Оқушыларды музыкалық, эстетикалық тәрбиелеудің әдістері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

1. Оқушыларды музыкалық, эстетикалық тәрбиелеудің әдістері.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Тәрбие сонау алғашқы қауымдық құрылыстан бастап, осы күнге дейін келе жатқан бір сәтте тоқтамаған үнемі даму үстінде болса да, әр заманда ол туралы қандай бір келелі пікірлер айтылса да, небір шаралар істелсе де, түйіні мен түйткілі көп үрдістердің бірі. Әр заман, әр дәуір өз проблемасын алып келіп, оның бұрыннан шешілмей келе жатқан мәселелері үсті-үстіне жамалып көбеймесе азайып отырған жоқ. Осындай түйткілді мәселелердің бірі - жастарға эстетикалық тәрбие беру. Болашақ педагог маман, бүгінгі студенттерге эстетикалық тәрбие беру мәселесі кейінгі кезде бәсеңдеп қалған жайы бар. Бұны қайтадан жандандырудың көп жолдарының бірі, халқымыздың көркемдік тәрбиеге байланысты ертеден келе жатқан ой-пікірлеріне сүйене отырып, солардың ішінен қазіргі заманғы эстетикалық тәрбие мәселелерін шешуге іргетас болатын ұрымтал ой-пікірлерді бүгінгі күн талаптарына сай пайдалану.

Ал эстетикалық ойлар болса, ерте заманнан бері қарай адамдардың санасында орын алғанын сол кезден бері қарай бізге жеткен туындылардан табамыз. Атап айтсақ, «Күлтегін», «Оғызнама» жазба ескерткіштерінде бұл Отанға, халқына болған сүйіспеншілікпен күнделікті тұрмыс заттарындағы әшекей бұйымдар, әдемі бейнеленген суреттер, адамдардың кескін келбетінде, сөйлеген сөзіндегі тіл көркемдігінде көрініс тапқан. Одан кейінгі түркі дәуіріндегі ғұламалардың жазбаларынан эстетикалық мұратқа байланысты көркем идеялардан бастап, адамдар арасындағы қарым-қатынас көркемдігі, ақыл-ой мен тағы да сол тіл көркемдігі, өнер, музыка, поэзия, тұрмыстық зат-бұйымдардағы талғамынан, өмір көркемдігіне болған мәлімелесінен байқаймыз.

Әр ұлттың интонациялық, ырғақтық ерекшеліктері, дыбыстық тәжірибесі және басқа да көптеген факторларға байланысты ұлттық музыка өзіндік айырмашылыққа ие. Бұны халық музыкасын тыңдаған кезде анық байқаймыз. Осы күнгідей музыканың ұлттық ерекшеліктерін білдіретін қырлары жойылып, барлығы ұқсас болып бара жатқан кезде әр ұлттың мәдени, рухани-сезімдік өзгешелігін байқататын және сол негізде адамның жан-дүниесін тәрбиелейтін арнайы жұмыстар қажет-ақ. Бұны Халық сынды басқа да композитор, ғұлама, ғалым ар мен Халық, әнші, жыршылар шығармашылығы негізінде музыкалық-эстетикалық тәрбие арқылы жүзеге асыруға болады.

1. Оқушыларды музыкалық, эстетикалық тәрбиелеудің әдістері.

Халық сусындаған мол байлық көзінің ең бастысы - шығыстың көркем әдебиеті және ежелден келе жатқан халықтың ауыз әдебиеті мұрасы, қазақ хандығы тұсындағы Халық-жыраулар мұралары және орыс мәдениеті арқылы таралған Еуропа әдеби мұралары екені айтылып келеді.

Ән өнерінің өзі болмысынан эстетикалық жүк кетеретіні белгілі. Себебі ол алдымен «кұлақтан кіріп бойды алып» адамның сезім әлеміне арналады және оған әсерін тигізеді. Осыған орай Халықның композиторлық дарынының дамып, қалыптасуына ықпал еткен факторларды М. О. Әуезов, Б. Г. Ерзакович, А. Жұбанов, С. Ақылбайұлы, Б. Елеуғожин, А. Агибаева, В. Дернова, П. Зарубин т. б. зерттеулеріне негіздей отырып, анықтауға күш салды. Сөйтіп оны- әжесінің әлдиі мен атасының бесік жыры, медреседе әндетіп оқитын Құран сүрелерінің әуені, бала кезінен тыңдап өскен жыр-дастандардың әуені мен бозбала кезінде еліктеген халық композиторларының әндері, домбыра тартуға әуестігі және ән-күйге болған құштарлығы, Халықның өзінің "құйма құлақ дарыны - деп топшыладық. Алайда Халық әндерінің өзіндік жаңа сипатта туындауына себеп болған басты факторлар туралы айтқанда Д. Мельников, Қ. Байжанов, М. Мұхаметжанова, А. Махамбетова, М. Төлебаев, Л. Хамиди ұлттық сарын мен орыс, украин жалпы Еуропа музыкасының да әсері болғанын Е. П. Михаэлис, Н. И. Долгополов, заңгер А. А. Леонтьев (психолог емес), суретші П. Д. Лобановский, әнші Әлмағамбет, скрипкашы Мұха, әнші жары Әйгерім, музыкаға құштар балалары Әбдірахман, Ақылбай және басқалардың әсерінің мол болғанын атап көрсетеді. Осы және басқа да зерттеулерге сүйене отырып Халық әндерінің ерекшеліктерін: созылмалы әннің дауыс толқынының өзгеріс-козғалысына негізделетіні; музыкалық дыбыстардың бірінен бірі жоғарылы-төмен сатылап, әр түрлі үнмен айтылуы; осындай өзгеше бітім-құрылысына сәйкес әсем әуезділігі; адамның сезім күйін терең ашып бере алатын мәнділігі-деп көрсетуге болады. Тарихи деректерге қарағанда ғұлама, Халық, колмпозитор Халықтың бірнеше күйлері болған, солардан бізге жеткені «Торжорға», «Май түні».

Зерттеуші ғалымдар А. Сейдімбеков, З. Ахметов, Е. Шомбалова, Б. Ғизатов, М. Алиасқарұлы, Т. Әлімқұлов, А. Ахметжанов, Т. Базарбаев, У. Бекенов, А. Ділманов, І. Жақанов т. б. Халық поэзиясының танымдық, тәрбиелік мәнін терең түсініп, оны адам мінезін, заманды түзетудің күшті құралы деп қарастырады.

Музыка өнері халық әндері арқылы жастарды эстетикаға тәрбиелеудің маңызы - өлең сөздің мазмұнын музыка немесе ән арқылы байытумен ерекшеленеді. Ән - сөздің сезімге әсер ету қуатын арттырады.

Эстетикалық тәрбиеге қатысты педагог-ғалымдардың ойларын жинақтай келе және эстетикалык тәрбие берудің мазмұны, әдістері, тәсілдері т. б. ескере келіп біз Халық музыкалық туындылары арқылы эстетикалық тәрбие берудің үлгісін, халықтың музыкалық мұралары арқылы студенттерге эстетикалық тәрбие берудің теориялық моделін жасадық.

Қорытынды

Эстетикалық тәрбиенің мақсаты, міндеттері, кұралдары мен әдістері, эстетиканың санаттары және оның Халық шығармаларына қатысына байланысты педагог, психолог, философ, әдебеттанушы, халықтанушы және басқа да ғалымдардың жоғарыда біз келтірген ой-пікірлеріне және Халықтың өзінің ән, күйге байланысты пікірлеріне сүйене отырып болашақ музыка-педагогика мамандарына Халық музыкалық мұрасы арқылы эстетикалық тәрбие берудің ұстыны-эстетикалық тәрбиенің аса маңызды кұрамдас бөлігі - өмірдегі, табиғаттағы, адамзат ой-пікірі мен іс-әрекетіндегі көркемдікті қабылдау арқылы сезіну, көре білу, оны түсіну және соның төңірегінде ой жүргізу екеніне көз жеткіздіқ Сол үшін эстетикалық тәрбие беруде көркем өнердің барлығына тән - қабылдау, эмоционалды әсерлену, қиялдануын, өзіндік танып-білуін дамыту, оларды жарату жолдары, тәсілдері т. б. меңгерту, олар туралы алғашқы білім, біліктер туралы түсінік беру қажет деген пікірдеміз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыныптан тыс музыкалық білім беру
Сыныптан тыс музыкалық тәрбие беру
Эстетикалық тәрбиенің мақсаты - жеке адамның эстетикалық мәдениетін дамыту
Музыкалық-эстетикалық бәләм мен тәрбие БҚ заманауи мектеп қиыншылықтары
Бастауыш сынып оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеудің педагогикалық негіздеулері
ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ МӘНІ
Мектептегі музыкалық тәрбие әдістемесі
Ұлттық өнердің нақты туындыларын және олардың оқушылардың эстетикалық қабылдауына әсерін талдау
Эстетикалық тәрбиенің теориялық негіздері
Бастауыш сыныптың оқу-тәрбие үрдісінде эстетикалық тәрбиені қолдану әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz