Статистика туралы жалпы түсінік және оның даму процестері


Пән: Статистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

І. Кіріспе.

ІІ. Негізгі бөлім. Статистика туралы жалпы түсінік және оның даму процестері.

1. Статистика жөніндегі жалпы түсінік және оның даму тарихы

2. Статистиканың мәні және оның - теориялық негіздері

3 . Статистика пәні және оның зерттеу объектісі (зерзаты)

4. Статистикалық әдістер және оның зерттеу кезеңдері

ІІІ. Қорытынды.

IV. Пайдаланған әдебиеттер.

Кіріспе.

«Статистика» - латынның статус деген сөзі, казақшаға аударғанда заттың, нәрсенің, құбылыстың жай-күйі деген мағынаны білдіреді. Осы сөздің негізінен итальянның «stato» - мемлекет, statsito - мемлекеттің жағдайын жетік білу деген сөзі шығады. Қазіргі кезеңде «статистика» термині төмендегідей әр түрлі мағынада қолданылып жүр:

- статистикалық органдар арқылы көптеген қоғамдық құбылыстардың өзгерістерін жүйелі түрде есепке алу;

- статистика - статистикалық жинақтарда, анықтамаларда, мерзімді баспасөздерде жарияланатын сандың көрсеткіштер;

- статистика - қоғамдық ғылымның бір саласы және оның өзіне тән жеке пәні мен зерттеу әдістері бар ғылым.

Статистика қоғамдық ғылым ретінде бертінде пайда болды және оның даму кезеңдерінің өзінше тарихы бар. Статистика ғылымының даму процесі, бастамасы XVII ғасырдың аяғында Англияда басталды. Оның негізін ағыл-шын ғалымдары Джон Граунт (1620-1674) пен Вильям Петтидің (1623-1687) «Саяси арифметика» атты еңбегі қалады. В. Петтидің еңбегінің маңыздылығы сонда, ол сандық көрсеткіштер заңдылығын қолдана отырып, қоғамдағы болып жатқан көптеген құбылыстар мен өзгерістерді анық көрсеткендігі, яғни өңдеу, талдау жүмыстарын қалай жүргізу керек екендігін айқындаған.

Статистика тарихының екінші бір бастауы «Саяси арифметикамен» бір мезгілде шыққан неміс ғалымы Г. Конрингтің (1605-1681) еңбектерінде қалыптаса бастаған мемлекеттану ғылымында жатыр. Мұнда статистика география, этнография, заң және басқа да ғылым салаларымен бірге зерттеледі. Себебі бұл статистиканың саяси экономикадан және басқа да әлеуметтік- экономикалық пәндерден әлі де жігін ажырата қоймаған кезі еді.

Статистиканың одан әрі дамуына көптеген ғалымдар үлестерін қосты. Олар: неміс ғалымы Г. Ахенваль (1719-1772), бельгия ғалымы А. Кетле (1796-1874), ағылшын ғалымы А. Боули (1869-1957) және т. б. XIX ғасырдың ортасына қарай бельгия ғалымы А. Кетле және оның шөкірттері статистикалық қатарларда бірімен-бірі байланысты заңдылықтардың бар екендігін дәлелдеді. А. Кетле - Бельгияда дүние жүзінде бірінші болып мемлекеттік орталық статистика мекемесін құрды және ол бірінші халықаралық статистикалық конгрестің үйымдастырушысы болып саналады.

XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басында статистика ғылымы дами бастады. Математикалык; статистиканың ықтималдық теориясын қолдану арқылы коптеген сандық көрсеткіштерді есептеу тәсілдері анықталды. Бұл салада П. Л. Чебышев, А. А. Марков, A. M. Ляпунов, С. Н. Бернштейн сияқты атақты математиктер елеулі еңбек етті.

Қазіргі егемен республикамыздағы статистиканың дамуы еліміздегі статистика тарихының жаңа кезеңінің басы болып саналады. Яғни, статистикалық теория мен әдістемелердің түбегейлі мәселелері зерттеліп, оларды пайдаланудың жаңа әдістері жасалады. Нарықтық экономикада 1996 жылы статистика туралы заң мен ереже кабылданды және оның негізгі міндеттері мен функциялары анықталды. Статистика органы халық шаруашылығы салаларының есебін жүргізуші мекеме ретінде жалпы мемлекеттік экономикалық саясаттың жүргізілуі мен орындалуын қамтамасыз етеді және ол жүйелі түрде басшылық жасаудың аса маңызды құралдарының бірі болып саналады.

  1. Статистика жөніндегі жалпы түсінік және оның даму тарихы

Статистика жөніндегі жалпы түсінік. «Статистика» деген термин әдетте үш мағынада қолданылады. Біріншіден, бұл қоғамдық құбылыстар жөніндегі кестеде жинақталған сандардың қатары. Екіншіден, статистика - бұл дерек жинаумен, өңдеумен және таратумен байланысты практикалық қызмет саласы. Үшіншіден, статистика - күрделі әрі сан кырлы ғылым. Ол ғылым ретінде екі бөлікке, яғни статистиканың жалпы теориясына және әлеуметтік-экономикалық статистикаға бөлінеді.

Статистиканың жалпы теориясы шын мәнінде математикалық статис-тикамен тұтасқан математикалық пән болып табылады. Статистиканың базалық негізі ретінде ықтималдық теориясы қолданылады. Осы тұрғыдан статистика коғамдағы, экономикадағы, өндірістегі, табиғи құбылыстардағы көп өзгеретін құбылыстардың санын көрсетудің, оларды талдау мен мо-дельдеу әдістерін зерттеп, әзірлейтін кең салалы әдістер жиынтығы болып табылады.

Әлеуметтік-экономикалық статистика БҰҰ Ресми статистиканың негізін қалайтын қағйдаларына (1994 ж., 1-қосымша, 1-қағида) сәйкес БҰҰ Ұлттық шоттар жүйесіне (1993 ж. ) (1. 1кесте) негізделетін төрт негізгі тармаққа, яғни экономикалық, әлеуметтік, демографиялық статистикаға және қоршаған орта статистикасына бөлінеді.

1. 1. Статистика салалары жүйесінде статистиканың жалпы теориясының алатын орны

Статистиканың жалпы теориясы (математикалық статистика): Статистиканың жалпы теориясы (математикалық статистика)
Экономикалык статистика: Экономикалык статистика
Әлеуметтік статистика: Әлеуметтік статистика
Демография-лық статистика: Демография-лық статистика
Қоршаған орта статистикасы: Қоршаған орта статистикасы
Статистиканың жалпы теориясы (математикалық статистика): Ықтималдык теориясы
Экономикалык статистика: Ұлттық шоттар жұйесі

Статистиканың салалары мен статистикалык ұйымдардың кызметінің бұдан да толык жіктемесі 2-косымшада келтірілген. Статистиканың пайда болуы мен дамуы. Статистиканың тарихшылары әдетте статистиканың түп-тамыры ерте заманда кейбір сандық деректерді жинаудан басталады деп пайымдайды.

Мәселен, бізге төрт мың жылдан астам уакыт бұрын Қытайда халықты санау жөніндегі мәлімет жетті. Ал олардың бір санағаның өзі біздің дәуірімізге дейін 2238 жылы атакты Ся әулетінің заманында болғаны мәлім. Көне Египетте, Грецияда, Римде, Иранда, Жапония мен баска да көне заман мемлекеттерінде де халық санағы болғаны жөніндегі мәліметтер баршылық.

Италияда XVI ғасырда халықаралық сауда дамыған әр түрлі мемлекеттер жөніндегі мәліметтердің жинактары пайда бола бастады. Германияда XVII ғасырдың соңында мемлекеттердің жай-күйі жөнінде жиналатын материал жүйеге келтіріле бастады. Жаңа ғылым мемлекеттану деп аталып, оның негізін неміс ғалымы Г. Комринг (1606-1681 жж. ) калады. Осы бағыттағы жүмысты Г. Ахенваль мен А. Шлецер жалғастырды.

Г. Ахенваль (1719-1772 жылдары) 1742 жылдан бастап алғашқыда Магдебург, ал содан кейін Геттинген университетінде өзі статистика деп атаған жаңа оку пәнін оқыта бастады. Мектеп 150 жылдан астам уакыт бойы өзінің теориялык негізін өзгертпестен жұмыс істеді. Аталмыш ғылымның мәні мен әдісі айқын белгіленбеген болатын, негізінен акпараттық-сипаттау материалы жиналатын.

Ресейде статистиканың сипаттау мектебінің ең беделді өкілдері ретінде И. К. Кирилловты (1689-1737 жж. ), В. Н. Татищевті (1686-1750 жж. ), М. В. Ломоносоты (1711-1765 жж. ), И. И. Голиковты (1735-1801 жж. ), С. Н. Плещеевті (1752-1802 жж. ), М. И. Чулковты (1740-1793 жж. ) атауга болады.

Статистиканы сипаттаудың осы неміс мектебінен 100 жылға жуық бұрын статистиканың қазіргі кезеңдегі ұғымына жақын саяси арифметиктер мектебі пайда болды. Оның негізін Дж. Граунт (1620-1674 жж. ), Э. Галлей (1656-1742 жж. ) және В. Петти (1623-1687 жж. ) қалады. Олардың еңбектерінде демографиялық және статистикалық-экономикалық деп аталатын екі бағытқа баса назар аударылды. Мектеп Ұлыбританияда ғана емес, сонымен бірге шет елдерде де, атап айтқанда Голландия мен Францияда дамыды.

Капиталисте құрылымның дамуына байланысты мемлекеттік басқарудың бір құралы ретінде статистиканың рөлі артып, статистикалық қызметттің жылдам жандануына жол ашылды.

XVIII ғасырда ғылым ретінде қалыптасқан статистика келесі ғасырдың өзінде-ақ жалпы ғылымда өзінің орнына нық орналасты. Көптеген еуропалық елдерде XIX ғасырда әр түрлі статистикалық мәліметтерді жинаумен және өңдеумен жүйелі түрде айналыса бастаған арнайы мекемелер кұрылды. Мәселен, Францияда 1801 жылы статистикалық бюро құрылды, содан кейін мемлекеттік статистика органдары Пруссияда, Австрияда, Бельгияда, Англия мен Ресейде пайда болды.

1853 жылы Брюссельде бірінші Халықаралық статистикалық конгресс өтті, содан кейін ол жиырма жыл бойы Еуропаның әр түрлі қалаларында сегіз рет өткізілді. 1885 жылы тұрақты халықаралық статистикалық орган - Халыкаралық конгрестің функциясын атқаратын Халықаралық статистикалық институт құрылды.

XIX ғасырдың бірінші жартысында статистикалық ғылымның үшінші бағыты пайда болып, ол статистикалық-математикалық статистика деп ат-алды. Осы бағыттың дамуына статистиканы «әлеуметтік физика», яғни сандық әдістердің көмегімен коғамдық өмірдің зандылықтарын зерттейтін ғылым деп атаған бельгиялық ғалым Адольф Кетле (1796-1874 жж. ) зор үлес қосты.

Статистикадағы математикалық бағыттың дамуына П. П. Чебышев (1821-1894 жж. ), А. А. Марков (1856-1922 жж. ), A. M. Ляпунов (1857-1919 жж. ) есімді орыс математиктерінің еңбектері ықпал етті. XX ғасырда Батыста математикалық статистика саласымен айналысқан ғалымдардың ішінен ең танымалы Р. Фишер (1890-1962 жж. ) болып табылады.

XIX ғасырдын соңы мен XX ғасырдың басы аралығындағы кезең Ресей ғалымы А. А. Чупровтың есімімен байланысты. Ғалым немістің сынына шыдамай күйреген Кетле доктринасының орнына академиялық статистика мектебі деп аталған жаңа статистикалық теорияны қалыптастыру мақсатын қойды.

Кеңес статистикасы мектебінің осы бағытының сол кезеңдегі ең танымал өкілі ретінде В. И. Хотимскийдің (1892-1937 жж. ), B. C. Немчиновтың (1894-1964 жж. ), В. Н. Старовскийдін (1905-1975 жж. ), А. Я. Боярскийдің (1906-1985 жж. ), Б. С. Ястремскийдің (1877-1962 жж. ), Л. В. Некрашаның (1886-1949 жж. ) есімдері аталады. Соғыстан кейінгі кезеңде индекстік әдістің теориясына СМ. Югенберг, В. Е. Адамов, Г. И. Бакланов, Л. С. Кази-нец, И. Г. Венецкий, ал статистикалық байланыс теориясына - Я. И. Лукомский көп үлес косты.

  1. Статистиканың мәні және оның - теориялық негіздері

Әрбір экономист статистикалық деректерді түсінуге, олардың өз жұмысында пайдалана білуге, сонымен бірге экономикалық-статистикалық талдау әдістерін жете игеруге және оның нәтижелері бойынша дұрыс шешім қабылдауға тиіс.

Кейде статистика әмбебап немесе әдістер жинағы - қоғамдық та, сонымен бірге табиғи кұбылыстарды талдауға да бірдей қоллдануға болатын статистикалық әдістер жүйелі түрде баяндалатын теория ретінде қарастырылады. Бұл жағдайда «статистика» деген ұғым ықтималдық тео-риясына негізделетін математикалық статистикамен тұтасады.

Мәселен, Еуростаттың «Зерттеу саласы мен дайындау аялары» (1999 ж. ) басшылығына сәйкес статистиканы зерттеу (462- код) деп «сандык дерек-терді жинау, сипаттау, ұйымдастыру мен талдау» деп түсініледі. Мұның өзінде статистика математикамен бірге (461-код) Халықаралык білім беруді стандартты жіктеуге (ХБСЖ, ISCED-97) «математика және статистика» деп аталатын 46-кодпен білім беру саласының құрамына кіреді.

Статистиканы зерттеу ауқымына актуарлық ғылым (сақтандыру ста-тистикасы), математикалық (теориялық) статистика, ыктималдық теориясы, қолданбалы статистика, тексеру жоспары, іріктеп тексеру бойынша бағдарламалар кіреді. Бұл ретте осы саладан демографиялық статистика шығарылып, ол «Әлеуметтану және мәдениетті зерттеу» деп аталатын 312-салаға енгізілді.

Біздің ойымызша, статистика бір әмбебап ғылым ретінде (бір жақты) қарастырылса да, ол ең алдымен қоғамдық құбылыстардың санын зерттеуге қолайлы болғанына қарамастан статистиканың жалпы теориясына лайық деп санаймыз.

Статистиканың жалпы теориясы курсында статистикалық ғылымның негізгі категориялары, қағидалары, статистикалық деректерді жинау, өңдеу және талдаудың ғылыми негіздері баяндалады. Арнайы оқытылған статистикалық қызметкерлер статистикалық ғылымда белгіленген тиісті ережелер мен тәртіптерді басшылыққа алады.

Статистиканың әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестерді зерттеумен байланысты екенін ескере отырып, статистикаға дербес қоғамдық ғылым ретінде (шын мағынасында) анықтама беріледі. Кез келген ғылым ретінде оның да зерттеулерінің мәні мен өзіндік ерекше әдістері бар.

Статистика пәні. Статистика жаппай белең алған қоғамдық құбылыстың сапалық мағынасының сандың жағын зерттейді.

Осы анықтама статистиканың үш ерекшелігіне келесідей сипаттама береді:

1) статистика математикалық статистикамен тұтасатын әмбебап ғылым емес, бұл қоғамдық құбылыстарды зерттейтін ғылым (осыған қарамастан біз статистика деп математикалык статистикамен шын мәнінде тұтасатын статистиканың жалпы теориясын ғана әмбебап ғылым дейтін ғалымдармен келісеміз) ;

2) коғамдык құбылыстардың сапалы мазмұнының сандық жағы зерт-теледі;

3) статистика жаппай белең алған қоғамдық құбылыстарды зерттейді, яғни статистика көп заттардың санын олардың әр түрлі белгілері бойынша сипаттайды. Статистика статистикалық жиынтық, вариация, ва-риацияланатын белгілер, статистикалық заңдылықтар, көп сандар заңы сияқты категориялармен байланысты.

Статистика - қоғамдық ғылым, сондықтан басқа қоғамдық ғылымдар сияқты ол экономикалық теория мен философияға негізделеді.

Статистика және экономикалық теория. Статистик өзі зерттейтін құбылыстардың мәнін дұрыс түсіну үшін ол жаксы экономист болуы тиіс.

Статистик озық экономикалық теорияны басшылыққа ала отырып, статистикалық жинақтаудағы факторлардың жиынтығын ғылыми жағынан қорытады және оларды қойылған мақсатқа орай топтарға бөледі немесе біріктіреді. Ол қоғамның дамуының заңдылыктарын білген жағдайда статистика қоғамдық құбылыстардың нақты сандық сипаттамасын беретін көрсеткіштерді, топтар мен жіктемелерді анықтай алады.

Сонымен катар статистика экономикалық теорияны дамытуға мүмкіндік беретін статистикалық заңдылықтар түріндегі қорытылған фактілердің жаңа жиынтығын береді. Ал демографиялық статистика демографияға немесе халықты зерттейтін ғылымға негізделеді.

Статистика және философия. Статистикалық әдіснама диалектикалық және тарихи материализмнің жалпы заңдарына негізделеді.

Диалектикалық таным әдісінің талабының бірі - барлық құбылыстарды бір-бірінен бөлектеу емес, кайта оларды өзара байланыстырып қарастыру. Метафизикада табиғат пен қоғам бір-бірімен байланысы жок кездейсоқ жи-ын ретінде қарастырылады. Статистика осы құбылысқа қатысты фактілердің салдарлы себептерін, тұтастай әрі өзара байланыстары мен тәуелділіктерін ашып зерттейді.

Диалектикалық таным әдісінің екінші бір ерекшелігі ретінде оның табиғат пен коғамның барлық құбылыстарын үздіксіз даму жолында қарауын айтуға болады. Құбылыстардың өзара байланысы мен тәуелділігі жағынан ғана зерттеліп қана коймай, сонымен бірге олардың қозғалысы, өзгеруі, дамуы және пайда болуы мен жоғалуы да назардан тыс калмауға тиіс. Статистика барлық құбылыстарды тарихи жағынан, ал алынған статистикалық сипаттамалар - өндірістің осы тәсіліне тән тарихи ретінде карастырады. Диалектикалык әдістің осы ерекшелігінің статистиканың барлык тараулары үшін, әсіресе динамиканы, орташа шама мен топтастыру әдісін зерттеу әдістері үшін өте маңызды болып табылады.

Статистика, сондай-ақ санның жаңа сапаға көшудің диалектикалық заңына да сүйенеді. Даму санның шамалы әрі жасырын өзгеруінен түбегейлі және сапалы өзгеруге көшу ретінде қарастырылады. Сондай-ак статистикада кездейсоқ және қажеттілік, жеке дара және жаппай белең алушылық, жеке және жалпы сияқты ұғымдар диалектикалық түрде колданылады.

Қоғамдық жаппай белең алған процестер мен құбылыстардың заңдылығы. Статистика жаппай белең алған қоғамдық құбылыстардың сипаттамасын жинақтап корыта келе, олардың көмегімен статистикалық деректердің орналасу тәртібіндегі, арақатынасындағы немесе өзгерісінде байқалатын белгіленген заңдылыктарды анықтайды. Заңдылықтардың мынадай түрлері болуы мүмкін:

1) кұбылыстардың даму (динамикасының) заңдылықтары (мысалы, халық санының, өндіріс мөлшерінің, халықтың әл-аукатының деңгейінің, өнімнің өзіндік кұнының және т. б. динамикасы) ;

2) құбылыстар құрылымының өзгеру заңдылықтары (мысалы, қала халқының оның жалпы санындағы үлесі; салалардың өнеркәсіптегі техникалық прогресті қамтамасыз ететін үлестері; жекелеген өнімдердің халыктың тұтынуындағы өзіндік салмағының үлесі) ;

3) жиынтыктың ішінде бірліктерді бөлу заңдылыктары (халыкты жас бойынша бөлу, дүкендердегі сатып алушыларды сағаттар бойынша бөлу және т. б. ) ;

4) жиынтықтағы вариацияланатын әр түрлі белгілердің бір-бірімен байланысты өзгеруінің заңдылықтары (өнімділіктің енгізілген тыңайткыш-тың мөлшеріне байланысты болуы, жүмысшылардың біліктілігінің жұмыс өтіліне байланысты болуы және т. б. ) .

Талдап қорытылған статистикалық деректер күрделі себептердің кешенінің ықпалынан пайда болады. Осы себептер кешенінің ішіндегі бір себептер негізгі, жиынтықтың бірліктері үшін ортақ, ал басқа себептер жеке бірлікке тән (бүкіл жиынтық үшін кездейсоқ) болады. Жаппай бақылаудың негізінде есептелген талдап қорытылған статистикалық көрсеткіштерде осы жеке себептер туындатқан салдарлар тегістіледі, ал бүкіл жиынтык үшін ортақ болып табылатын себептер айқын білінеді. Бұл орайда көп сан заңы осылай қолданылады.

3. Статистика пәні және оның зерттеу объектісі (зерзаты)

Қандай да бір пәнді оқып-үйренуге кіріспес бұрын, алдымен сол пәннің нені зерттейтінін, қайда және қандай тәсілдерді қолданатынын анықтап алуымыз керек.

Статистика - қоғамдық құбылыстардың құрамы мен өзгеру процестерің, ондағы сандык карым-катынастар мен заңдылықтарды сапалық тұрғыда байланыстыра отырып, оның белгілі бір уақытта жіне қай жерде болғанын зерттейтін қоғамдық ғылым. Сонымен бірге, ілеуметтік-экономикалық құбылыстардың сандық көрсеткіштеріне табиғи жөне техникалық фак-торлардың тигізген ықпалын немесе керісінше қоғамдық өндірістің табиғат пен қоршаған ортаға тигізген өсерін аныктайды.

Табиғатында, статистика - жаппай қоғамдық құбылыстардың құрамы мен өзгеру процестерін зерттейтін қоғамдық ғылымның бір саласы. Қоғамдық ғылым ретінде, республикамызда болып жатқан жалпы әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестердің өзгеру заңдылықтары мен есептеу, талдау әдістемелерін аныңтайды. Сонымен, статистика әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестер туралы жаппай мәліметтерді жинау, топтау, талдау әдістерін үйретеді және бұл тәсілдері басқа ғылымдарда да қолданылады. Статистиканың сандық жағы дәл зерттелген әлеуметтік-экономикалық құбылыстың, процестін көлемін, мөлшерін сандық көрсеткіштер турінде сипаттауын айтады.

Сандық жағын оқып-үйрену жолдары төмендегідей:

1. Статистика қоғамдық құбылыстар көлемін, мөлшерін зерттейді. Сандық жағын зерттей отырып, көптеген қызықты көрсеткіштере тап боламыз және олардыдың қалай өзгергенін анықтай аламыз. Мысалы: халыңтың саны өндірілген өнім мөлшері.

2. Статистика қоғамдық құбылыстар мен процестердің сандық көрсеткіштерінің өзгеруін уақыт арқылы көрсетеді. Яғни, қай уақытта қанша болғандығын анықтайды.

3. Статистика қоғамдық құбылыстардың өзара карым-қатынасын немесе пропорциясын зерттейді.

Жоғарыда көрсетілген 3 элемент - қоғамдық құбылыстардың сандық құрамының негізгі бөліктері болып саналады.

Статистиканың негізгі қасиеті - қоғамдық құбылыстардың өзгеруін сандық тұрғысынан қарастыра отырып, оның сапалық мәнін де аныктайды. Сандық және сапалык, көрсеткіштер бірімен-бірі өзара тығыз байланыста болады. Сапа деп әрбір сандық көрсеткіштің өзіне тән ұғым түрінде берілуін айтады.

Статистика қоғамдық құбылыстарды зерттеу барысында біртектес элементтерден тұратын көрсеткіштерді қарастырады. Бұл элементтер жиынтың бірліктері деп аталады. Олардың әрқайсысын сипаттайтын ортақ қасиеттерін статистика тілінде белгі деп атайды.

Белгілер сандық және сапалық болып екіге бөлінеді. Сандық белгілердің жеке мәндері сан мөлшерінде беріледі. Мысалы: стипендия немесе айлық табыс мөлшері, жүмысшылардың саны, өндірген өнімдердің көлемі және т. б. Ал сапалық белгілердің жеке мәндері белгілі бір анықтама, ұғым түрінде беріледі. Мысалы: жүмысшылардың мамандығы, өндірілген өнімдердің түрлері және т. б. Белгілер жиынтықтың әрбір бөліктерінде әр түрлі мәнге ие болады. Оны статистикада өзгермелілік (вариация) деп атайды. Мысалы, эр жұмысшының алатын айлық табыс мөлшері әр түрлі болады.

Статистика мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен үрдісін сипаттайтын мәліметтерді жан-жаңты зерттейді. Басқару орындарына статистикалық, мәліметтер мен ақпаратты қажетіне қарай беріп отырады. Халықаралық деңгейде көрсетілген көрсеткіштердің дұрыстығы мен есептеу әдістерінің салыстырмалылығын камтамасыз етеді.

4. Статистикалық әдістер және оның зерттеу кезеңдері

Статистика әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестерге, статистикалық зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде қоғамдық ғылымның негізгі қағидалары мен заңдылыңтарына, яғни құбылыстарды танып білудің диалектикалық әдісіне сүйенеді. Бірақ басқа ғылымдар сияқты статистиканың да өзіне төн ерекшеліктері мен зерттеу әдістері бар. Ол әдістер өздерінің қолданылуын және бірінен соң бірінің жалғасып келуіне қарай 3 сатыға бөлінеді. Олар мыналар: 1) статистикалық бақылау, яғни бастапқы мәліметтерді жинау; 2) жиналған мәліметтерді өздеріне тән ерекшелігіне қарай топтау, өңдеу және жинақтау; 3) жинақталған, өңделген мәліметтерге талдау, қорытынды жасау. Осы көрсетілген әдістер жиынтығы статистикалық әдістемелер немесе зерттеу кезеңдері деп аталады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Статистика пәні және оның зерттеу объектісі (зерзаты)
Статистикалық көрсеткіштерді талдау және қорытындылау
«Статистика» пәнінің оқу әдістемелік кешені
Статистиканың жалпы теориясы
Көші қон факторлары
Статистика пәні, даму процестері және оны зерттеу әдістері
Шаруашылық есептің түрлері
Нарықтық экономиканың үлгілері
1970 – 1990 жылдардағы Қазақстандағы көші – қон процестерінің тарихы
Ұйымдастырудың нарықтық сипаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz