы. Дәрілік заттарды тағайындайтындардың көпшілігі ақпаратты
клиникалық басқару принциптері секілді тәуелсіз көздерден емес, негізінен
фармацевтикалық компаниялардан алады. Бұл көбінесе шамадан тыс қолдануға
алып келеді.

• Дәріні сатудан түскен пайда. Көптеген елдерде бөлшек саудамен
айналысатындар дәрілерді рецептісіз тағайындап, сатады. Олардың табысы
сатылған дәрілердің санына байланысты, ал бұл – дәрілерді, әсіресе,
қымбатырақ тұратын дәрілерді шамадан тыс қолдануға алып келеді.

• Дәрілердің шектеусіз болуы. Көптеген елдерде антибиотиктер секілді
рецептуралық препараттар рецептісіз еркін сатылады. Бұл шамадан тыс
қолдануға, өзі өзі тиісінше емдемеуге және мөлшерлемесін сақтамауға алып
келеді.

• Медициналық персоналдың шамадан тыс жүктемесі. Дәріні
тағайындайтындардың көбісінің әрбір пациентке аз ғана уақыты бар, ал
бұл – диагнозды дұрыс қоймау мен дұрыс емдемеуге алып келеді. Мұндай
жағдайларда дәріні тағайындайтындар дәрі-дәрмек саласындағы білімін
толықтыруға уақыты жоқтықтан әдеттегі өздері тағайындайтын препараттарға
сенім артады.

• Құны бойынша дәрілердің қолжетімсіздігі. Құны бойынша дәрілер
қолжетімсіз болған жағдайда адамдар оны толық емдеу курсына қажетті көлемде
сатып ала алмайды немесе мүлдем сатып ала алмайды. Оның орнына олар
сапасына кепілдік берілмеген дәрілерді немесе өзінің туыстары мен достарына
тағайындалған дәрілерді алу секілді балама нұсқалар іздеуі мүмкін.

• Үйлестірілген ұлттық фармацевтикалық саясаттың жоқтығы. Барлық
елдердің жартысына жуығы дәрілік заттарды тиісінше қолдануды қамтамасыз ету
үшін БДСҰ ұсынатын негізгі саясатты жүргізеді. Оған дәрілерді қолдану
мониторингі мен реттеу үшін тиісті шаралар мен инфрақұрылым, сондай-ақ
дәрілерді тағайындайтын денсаулық сақтау қызметкерлерін даярлау мен бақылау
енгізілген.

Дәрілерді орынды қолдануды жақсарту үшін не істеуге болады?

БДСҰ әлемге саясат, құрылым, ақпарат пен білімнің көмегімен дәрілік
заттарды орынды қолдануды ынталандыру бойынша ұлттық бағдарламаларды жүзеге
асыруды ұсынады.

Бұл шаралар төмендегілерді қамтиды:

• дәрілік заттарды қолдану және олардың әсерінің мониторингісі бойынша
саясатты үйлестіру үшін ұлттық орган;

• дәрілерге қатысты шешім қабылдау процесін дайындау, бақылау және қолдау
бойынша фактілік деректерге негізделген клиникалық басқару принциптері;

• медициналық сақтандыру бойынша дәрілерді сатып алу мен шығындарды өтеу
үшін қолданылатын негізгі дәрілік заттар тізбесі;

• дәрілік заттарды қолдануды жақсарту бойынша шаралардың
мониторингі мен өткізілуі үшін аудандар мен ауруханаларда дәрілік және
терапиялық заттар бойынша комитеттер құру;

• жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу бағдарламаларына
фармакотерапия мен дәрілерді тағайындау саласындағы поблемалық оқытуды
қосу;

• дәрігерлік тәжірибені жүргізуге лицензия алу үшін қажетті шарт ретінде
үздіксіз медициналық білімді талап ету;

• медициналық персонал мен тұтынушылар үшін дәрілік заттар туралы қоғамдық
қол жетерлік тәуелсіз және объективті ақпарат;

• дәрілік заттарға қатысты халықты ағарту ісі;

• дәрілерді тиісінше тағайындамауға алып келетін қаржылық стимулдарды жою
(мысалы, дәрілерді тағайындайтын тұлға өзінің табысын арттыру үшін пайда
табу мақсатында оларды сататын жағдай);

• дәрілік заттарды жылжыту бойынша қызметті жүзеге асыруда этикалық
критерийлерге сәйкес келуді қамтамасыз ететін нормативтік –құқықтық
актілер;

• дәрілік заттар мен медициналық персоналдың бар болуын қамтамасыз ету
үшін тиісінше қаржыландыру.

Дамыған елдерде бастапқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде дәрілік
заттарды қолдануды жақсарту үшін ең тиімді шешім білім мен медициналық
қызметтерді жеткізушілерді бақылау, тұтынушыларды ағарту ісі және дәрілік
заттарды тиісінше жеткізіп беру секілді шараларды қиыстыру болып табылады.

Дәрі-дәрмек ақпараттық орталығы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биологиялық препараттарды тасмалду кезіндегі ветеринариялық бақылау
Антиботиктердің тиімді әсері
Фармацевтикалық қоғамдастықтың бірігуі
Антибиотиктердің жағымсыз әсерлері
Дәрі ішу әдістері және мөлшері
Биопрепараттардың ауыл шаруашылығында маңызы
Стоматология мамандығы бойынша интернатураның элективті пәндері
Жалпы медициналық білім беруде ішкі аурулардың маңызы
Медициналық құқық бұзушылықтардың объективтік белгілері
Қазақстан Республикасында медициналық препараттарды сертификаттау ерекшеліктері жайлы
Пәндер