Ми қыртысындағы ұйқы кезіндегі физиологиялық құбылыстар. Балаларды ұйықтатуда қойылатын гигиеналық талаптар


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Ми қыртысындағы ұйқы кезіндегі физиологиялық құбылыстар. Балаларды ұйықтатуда қойылатын гигиеналық талаптар.

Ұйқы - бүкіл организм функцияларының белсенділігі мен сана сезімінің уақытша төмендеуімен сипатталады. Ұйқы түрлері: 1. Физиологиялық ұйқы: - Полифазалық (балаларда) ; - Монофазалық (ересек адамда) ; - Маусымдық ұйқы; 2. Гипноздық ұйқы. 3. Патологиялық ұйқы: - наркоздық ұйқы; - сомнамбулизм; - летаргиялық ұйқы.

Физиологиялық ұйқы екі кезеңнен тұрады: - Баяу немесе ортодоксалдық ұйқы: - Тез немесе парадоксалдық ұйқы (15 -20%) .

Ұйқы кезеңдері: 1. Қалғу - альфа ритм ырғақтарының жойылуы, 1 -7 мин. 2. ЭЭГ - ұйқы ұршықтарының пайда болуы (ұйқының 50%) . 3. Дельта толқындарының пайда болуы, 20%. 4. Парадоксалды ұйқы - бета ритм, альфа ритм көріністері (көздің шапшаң қимылдары - КШҚ) .

Ұйқы теориялары: 1. Гуморалдық; 2. И. П. Павлов теориясы. 3. В. Гесс теориясы. 4. Ақпарат тапшылығы теория.

Адамдар мен жануарлар тіршілігінде ұйқы өте маңызды орын алады. Олардың ұйқысы мен сергектігі тәулікте оқтын-оқтын алмасып, қайталанып отырады. Мүндай ұйқы біркезді(монофазалық) деп аталады. Ал кейбір жануарларда ұйқы мен сергектіктің мұндай
алмасуы бірнеше рет қайталанады. Оны көпкезді (полифазалы) ұйқы дейді. Сонымен бірге
маусымдық ұйқы болады. Мұнда кейбір жануарлар (аю, жарқанат, тышқан) организміне
жағымсыз жағдайлар әсер еткенде белгілі ұйқылық жағдайға көшеді.
Организмнің ұйқы кезінде көптеген әрекеттері өзінің қарқынын өзгертеді. Мәселен, тынысалу,
жүректің соғу жиілігі азаяды, артерия қысымы төмендейді, зат алмасуы мен жүйкенің қозғыштық
қарқыны бәсеңдейді. Алайда, ұйқы кезінде кейбір үрдістердің белсенділігі күшейеді, гипоталамус пен ми бағанында канайналымы артады. Соның нәтижесінде мидың температурасы көтеріліп,
оттегін қабылдау ұлғаяды, кейбір ферменттердің белсенділігі күшейеді. Жыныстық жетілу кезеңінде жыныс безінің белсенділігін реттейтін гипофиз гормондарының түзілуі үдей түседі.

Түс көру - ұйқы кезінде пайда болады, көбінесе ұйқының пародоксалдық кезеңімен байланысты. Түсті И. М. Сеченов “небывалые комбинации бывалых впечатлений” - деп сипаттама берді. Есте сақталған, болған нәрселер ұйқы кезінде әртүрлі болмаған қисындылар түрінде көрінеді.

¥йқыға мұқтаждық адамның жасына және жеке ерекшеліктеріне байланысты. Жас ұлғайған сайын тәуліктік ұйқының мерзімі қысқарады. Жаңа туған перзент - 21;
6 айлық және 1 жастағы бөбектер шамамен -14; 2-4 жастағы сәбилер -16; 4-8 жастағы бүлдіршіндер -13-12; 8-12 жастағы естиярлар -10-11; 12-16 жастағы жеткіншектер -8-9;
ал ересек адамдар тәулігіне шамамен 7-8 сағат ұйықтайды.

И. П. Павловтың тәжірибелері ұйқының қорғаныстық тежелу екендігін пайымдауға мүмкіндік берді. Қорғаныстық тежелу - үлкен ми сыңары қыртысының оқшауланған аймақтарын күшті немесе ұзақ тітіркендірудің салдары. Сонымен катар, ішкі тежелу мен ұйқы, өзінің физикалык жэне химиялық жаратылысы бойынша, біртекті құбылыстар деп
тұжырымдайды. Олардың айырмашылығы ішкі тежелу - жеке зоналарға бөлінген шала ұйқы, ал нағыз ұйқы - ми қыртысының едәуір аймақтарына жайылған тежелу.

Ұйқының түрлері:
Қалыпты
Гипноздық
Наркотиктік
Дерттік
Шартты
Рефлекстік

¥йқының баяу кезі ұйқыға кетуден терең ұйқыға дейін бірнеше мінездік және (ЭЭГ) белгілерімен сипатталады.
І. Қалғу. Босаңсыған сергектіктен қалғи бастағанда басталып, 1-7 минутқа созылады. Бұл уақытта ЭЭГ-да айнымалы тербелісте оқтын-оқтын пайда болатын және жоғалатын альфа-ритм байқалады. ЭЭГ иректері тегістелуі, альфа-ритм жоюылуы, тета- және бетатолқындардың және жеке дельта- ритмдердің қабаттасуымен сипатталады. Осы мезгілде көздің баяу (1-2 с) қимылы байқалады және бұлшыкет потенциалының шамасы азаяды.

ІІ. Сергек ұйқы. Жиілігі 14 Гц (12-18 Гц), үлкен (200 мВ) тербелістер пайда болуымен көзге түседі. Осы кезде дельта- және тета-толқындар жазыла береді, бета- белсенділік көрінеді. Көздің қимылы болмайды, бұлшықеттің электр шамасы (ЭМГ) одан әрі
төмендейді, бұл түнгі ұйқының 50% -ін алады.

ІІІ. Терең ұйқы. Электр көріністері Ккешендері мен ырғақты белсенділік (5-9серпін/сек. ) және шайқалу шегі 75 мкВтан жоғары дельта-толқындар (0, 5 - 4Гц) пайда болуымен үйлеседі, көздің қимылы мен ұйқылық үлкен тербелістер толық жойылады. Мұны
дельта-ұйқы дейді, оның ұзақтығы ұйқының осы сатысында 20%-тен 50%ке дейін созылады.

Жылдам ұйқы. Жылдам ұйқы сатысы бет және мойын бұлшықеттерінің белсенділігі толық тыйылуымен ерекшеленеді, көздің шапшаң қимылдары (0, 5-1, 5 с) кездеседі. Ұйқының бұл жылдам сатысында ЭЭГның сыртқы көрінісі тек "қалғу" сатысындағы сияқты болады. Өйткені ұйқы мінездік белгілері бойынша, бұл кезде терең болады да, адамды ояту баяу сатыға қарағанда, оңай болмайды.

Балалар мен жасөспірімдерге гигиеналық тәрбие беру

Әлем халықтарының үлкен бөлігі балалар мен жасөспірімдер болып келетіндіктен, оларға дұрыс көңіл бөлу сол қоғамның маңызды міндеті болып табылады. Балаларға дұрыс тәрбие беру, оларға дұрыс көңіл бөлу деп қарауға болады. Тәрбие берудің 90% өте ерте жаста қалыптасады.

Гигиеналық білім мен гигиеналық дағдылар баланың денсаулығын нығайтуға ғана емес, сонымен бірге баланы әдептілікке, саналылыққа баулиды. Баланы жеке бас гигиенасының талаптарын сақтауға баулу олардың саналы түрде қоғамға қажетті негізгі ережелерді сақтап жүруін қалыптастырады. Балаға гигиеналық тәрбие берудің негізі бала-бақшада басталады, одан ары қарай мектепте тереңірек түсініктер беріледі. Оның негізгі бөлімдері:

  1. Оқу үрдісінде гигиена негіздерінен сабақ беру;
  2. Мектеп оқушыларының мектептен тыс санитарлық ерікті жұмыстарын жүргізу;
  3. Оқушылармен мектептен тыс санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу;
  4. Ата-аналармен санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу т. с. с. болып табылады.

Сонымен қатар, балалар мен жасөспірімдерге гигиеналық тәрбие беру жұмысы - мектептің оқу бағдарламасының міндетті түрдегі құрамды бөлігі болып табылады.

Гигиеналық тәрбиенің бағдарламасы. Жалпы алғанда оқушыларға гигиеналық тәрбие беру бағдарламасы төмендегі талаптардан тұрады:

  1. Денешынықтыру мен шынығудың салауатандырудағы маңызы;
  2. Мектеп оқушыларының ақыл-ой еңбегінің гигиенасы;
  3. Тағам тану гигиенасы;
  4. Қоғамдық және жеке бас гигиенасы;
  5. Жарақаттанудың алдын алу;
  6. Политехникалық оқытудың гигиенасы;
  7. Жыныс тәрбиесі.

Бұл саладан ең маңызды мәселе қажетті тақырыптарды мектеп оқушыларының жас мөлшеріне қарай бөліп алу болып табылады. Балалардың жас мөлшерлері жалпы қабылданған 3 топқа бөлінеді:

  1. 7-9 жастағы балалар (1-3 сыныптар) ;
  2. 10-14 жастағы балалар (4-7 сыныптар) ;
  3. 15-17 жастардағы жасөспірімдер (8-11 сыныптар) ;

Оқушыларды өздерінің жас мөлшерлеріне сәйкес келетін бөлімдерге гигиеналық баулу - тәрбиенің негізгі принципі. Балалардың жасы өскен сайын гигиеналық тәрбие туралы алғашқы түсініктердің мағнасы тереңдей түседі.

Денешынықтыру тәрбиесінің тақырыбына дене тұлғасының дұрыстығы туралы мәліметтер кіреді. Мұнда олар іс-әрекеттің дене тұлғасының қалыптасуына әсерін, де-нешынықтыру жаттығуларының, қимыл-қозғалыстың, демалыстың организмнің қалыптасуына тигізетін пайдасымен танысады. Балаларды таңертеңгілік гимнастика жаттығуларын жасауға әдеттендіру де маңызды гигиеналық дағды болып табылады.

Ақыл-ой еңбегі гигиенасы тақырыбына күн тәртібі, үйдегі және мектептегі сабақ оқу гигиенасы, демалыс тәртібі мен ұйқы гигиенасының мәселелері кіреді. Балалар жас мөлшеріне байланысты өздерінің күн тәртібінің элементтерінің ең дұрыс ұзақтығын білуі оны өмірде дұрыс пайдалана білуі керек. 10 жастан бастап мектеп оқушылары өздеріне ыңғайлы күн тәртібін құрастыра алуы тиіс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұйқы бұзылыстары
ПЕДИАТРИЯ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ БАЛАЛАР ГИГИЕНАСЫ
Жас физиологиясы мен мектеп гигиенасы. Балалардың өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары
Балалар мен жасөспірімдердің жалпы өсу мен даму заңдылықтары жайлы
Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы пәнінің оқұ-әдістемелік кешені
«Жас ерекшеліктер физиологиясы және мектеп гигиенасы» курсы бойынша лекция тезистері
Орталық жүйке жүйесіндегі жүйке орталықтарының қызметі
Ми қыртысындағы ұйқы кезіндегі физиологиялық құбылыс. Балаларды ұйықтатуға қойылатын гигеаналық талаптар
ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕР ФИЗИОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ МЕКТЕП ГИГИЕНАСЫ пәнінінен практикалық сабақтарға арналған электронды оқулық
Балаларды жыныстық тәрбиелеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz