Болмыс және тіршілік. Болмыс және тіршілік


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

1. Болмыс ұғымы.

2. Болмыс және тіршілік.

3. Болмыстың түрлері: адамның болмысының мәні; әлеуметтік болмыс; рухани болмыс.

5. Идея және рухани құндылықтар.

Онтология (гр. ontos - мәнділік + logos - ғылым) - болмыс туралы ілім дегенді білдіреді. Бұрын бұл сөз нағыз болмыс туралы ілім яғни «бірінші философия» деп түсінілді. XX ғасырда Батыс философиясында объективтік-идеалистік негізде жаңа онтология жасауға талпыныс болды. Ол «жаңа онтология», «трансцендентальді онтология» - сезімнен тыс және рационалды интуиция арқылы түсінілетін болмыстың жалпылама ұғымдар жүйесін білдіреді және дилектикалық материализм философиясына қарсы қойылған.

Болмыс - айналаны қоршаған объективті дүниенің сипаттамасын беретін философиялық ұғым. Кейбір философтардың дүниенің материалдығы мен оның болмысын тепетең ұғымдар ретінде қарастырған кездері болған. Болмыстың объективтілігін ғана көру оның материалдық және идеалдық сипаттарын ашуға кедергі жасап келді. Идеалистік бағыттағы философтар болмысты материяға дейін де болған, одан тәуелсіз деп, оны сана актісімен бірге қарауға бейімдік танытады.

Болмыс дегеніміз бүкіл әлем, тұтас универсум, демек, айналаны қоршаған нәрселердің, үдерістердің, құбылыстардың жиынтығы . Әдетте болмысты екі элементке - табиғат және қоғам - бөліп қарастыруға болады.

Диалектикалық материализм болмыстың біріншілігін, сананың екіншілігін қуаттайды. Дегенмен, сананы бұйығы емес, болмысты өзгертетін белсенді күш ретінде таниды.

Болмыс - кез келген бір нәрсенің бар екенін, болып жатқанын білдіретін, мейілінше жалпылама және абстракті ұғым. Мұндайда болмысты объективті үдерістер мен заңдылықтардың нақты және терең сипаттамаларына ие бола алатын реалдылықтан, өмір сүріп жатқаннан, нағыздықтан ажыратып алу керек.

Болмыстың негізгі формалары :

а) біртұтас ұғым ретінде табиғаттың және адамның қолымен жасалған нәрселер мен үдерістердің болмысы;

б) адамның болмысы;

в) нақты сипаттағы рухани болмыс;

г) қоғамның әлеуметтік болмысы;

д) табиғат болмысы объективтілігімен, адамның санасынан тыс өмір сүруімен, кеңістік пен уақыт шеңберінде мәңгілігімен, барлық жерде және үнемі бола беретінімен ерекшеленеді.

* * *

Материя - әлемді толтырып тұрған объективті шынайылық . Материя болған, қазір де бар, жойылып кетпейді, бұдан былай да бола береді. Ол тек бір түрден екінші түрге айналады.

Материя үнемі қозғалыста болады. Қозғалыс - материяның өмір сүру формасы . Кез келген қозғалыс өзгеріске бастап апарады. Кез келген өзгеріс дамуды білдіреді.

Қозғалыс сырттай және іштей көрініс береді. Сырттай қозғалыс формасына серіктердің планетаны, планеталардың жұлдызды (күнді), жұлдыздың, бүкіләлемдік тартылыс заңы бойынша, галактикадағы өзге жұлдыздармен бірге қозғалуын және бұлардың бәрінің өз осінде айналуын келтіруге болады. Іштей қозғалысқа кез келген нәрсенің молекуласы болатынын, молекуланың атомдардан тұратынын, атомдардың ядросы болатынын, ядроның айналасында электондардың қозғалып жүретінін мысалға келтіруге болады.

Қозғалыстың негізгі түрлері мыналар:

Механикалық қозғалыс кез келген нәрсенің, жанды организмдердің өзге бір объектімен салыстырғанда орын ауыстыруымен сипатталады.

Химиялық қозғалыс заттардың әсерлесуі нәтижесінде түрін немесе формасын өзгертуінен көрініс береді. Мысалы екі элемент реакцияласу нәтижесінде бір элементке айналуы мүмкін немесе керісінше.

Биологиялық қозғалыс өсімдіктер мен жануарлардың тұқымдану, өсіп, ересек особқа айналуы, қартаюы үдерістерінен тұрады.

Әлеуметтік қозғалыс - қозғалыс атаулының шыңы, мәндісі. Әлеуметтік қозғалыстың мысалдарына жекелеген адамдардың, адамдар тобының, түрлі саяси-әлеуметтік ұйымдардың әрекеттері жатады. Ол әрекеттер жиналыс, митинг, шеру, забастовка, пикет, бүлік, көтеріліс, төңкеріс, революция формаларында көрініс беруі мүмкін. Адамзат өз тарихында әлеуметтік қозғалыстардың толып жатқан түрлері мен формаларын бастан кешірді.

Материя кеңістікте таралады. Кеңістіктің шегі туралы бірмәнді байлам жоқ. Қазіргі ғылымға галактикалардың өте көп екені, олармен арадағы қашықтықтың миллиондаған жарық жылдарымен өлшенетіні ғана белгілі.

Материя уақыт шеңберінде өмір сүреді. Заманауи ғылым кәдуелгі алманың үлкендігіндей ғана абсолютты тығыз материяның алғашқы жарылысы бұдан 11-12 миллиард жыл бүрын болған деп жорамалдайды. Содан бері материя кеңейіп, жайылып келе жатыр. Тығыздық мейілінше азайып, таралу шегіне жаткенде материяның қайтадан жиналу, сығылу үдерісі басталады. Бұл үдеріс тағы да аталғандай уақытқа созылады. Содан кейін, осы цикль тағы қайталанады.

* * *

Әлеуметтік болмыс . Философиялық антропологияда адам - өзінің жаратылысынан қоғамдық мәнділік. Сондықтан оның өмірінің мәні тек қоғам мен жеке адамның мүдделері мен мақсаттарын ұштастыру жолында табылуы мүмкін деп санайды.

Болмыс ұғымын қоғамға және онда жүріп жатқан үдерістерге қатысты қолданғанда оның мазмұны ашыла түседі. Қоғамдық болмыс ұғымы адамдардың өзара қауышуы мен қызметінің тарихи формаларының олардың санасына қатысты объективтілігін білдіреді. Қоғамдық болмысты адамдардың материалдық игілік өндірісіндегі табиғатқа материалдық қатынасы және өндіріс үдерісінде адамдар жасайтын қатынастар деп түсінуге де болады.

Адам тек қоғамда ғана - адам. Қоғамсыз өмір сүре алмайды. Өмірге келген әр адам өзінен бұрын өмір сүрген ұрпақтардың қолымен жасалған заттар әлемінде өмір сүреді. Қызметтің әлеуметтік-тарихи қалыптасқан формаларын игеру жеке адамның қалыптасуының басты шарты және тетігі болып табылады. Адам сәби кезінен бастап ересектермен араласады, олардан үйренеді және оларға ұқсауға тырысады. Соның арқасында дамып келе жатқан адам еңбек құралдарын пайдалады, ақылмен әрекет етеді, түрлі рәміздерді аңғарады, өздердің, ұғымдардың мағынасын түсінеді - әлеуметтік қалыптардың жиынтығын меңгереді. Адами сипаттарды игере отырып, сәби мәдениетпен қауышады.

Жеке адам мен қоғамның бірлігі адамның әлемдегі болмысы мен оның өмірінің мәніне үмітпен қарауға мүмкіндік береді. Оның үстіне адамзат өз тарихына мән беруге тиіс. Мәселе адамзатқа жоғарыдан берілген тапсырманы (құдай ма, табиғат па - бұл маңызды емес) орындауда емес, оның адамзаттың өз міндеттерін анықтап, олардың іске асырылу мүмкіндігін қарастырып, оларды орындау үшін бірігуінде.

* * *

Бенедикт (Барух) Спиноза (1632-1677) - европалық рационализмнің көрнекті өкілі, Р. Декарт ілімін жалғастырушы, Жаңа Заманғы жетілдірілген, толық және негізделген философиялық жүйенің авторы.

Спиноза пантеистік-материалистік көзқарасты ұстанды. Табиғат пен құдай біртұтас субстанция деген қағиданы негіз етті. Таным теориясында рационалистік бағыт ұстанып, интеллектуалдық ақыл-ойға, парасатқа негізделген білімді сезімдік таным мен тәжірибеден жоғары қойды. Оның ілімін рационалды интуитивті гносеология, пантеистік метафизика, табиғат жайлы натуралистік көзқарас құрады. Діни-телеологиялық қағиданы жоққа шығарды, механикалық детерменизмді жақтады. “Көне өсиетті” тарихи-рационалистік тұрғыда сынап, діни нанымды надандыққа балады. Өзінің пантеистік метафизикасы мен соған негізделген этикасын нағыз дін деп жариялады.

Спинозаның философиялық зерттеулерінің пәні:

1. субстанция мәселесі;

2. таным теориясы;

3. этика сұрақтары, бостандық және қажеттілік мәселелері.

Спинозаның философиядағы маңызды үлесі - болмыстың мәні қарастырылатын субстанция теориясын жасады. Спиноза Декарттың субстанция туралы теориясының басты кемшілігі - оның дуализмінде деп санады. Ондағы қайшылық - өз тіршілігі үшін өзгені қажет етпейтін мән болғандарына қарамастан барлық субстанцияларды жаратқан. Жалғыз және Ең жоғарғы Ең ақиқат субстанция - Құдай болып, барлық басқа субстанциялар оған тікелей тәуелді болуында. Субстанциялардың өзара тәуелсіздігі мен олардың бәрінің бір мезгілде басқа субстанцияға - Құдайға жаппай, бірдей тәуелділігіне.

Бұл қайшылықты Спиноза өзінің біртұтас субстанция туралы ілімінде шешуге тырысты. Спиноза теориясының мәні мынада:

1. жоғарғы субстанция - Құдай мен Ол жаратқан субстанциялар арасында айырмашылық жоқ;

2. барлығын, бүкіл тіршілікті өзі қамтып жатқан бір ғана субстанция бар; ол субстанция Табиғат пен Құдайды қатар қамтиды;

4. Табиғат - Құдай - бір;

5. Табиғаттан тысқары немесе Табиғаттан жоғары тұрған Құдай жоқ;

6. Құдай Табиғаттың ішінде;

7. Тек біртұтас Табиғат + Құдай ғана жарата алады;

8. «Жаратушы әлем» біртұтас Табиғат + Құдай - «жаратылған дүниені» - жеке заттарды жасайды;

9. жеке заттар өз бетінше тіршілік етпейді, ол біртұтас субстанцияның - Табиғат + Құдайдың «модустары» - көріністері ғана;

және уақтта қозғалады, олардың тіршілігінің басы мен аяғы бар.

Мартин Хайдеггер (нем. Martin Heidegger , 1889-1976) - неміс ойшылы, экзистенциализм, Феноменология, деконструкция, герменевтика, постмодернизм, саясаттану теориясы, психология и теология салаларына айтарлықтай үлес қосқан ғұлама. Ол ұлы құрлық философиясы (Continental philosophy) дәстүріне мұрагерлік етіп, өз ғұмырында таңдаулы, әрі таласқа толы еңбектер жазды. Әсіресе оның «Болмыс және уақыт» (1927) еңбегі ХХ ғасырдағы танымал бірегей туындылардың бірі есептеледі.

Мартин Хайдеггер бойынша айтқанда, батыс философтары Платоннан бастап болмыстың (Being) мәнін қате түсінумен болды. Олар болмыстың өзін тіке, арнайы зерттеуден адасып, кейбір болмысқа қатысты мәселелерді төңіректеуден шыға алмады. Болмысты танудың түйіні болушы (Beings) ретіндегі жеке затты - субстанцияны және оның қасиетін танумен ғана шектелді. Ал, бірақ болмысты танудың сенімді жолы - танылған болушының негізін тану, яғни болушыны нақты шындық өресіне көтерген артқы тиянақты тану болатын. Бірақ, философтар бұл болмыстық алғышартты ескермей, болмысты, әсіресе адам болмысын тануда шатасумен болды. Хайдеггердің ойынша, бұл қателікті түзету үшін жаңа әдіснама керек, яғни, философия өзінің әр қадамын қайта айқындап, болмысқа қайта назар аударуға тиіс.

Хайдеггер батыс философия тарихына жүйелі түрде қайта түсіндіру жасады. Ол феноменологиялық, герменевтикалық, экзистенциялизмдік тұрғылардан әйгілі философиялық кітаптарды ой таразыға салып, бұл кітаптардағы айқындалмаған алғышарттар мен шатасқан тұстарды көрсетіп берді. Хайдеггердің айтуынша, бүгінге дейінгі философия кестесі дүниені жалаң жағынан жалқы түсінуге негізделген, тоғыспалы толықтық пен жан-жақты қамту кем, яғни, философиялық жалаңдық метафизиканың негізгі белгісі болды.

Хайдеггер технология туралы

Хайдеггердің ойынша, метафизиканың осылай жалаң түрде дүниені түсіндіруі қазіргі заман "технологиясында" шегіне жете көрініс тапты. "Технология" ұғымы мұнда "бейтарап тұрған, мақсатқа жеткізетін құрал" ғана емес, қайта біздің дүниені тануымызды өзгерткен нәрсе. Технология себебінен біз қасиетті қара жерді қолданылмалы мағынада түсіндік. Технологияның жаһандануына және оның табиғи байлықтарды тежемсіз пайдалануына қарап, Хайдеггер Технологиядан қарсы тұру қиын, жойқын қатерді көрді. Өнер техниканың қарсы жағы есептелді. Жалаң технологиялық дүниемен байланысудан құтылудың жолын қарастырды.

Болмыстың мәні

Хайдеггер философтардың метафизика мен эпистемология мәселелерінен аулақ, таза онтологиялық мәселеге беттеуінің әдіснамасын сынақ етті. Оның ойынша таза онтология - дәл "Болмыстың мәні".

Тіл - болмыстың үйі

1950 жылдардан кейінгі шығармашылығында ол тіл мәселесіне назар аударады. Ол тілдің жетіліп-кемелдеуіндегі тарихи алуан қайнарларын анықтап, метафизикалық жалаңдықтан сақтану ыңғайын қарастырды. Оның әйгілі нақылы - "Тіл - болмыстың үйі" сөзі әлемде кең тараған философиялық тіркестердің бірі есептеледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болмыс ілімнің онтологиясы
Философияның негізгі бөлімдері - онтология
Тіршілік және тірі материя туралы түсінік
Болмыс - дүниеге көзқарастық және методологиялық проблема ретінде
Онтология: ұғымдары мен принциптері
Онтология
Болмыстың түрлері
Шәкәрім рух туралы
Мартин Хайдеггер онтологиясының негізгі ұғымдары
Фиолософия дәрістер курсы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz