Тірек-қимыл жүйелі мүшелері. Қаңқа



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Тірек-қимыл жүйелі мүшелері. Қаңқа.
Тірек-қимыл жүйесі (ТҚЖ) -- кеңістікте қозғалу мүмкіндігі мен ағзаның ішкі мүшелерінің қорғанысын қамтамасыз ететін, оған тірек болатын, ағзаға пішін беретін, қаңқа түзуші құрылымдар кешені, адамның қозғалыс аппараты. Тірек-қимыл жүйесі (ТҚЖ) 640 бұлшықеттен, 200-212 сүйектен (қаңқа), бірнеше жүздеген сіңірден тұратын өздігінен жұмыс атқаратын механизм. Тірек қимыл жүйесінің өсуіне гипофиз гормоны көмектеседі.
Қаңқа сүйектерден және оларды байланыстыратын құрылымдардан тұрады. Адам ағзасында 200-ден астам сүйек бар, олар ерлерде дене салмағының 18%, әйелдерде 16% құрайды. Бұлшық еттер сәйкесінше ерлерде 36% және әйелдерде 42%, ал кейде ер спортшыларда 50% дейін болады. Адам ағзасында 400-ге жуық бұлшықет бар.
Қаңқа дененің құрылымдық негізін құрайтын және оның мөлшері мен формасын анықтайтын шешуші мәнге ие. Қаңқа сонымен қатар бұлшықеттің өзіне жабысатындықтан, ол пассивті қозғалыс мүшесі болып табылады. Сонымен қатар, қаңқаның сүйектері кальций, фосфор және басқа элементтердің қоймасын білдіреді және минералды зат алмасуға қатысады. Көптеген сүйектерде қан жасушалары түзілетін қызыл сүйек кемігі бар. Қаңқаның кейбір бөліктері (бас сүйегі, қабырға торы, жамбас) тірек-тірек органдарының - мидың, өкпенің, жүректің және т.с.с.-ді сақтау және қорғау қызметін атқарады. Бұлшық еттер тірек-қимыл жүйесінің белсенді бөлігі болып табылады. Бұлшықеттің тірек қызметіне дене қуыстарын қоршау кіреді, оны дене қуыстарын қоршап тұрған бұлшық еттер жүзеге асырады.
Жаңа туған сәбидің ми сауытының сүйектері бір-бірімен жұмсақ дәнекер ұлпадан тұратын қабықшамен жалғасады. Бұл қабықша бірнеше сүйектердің қосылатын жерінде үлкен болады. Ондай жерін баланың еңбегі деп атайды.
Ми сауытының ондай жерлері екі-екіден самайда (жалпы саны 4), маңдайда және шүйдеде бір-бірден болады. Барлығы 6. Маңдай еңбегі 1 жасқа жақындағанда, қалғандары 2-3 айда бітеді де, қатты қабықпен жабылады. ми сауыты сүйектерінің арасындағы жіктері 4 жасқа жақындағанда бірігіп кетеді де олардың өсуі тоқталады. Бет сүйектері жыныстық жетілуге дейін өсіп, содан кейін өсуі тоқталады.
Нәрестенің жақ сүйектерінің т і с т е р і болмайды. Баланың тісі ең алғаш 5-6 айда өсе бастайды (сүт тістері шығады), 6 жасқа жақындағанда сүт тістері түсіп, орнына тұрақты тістері шығады. Ең соңғы тұрақты тістері -- ақыл тістері жыныстық жетілуден кейін пайда болады. Жалпы алғанда тістердің шығуы, осуі, тұрақты тіске ауысуы баланың дене шынығуына, жетілуіне байланысты. Сондықтан жастардың тісінен олардың биологиялық жетілуін анықтауға болады.
Бет сүйектері өсіп жетілгеннен кейін баланың тұрақты бет әлпеті қалыптасады., яғни оның түрі тұрақты болады.
Бұлшық еттердің құрылысы мен қызметі. Жаңа туған сәбидің бұлшық еттері толық қалыптаспағанымен, дене салмағының 20-22%-ндай ғана (ересек адамда 45-40 %) болады. Адам денесінде 600-ден астам бұлшық еттер бар. Олар бір-бірімен тарамыс үштары арқылы жақын орналасқан қаңқа сүйектеріне бекітіледі. Қаңқа еттері негізінен көлденең салалы еттерден тұрады. Қаңқа еттерін көлденең салалы ет ұлпаларынан түратын, құрамында дәнекер ұлпасы , нервтер және тамырлары бар мүшелер деп есептейді.
Бұлшық еттердің қызметі олардың негізгі қасиеті -- жиырылуға байланысты орындалады. Жиырылу арқылы ет қысқарып, оның жиырылу қабілетін көрсетеді. Еттің жиырылуы нерв импульстерінің орталық жүйке жүйесінің әр жерінен келіп бұлшық етті қоздырады. Нерв импульстеріне қозумен жауап беру қабілетін еттің қозғыштығы дейді. Еттің қозғыштығы оның жұмыс атқару қабілетін көрсетеді. Қозған еттің клеткаларының зат алмасуы, биоэлектрлік қасиеттері өзгереді. Бұлшық еттің қозуды өткізу жылдамдығы онша көп емес, 5 мсек шамасында.
Бұлшық еттер жиырылғанда көп қуат жұмсалады. Жиырылған еттің қысқаруы шарт емес, кейде, керісінше, ұзаруы да мүмкін. Жиырылу күші еттің талшықтарының санына және қалыңдығына байланысты. Еттің к ү ш і деп оның ширау қабілетін айтады. Еттің ширау қабілеті ет талшықтарының жиырылуға қатысу саны мен жуандығына байланысты. Жиырылу күші кей кезде бірнеше килограмға жетеді. Сондықтан неғүрлым ет жуан болса, соғүрлым күшті болады. Бұлшық еттің күші оның сүйекке бекітілуіне де байланысты. Бұлшық еттің күші оның құрылысына да байланысты. Бұлшық еттер көп ядролы жуандығы 0,1 мм, ұзын дығы 2 мм -- 12 см ет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тірек-қимыл жүйесін оқытудың әдістемесі
Адам қаңқасының құрылысы
Анатомия пәнінің даму тарихы. Анатомияның түрлері мен зерттеу әдістері
Қаңқа бұлшықеті - дене жаттығуларын жасайтын басты аппарат
Лимфалық тамырлар
Бет бөлімінің сүйектері
Тірек-қимыл жүйесі. Қаңқаның негізгі бөлімдері
Денені қозғалысқа келтіретін сүйектер мен бұлшықеттер
Жасөспірімдердің тірек-қимыл жүйесінің физиологиялық негіздері
Қимыл – қозғалыстарға үйретудің физиологиялық заңдылықтары
Пәндер