Ұйқының механизмдері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

  1. Ұйқы.

1) Ұйқының физиологиялық көрінісі;

2) Ұйқының теориялары;

3) Ұйқының механизмдері;

4) Ұйқының түрлері.

2. Түс көру.

3. Ұйқы гигенасы

Ұйқы- адамдар мен жануарлар тіршілігінде ұйқы өте маңызды орын алады. Олардың ұйқысы мен сергектігі тәулікте оқтын-оқтын алмасып, қайталанып отырады. Мұндай ұйқы бір кезді (монофазалық) деп аталады. Ал кейбір

жануарларда ұйқы мен сергектіктің мұндай алмасуы бірнеше рет қайталанады. Оны көпкезді (полифазалы) ұйқы дейді. Сонымен бірге маусымдық ұйқы болады. Мұнда кейбір жануарлар (аю, жарқанат, тышқан) организміне

жағымсыз жағдайлар әсер еткенде белгілі ұйқылық жағдайға көшеді. Организмнің ұйқы кезінде көптеген әрекеттері өзінің қарқынын өзгертеді. Мәселен, тынысалу, жүректің соғу жиілігі азаяды, артерия қысымы төмендейді, зат алмасуы мен жүйкенің қозғыштық қарқыны бәсеңдейді. Алайда, ұйқы кезінде кейбір үрдістердің белсенділігі күшейеді, гипоталамус пен

ми бағанында канайналымы артады. Соның нәтижесінде мидың температурасы көтеріліп, оттегін қабылдау ұлғаяды, кейбір ферменттердің белсенділігі күшейеді. Жыныстық жетілу кезеңінде жыныс безінің белсенділігін реттейтін гипофиз гормондарының түзілуі үдей түседі.

Ұйқыға мұқтаждық адамның жасына және жеке ерекшеліктеріне байланысты. Жас ұлғайған сайын тәуліктік ұйқының мерзімі қысқарады.

Жаңа туған перзент - 21;

6 айлық және 1 жастағы бөбектер шамамен -14;

2-4 жастағы сәбилер -16;

4-8 жастағы бүлдіршіндер -13-12;

8-12 жастағы естиярлар -10-11;

12-16 жастағы жеткіншектер -8-9;

ал ересек адамдар тәулігіне шамамен 7-8 сағат ұйықтайды.

Ұйқы мен сергектіктің жаратылысы туралы ұғымдар

1 . Қанайналымдық қағида бойынша, ұйқы мен сергектік ми тамырларындағы қанайналымына байланысты деп танылды.

2. Гистологиялық қағида ұйқы басуды нейрондардың өзгеруінен организм сыртқыдеп түсіндіреді. Ортадан серпіністер қабылдай алмаудың салдары

З. Химиялық қағида - ұйқы организмнің қажуы нәтижесінде қан мен тіндерде ыдырау өнімдерінің көбеюінен болады деп санайды. Олардың белгілі бір

мөлшерге дейін жинақталуы ұйқы туғызады.

И. П. Павловтың тәжірибелері ұйқының қорғаныстық тежелу екендігін пайымдауға мүмкіндік туғызады. Қорғаныстық тежелу - үлкен ми сыңары қыртысының оқшауланған аймақтарын күшті немесе ұзақ тітіркендірудің салдары. Сонымен қатар, Павлов ішкі тежелу мен ұйқы өзінің физикалық және химиялық жаратылысы бойынша біртекті құбылыстар деп тұжырымдады. Олардың айырмашылығы, ішкі тежелу - жеке зоналарға бөленген шала ұйқы, ал нағыз ұйқы - ми қыртысының едәуір аймақтарына жайылған тежелу. И. П. Павлов ұйқының тежелуге ауысатындығын, ал ішкі тежелудің (әсіресе кешігетін түрі) жануарларды ұйықтататындығын анықтады.

Ұйқы мен сергектіктің алмасуы - тарихи қалыптасқан ырғақ. Мұнда адамның ұйқысы түнгі кезеңен және қараңғылықпен, ал сергектік - күндізгі кезеңмен және жарықпен сәйкескеліп отырады.

Түс көру - бұл адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасынан

қалыптасатын күрделі психикалық құбылыс. Жылдам ұйқы және онымен байланысты түс көру ортаға психикалық бейімделуде өте маңызды орын алады. Ұйқының парадоксалды кезі бір жағынан мидың жоғары белсенділігін жүзеге асырады, ал екінші жағынан оның бедерсіз күйінде басқа да мотивациялық үрдістер тудырады. Адам дельта-ұйқы кезінде де түс көреді, түсінде сөйлейді.

Ұйқының мерзімі мен сапасы сергектік кездегі бастан өткізген оқиғалар мен әрекеттерден тікелей тәуелді. Жағымды өткізген күн қалыпты ұйқыға барлық

жағдай жасайды. Сонымен бірге жағымды және жағымсыз сезімдердің сай келуі, болып жатқан оқиғаларға шаттана қарау - ұйқы үшін өте маңызды. Қалыпты ұйқыға ой және дене жұмысының орынды үйлесуі, ұйқының өз салт-жоралары алдын-ала жағдай туғызады. Бір мезгілде жататын және тұратын дағдылар ұйқы мен сергектіктің дұрыс режимі қалыптасуына әсерін тигізеді. Қалыптасқан режимнің уақытша және сирек бұзылуы ұйқыға қатерлі зарар етпейді.

Ерте және мектеп жасына дейінгі балалардың орталық жүйке жүйесі әлі де әлсіз және ояу кезінде оңай шаршайды. Жүйке жасушаларының қалыпты күйін қалпына келтіру үшін дұрыс ұйымдастырылған және ұзақ ұйқының маңызы зор. Ұйқы кезінде баланың денесінде өмірлік маңызды процестер жүреді: глиальды жасушаларда қоректік заттардың жиналуы, өткізгіш жүйелердің жұмысын қалпына келтіру, ақпараттың ұзақ мерзімді жадқа ауысуы, ақуыз құрылымдарын "жөндеу" және т. б. Адамда ұйқы кезінде барлық өмірлік орталықтар (тыныс алу, қан айналымы) аз қарқынды жұмыс істейді, ал дене қимылдарын басқаратын орталықтар қалыпты ұйқы кезінде тежеледі, сондықтан олардың жұмысын қалпына келтіреді. Ұйқы құрылымында 2 фазаны ажырату әдеттегідей. Олардың бірі баяу тербеліс кезеңдерін қамтиды-баяу ұйқы, ал екіншісі-жылдам тербеліс кезеңдері. Балалардың ұйқы құрылымында өмірдің бірінші жылында жылдам ұйқысы басым, ал өмірдің екінші жылынан бастап баяу. Түнгі ұйқы кезінде бұл фазалар бірнеше рет айналады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зерде және ұйқы физиологиясы
Ұйқы безінің құрлысы мен қызметі
Түс көру
Мерзімдік процестер биофизикасы. Биоритмология. Жарық және биоырғақ. Көпклеткалы организмдегі ырғақ иерархиясы. Биологиялық сағат
ҚАН ТАМЫРЛАРЫ АУРУЛАРЫНДАҒЫ МАЗАСЫЗДЫҚ - ДЕПРЕССИЯЛЫҚ БҰЗЫЛУЛАР
Өкпе тіндерінің тығыздалуы синдромының анықтамасы
Күнтәртібіндегі еңбек қабілеттілік динамикасы,апталық,жылдық. Ақыл-ой және дене шынықтыру еңбек қабілеттілігі
Нерв жүйесінің құрылымдық-қызметтік құрылысы
Энцефалит
Стресстің эмоционалды көріністері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz