Сыпыра жырау өмірі мен шығармашылығы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

1. Сыпыра жырау өмірі мен шығармашылығы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Сыпыра жырау (туған - өлген жылдары белгісіз) - Дешті Қыпшақтың әйгілі жыршыларының бірі, ноғай, қарақалпақ, башқұрт, барабы, құрдақ, қырым татарларына ортақ тұлға. Оның жырлары бізде өз атымен жетпеген, толғаулары «Құбығұл», «Едіге би», «Тоқтамыс ханның хикаяты» аңыз-әңгімелер мен «Ер Тарғын», «Едіге батыр» эпикалық жырларында сақталған. Қазақ зерттеушілері Сыпыра жырауды ноғайлы дәуірінен жеткен көптеген эпикалық жырлардың бірден-бір авторы санайды. Қазақ аңыздары мен батырлар жырында жырау ел бірлігін көздеген дана ретінде суреттеледі, бірде 120, бірде 180 жасаған, көпті көрген тәжірибелі қарт кейпінде көрінеді. Ауыз әдебиеті дәстүрі біздің заманымызға Сыпыра жыраудың қиын кезеңде өзінен ақыл-кеңес сұраған Алтын Орданың сол кездегі билеушілеріне арнаған бірнеше толғау-монологын жеткізді. Бұл толғау-монологтарда жырау билеушінің өзін, оның ата-бабалары мен төңірегіндегілерді сипаттап, қалыптасқан жағдайға баға берген, болашақты болжап, содан кейін ақыл-кеңесін айтқан. Оның қиын жағдайда өзінен көмек сұрап, хандармен жауласқан батырларды бітістіру мақсатында жырлаған толғаулары белгілі.

Бұл толғаулар Сыпыра жыраудың негізінен мәңгілік жыршы және бітістіруші болғандығын дәлелдейді. Сыпыраның Едіге туралы эпоста бейнеленген Тоқтамыс ханға арнаған өлеңі оның толғауының классикалық үлгісі болып табылады. Арнау жырда Сыпыра жырау алдымен өзін таныстырған соң өзінің Тоқтамыстың сегіз атасын, соның ішінде Шыңғыс ханды да көріп-білгенін айтады, олардың әрқайсысына тиісінше мінездеме береді. Содан кейін Едігенің Тоқтамыстан қашуы кездейсоқ емес екендігін, оның Темірмен одақ құрып, қайта келіп соғыс ашуы мүмкін екендігін жырлайды. Сонымен бірге жырау Тоқтамыстың күйзеліске ұшыраған ұлысы мен тұтқынға түскен қыздары мен әйелдерінің тағдырын әдемі суреттейді. «Ер Тарғын» жырында Сыпыра жырау туралы «өз өмірінде толғау айтып, тоғыз ханды түзеткен кісі» делінген, ал «Телағыс» жырында ол ноғайлы ішіндегі өзара қырқысты өршітпей, ел арасындағы беделімен тегеуірінді жырымен жауласушы жақтарды бітістіріп отырған тұлға ретінде көрінеді. Ноғай халқында кездесетін «Тоқтамыс ханның хикаяты» атты аңызда Сыпыра жыраудың атынан қара сөзбен аралас айтылатын жырлар өзінің табиғи сипаты жағынан жыраудың «Мен қартыңмын, қартыңмын» атты толғауына ұқсас келеді. «Қырымның қырық батырын» жырлаған әйгілі Мұрын жырау өзін Сыпыра жыраудың ұрпағы санаған. Сыпыра жырау шығармашылығы көптеген түркі халықтары әдебиетінде көркем үлгі ретінде орын алды.

1. Сыпыра жырау өмірі мен шығармашылығы.

XІІІ-XІV ғасырларда Дешті Қыпшақтың әйгілі жыршыларының бірі - Сыпыра жырау Сұрғантайұлы өмір сүрді. Ауыз әдебиеті дәстүрі біздің заманымызға Сыпыра жыраудың қиын кезеңде өзінен ақыл-кеңес сұраған Алтын Орданың сол кездегі билеушілеріне арнаған бірнеше толғау-монологын жеткізді. Бұл толғау-монологтарда жырау билеушінің өзін, оның ата-бабалары мен төңірегіндегілерді сипаттап, қалыптасқан жағдайға баға берген, болашақты болжап, содан кейін ақыл-кеңесін айтқан. Оның қиын жағдайда өзінен көмек сұрап, хандармен жауласқан батырларды бітістіру мақсатында жырлаған толғаулары белгілі. Бұл толғаулар Сыпыра жыраудың негізінен мәңгілік жыршы және бітістіруші болғандығын дәлелдейді. Сыпыраның Едіге туралы эпоста бейнеленген Тоқтамыс ханға арнаған өлеңі оның толғауының классикалық үлгісі болып табылады. Арнау жырда Сыпыра жырау алдымен өзін таныстырған соң өзінің Тоқтамыстың сегіз атасын, соның ішінде Шыңғыс ханды да көріп-білгенін айтады, олардың әрқайсысына тиісінше мінездеме береді. Содан кейін Едігенің Тоқтамыстан қашуы кездейсоқ емес екендігін, оның Темірмен одақ құрып, қайта келіп соғыс ашуы мүмкін екендігін жырлайды. Сонымен бірге жырау Тоқтамыстың күйзеліске ұшыраған ұлысы мен тұтқынға түскен қыздары мен әйелдерінің тағдырын әдемі суреттейді. Бұған жол бермеу үшін Сыпыра жырау Тоқтамысқа Едігеге елші жіберіп, онымен татуласуға, ал сонан соң оны алдап өлтіруге кеңес береді.

Сыпыра жыраудың толғауы нақты ақындық сипаттамалар мен бейнелі сөздерге толы. Жырау Едіге жүріп өтуге тиісті жерлерді айшықты суреттеп, тарихи тұлғаларға бейнелі анықтамалар береді. Тоқтамыстың алдында айтылған бұл толғау Сыпыра жырау өміріндегі соңғы толғау болды және шамамен 1390 жылы айтылған.

Шоқан Уәлиханов Ноғайлы дәуірін “қазақтың алтын ғасыры” деп бағалаған. Ескілікті ақын-жыраулардың ноғайлыға соқпай өткені жоқ. Оны барынша ұлықтап, көтере дәріптеп жырлаған. Алайда, қазақ ұлысының бір бөлігі Ноғайлы Ордасы туралы түсінігіміз шектеулі боп келді. Осы ақтаңдақты игеру ниетімен “Ноғайлы” атты көлемді еңбек жазып бітірдім.

Бұрында да шамалаушы едім, тақырыпты нақты зерттеу үстінде Мұрын жырау аузынан жазылып алынған “Қырымның қырық батыры” ноғайлының саяси-әлеуметтік тарихының эпостық нұсқасы екеніне әбден көзім жетті. Міне, мұрағаттық-құжаттық, бұрын-соңды аталмыш тақырыпқа жасалған барлаулар мен зерттеулерді далалық тарихнама, шежіре, эпос-жыр деректерімен байытқанда өте бір қызғылықты да мағыналы еңбек боп шықты.

Қорытынды

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Асан қайғының шығармаларының зерттелуі
Доспамбет жыраудың толғаулары
Қазақ фольклорының тарихы
Сыпыра жырау туралы
Қазақ хандығы дәуіріндегі жыраулар шығармашылығындағы тарихи мәселелер
Қазақ хандығы кезіндегі жыраулар
Алаш әдебиеттануын совет кезінде дамытқан ғалым
Махамбет Өтемісұлының өмірбаяны
Қазақ поэзиясында жырау - ақынның ерекше ежелгі түрі
Ежелгі дәуір әдебиеті үлгілерінің сипаттамасы мен ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz