Фольклордың жанырлық түрлеріне талдау


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

1. Фольклордың жанырлық түрлеріне талдау

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

«Қазақ фольклорының тарихы» деген ұғым мен зерттеу дәл өз мағынасында осы уақытқа дейін арнайы түрде күн мәселесіне қойылған емес. Оның бірнеше себебі болды. Біріншіден, ғылымда фольклорды жеке көркем жүйесі бар, көп өзіндік белгілерімен ерекшеленетін руханият деп түсінбей, оны көркем әдебиеттің бір саласы деп ұғыну орныққан еді. Соның салдарынан фольклор тарихы - әдебиет тарихы деп қарастырылып жүрді. Екіншіден, фольклортану ғылымының өзі де көп уақыт бойы әдебиеттанудың ішінде жүрді және сол әдебиеттанудың теориялық, әдіснамалық амал-құралдарына сүйеніп, соларды пайдаланып келді. Әлбетте, одан ол үлкен зиян шеккен жоқ, бірақ фольклордың көптеген қасиетін толық тани алмады. Үшіншіден, әдебиет тарихы жүйелі түрде, кезең-кезеңге бөлініп зерттелді де, фольклор синхронды түрде, бізге жеткен қалпы бойынша сипатталып, оның тарихи даму жолдары, қандай дәуірлерді бастан кешкені ескерілмеді, жеке-жеке жанрлар ғана зерттеліп жүрді. Әрине, фольклордың, дәлірек айтқанда, қай шығарманың нақ қай жылы немесе қай ғасырда туғанын, оның қандай өзгеріске ұшырағанын дөп басып айту мүмкін емес. Сол себепті де бұрынғы Кеңес Одағы тұсындағы ғалымдар да, қазіргі кезеңдегі оқымыстылар да фольклордың тарихын дәуір-дәуірге бөліп зерттеуге көп бармады, ал барған күннің өзінде маркстік-лениндік әдіснамадан шыға алмай, таптық формациялар бойынша қарастыруға мәжбүр болды. Бірақ бұл жол тұрпайы социологияға ұрындырды. Мәселен, 1950-1960 жылдар аралығында орыс фольклортану ғылымында орыс фольклорының тарихына арналған бірнеше еңбек жарық көрді. Бұл кітаптарда фольклордың тарихы феодализм дәуіріндегі, капитализм кезеңіндегі, совет тұсындағы деп жіктеліп қаралды да, әр дәуірлеудің өзі ғасырлар мен нақты жылдарға бөлінді және фольклордың тарихы көркем ойдың даму тұрғысынан емес, әлеуметтік тұрғыдан, езілуші таптың шығармашылық қабілетін дәріптеу мақсатында зерттелді. Кезінде ол еңбектер үлкен сынға да ұшыраған болатын.

Ауыз әдебиеті жанрлық құрамы жағынан да сан-салалы болып қалыптасты. Тұрмыс-салт өлеңдері (еңбек-кәсіп, аңшылық, үйлену, жерлеу салты, наным-сенім т. Б. ), ертегілер, аңыздар, әпсаналар, мифтер, эпостық жырлар, тарихи өлең, қара өлең, лирикалық өлең, өтірік өлең, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, айтыс, шешендік сөздер, жаңылтпаштар, драмалық үлгідегі шығармалар - міне, ауыз әдебиетінің негізін құрайтын осы бір жанрлардың өзі әрі қарай түр-түрге бөлініп кете береді. Бұлардың қай-қайсысы болса да сөзбен айтылатын шығармалар және олардың негізгі құралы сөз. Сондықтан ауыз әдебиеті, ең алдымен, сөз өнері.

Фольклордың көп қырлылығы және әдет-ғұрыппен байланыстылығы.

«Қазақ эпосы» 80 жылдары белең алған қазақ фольклор-тануындағы тың үрдістің бастамасы болды десек қателеспейміз. Ол үрдіс фольклорлық туындының жазба әдебиет шеңберіне сыймайтын өзгешеліктерін есепке алған зерттеу әдістемесіне негізделген еді. Осыған дейін фольклорды әдебиеттің бір саласы ретінде қарастырып келген қазақ фольклортанымындағы дәстүр әлі де жалғасын тауып келеді. Бірақ қазіргі кезде Н. Смирнова сияқты ғалымның шәкірттері жалғастырған орыс, еуропа фольклортануындағы озық әдістемені басшылыққа алған зерттеулердің басымдық танытып отырғаны ақиқат.

Р. Бердібайдың фольклортанушылық еңбегі эпос жанрымен шектелген жоқ. Оның жалпы фольклор туындыларының басты ерекшеліктері, атап айтсақ, көпқабаттылығы, көпнұсқалылығы, көп қырлылығы (синкреттілігі), халық тұрмысымен байланыстылығы, дәстүрлілігі, образ жасау жолдары жөніндегі мақалаларының ғылыми ғана емес, публицистикалық мәні де зор. Көпшілік қауым бұл мақалалардан «фольклор - әдебиеттің кәрі әжесі» деген сияқты біржақты көзқарастар жетегінде кетпейтіндей тағылым алады. Жоғарғы оқу орындарының филология факультеттерінде «Халық ауыз әдебиеті» пәнін бүгінгі фольклортану жетістіктері деңгейінде оқытуға мүмкіндік беретін оқулық қат болып тұрған қазіргі кезде бұл жоқтың орнын толтырған да ғалымның «Ғасырлар толғауы» (1977),

1. Фольклордың жанырлық түрлеріне талдау

Қазақ фольклорының тарихы және оның зерттелуі

«Қазақ фольклорының тарихы» деген ұғым мен зерттеу дәл өз мағынасында осы уақытқа дейін арнайы түрде күн мәселесіне қойылған емес. Оның бірнеше себебі болды. Біріншіден, ғылымда фольклорды жеке көркем жүйесі бар, көп өзіндік белгілерімен ерекшеленетін руханият деп түсінбей, оны көркем әдебиеттің бір саласы деп ұғыну орныққан еді. Соның салдарынан фольклор тарихы - әдебиет тарихы деп қарастырылып жүрді.

Екіншіден, фольклортану ғылымының өзі де көп уақыт бойы әдебиеттанудың ішінде жүрді және сол әдебиеттанудың теориялық, әдіснамалық амал-құралдарына сүйеніп, соларды пайдаланып келді. Әлбетте, одан ол үлкен зиян шеккен жоқ, бірақ фольклордың көптеген қасиетін толық тани алмады.

Үшіншіден, әдебиет тарихы жүйелі түрде, кезең-кезеңге бөлініп зерттелді де, фольклор синхронды түрде, бізге жеткен қалпы бойынша сипатталып, оның тарихи даму жолдары, қандай дәуірлерді бастан кешкені ескерілмеді, жеке-жеке жанрлар ғана зерттеліп жүрді. Әрине, фольклордың, дәлірек айтқанда, қай шығарманың нақ қай жылы немесе қай ғасырда туғанын, оның қандай өзгеріске ұшырағанын дөп басып айту мүмкін емес. Сол себепті де бұрынғы Кеңес Одағы тұсындағы ғалымдар да, қазіргі кезеңдегі оқымыстылар да фольклордың тарихын дәуір-дәуірге бөліп зерттеуге көп бармады, ал барған күннің өзінде маркстік-лениндік әдіснамадан шыға алмай, таптық формациялар бойынша қарастыруға мәжбүр болды.

Бірақ бұл жол тұрпайы социологияға ұрындырды. Мәселен, 1950-1960 жылдар аралығында орыс фольклортану ғылымында орыс фольклорының тарихына арналған бірнеше еңбек жарық көрді. Бұл кітаптарда фольклордың тарихы феодализм дәуіріндегі, капитализм кезеңіндегі, совет тұсындағы деп жіктеліп қаралды да, әр дәуірлеудің өзі ғасырлар мен нақты жылдарға бөлінді және фольклордың тарихы көркем ойдың даму тұрғысынан емес, әлеуметтік тұрғыдан, езілуші таптың шығармашылық қабілетін дәріптеу мақсатында зерттелді. Кезінде ол еңбектер үлкен сынға да ұшыраған болатын.

Қазақ ғалымдары да қазақ фольклорының тарихына арналған алғашқы үлкен еңбекті 1948 жылы жарыққа шығарды. Бұл еңбек те (қолжазба күйінде-ақ) кезінде сынға ұшырады, бірақ сын ғылымнан аулақ, саяси-идеологиялық сипатта болды да, аталмыш кітап «зиянды» деп танылып, ғылыми айналымнан алынып тасталды. Ал, шындығына келгенде, бұл еңбек - үлкен жұмыстың игілікті бастамасы еді, өйткені, сол тұстың өзінде-ақ қазақ әдебиетінің тарихын бірнеше том етіп жазу көзделген-ді.

Сөз жоқ, бұл кітап - өз дәуіріне тән ғылыми тұжырымдарға сүйенді, сондықтан оның теориялық сапасынан гөрі идеологиялық, саяси ұстанымы басым болды. Дей тұрғанмен, бұл еңбекте фольклордың тарихын жанрлар арқылы зерттеуге талпыныс болғанын айтпасқа болмайды.

Осыдан әрі қарайғы бөлімдер: ертегілер; батырлық жыры; ғашықтық жырлары; айтыс өлеңдері; шешендік сөздер; тарихи өлеңдер; қазақ совет фольклоры деп берілген. Аталған бөлімдер, негізінен, фольклордың ХХ ғасырға жеткен күйіндегі көркем жанрларды қамтыған, алайда, мұнда ол жанрлардың қай дәуірде қандай күйде болғаны сөз болмайды, неден, қайдан пайда болғаны, қалыптасу барысында нелерге сүйенгені айтылмайды. Сондай-ақ «Қазақ совет фольклоры» деген жеке бөлімнің болуы - зерттеушілердің сол тұстағы одақтық фольклортану мен әдебиеттануға тән ұстанымды басшылыққа алғанын айқын аңғартады.

Совет фольклоры - толыққанды шығармашылық деген тұжырымды халық ақындарының өлеңдері мен жыр, толғаулары негізінде дәлелдемек болған еңбектің бірі - 1955 жылы жарыққа шыққан «Очерки казахской народной поэзии советской эпохи» атты кітап болды. Бұл кітапта жоғарыда айтылған концепциялық кемшіліктер толығымен көрініс тапты, ақындардың ауызша, импровизациямен шығарған өлең-жырлары халық поэзиясы деп танылды, ақындардың айтысы да халық поэзиясының туындысы санатына жатқызылды.

Қорытынды

Жалпы, ХХ ғасырдың 70-жылдарына дейін бүкіл Кеңес Одағы фольклортануында орныққан қағида бойынша еңбекші бұқараның шығармашылығы ретінде жекелеген жыршылар мен сказительдердің ескі фольклорлық дәстүрге негіздеп жырлаған туындылары советтік эпос деп танылды. Сөйтіп, орыс фольклористикасында Марфа Крюкова секілді сказительдер шығарған былиналар, бізде ұлы Жамбыл, Нұрпейіс, Доскей, т. б. ақындарымыз шығарған жырлар фольклор деп қабылданды, ал, оларды зерттегенде әдебиет заңдылықтары басшылыққа алынды.

Бұл жерде айтатын нәрсе - қазақ фольклорының тарихын дәуірлеуге ғалымдардың көңіл бөлгенін құптай отырып, дәуірлерді анықтау принциптерімен келісу қиын. Өйткені, мұнда азаматтық тарихтың ізімен жүру шарты қолданылған да, фольклор тарихы майда кезеңдерге бөлініп кеткен, әрі фольклордың ішкі даму заңдылықтары ұмыт қалған, соның нәтижесінде фольклор тарихы әдебиеттің даму жолдарына сай болып шыққан. Рас, бұл еңбекте жекелеген жанрларды тарихи дамуы тұрғысынан зерделеуге күш салған жәйт бар, алайда, авторлар көбінесе кеңес өкіметіне дейінгі және кеңес тұсындағы деп, екі кезеңді бөле көрсетеді. Бірақ, жалпы алғанда, бұл кітап - қазақ фольклоры - өзіндігі мол мұра екенін, оның өз даму жолдары болғанын алғаш мәселе етіп қойған еңбек болды.

Сонымен, ойымызды қорыта айтар болсақ, қазақ фольклоры - әдебиеттің бастауы бола тұра, өзіндік қасиеттерге де бай. Оның ұзақ тарихын баяндамастан бұрын, фольклордың мәні мен мағынасын ашып, оның теориялық мәселелерін сөз етіп алған жөн сияқты. Алдымен «фольклор» деген не, оның статусы қандай, теориялық негіздері мен жанрлық табиғаты қалай әрі неден көрінеді деген проблемаларды қарастырып, олардың фольклор қалайша және қандай жолдармен қарапайымдықтан көркем сөз өнеріне көтеріліп, бүгінгі заманға жеткен классикалық түріне айналуындағы рөлін көрсету - бұл еңбектің басты мақсаты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ жұмбағының зерттелу тарихнамасы және жанрлық сипаты
Қыз ұзату үстіндегі салт өлеңдер
Еркін сөз тіркестерінің аудармасы
Бастауыш сынып оқушыларының ертегілер арқылы қиялын дамыту
М.әуезовтың халықтық әдеби мұраларды зерттеуі туралы ақпарат
Радиожурналистиканың жанрлары мен пішіндері
Фольклорлық шығармаларды оқытудың қажеттілігі
М. Әуезовтың халықтық әдеби мұраларды зерттеуі
Қазақтың үй іші әдет-ғұрып өлеңдері
Қазақ әдебиет тарихын қай дәуірден, кімнен бастау керек деген мәселеде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz