Қауіпсіздік саясаты және негізгі элементтері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Негізгі бөлім

Қауіпсіздік саясаты және негізгі элементтері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Ақпараттық қауіпсіздік - мемлекеттік ақпараттық ресурстардың, сондай-ақ ақпарат саласында жеке адамның қүқықтары мен мүдделері қорғалуының жай-күйі. Ақпаратты қорғау - ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені. Тәжірибе жүзінде ақпаратты қорғау деп деректерді енгізу, сақтау, өңдеу және тасымалдау үшін қолданылатын ақпарат пен қорлардың тұтастығын, қол жеткізулік оңтайлығын және керек болса жасырындылығын қолдауды түсінеді. Сонымен, ақпаратты қорғау - ақпараттың сыртқа кетуінің, оны ұрлаудың, жоғалтудың, рұқсатсыз жоюдың, өзгертудің, маңызына тимей түрлендірудің, рұқсатсыз көшірмесін алудың, бұғаттаудың алдын алу үшін жүргізілетін шаралар кешені. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезі қойылатын шектеулерді қанағаттандыруға бағытталған ұйымдастырушылық, бағдарламалық және техникалық әдістер мен құралдардан тұрады.

Ақпараттық қауіпсіздік режімін қалыптастыру кешендік мәселе болып табылады. Оны шешу үшін заңнамалық, ұйымдастырушылық, бағдарламалық, техникалық шаралар қажет. Ақпараттық қауіпсіздіктің өте маңызды 3 жайын атап кетуге болады: қол жеткізерлік (оңтайлық), тұтастық және жасырындылық. Қол жетерлік (оңтайлық) - саналы уақыт ішінде керекті ақпараттық қызмет алуға болатын мүмкіндік. Ақпараттың қол жеткізерлігі - ақпараттың, техникалық құралдардың және өңдеу технологияларының ақпаратқа кедергісіз қол жеткізуге тиісті өкілеттігі бар субъектілердің оған қол жеткізуін қамтамасыз ететін қабілетімен сипатталатын қасиеті. Тұтастық - ақпарттың бұзудан және заңсыз өзгертуден қорғанылуы. Ақпарат тұтастығы деп ақпарат кездейсоқ немесе әдейі бұрмаланған кезде есептеу техника құралдарының немесе автоматтандырылған жүйелердің осы ақпараттың өзгермейтіндігін қамтамасыз ететін қабілетін айтады. Жасырындылық - заңсыз қол жеткізуден немесе оқудан қорғау. Қауіпсіз жүйе - белгілі бір тұлғалар немесе олардың атынан әрекет жасайтын үрдістер ғана ақпаратты оқу, жазу құрастыру және жою құқығына ие бола алатындай етіп ақпаратқа қол жеткізуді тиісті құралдар арқылы басқаратын жүйе. Сенімді жүйе - әр түрлі құпиялық дәрежелі ақпаратты қатынас құру құқығын бұзбай пайдаланушылар тобының бір уақытта өңдеуін қамтамасыз ету үшін жеткілікті аппаратық және бағдарламалық құралдарды қолданатын жүйе.

Жүйенің сенімділігі (немесе сенім дәрежесі) екі негізгі өлшеме бойынша бағаланады: қауіпсіздік саясаты және кепілділік. Қауіпсіздік саясаты - мекеменің ақпаратты қалайша өңдейтінін, қорғайтынын және тарататынын анықтайтын заңдар, ережелер және тәртіп 10 нормаларының жиыны. Бұл ережелер пайдаланушының қайсы кезде белгілі бір деректер жинағымен істей алатынын көрсетеді. Қауіпсіздік саясатын құрамына мүмкін болатын қауіптерге талдау жасайтын және оларға қарсы әрекет шаралар кіретін қорғаныштың белсенді сыңары деп санауға болады. Қауіпсіздік саясатының құрамына ең кемінде мына элементтер кіруі керек: қатынас құруды ерікті басқару, объектілерді қайтадан пайдаланудың қауіпсіздігі, қауіпсіздік тамғасы және қатынас құруды мәжбүрлі басқару. Кепілділік - жүйенің сәулетіне және жүзеге асырылуына көрсетілетін сенім өлшемі. Ол қауіпсіздік саясатын іске асыруға жауапты тетіктердің дұрыстығын көрсетеді. Оны қорғаныштың, қорғаушылар жұмысын қадағалауға арналған, белсенсіз сыңары деп сипаттауға болады. Кепілділіктің екі түрі болады: операциялық және технологиялық. Біріншісі жүйенің сәулеті және жүзеге асырылу жағына, ал екіншісі - құрастыру және сүйемелдеу әдістеріне қатысты.

Есепберушілік (немесе хаттамалау тетігі) қауіпсіздік қамтамасыз етудің маңызы құралы болып табылады. Сенімді жүйе қауіпсіздікке байланысты барлық оқиғаларды тіркеп отыруы керек, ал хаттаманы жазу - жүргізу тексерумен (аудитпен - тіркелу ақпаратына талдау жасаумен) толықтырылады. Сенімді есептеу базасы (СЕБ) - компьютерлік жүйенің қауіпсіздік саясатты жүзеге асыруға жауапты қоршаған тетіктерінің жиынтығы. Компьтерлік жүйенің сенімділігіне баға беру үшін тек оның есептеу базасын қарастырып шықса жеткілікті болады. СЕБ негізгі міндеті - қатынасым мониторының міндетін орындау, яғни, объектілерімен белгілі бір операциялар орындау болатындығын бақылау. Қатынасым мониторы - пайдаланушынына бағдарламаларға немесе деректерге әрбір қатынасының мүмкін болатын іс-әрекеттер тізімімен келісімді екендігін тексеретін монитор. Қатынасым мониторынан үш қасиеттің орындалуы талап етіледі: - оңашаланғандық монитор өзінің жұмысы кезінде аңдудан қорғалуға тиісті; - толықтық монитор әрбір қатынасу кезінде шақырылады. Бұл кезде оны орай өтуге мүмкіндік болмау керек; - иландырылатындық мониторды талдау және тестілеуге мүмкін болу үшін ол жинақы болуы керек. Қауіпсіздік өзегі - қатынасым мониторының жүзеге асырылуы. Қауіпсіздік өзегі барлық қорғаныш тетіктерінің құрылу негізі болып табылады. Қатынасым мониторының аталған қасиеттерінен басқа қауіпсіздік өзегі өзінің өзгерместігіне кепілдік беруі керек.

Қауіпсіздік периметрі - сенімді есептеу базасының шекарасы. Оның ішіндегі сенімді, ал сыртындағы сенімсіз деп саналады. Сыртқы және ішкі әлемдер арасындағы байланыс ретқақпа (gateway) арқылы жүзеге асырылады. Бұл ретқақпа сенімсіз немесе дұшпандық қоршауға қарсы тұра алуға қабілеті бар деп саналады. Объектінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 11 арналған жұмыстар бірнеше кезеңге бөлінеді: даярлық кезеңі, ақпараттық қорларды түгендеу, қатерлі талдау, қорғаныш жоспарын құрастыру және қорғаныш жоспарын жүзеге асыру. Осы аталған кезеңдер аяқталған соң эксплуатациялау кезеңі басталады. Даярлық кезеңі. Бұл кезең барлық келесі шаралардың ұйымдастырушылық негізін құру, түпқазық құжаттарды әзірлеу және бекіту, сондай-ақ, үрдіске қатысушылардың өзара қарым - қатанастарын анықтау үшін қажет. Даярлық кезеңде ақпарат қорғау жүйесінің атқаратын міндеттері анықталады. Ақпараттық қорларды түгендеу. Бұл кезеңде, әдетте, объект, ақпараттық ағындар, автоматтандырылған жүйелердің құрылымы, серверлер, хабар тасушылары, деректер өңдеу және сақтау тәсілдері жайында мәлімет жиналады. Түгендеу аяқталған соң олардың осалдылығына талдау жасалынады. Қатерлі талдау. Келесі шаралардың нәтижелігі ақпараттық қорлардың қорғанылу күй-жағдайының қаншалықты толық және дұрыс талдануына тәуелді болады.

ЖАТ жағдайында адамдардың қызметін ұйымдастырудың түрлері мен әдістері туралы білімдерді меңгеруге, әртүрлі операциялық жүйелермен жұмыс істеу біліктілігін меңгеруге, текстерді редакциялауға жөне басқа да дербес компьютерлерде қолданбалы пакеттермен жұмыс істеуді үйренуге мүмкіндік береді.

Әлемдік қоғам, біріншіден, дамыған мемлекеттер мықты ақпараттық инфрақұрылымды құрастырған және бір ақпараттық кеңістік ұйымдастырған, үздіксіз дамитын, кеңейетін және жітілдіретін. Ақпарат қор болды, оны жинауға, өндеуге, қолдануға және таратуға болады. Мемлекет жоғары экономикалық және әлеуметтік жетістіктерге жете алады және әлемдік экономикалық жүйеде толығымен серіктес ролін атқара алады егер де ол қоғам өмірінің барлық аумағында, әсіресе бизнес пен басқаруда, ақпараттық технологияларды (АТ) және ақпараттық жүйелерді көлемімен қолданса.

Ақпараттық технология -ЭЕМ -нің көмегімен ақпаратты жинау, енгізу, тасымалдау, сұрыптау, іздеу, реттеу, өзгерту және өңдеу жұмыстарының тізбегі. Ақпараттық технологияның өндірістік технологиядан айырмашылығы оны адамның қатысуынсыз роботтар іске асыратын үздіксіз процеске айналдыруға болмайды. Өйткені ол құжаттың көшірмесін алу, есепке енгізу, есеп шығару секілді жұмыстармен қатар шығармашылық ізденісті талап ететін шешімдер қабылдау, мәселені жүргізу жолын өзгерту, бірнеше мүмкіндіктерді салыстыра отырып, олардың ішіндегі ең тиімдісін іріктеп алу сияқты таңдау жұмыстарын кеңінен жүргізумен өте тығыз байланысты болады. Сондықтан ақпараттық технология “ адамдық факторға” үлкен көңіл бөледі және оның шеңберлік деңгейінің өсуіне әсер етеді.

Ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктері биснесте де басқаруда да өте кең және әр түрлі. Бұл аумақтарда ақпарат АТ-ның қолдануының жаңа көкжиектерін ашады. Бағдар бөлінетін жүйелерді жетілдіру мен енгізуге бағытталған, әсіресе клиент (тұтынушы) - сервердің архитектурасы, торлық технологиялардың барлық түрлерін кеңімен қолдану.

Дербес компьютерлер ЖАТ негізі іспетті. 1981ж ІВМ фирмасы дербес компьютер (ДК) жасауы және оның нарыққа жол тартуы барлық америка қоғамы үшін терең экономикалық жөне әлеуметтік зардап келтірді. Біріншіден, ол америка кәсібіне (бизнесіне) қатысты, өйткені сапалы өзгеріске төтеп берді. Былайша айтқанда, компьютерлендіру шағын кәсіпкерліктің гүлденуіне жол берді.

Олар ірі кәсіпкерлікпен бәсекелестікте тең түсуіне мүмкіндік алды. Дербес компьютердің кең қолданылуы корпорацияларды үйымдастырудың жаңа модельдерін туғызды. Әсіресе бүтіндей өндіріс орындары мен оның салаларының жұмысын басқаруда дербес компьютер негізінде жілілік технологиялардың дамуы өте маңызды орын алады. Дербес компьютердің пайда болуы жүз мыңдаған жұмыс орнының ашылуына мүмкіндік береді, көптеген талантты адамдарға сәтті жол ашылды. Дербес компьютердің енгізілуімен өте ауыр және бірсарынды еңбектің үлесі азайды да олардың еңбек өнімділігі едәуір өсе түсті, сонымен бірге жүмыс. орындары сапалы өзгерістерге ұшырады. Дербес компьютер іскер адамның дербес құралына айналды.

Біз ақпараттандырылған қоғамның дамуының толық қайшылықгы және әруақытта қүбылыстарды бағалауда бір мағыналы шешуге бола бермейтін жаңакезеңіне кірдік. Біздің түрмысқа техникалық жағынан өте күрделі қүрылғы-дербес компьютер енді. Дербес есептеулер технологиясы ақпараттарды өндеудің жаңа функционалдық мүмкіндіктерінәкелді, ал бүдан сәл бүрынырақ ол ғылыми қиял ғана болатын. Дербес компьютердің қолданылу әдісі өте кең. Адам баласының ақпараттарды өңдеу істерін-ол сандық,, текстік графиктік, аудио-және бейне ақпараттар болсын, орындай береді. Ал бүл өріс кеңінен де дамуда, яғни күн өткен сайын жаңа есептер пайда болуда, сол сияқты ішіне қарай тереңдей түсуде, яғни бұрынғы есептер қайта қаралып, тиянақталып, күрделене түсуде. Қазіргі кезде дербес компьютерді пайдаланбаған бірде-бір ғалым, инженер, әкімшілік, ұйымдастырушы немесе делдалдар жоқ десе де болады.

Қорытынды

Қатерлі талдау мыналардан түрады: - талданатын объектілерді және оларды қарастырудың нақтылану дәрежесін таңдау; - қатерлі бағалау әдіснамасын таңдау; қауіптерді және олардың салдарын талдау; - қатерлі бағалау; - қорғаныш шараларын таңдау; - таңдап алынған шараларды жүзеге асыру және тексеру; - қалдық қатерді бағалау. Қауіп бар жерде қатер пайда болады. Қауіптерді талдау кезеңі қатерді талдаудың орталық элементі болып табылады. Қауіптердің алдын алу үшін қорғаныш шаралары мен құралдары қажет. Қауіптерді талдау, біріншеден, мүмкін болатын қауіптерді анықтаудан (оларды идентификациялаудан) және екіншіден, келтірілетін болашақ зиянды болжау-бағалаудан тұрады. Бұл кезеңнің орындалу нәтижесінде объектідегі қауіп-қатер тізбесі және олардың қауіптік дәрежесі бойынша жіктемесі құрастырылады. Бұлар бәрі ақпарат қорғау жүйесіне қойылатын талаптарды айқындауға, қорғаныштың ең әсерлі шаралары мен құралдарын таңдап алуға, сондай-ақ, оларды жүзеге асыруға қажетті шығындарды анықтауға мүмкіндік береді. Қорғаныш жоспарын құрастыру. Бұл кезеңде осының алдында жүргізілген талдаудың нәтижесінде анықталған қатерлерді бейтараптау үшін қорғаныштың тиісті ұйымдастырушылық және техникалық шаралары таңдап алынады. Қорғаныш жоспарын құру ақпарат қорғау жүйесінің функциональдық сұлбасын әзірлеуден басталады. Ол үшін қорғаныш жүйесінің атқаратын міндеттері анықталады және нақты объектінің ерекшіліктерін ескере отырып жүйеге қойылатын талаптар талқыланады. Жоспарға мынадай құжаттар қосылады: қауіпсіздік саясаты; ақпарат қорғау құралдарының объектіде орналасуы; қорғаныш жүйесін жұмысқа қосу үшін қажет шығындардың сметасы; ақпарат 12 қорғаудың ұйымдастырушылық және техникалық шараларын жүзеге асырудың күнтізбелік жоспары.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпараттық қорғау жүйесі
Ақпараттық қауіпсіздік туралы ақпарат
Қорғаныс саясатының негізгі түсінігі
Ақпараттық қауіпсіздік Негізгі қауіптер
Криптографияның дамуы
Деректор қорының негізгі түсініктері
Кеден саясаты мен ұлттық қауіпсіздік
Операциялық жүйелерде рұқсат етілмеген қолжетімділіктен ақпаратты қорғау
Ақпаратты қорғаудың аппараттық құралдардың белгіленуі және сипаттамалары
Мектептің мәліметтер базасын құру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz