Педагогикалық логистиканың педагогикалық жаңашылдықтарды басқаруы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Педагогикалық логистиканың педагогикалық

жаңашылдықтарды басқарудағы ерекшеліктері.

Логистика - материалдық және ақпараттық ағымдардың бастапқы көзінен ақырғы тұтынушыға дейінгі кеңістіктегі және уақыттағы қозғалысын жоспарлау, ұйымдастыру, басқару, бақылау және реттеу жөніндегі ғылым. Соңғы жылдарда бір қатар елдердің тауарлық айналымының саласында маңызөды өзгерістер пайда болды. Шаруашылық практикада тауарларды жеткізудің жаңа әдістері мен технологиялары қолданыла бастады. Логистика гректің «logistike» сөзінен шыққан. Ол есептеу, дұрыс ойлау деген мағынаны білдіреді. Практикалық логистиканың пайда болуы мен дамуының тарихының тамырлары терең. Гамбург университетінің профессоры Г. Павеллек Рим империясының дәуірінде тамақ өнімдерін таратумен айналысатын «логист» немесе «логистик» атағына ие болған қызметкерлердің болғанын атап айтады. Біздің жыл санауымыздың бірінші мыңжылдығында бір қатар елдердің әскери сөздігінде логистикамен қарулы күштердің материалдық ресурстармен қамтамасыз ету жөніндегі іс-әрекетін байланыстыратын.

Бір қатар батыс ғалымдарының пікірі бойынша, логистика әскери істің арқасында ғылымға айналған. Логистика жөніндегі бірінші ғылыми еңбектердің авторы деп ХІХ ғ. бсындағы француз әскери маманы Джоминиді санау қалыптасқан. Ол логистиканы «әскерлерді қолайлы орын алу мақсатын көздеп орын ауыстыруджың (маневрлеудің) практикалық шеберлігі» деп анықтаған. Логистиканың кейбір ережелерін Наполеон әскері де қолданған деп саналады. Бірақ әскери ғылым ретінде логистика тек ХІХ ғ. отасында қалыптасты. Белсенді түрде логистика екінші әлем соғысының кезінде, ең алдымен АҚШ әскерін материалдық-техникалық жабдықтауда қлданыла бастады. әскери өнеркәсіптің, тылдағы және майдандағы жабдықтау базалары мен көліктің дәл өзөара әрекеттесуі американдық әскерді қару-жарақпен, жанар-жағар маймен және азық-түлікпен қажетті көлемде қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Осы себептен көптеген батыс елдерінде логистиканы экономикадағы материалдық ағымдарды басқару тиімділігінің қызметіне қойған. Қолданбалы математиканың басқа да әдістері сияқты логистика біртіндеп әскери саладан шаруашылық практика саласына ауыса бастады. Бастапқыда ол айналым саласындағы, содан соң өндіріс саласындағы тауарлық-материалдық ресурстардың қозғалысын басқаруды іске асыру теориясының жаңа түрі ретінде қалыптасты. Сонымен, нарықтық экономикасы бар елдерде 30- жылдардың кезінде пайда болған материалдармен және шикізатпен қамтамасыз ету, өнім өндіру, оны сақтау және тарату қызметтерін байланастыратын жабдықтау - өндіру - тарату жүелерін үйлестіру ойлары ғылыми зерттеулердің жеке бағыттары мен шаруашылық практика формасына, яғни логистикаға ауыстырылды.

Кәсіпкерлік іс-әрекетте, экономикалық және ғылыми әдебиеттерде шетелдік мамандар логистиканы анықтауда екі ережелі бағытты бөледі:

тауар қозғалысының функционалдық тәсілі, яғни тауарларды жабдықтаушыдан тұтынушыға жеткізу кезінде орындалуы тиісті барлық физикалық операцияларды басқару;

тауар қозғаласының операцияларын басқарудан тыс жабдықтаушы мен тұтынушылар нарықтарын талдауды, нарықтағы сұраныс пен ұсынысты реттеуді қамтып, тауар қозғалысына қатысушылардың мүдделерін үйлестіруді іске асырады.

Осы бағыттарға байланысты логистиканың көптегени анықтамалары бар. Оларды қорытындылай отырып, логистиканы тауар қозғалысымен және оған жататын ақпарат ағымымен байланысты минималды шығындармен материалдық ағымдарды бастапқы көзінен ақырғы тұтынушыға дейін басқару ғылымы деп анықтауға болады.

Қазіргі кезде батыс мамандары логистиканың бірнеше түрлерін бөледі:

өндірісті материалдармен қамтамасыз ету логистикасы, яғни сатып алушылық логистика;

өндірістік логистика;

өткізу немесе маркетингтік, таратушылық логистика;

көлік логистикасы;

ақпараттық логистика және т. б.

Логистиканың бұл түрлерін логистиканың функционалдық салалары деп атаған дұрыс.

Логистиканың аталған салаларының арасында өзара байланыс бар. Логистикалық жүйеде, яғни жабдықтаушыдан тұтынушыға дейін тауарлық және ақпараттық ағымдар өтетін жүйеде келесі негізгі бөлімдерді бөледі:

материалдарды, шикізатты және жартылай фабрикаттарды жеткізу;

өнім мен шикізатты сақтау;

тауарлар өндірісі;

тауарларды тарату;

дайын өнімді тұтыну.

Логистикалық жүйенің әрбір бөлімі логистиканың материалдық негізін құрайтын элементтерді қамтиды. Логистиканың материалдық элементтеріне көлік құралдары, қойма шаруашылығы, байланыс және басқару құралдары жатады, сонымен қатар кадрлар жатады.

Әртүрлі операцияларды жоспарлау және логистикалық жүйе элементтерінің деңгейлерін талдау мүмкіндігі оның макро- және микрологистикаға бөлінуін ұйғарады. Макрологистика жабдықтаушылар мен тұтынушылар нарығын талдаумен, таратудың ортақ концепциясын өңдеумен, қоймаларды орналастырумен, көлік түрін таңдаумен, көліктік процесті ұйымдастырумен, материалдық ағымдардың тиімді бағыттарын таңдаумен байланысты мәселелерді шешеді. Микрологистика логистиканың жеке бөлімдері мен элементтерінің шеңберіндегі локалды мәселелерді шешеді. (мысалы өндіріс ішіндегі логистика) . Микрологистика өнеркәсіптік кәсіпорындардың ішінде тауарлар қозғалысының процестерін жоспарлау, дайындау, іске асыру және бақылау жөніндегі операцияларды қамтамасыз етеді.

Нарықтық іс-әрекетті оптимизациялаудың жаңа формаларын іздестіру және осы саладағы шығындарды қысқарту,

Нарықтық қатынастар жүйесінің күрделенуі және тарату процесінің сапалы сипаттамаларына деген талаптардың өсуі

Икемді өндірістік жүйелерді құру

Сатушы нарығынан сатып алушы нарығына ауысу.

Сонымен қатар логистиканың дамуына мүмкіндік жасауға себеп тудырған факторлар:

экономикалық міндеттерді шешу үшін жүйелер мен компромистер теориясын қолдану. Жүйелер теориясына сәйкес тауар қозғалысының мәселесі кешенді болып қарастырыла бастады. Ал логистика шеңберіндегі өзара қатынастарды реттеу компромистер теориясының арқасында мүмкін болды (мысалы, жүктерді ұсақ партиялармен тасымалдауға өтумен байланысты көліктің өсуші шығындары клиенттер көліктен тыс тиімділік алуға үміттеніп келісетін тарифтерді көтеру арқылы өтеледі ) .

байланыс және информатика құралдарындағы ғылыми-техникалық прогрестің жеделдетілуі («қағазсыз» технология, компъютерлік логистика) .

Сыртқы экономикалық іс-әрекетте тауарларды жеткізу ережелері мен мөлшерлерін бір ыңғайға келтіру, әртүрлі импорттық және экспорттық шектеулерді жою. (ұлттық стандарттардың айырмашылықтары, үлкен ара-қашықтық, кедендік кедергілер) .

Нақты экономикада логистика жүйелері әртүрлі өндірістік бірлестіктер шеңберінде объективтік себептер бойынша әртүрлі кезеңдерде немесе даму деңгейлерінде тұрады. Дамыған елдердің бас өнеркәсіптік компанияларын талдау логистикалық жүйелердің дамуының төрт бір ізді кезеңін айқындауға мүмкіндік берді.

1-деңгей

Логистиканың дамуының бірінші кезеңі келесімен сипатталады. Компаниялар жоспар тапсырмаларын орындау негізінде жұмыс істейді, логистиканы басқару формасы ең төмен жетілген түрде. Логистикалық жүйеніңм әрекетінің саласы әдетте кәсіпорыннан жіберілетін дайын өнімді сақтау мен тасымалдауды қамтиды. Логистика жүйесінің жұмысы сатудан түскен жалпы табыс сомасындағы тасымалдау мен өнімді тарату жөніндегі басқа да операцияларға кеткен шығындар үлесінің шамасымен бағаланады.

2-деңгей

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық логистиканың педагогикалық жаңашылдықтарды басқарудағы ерекшеліктері
Кәсіпорынның логистикалық жүйесіндегі тәуекелдерді басқару
Жобаның негізгі мақсаты - Қазақстанның экономикасына ықпал ететін факторларын анықтап, олардың әсер ету дәрежесін бағалау
Логистика мен маркетингтің өзара байланысы
Педагогикалық менеджменттің заңдылықтары
Орта мектептегі оқу-тәрбие процесіндегі басқару үрдісі
Кредиттік технология негізінде жоғары мектепте оқыту процесі
ӘДІСТЕМЕЛІК ҚОЛДАУДЫҢ НЕГІЗІНДЕ ОҚЫТУДЫҢ ЗАМАНУИ ТӘСІЛДЕРІ
Пролог тіліне жалпы шолу
Білім беру жүйесінің принциптері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz