Педагогикалық логистиканың педагогикалық жаңашылдықтарды басқарудағы ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
Педагогикалық логистиканың педагогикалық жаңашылдықтарды
басқарудағы ерекшеліктері.
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Педагогикалық ғылымды жəне тəжірибені түсіну үшін көбісі біртұтас педагогикалық үдерісті басқарманың ғылымның айқындамаларынан байқауға тырысады жəне оған тиянақты қатал сипат береді. Өзге жəне өз еліміздің зерттеушілерінің айтуы бойынша, басқару тек техникалық, өндірістік процесс жəне қиын əллеуметтік жүйе саласында ғана керек емес, ол педагогика саласында да өте маңызды болып табылады. Жалпы басқару, ол айқындалған ақпаратқа негізделе отырып, талдау жасау, бақылау, нысананы мақсатқа жетуі үшін реттеу жəне дұрыс шешім қабылдау. Басқару нысаны болып техникалық, биологиялық, əлеуметтік жүйелер табылуы мүмкін. Əлеуметтік жүйенің ең кең тараған түрлерінің бірі білім жүйесі жəне өзіне тəн елдің, мекеннің, облыстығы, қаланың жəне ауданның барлық жүйелерін қамтиды. Жалпы мектептік білім бұл динамикалық əлеуметтік жүйе сияқты мектепішілік басқарудың нысаны болып табылады. Осыған байланысты мектепті басқару жəне олардың компоненттерін, бөліктерін жəне басқа да қатысушы жүйелерін жалпымектептік білім жүйесі деп қарастырсақ болады. Бұл жүйеге жалпы педагогикалық процесс, сынып оқыту жүйесі, мектеп жұмысын тəрбиелеу жүйесі, қатысушының эстетикалық тəрбие жүйесі кіреді. Жалпы мектепті басқаруды бөлшектеп қарастыру мектепішілік басқарудың мазмұнын көрсетеді. Мектепішілік басқару өз алдына мақсатқа жету, педагогикалық жүйені жалпылама танып білу, нысана заңдылықтарын қарастыру арқылы барынша оңтайлы шешім қабылдау болып табылады. Педагогикалық процесс қатысушыларының жүйесі тізбе сияқты бірінен кейін бірі келесі функцияларды атқарады: педагогикалық талдау, жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, реттеу. Мектепішілік басқаруды дəстүрлі жүйеде түсіндіретін болсақ, ол субъектінің белгіленген нысанаға басқарушылық жүргізуі; сапаны жақсарту мақсатында басқарушылық жүйенің тигізетін əсері, педагогикалық еңбекке байланысты ғылыми элементтерді енгізу болып табылады.
Қазіргі таңда ықпал ету философиясының орнына, мектепте екіжақты келісім, бірігушілік философиясы орын тапты жəне мектеп басқару теориясы мектепішілік менеджмент теориясымен толықтырылып отыр. Менеджмент теориясы ол жекеше басқару, яғни менеджердің қызметі, яғни оның өзіне деген сыйы, өз қызметкерлеріне сенім артуы жəне олардың табысқа жетуіне ықпалын тигізуі. Менеджменттің нақ осы бөлігі мектепішілік басқаруды толықтырып отырады. Менеджмент идеясының дамуы, олардың мектеп жағдайларына əсер етуі жеке бір бағыттың пайда болуына əкеледі, ол мектепішілік менеджмент. Мемлекеттік басқарудың артықшылығының бірі (білімді), ол мемлекттік білім басқарудың жалпылама бағытқа өтуі. Бұл бағытқа өтудің бірден бір себебі мемлекет пен көпшіліктің ойын біріктіру арқылы ұстаздарға, қатысушыларға, ата-аналарға таңдау еркіндігін беру, яғни оқыту тəсілдерін, оқу ұйымдарын таңдауы. Таңдау құқығы жəне еркіндік адамды тек білім нысаны етіп қана қоймай, білім ұйымдарын, тəсілдерін, қарым-қатынасты таңдайтын белсенді тұлға етеді. Білім жүйесінің беделінің арта түсуі, ол білімге байланысты материалдық, қаржылық мəселелердің шешілуі. Ұйымдастырылған білім жүйесінде маңызды болып. Білім жүйесін дамыту бағдарламасы болып табылады. Бағдарлама ұйымдық басқарушылық жоба болып табылады, яғни оның мазмұны мемлекеттік саясаттың, білім жүйесінің қағидалары жəне жүргізілетін талдаудың жағдайы, білімнің даму болашағы арқылы анықталады. Сондықтан бағдарламаның үш маңызды бөлімдері қарастырылады: талдамалық, білім жүйесінің дамуы мен жағдайы туралы; концептуалды, бағдарлама қызметінің бағыттары мен тəсілдері туралы; ұйымдастырушылық, көрсетілген қызметтің маңыздылығын анықтайды. Білім туралы ҚР Заңында көрсетілген, білімді мемлекеттік басқару жүйесінде келесі қағидалар көзделген, яғни олар жалпы адамдық құндылық, адам өмірі мен денсаулығы, тұлғанаң еркін дамуы; ұлттық тəрбие жəне отанға деген сүйіспеншілік, яғни тəрбиенің жəне білім кеңістігінің бірігуі. Ұлттық тəрбие жəне дəстүрді сақтау мақсатындағы білім жүйесі, білімнің жалпыға қолжетімділігі, білім жүйесінің бөлімдерге, даму түрлеріне жəне қатысушыларына үйренуі, білім жүйесінің еркіндігі. Білім орындарының дербестігі: білімді жалпығы ортақ ету, яғни қатысушының ұлтына, тіліне, жынысына, жасына, денсаулық жағдайына, əлеуметтік, тұрмыстық, қызмет беделіне, тұрғылықты жеріне, дініне қарамастан, біліммен қамтамасыз ету

Негізгі бөлім

Білім басқармасы органдары қазір мынадай ұстанымды ұстануда, яғни білім бағдарламаларын барынша азайтып, оның орнына оқу көлемін көбейтіп жəне белсенді түлектерді дайындауын талап етуде. Білім жүйесі басқармасының органдары тек біліммен қамтамасыз етуге кепілдік беріп қана қоймай, тұлғаның жеке басының дамуына жəне өзін өзі тануына барынша жағдай жасайды. Білім жүйесінде мемлекеттік реттеу жасау үшін елімізде мемлекеттік басқарма органдар құрылады. Қазіргі таңда білімді басқару жүйесін орталықтандыру тиімді, себебі жоғарғы басқару органдары төменгі органдарға функцияларды атқару үшін нұсқау бере алады, яғни федералды органдар жалпы стратегиялық бағыттар ойластырады, ал аудандық жəне жергілікті органдар қаржылық, кадрлық, материалдық, ұйымның жағдайын қарастырып шешім қабылдай алады.
Жалпылама басқарудың ерекшелігі -- мұнда мемлекеттік органдардан басқа жалпылама органдар құрылады, олар ұстаздар, оқушылар құрамы, ата-ана жəне халық. Олардың басшылыққа қатыса алуы осы мектептегі ұжымның қарым-қатынасының оң болуы жəне психологиялық климаттың оң болуына əсерін тигізеді. Мектептегі білім басқармасының беделді қызметтерінің бірі -- мектеп кеңесі. Мектептің жоғарғы басқарушы органы конференция, ол жылына кем дегенде бір рет өткізілуі тиіс. Конференцияның атқаратын рөлі өте маңызды: жалпымектептік конференцияда Мектеп кеңесі, оның Кеңесшісі жəне олардың қызметі мен атқаратын уақыты тағайындалады. Əр мектеп өз конференциясында Оқу орны жарлығын қабылдайды, ол олардың қазіргі жағдайын, əдіс- тəсілдерін, болашақ даму көздерін қарастырады. Осыған байланысты əр мектептің өз жарлығы болуы жəне олардың бір-бірінен ерекшеленуі мүмкін, бірақ олардың басты бағыты Жалпы мектептік оқу орындарының мемлекеттік уақытша жарлығымен анықталады. Мектеп кеңесі осы мектептің даму бағытын, сапалы тəрбиенің болуын жəне қандай тілде оқытатынын таңдайды. Мектеп кеңесі уақытша жəне тұрақты комиссия, басқа түрлі бағыттары бойынша кеңес штабтар тағайындайды жəне олардың құқықтары, қызметінің шектерін анықтайды. Ұжымның жиналысында конференция делегаттарының 1, 2-сатылардағы қатысушылары тағайындалады, олар: ұстаз, мектептің басқа да қызметкерлері, ата- ана болуы мүмкін. Конференция аралықтарында жоғарғы басшылықтың орнын Мектеп кеңесі атқарады
Мектеп кеңесінің қызметі келесі бағыттар бойынша анықталады: конференция шешімнің қабылдануын ұйымдастырады; ата-аналар мен қатысушылардың əлеуметтік құқықтарын қорғайды; бірінші сыныпқа қабылданатын қатысушылардың жасын жəне олардың мектеп киімін анықтайды; шығын есептерін қарастырады, мектеп қорын ұйымдастырады жəне мектеп бюджетінің қандай салаға жұмсалатынын анықтайды; мектеп директорының, оның кеңесшісі, ұстаздар туралы есепті тыңдайды; мектеп басшылығымен біріге отырып, ата-ананың педагогикалық білімінің артуына жағдай жасайды. Мектеп кеңесі ата-ананың, халықтың мүддесін қорғайды жəне басшылықпен де оң қарым-қатынаста болады. Мектеп кеңесі ата-аналарды қажет ақпаратпен қамтамасыз етіп отырады. Мектеп кеңесінің шешіміне екі не одан көп қатысушы дауыс берсе, ол күшіне енеді. Жалпылама басқарудың негізгі көрсеткіштері, ол білім жүйесінің жекешелендірілуі жəне білім орындарының диверсификациясы. Жекешелендірілу дегеніміз ол қазіргі кезде мемлекеттік емес оқу орындары құрылуда жəне олар мемлекеттік аппараттың басшылығында болмайды. Яғни, ұстаздар, тəрбиешілер, қатысушылар, ата-аналар өзіне тиімді болуы үшін мүмкіндіктер жасайды. Диверсификация (латын тілінен аударғанда жан-жақтылық, жан-жақты дамыту) ол мектеп ұйымдарының жан-жақты дамуы. Олар: гимназия, лицей, колледж, кей сабақтарды тереңдетіп оқытатын мектеп орындары

Педагогикалық логистиканың педагогикалық жаңашылдықтарды
басқарудағы ерекшеліктері.

Педагогикалық жүйені басқарудың негізгі қағидалары. Басқару қағидаларына анықталған, тұрақтандырылған басқару заңдылықтары жатады. Менеджмент жəне мектепішілік басқарудың негізгі заңдылықтары, ол оқу-тəрбие жұмыстарын басқару, реттеу, сапасын қадағалау. Мектепішілік менеджменттің заңдылықтарына талдау, мақсатқа жету, басқарудағы еркіндік жəне мұғалімдердің түрлі басқару жұмыстарына дайын болуы жатады. Осы заңдылықтарға негізделген, басқарудың негізгі қағидалары болып келесі ұстаным жатады: ол басшылықты, директорды, менеджерді атқаратын қызметіне тағайындау. Ал негізгі қағидаларына мыналар жатады: педагогикалық жүйені басқарудың еркіндігі; басқарудағы жүйелілік жəне орталықтандыру; бірігушілік жəне ұжымның оң қарым-қатынасы; педагогикалық жүйені басқаруды ақпараттың толықтылығы мен шынайылығы. Мектептегі басшылықтың өзгеруі жəне оның конкурстар арқылы тағайындалуы, мектептегі өмірдің еркіндігінің бастамасы. Мектеп құрылуында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық логистиканың педагогикалық жаңашылдықтарды басқаруы
Орта мектептегі оқу-тәрбие процесіндегі басқару үрдісі
Кредиттік технология негізінде жоғары мектепте оқыту процесі
Кәсіпорынның логистикалық жүйесіндегі тәуекелдерді басқару
Логистиканың теориялық концепциялары мен функциялары
Өндірістік логистика
Логистиканың функционалдық салалары
Логистикалық жүйелер
Жаңа жүйедегі өтудің мәселері мен шарттары
Жобаның негізгі мақсаты - Қазақстанның экономикасына ықпал ететін факторларын анықтап, олардың әсер ету дәрежесін бағалау
Пәндер