Инклюзивті сыныпта сабақ жүргізу ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
1. Инклюзивті сыныпта сабақ жүргізу ерекшеліктері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Мектепке дейінгі инклюзивті оқытуды ерекше білімді қажет ететін оқушыны жалпыға білім беретін мекеме жағдайындағы білім беріп өмірге бейімдеу. Сапалы білім беруге қол жеткізу мақсатымен жалпыға білім беру ұйымдары оқу бағдарламалары мен жоспарларын, оқыту түрлері мен әдістерін бейімдеп, қалыптасқан ресурстарды пайдаланып, қоғаммен байланысқа түсуі,ерекше білімді қажет ететін балаларға білім беруде жеке білім беру қажеттіліктері мен түрлі оқыту тәсілдерін қолдану барысында баланы қоғамқа қажеттілігін сезіндіру..
Қазіргі қоғам толыққанды деп есептелмейді, егер қандай да бір адамдар тобына қатысты дискриминациялау бар болса. Мысалы, А.Д.Уорд бойынша, кез-келген, әділеттілікке және адам құқықтарын сақтауда халықаралық ережелерге ұмтылатын мемлекет, барлық балаларға қажеттіліктері мен қабілеттеріне сай, білім беруде заңдарды басшылыққа алуы керек. Ерекше қажеттіліктері бар балаларға қатысты, мұндай мемлекет оларға жас ерекшеліктеріне сай білім алу мүмкіндігін іске асыру міндетті. Инклюзивті білім беру тұрақты даму, қоғамдағы қалыптылық, күрделеніп келетін қоғамда адамның әлеуметтенуінің негізі болуы тиіс. Адамдардың әлеуметтену мен бейімделу мүмкіндіктері өмірлік жағдайлар мен жеке тұлғалық қасиеттерге тәуелді емес, олар білім беру жүйесімен тығыз байланысты. Білім беру сөзінің мағынасын кеңінен қарастыратын болсақ - ол адамның пайда болуы, оның өмірінің ерекшеліктері, өмірлік тәжірибені жинақтауы, ал мұның барлығы нақты әлеуметтік - экономикалық жағдайларда индивидуалды - жекетұлғалық капиталдың өсуіне қажет болады. Инклюзивті білім берудің тереңдігі, жылдамдығы және материалдық тұрғыдан аса үлкен салымдарды қажет етпейтіндігі, оның саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени мәселелерді нәтижелі шешуге әсер ететін аймақтардың бірі болуын анықтайды. Әлемде өзінің экономикалық және мәдени прогресімен инклюзивті білім беруге міндетті емес бір де бір мемлекет жоқ. Инклюзивті білім беру әр балаға оның мектепте оқу көрсеткіштеріне сәйкес немесе сәйкес еместігіне қарамастан, білім алуға құқық береді. Балалар ұжымда өзара байланысқа түсіп, қарым-қатынас ережелерін меңгереді, педагогпен бірге шығармашылық тұрғыдан білім алу мәселелерін шешуге үйренеді. Сенімділікпен айтуға болатыны, инклюзивті білім беру барлық балалардың жекетұлғалық мүмкіндіктерін кеңейтеді, адамгершілік, толеранттылық, көмекке келу қасиеттерін қалыптастыруға, дамытуға жағдай жасайды.
Ерекше білімді қажет ететін балалар үшін инклюзивті білім берудің жағымды көрсеткіштері анық:
инклюзивті ортадағы ерекше білімді қажет ететін балалар, арнайы мектепте оқитындармен салыстырғанда, өздерінің қалыпты деңгейдегі құрбыларымен әлеуметтік өзара байланысқа түсуде жоғары деңгейді көрсетеді.
Инклюзивті ортада ерекше білімді қажет ететін балалар күрделі бағдарламалар бойынша оқиды, нәтижесі - дағдылар мен академиялық жетістіктердің жақсаруы.
1. Инклюзивті сыныпта сабақ жүргізу ерекшеліктері
Ерекше білімді қажет ететің балаларды әлеуметтік қабылдау, инклюзивті сыныптарда кіші топтарға бөліп оқытуға байланысты, нәтижелі қалыптасады. Балалар кіші топтарда педагогтың тапсырмасын орындау барысында кейбіреулерінің даму ерекшеліктері бар екендігін ұмытады. Біртіндеп, қалыпты деңгейдегі балалар өздерінің мүмкіндігі шектеулі балалармен ұқсастықтары көп екендігін түсінеді.
Инклюзивті сыныптарда қалыпты деңгейдегі балалар мүмкіндігі шектеулі балалармен дос болады.
Инклюзивті білім беру дамуында ерекшеліктері бар балалардың жалпы білімдерінің қалыптасуына әсер етеді.
Инклюзивті сыныпта оқыған балалар үлкейгенде де даму ерекшеліктері бар адамдармен араласады.
Қалыпты деңгейдегі балалар (тіпті дарынды, қабілеттері жоғары балалар) білім берудегі инклюзивті бағытта бірқатар жаңаша қарастырылған жұмыс түрлеріне қатысады: жақсартылған білім беру сапасы мен педагогикалық іс-әрекетте қолданылатын түрлі технологиялар мен әдіс-тәсілдердің пайдалануы.
Ерекше білімді қажет ететін балаларды оқытуда жаңа білім беру технологиялары қажет: мысалы, мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуда мәліметтік технологиялар өте қажет. Мұндай технологияларды оқыту процесінде қолдану басқа балаларға да пайдалы.
Инклюзивті білім беру жағдайында материалдық ресурстар мен материалдық қамтудың арттырылуы қалыпты деңгейдегі де және дарынды да балаларға да пайдалы. Арнайы бағдарламаларға бөлінген қаржылар тек мүмкіндігі шектеулі балаларды ғана емес, олардың қалыпты деңгейдегі құрдастарына да қолдануға жұмсалуы мүмкін.
Қаржылай көмекті түрлі бағыттарда пайдалануға болады: мысалы, сыныптан тыс белсенділікті ұйымдастыруда, сыныпты қосымша оқыту техникалық құралдармен жабдықтауда, ал мұның барлығын тек ерекше білімді қажет ететінбалалар ғана емес, барлық балалар пайдалана алады.
Инклюзивті оқытудың тағы бір жағымды жағы - сыныппен қосымша педагогикалық мамандардың жұмыс жүргізуі.
Жиі қосымша қаржыландыру ерекше білімді қажет ететін балаларды психологиялық-педагогикалық қолдауға, арнайы педагог (дефектолог), логопед-мұғалімдер, психолог және басқа да мамандардың жұмыс жүргізуіне бөлінеді.
Қалыпты деңгейлі немесе дарынды оқушылардың ерекше білімді қажет ететінбалалардың оқыту процесіне қосылуында өзіндік бағалауы жоғарылап, академиялық дағдыларды меңгеру сапасы артады.
Бұл балалардың Мен концепциясы, өзіндік ұстанымдары, әлеуметтік білімдері мен іс-әрекеттері анық болып қалыптасады. Маңыздысы, оқу процесінде ерекше білімді қажет ететін балаларға көмек көрсететін қалыпты деңгейлі балалардың академиялық көрсеткіштері, олардың инклюзивті процеске қатыспайтын құрдастарымен салытырғанда, әлдеқайда жоғары болады.
Инклюзивті сыныпта оқу барысында қалыпты деңгейлі немесе дарынды балалардың Брайль тілін немесе ым-ишара тілін меңгеруге мүмкіндіктері бар.
Инклюзивті сыныпта оқитын қалыпты деңгейлі немесе дарынды балалар өздерінің ерекше білімді қажет ететін балақұрдастарын сыйлауға, олардың психофизикалық дамуындағы бұзылыстардың түпкі мәнін түсінуге үйренеді.
Инклюзивті білім беруге қарсы дәлелдер де бар: мұндай жағдайда ерекше білімді қажет ететінбалалардың білімділік деңгейі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныпта инклюзивті білім беруді ұйымдастыру ерекшеліктері
Оқытудың арнайы немесе балама әдістерін қолдану
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс жасауға даярлау процесін талдау
Жалпы білім беру мектептерінде білім беруге ерекше қажеттілігі бар оқушыларды оқытудың негізгі шарттары
Білім алушыларды үйде оқытуды ұйымдастырудың ерекшеліктері
Инклюзивті білім берудің халықаралық тәжірбиесі
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Инклюзивті білім берудің ерекшеліктері
Көру қабілеті зақымдалған мектепке дейінгі оқушылар
Дамуы зақымдалған төменгі сынып оқушыларына орыс тілін оқыту
Пәндер