Физика және информатика мұғалімдерін даярлау мамандығы бойынша оқу практикасы есебі


М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
«Ұстаз» институты
«Физика және ІТ» кафедрасы
Оқу практикасының есебі
UP-2 Оқу практикасы (мамандық бойынша)
6В01519 -«Физика және информатика мұғалімдерін даярлау»
Тобы: Финф-20-1
Студент: Қойлыбаева Меруерт
Практика жетекшісі: Демисенова Д.
Комиссия мүшелері :
Мұсабеков. Е.
Оразымбетова. Г.
Еркебек. Ж.
Тараз 2022ж.
Орта мектептің типтік физика кабинетінің құрал жабдықтарымен, соның ішінде электр тогымен жұмыс істейтін аспаптармен (приборлармен) танысу. Физика кабинетінің электрмен жабдықтау жүйесімен танысу. Электрмен жабдықтау жүйесінің электрлік құрылымдық схемасымен танысу. Орта мектептің физика кабинетінің техника қауіпсіздігі.
1. Алдымен әрбір орындалатын жұмыспен танысып, қажетті қауіпсіздік техникасы ережелерін еске түсіру керек.
2. Оқушылардың қауіпсіздік техникасы ережелерін орындауын бақылап жүру керек.
3. Өткір кесетін құрал-жабдықтарды тек сабынан ұстап, өткір ұшын көршісіне бұруға болмайтыны туралы дағды қалыптасуы қажет.
4. Жанып тұрған спирт шамымен екіншісін жағуға болмайды. Спирт шамын қалпақпен өшіреді.
5. Ашық спиральды электр қыздырғыш приборларды пайдалануға үзілді-кесілді тиым салынады.
6. Жанғыш құралдармен жұмыс жасағанда жалынға шаш пен киімнің тимеуін қадағалау қажет.
7. Пробиркада сұйықты қыздырған кезде мына ережелерді ескеру қажет: Пробирканың ауызын өзіңе немесе көршіңе бұруға болмайды. Пробирканы арнайы штативке бекіту қажет. Пробирканы қағаз кесінділерімен ұстауға болмайды.
8. Шыны приборларды құрастырған кезде қолды кесіп алмау үшін шыны және резеңке түтікшелерінің диаметрін дұрыс таңдап алу керек, олардың ұштарына су, вазелин немесе глицерин жағып, өткір қырларын балқыту қажет.
9. Шыны түтікшені тығынға кигізгенде тығынды алақанда ұстамай, жанынан ұстау керек.
10. Шынының өте морт келетінін, соғудан, температура өзгерісінен тез шытынайтынын және сынатынын ескерген жөн. Шыны кесіп кеткен жағдайда кесілген жерге қол тигізуге және сумен жууға болмайды. Жараны дәріленіп тазартылған дәкемен тазалап, сонан соң жараның айналасындағы теріге йодты спирт тұнбасын жағу керек.
11. Құрастырылған электр тізбегін мұғалім тексергеннен кейін, оның рұқсатымен ғана қосыңдар. Электр тізбегіне ток көзін ең соңынан қосыңдар.
12. Электр тізбегін құрастырған кезде тізбектің изоляциясыз элементтеріне (қыстырғыш, кілт т. б. ) тиіспеңдер, изоляциясы жоқ немесе тозған өткізгіштерді және ашық типтес рубильниктерді пайдаланбаңдар. Кернеуі бар электр қондырғыларында ақау байқалса дереу ток көзін айырып, бұл туралы мұғалімге хабарлаңдар. Ток көзін айырмай тұрып, тізбекті қайта құрастырушы және балқымалы сақтандырғышты ауыстырушы болмаңдар.
13. Жұмыс кезінде электр машиналарының айналып тұрған бөлшектеріне абайсызда қол тигізіп алмаңдар.
14. Ток көзін айырған бойда конденсаторларға, олардың қысқыштарына, стационар электр қондырғылардың корпустарына тиіспеу.
15. Изоляциялаушы сабы бар аспаптарды пайдаланыңдар.
16. Жұмыс соңында ток көзін айырып, ағытыңдар, сонан соң электр тізбегін ажыратыңдар.
17. Кабинетте алғашқы медициналық көмек көрсетуге қажетті аптечка болуы керек.
Электрлік тізбек және оның элементтері. Тізбек элементтерінің принципиалды электрлік схемаларда шартты түрде белгіленулері
Электр тізбегі деп, генерациялауға арналған, тапсырулар, өзгертулер және электрлік энергия қолдану құрылғылар жиынтығын атайды, осы процестер электрлік ток, электр кернеу және электр қозғаушы күш (ЭҚК) ұғымдар арқасында жазылады.
Электр тізбегіне кіретін бөлек құрылғыларды электр тізбегінің элементтері деп атайды .
Электр тізбек элементтері электр энергияны генерациялауына арналған, электр энергия көзін атайды, ал электр энергияны қолданатын элементтер электр энергиясын қабылдағыштар деп атайды.
Ом заңының қолданысы. Электр тогының әсері және одан қорғану жолдары. Аспаптарды, қондырғыларды жерлестіру.
Ом заңы - электр тогының негізгі заңдарының бірі. Ом заңы - өткізгіштегі ток күшінің (І) осы өткізгіштің ұштары арасындағы кернеумен (U) байланысын анықтайды: U=r*І (1) мұндағы r өткізгіштің геометриялық өлшемдеріне, электрлік қасиеттеріне және температурасына байланысты болатын пропорционалдық коэффициенті r - омдық кедергі немесе өткізгіштің берілген бөлігінің кедергісі деп аталады. Ом заңын 1826 ж. неміс физигі Г. Ом (1787 - 1854) ашқан.
Адам ток ұрғанда Термиялық. Электралиттік, Биологиялық әсер етеді:
Тоқтын термиялық әсері-дене терісін әр жерінің күюі, қан тамырларының, нерв жүйелерінің қызуымен байланысты.
Электролиттің әсері-қанның және организмнің басқа да сұйықтарының ыдырауна байланысты, оның физикалық құрамының бұзылуын туғызады.
Биологиялық әсері-ағзаның тірі жасушаларының қызуы нәтижесынде, адам буындары тартылып, журек, өкпе қысылады, нәтижесынде қан айналу мен тыныс алу мүшелерінің жұмысы нашарлайды, тіпті олар жұмысын тоқтатуы да мүмкін.
Электр тогының әсерінің әртүрлілігіне байланысты, жрарқаттанудың екі түрі болады:
1. Электрлік соққы.
2. Электрлік жарақат.
Электрлік жарақат тік әсерінен тері жасушаларының кейбір жерлерін жарақаттайды. Электрлік жарақаттың келесідей түрлері болады:
Электрлік күю, электрлік белгілер, терінің металдануы, механикалық жарақат.
Электрлік күю -ең көп таралған элетрлік жарақат түрі. Күйк екі түры бар:
Тоқты және доғалы
Тоқтың күю-ток жүретін бөліктен контакт кезінде адам денесі тоқ соғуы.
Доғалық күю - жоғары кернеу астында тоқ жүретін бөлік пен адам денесі арасында электрлік доға пайда болады. Доға температурасы 3500 о С ден жоғары және де энергиясы үлкен. Доғалық күйік III, IV дәрежені құрайды.
Электрлік белгілер - адам терісінде сұр немесе күлгін сары түсті дақтар пайда болады. Белгілер жырық, дақ, жара түрінде байқалады. Электрлік белгілер ауырмайды және емдеуге жеңіл болып келеді.
Терінің металдануы - электрлік доға нәтижесінде еріген металл қалдықтарының адам терісінің жоғары қабатына енуі. Метализация ыстық металл әсерінен терінің күюі. Бұл жағдай қысқа тұйықталу нәтижесінде және де шамадан тыс жүктелімнен рубилышктардың сөнуінен.
Механикалық жарақат - адам денесі арқылы өткен токтың әсерінен буындардың тартылуы.
Электр тоғы өткен кезде адамнын денесі: жеңіл соққы, дененің күйіп ашуы, бұлшық еттің құрысуы, дірілдеу болып жарақатанады.
Белгілері : тері жамылғыларының ағаруы, сілекейдің көп бөлінуі, құсықтың келуі, жүрек төңірігінің сырқырауы. Тоқтың әсерінін жойғаннан кейін зардап шегуші шаршауды, бүкіл денесіндегі ауырлықты, еңсесін басуды немесе қозуды сезінеді.
Электр жарақаты кезіндегі жүйкі жүйесіне электр тоғының әсері нәтижесінде пайда болған ортақ құбылыстар аса қауіпті. Тоқ соққан адам бірден есінен айырылады, бұлшық еттің қысқаруынан кейде зардап шегушіні электр тоғы бар өткізгіштен ажырату өте қиынға түседі.
Алғашқы көмек көрсету ең алдымен электр тогының әсерін тоқтату керек. Бұл қажет, өйткені электр сымы соққанда зақымдалушы адамның көбінесе босанып шығуға дәрмені жетпейді. Көмек көрсетуші адам өз басының қауіпсіз болу ережесін де сақтауы керек.
Ток келіп тұрған көзді тоқтату үшін ажыратқыш-қосқыш тетікті, тығындарды, рубильникті ажыратып, көмек көрсетуші адам қолын (резина қолғап киіп немесе құрғақ жүн матамен ұстайды) және аяғына (резина етік киеді) ток ұрмайтындай еткеннен кейін ғана зақымданушы адамды токтан тартып ажыратуы не болмаса зақымданушы адамды басқа да тәсілдермен ток көзінен ажыратуы керек (мысалы, кез келген құрғақ ағаш затпен ток сымын басқа бір жаққа бұру) .
Жүрегі, тынысы тоқтамаған болса, оған толық тыныштық керек (денені сұлатып жатқызады), жылы сусын ішкізіп, мүсәтір спиртін иіскетеді; терісі күйгенде- борлы вазелин жағып немесе сутегінің асқын тотығымен сүртіп, стерильді бинтпен таңып тастайды.
Егер тынысы тоқтап, жүрегі соқпай қалған жағдайда (клиникалық өлім) көрсетілетін алғашқы көмек- дәрігер келгенге дейін реанимация шараларын жасау (жүрекке массаж, «ауызбен ауызға дем үрлеу» арқылы қолдан тыныс алдыру) .
Сонымен бірге шұғыл дәрігерлік көмек көрсету және ауруханаға жеткізу, егер ІІ-ІV дәрежедегі зақымдану болса. Егер электр тогынан зақым алғаннан кейін 30-40 минут өткен соң да ұйқы басып, басы айнала берсе, жүрегі қағып, тер басса, тынысы тарылып, денесі тітіркенсе, онда алған зақымы жеңіл сияқты болып көрінгеніне қарамастан, дәрігерлік бақылауға алып, көмек көрсету міндет.
Электр тогынан зақымданудың бір түрі жай отынан- күн күркіреген кездегі атмосфералық электр разрядынан зақымдану болып табылады. Адамды тоқ «шықсын» деп жерге көму керек деген ел арасындағы соқыр сенім - зиянды адасушылық, өйткені жерге көмілген организм тез салқындайды, кеудеге салмақ түсіп сығылады, тынысы тарылады, жүрегі қысылады, пайдалы алғашқы көмек көрсетілуге тиісті уақыт өтіп кетеді.
Электр таратушы қалқан (щит) . Қазіргі заманғы электр таратушы жиынтық (комплект) : КЭФ-10, КЭФ-8, немесе басқа типті.
КЭФ-8
1) реттелетін айнымалы кернеу (1-45 вольт ) 13 амперге дейінгі Ток
2) реттелетін тұрақты кернеу (1-45 вольт ) 13 амперге дейінгі Ток
Онда басқаруға арналған Амперметр мен Вольтметр, сондай-ақ кернеуді тұрақты мәннен айнымалыға ауыстыру бар.
Айнымалы реттелетін кернеуге арналған үш штепсель бар
0-ден 45 Вольтқа дейінгі шығудағы автотрансформатордың ЛАТР негізіндегі зертханалық қоректендіру блогы (ауыспалы тұрақты кернеу)
Электр тізбегін жинау (стендте) . Тұтынушыларды тізбектеп және параллель жалғау (оқытушының тапсырмасы бойынша) .
Электр тізбегін жинау үшін бірінші акумлятор батареясы, резистор, кілт және электр ток күшін өлшейтін құрал (А) керек. Осы құралдарды жылғағыш сымдар арқылы бір біріне жалғаймыз. Электр тоғын жүргізу үшін ажыратып қосқыш кілт тұйықталу керек. Өткізгіш сымдардың бойында қозғалысқа келіп жатқан зарядталған бөлшектер. Ток жүру үшін екі түрлі шарт орындалу керек. Бірінші зарядталған бөлшек және сонымен қатар қозғалысқа келтіретін электр өрісі болу керек. Кернеуді өлшеу үшін резистормен тексереміз. Кедергі артқан сайын тоқ күші кемиді.
Тізбектеп жалғау
I=I 1 =I 2 R=R 1 +R 2 V=V 1 +V 2
Параллель жалғау
Кернеу тізбекке параллель жалғанады V=V 1 =V 2
I=I 1 =I 2
Балқымалы қорғағыштар, автоматты ажыратып-қосқыштар. Өткізгіштерді жалғастыру. Электр таратушы қорапты ( коробка) пайдаланып, электр желісінің схемасын сызу, желі тарту.
Қандай қорғаныс құралдары жақсы?: сақтандырғыштар немесе ажыратқыштар?Тұрмыстық және өнеркәсіптік электр желілерін пайдалану кезінде әрдайым электр жарақаттарын алу немесе жабдықтың зақымдану қауіптері бар.
Электр тізбегін қорғау негізінде жұмыс істейді:
балқымалы қорғағыш;
механикалық ажыратқыш.
Қорғағыштың жұмыс принципі және құрылғысы.
Екі ғалым Джоуль мен Ленц бір уақытта өткізгіштегі өтетін токтың мөлшері мен одан жылу шығару арасындағы өзара байланыс заңдылықтарын орнатты, бұл тізбектің кедергісі мен уақыт аралығының ұзақтығына тәуелділігін анықтады.
Олардың қорытындылары токтың сым металына жылу әсеріне негізделген қарапайым қорғаныс құрылымдарын жасауға мүмкіндік берді. Электрлік қорғағыштар жұқа металл кірістіруді пайдаланады, ол арқылы тізбектің толық тогы өтеді.
Электр энергиясын берудің номиналды параметрлерінде бұл" сым " жылу жүктемесіне сенімді түрде төтеп береді, ал оның мәні нормадан асып кетсе, ол тізбекті бұзып, тұтынушылардан кернеуді алып тастайды. Схеманың жұмысын қалпына келтіру үшін күйдірілген элементті ауыстыру керек: балқыту қондырғысы.
Бұл тұрмыстық корпусқа арналған қорғағыштар мен шыны, мөлдір кірістері бар радио аппараттардың конструкцияларында айқын көрінеді.
Тұрмыстық радиоаппаратураға арналған қорғағыштар.
Оның ұштарында розеткаларға орнату кезінде Электрлік байланыс жасайтын арнайы металл платформалар орнатылған. Бұл принцип ондаған жылдар бойы біздің ата-аналарымыз бен ұрпақтарымызды электр сымдарының зақымдануынан қорғайтын электрлік штепсельдерде енгізілген.
Электр таратушы қорапты ( коробка) пайдаланып, электр желісінің схемасын сызу, желі тарту.
Электр таратушы қорабындағы сымдарды дұрыс қосу сіздің электр желіңіздің сенімділігінің маңызды факторы болып табылады. Егер барлық қосылыстардың 50% - дан астамы электр таратушы қораптарында шоғырланғанын ескеретін болсақ, онда үйдің немесе пәтердің электр желісінің бұл элементі ерекше маңызды болады.
Электр тарату қорабының схемасы.
Электр тарату қорабы электр қабылдағыштарды қуат сымына қосуға арналған. Ол әдетте коммутатордың үстіндегі бөлмеге кіре берісте орналасқан. Ажыратқыш есіктің тұтқасынан бөлмеге кіре берісте болуы керек. (7. 4-сурет )
1. 4-сурет 1. 5-сурет
Розетка қорабында қосылу схемасы.
Енді бір, екі немесе одан да көп розеткаларды қосу үшін сымдарды түйіспелі қорапқа қалай қосу керек деген сұраққа көшеміз. Мұны істеу үшін бізге барлық розеткалардың жалпы жүктемесіне сәйкес келетін қимасы бар үш сымды сым қажет. (7. 5-сурет)
Электр розеткасын орнату, өткізгіштерді жалғау. Электр шамын ажыратып-қосқыш арқылы қосудың схемасын сызу және іс жүзінде жалғау.
Ажыратқышты, розеткаларды және шамдарды қосу схемасы
Бұл суретте ажыратқышты, розеткалар мен шамдарды қосудың жеңілдетілген электр тізбегі көрсетілген. Бұл өте кең таралған және тұрғын үйлерді, жертөлелерді, гараждарды, өндірістік, құрылыс нысандарын және т. б. электрлендіруде кеңінен қолданылады.
Электр панелінен бастайық. Әрбір үйде және пәтерде міндетті түрде негізгі электр магистралінен (ең жақын электр беру) кіретін қалқан болады. (В) бұл қалқаншада, әдетте, электр есептегіш, УЗО, автоматты ажыратқыштар, сақтандырғыштар және қосымша құрылғылар (мысалы, желілік кернеу индикаторлары, асқын кернеуден қорғау және т. б. ) болады. Ол бүкіл бөлмені (жеке үй, пәтер) қамтамасыздандырады.
2. 1-сурет
Жұмыс істеу үшін сізге құрал мен керек-жарақтар қажет:
жаңа қосқыш;
тарату қорабы және қосқыш;
жалғауға арналған сымдар (жалпы желідегі сымдарымен бірдей материалдан, мыс немесе алюминийден жасалған) ;
бөренелер, крест тәрізді және жалпақ бұрағыш, пышақ, оқшаулағыш таспа, электр дәнекерлеу үтігі.
Жұмысты бастамас бұрын бөлмедегі электр желісін бөлменің өзінде орналасқан токтарды ажырату керек.
Ажыратқышты электр қорап арқылы қосайық.
Қуат көзін бір кілтті ажыратқыш арқылы электр тұтынушысына қосу өте оңай. Электр панелінен 2 сым - нөл және фаза. Нөл көк түспен, фаза қызыл түспен белгіленген. Суретте 3-түрлі түсті сымдары бар қосқыш схемасы.
Фаза ажыратқыштан өтуі керек, оның жұмысы кезінде үзіліс/қосылу керек, бұл нөл емес, фазалар. Фазаның қай сымда екенін анықтау оңай, желі қосылған кезде, екі сымды да индикатор бұрағышымен ұстап тұру керек, кезектесіп, қызыл жарық индикаторы фаза болатын жерде.
Егер коммутатор нөлге тең болса, онда электр қуатын өшіргеннен кейін сым қуатталады, ал жарықтандыру элементтерін ауыстырған кезде сіз ток соққысын ала аласыз. Ең дұрысы, ток шамға келесі ретпен келуі керек. Электр құрылғыларын өндіруші ұсынған коммутатор тізбегі әрдайым фазаны өшіруді білдіреді.
Фазалық сымды коммутатордың өзіне қосу үшін бізге қажет:
Электр панелінен шығатын сым ажыратқыштың төменгі бөлігіне бекітіліп, шамнан келетін сым жоғарғы жағына қосылуы керек.
Коммутатор тізбегі-бұл 220 V кернеуі бар желіден келетін екі сым, жаңа қосылымды орнату үшін біз түрлі түсті сымдарды сатып ала аламыз, мысалы: қызыл және көк.
Ажыратқыш тізбегінің жұмыс принципі-коммутатор пернесін басқан кезде фазалық сым қосылып, электр жарық көзіне беріледі.
Жұмыстың соңғы кезеңі электр сымдарын оқшаулау болады. Мұны істеу үшін бір-бірімен байланысқан контактілерге дәнекерлеу қышқылының немесе розиннің ерітіндісін қолдану керек, содан кейін қосылысты дәнекерлеумен жабатын дәнекерлеуішпен қалайылау процедурасын жүргізу керек.
Орта мектептің физика кабинетін электрмен қамтамасыз етудің жалпы схемасы. Кабинетті жарықтандыру. Тақтаны қосымша, тәуелсіз жарықтандыру схемасы және желіні жүргізу.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz