Қазақ мемлекеттілігінің эволюциясы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ мемлекеттілігінің эволюциясы
ХV ғасырдың ортасында Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігінде Керей мен Жәнібек хандар құрған ұлыс көп ұзамай бүкіл Шығыс Дешті Қыпшақтағы мемлекеттің бірден-бір көрінісі болды. Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры Дария Қожамжарова Қазақ хандығының тарихы туралы материалын Егемен Қазақстан газетінде жариялады. Қазақ хандығы біртұтас, бір орталықтан басқарылатын мемлекеттік құрылым ретінде 1465 жылдан бастап 1847 жылы ең соңғы қазақ ханы Кенесары өмірден озғанға дейін төрт ғасыр бойы өмір сүріп, тарих сахнасында мәңгіге өз еншісін алды.Ұлы Жібек жолы бойындағы көне шаһарлар өркен жайып, қалалық сауда-саттық жүйесі қалыптасып, Жеті Жарғы аталатын дала заңының жиынтығы бекітілді. Керей мен Жәнібек құрған Қазақ хандығының басқару жүйесі сол заманға сай болып, орасан зор аймақты қамтыған, әрі өзін басқа көршілеріне мойындатқан Орталық Азиядағы ірі құрылымның біріне айналды. Қазақ хандығының жүйесіндегі тағы бір ерекшелік, елдің билеушісі хан болса, оның жанында билер мен батырлар тұрды. Бұл тұлғалар, ұлттың өзін өзі тануы, басқа этностармен қатынаста өз мүддесін түсінуі нәтижесінде өмірге келсе, өз ретінде олар ұлттық ұйысудың тезірек жүруіне, ұлттық құндылықтардың пісіп-жетілуіне пәрменді ықпал жасады. Осылайша, Қазақ хандығы біріншіден, қазақ даласында өмір сүрген қағанаттар мен мемлекеттердің заңды мұрагері болса, екіншіден, қазіргі тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрылуына тарихи сабақтастық ретінде идеологиялық тұрғыдан бірден-бір негіз қалады. Қазақ хандығының тарихындағы маңызды және күрделі, әрі аса қызықты мәселенің бірі - хандықтың құрылуы мен Шығыс Дешті Қыпшақ аумағындағы 2,5 мың жылдай уақытқа созылған этнопроцесс өзінің мәресіне жетіп, ұлттық сипатқа ие болып, қазақ халқының қалыптасуымен бір кезеңде жүзеге асты. Қазақ хандығының құрылуын, мемлекеттіліктің дамуы тұрғысынан қарастырсақ, онда ол жалпылама түрде Қазақстанның ежелгі тарихындағы сақ, ғұн, үйсін, қаңлы, ерте орта ғасырлардағы Түрік, Батыс Түрік, Түргеш, Қарлұқ, Оғыз, Қимақ, Қыпшақ, Қарахан, одан кейінгі Алтын Орда және Ақ Орда тарихымен тікелей байланысты. Бұл құрылымдардың атаулары әртүрлі болғанымен оларға ортақ тән нәрсе бір аймақ пен сол жерде өмір сүрген ру-тайпалар мен тайпалық бірлестіктердің тегі мен тілі, шаруашылығы мен мәдениеті, діни-рухани жағынан ортақтығы жатты. Бұлардың атауы бұрын билеуші әулеттерді шығарып отырған тайпалар атауларымен байланысты болып келсе, Қазақ хандығы алғаш рет қазақ халқының құрамына енген тайпалардың бірінің емес, барлық тайпаларға ортақ атпен атала бастайды. ХV-ХІХ ғасырлар арасын қамтыған Қазақ хандығы Қазақстан тарихында ерекше орын алып қана қоймай, осы кезеңде қалыптасқан ұлттық сана мен халықтың өзіне тән ерекшеліктері қазіргі біздің қоғаммен тікелей ұштасып жатыр. ХХ ғасырдың бас кезіндегі Алаш қозғалысының негізгі мақсаттарының бірі де - қазақ халқының мүддесіне сай қызмет ететін, ұлттық мемлекеттілікті қалыптастыру жоспары да Қазақ хандығымен байланыста дамыған. Алайда, тарих үрдісі көрсеткендей ол жүзеге аспай қалды. Ал кеңестік негізде құрылған Қазақ АКСР-ы, одан кейінгі Қазақ КСР-да қағаз жүзінде егеменді деп аталғанымен, іс жүзінде орталықтың толық бақылауында болып, ұлттық мүддеден гөрі орталықтың мүддесіне сай саясат жүргізілді. Сөйтіп, қазақтардың санасына мемлекетсіздік идеясы бірте-бірте сіңіріліп, мемлекеттілікті Ресейдің әкелгендігі сияқты қасаң қағида бірте-бірте қалыптаса бастады. Тіпті, өткен ғасырдың 90-жылдарының басында Ресейдің орталық мерзімді басылымдарында Қазақстан Республикасы ұзақ өмір сүре алмайды. Өйткені, тарихта қазақтардың өз мемлекеті болмаған, оларға мемлекеттілік идеясы жат, деген пиғылдағы ойлардың белең алғаны бәрімізге белгілі. Мұндай пікірлер әлі де толық өшпей жатқаны шындық. Сондықтан, осындай теріс пиғылдағы көзқарастарға тек тарихшылар тарапынан жүргізілген ғылыми негіздегі объективті зерттеулер ғана тосқауыл бола алады. Осылайша, жоғарыда айтылған ойларымыздың бәрін қорытындылай келе, Қазақ хандығының құрылуы - Қазақстан тарихындағы аса маңызды оқиғалардың бірі деп есептеліп, сол кезде басталған этникалық дамуларды қазіргі уақытта ұлттық деңгейге жеткізіп, Қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына ықпалын тигізіп, Қазақстан Республикасы деп аталатын жаңа мемлекеттің құрылуына негіз қалап, идеологияның тарихи өлшеміне айналды.

Саяси партиялар: большевиктер, кадеттер, эсерлер, Алаш, Үш жүз, Шуро-және-Исламия, Шуро-және-улемия және т.б.
Большевиктер саяси ұйымы-1917 ж.ақпан төңкерісінен кейін құрылды.В.И.Ленин бастаған саяси қозғалыс пен ойдың ағымы.Құрамында солдаттар,жұмысшылар,шаруалар болды.Партия мақсаты капитализмге өтпей-ақ социализмді орнату.
Кадет партиясы-1917 жылы ақпан революциясына кейін құрылды.Құрамында буржуазия мен помещиктер.Семей қаласында "Свободная речь" газетін шығарды.Қазақстанның солтүстік облыстарында әрекет етті.Бөлінбес біртұтас Ресейді ,конституциялық монархияның қоныстардыру саясатын жақтаған партия.
Эссерлер партиясы-1917 ж.көктемінде құрылды.Құрамында социал-революционерлер болды."Жер-бүкіл халықтың меншігі","жер өңдейтіндерге берілсін"- деген мақсатта құрылған.
Бұл партиялардың барлығы 1920 жылы большевиктер таратып жіберді.
Алаш партиясы -1917 -- 1920 құрылды. Тұңғыш жалпықазақ съезін шақыру туралы шешім 1917 жылғы сәуір айында өткен Торғай облыстық қазақ съезінде қабылданып, съезд оны даярлауды Ә.Бөкейханов пен А.Байтұрсынов бастаған бір топ қазақ зиялыларынан құрылған айрықша бюроға тапсырды. XX ғасырдың бас кезіндегі ұлт-азаттық қозғалыс тарихының өзекті мәселелерінің бірі - Алаш партиясының құрылуы, оның тарихи негіздері, саяси әлеуметтік сипаты және тарихта алатын орны. Қазақ зиялылары саяси партия құру әрекетін бірінші орыс революциясы жылдарында-ақ қолға алған болатын. Төрағасы -- Әлихан Бөкейханов. Алаш партиясының басты мақсаты - қазақ еліне өзін-өзі басқару мүмкіндігін беретін мемлекеттік жүйе құру, яғни оның ұлттық мемлекеттікке құқы бар екендігін метрополияға мойындату, ал түбінде дербес мемлекеттікке қол жеткізу, қазақ жеріне ішкі Ресейден қоныс аударушылар толқынын тоқтату, әлемдік озық тәжірибеге сүйене отырып қазақ қоғамы жаңа өмір сұранысына сай өзгерту (модернизация), демократиялық принциптерді қадір тұтумен бір мезгілде, әсіресе, білім мен ұлттық мәдениеттің өркен жаюына жол ашу болды.
Үш жүз партиясы -- Қазақстанда 1917 жылы қазан-қараша айларында дүниеге келген ұлттық-саяси ұйым. Үш жүз саяси ұйымындағы жетекшілік рольдерді бұрынғы қорғаушы адвокат, журналист және драматург Көлбай Төгісов, фельдшер және тілмаш Шаймерден Әлжанов, Әбілқайыр Досов, Ысқақ Көбеков, Мұқан Əйтпенов атқарды. ОК-тінің алғашқы төрағасы М.Әйтпенов, орынбасары К.Төгісов, хатшысы Ы.Көбеков болды. Орталық органы Үш жүз гәзеті, оған Төгісов редакторлық етті. Өзінің әлеуметтік тегі жағынан ұсақ буржуазияшыл демократтардың саяси ұйымы болды. Қазіргі уақытта көп тараған пікірге қарамастан, Үш жүз саяси ұйымы құрылған күнінен бастап социалисттік партия болған жоқ. 1917 жылы Мұқан Əйтпенов партия төрағасы болған кезде, партия өз гәзетінде русофобтық ойлар айтса, 1918 жылы Мұқан Əйтпенов қызметінен босатылып, орнына К.Төгісов тағайындалғаннан кеін Сталинмен тілдесудің нәтижесінде эсерлерді қолдап, олармен бірігуге ұмтылады.[1]Партияда әрдайым идеялық күрес жүрді. "Үш жүз" партиясы жарты жыл өмір сүрді. Ыдырау себептері: ұйымдастырушылықтың жоқтығы, партияның көптеген мүшелерінің идеялық тұрақсыздығы, тәртіптің нашарлығы, ішкі саяси күрес. Осылайша, партияның белгілі бір бөлігі Төгісовке қарсы партияның пайдасы үшін бай элементтерден салықтарды заңсыз жинауда көрініс тапқан, түрлі қызметтік теріс пайдаланушылықтарда айып тағылды. 1918 жылғы 11 мамырдағы кеңестердің Батыс-Сібір Комитеті президиумының мойындауынша, партия төрағасы Төгісовтің және оның жолдастарына "тергеу барысында айтарлықтай дәрежеде растау алған жоқ". Бірақ екінші рет Батыс-Сібір кеңесі үкімін шығара алмады. Көп ұзамай билік контрреволюциямен басып алынды, олар 1919 ж.Наурызында оны және Омбы, Петропавл және Александр каторж түрмелеріндегі "Үш-Жуз" партиясының басқа да басшыларын жойды. Бірақ осы қиын жылдарда Қазақстандағы саяси күштердің орналасуы қандай болмаса да, олардың барлығы қазақ мемлекеттілігін құруға өз үлестерін қосты.
Шура-и ислам, , Ислам кеңесі - 1917 жылғы мамырда Мәскеуде өткен бүкілресейлік мұсылман съезінің шешіміне сәйкес құрылған қоғамдық-саяси ұйым.
Бұл ұйым Уақытша үкімет жағдайында, мұсылмандардың және олардың қоғамдық ұйымдарының Құрылтай жиналысына дейінгі іс-әрекеттерін қадағалап, үйлестіріп отырды. Құрамына Түркістаннан 7, Кавказдан 2, қазақ облыстарынан 5, Литва татарларынан 1, ішкі Ресей мұсылмандарынан 10 адам кірді. Шура-и исламның Петроград каласында орналасқан 12 адамнан тұратын атқару комитетінің төрағалығына Ж.Салихов, орынбасары болып Ж.Досмұхамедұлы сайланды. Атқару комитеті мүшелері қатарында алғашында У.Танашев, Жақып Ақбаев, Зәки Уалиди Тоған, Ғ.Ходжаев, Көлбай Төгісов, Ш.Мұхамедияров, И.Лиманов секілді қайраткерлер болды. Шура-и ислам Бүкілресейлік мұсылмандар съезінің шешімдерін басшылыққа алды. 1917 жылы шілдеде өткен Бірінші жалпықазақ съезі Шура-и исламға мүшелікке қазақ өкілдерін: Ақмоладан А.Тұрлыбаевты, Семейден Ә.Сәтбаевты, Торғайдан Ә.Байғуринді, Оралдан У.Танашевты, Жетісудан Б.Мәмбетовті, Сырдариядан М.Шоқайды, Ферғанадан Ғ.Оразаевты сайлады. Шура-и ислам 1917 жылы шілдеде Қазан қаласында Бүкілресейлік мұсылмандар сиезін өткізуді ұйымдастырды. Шура-и ислам Қазан төңкерісіне дейін жұмыс істеді
"Шуро-и-Улема", Ғұламалар қоғамы, Ғұламалар кеңесі - қоғамдық-саяси ұйым. 1917 жылы 10 шілдеде Ташкентте көрнекті қазақ қайраткері Серәлі Мұңайтпасұлы Лапиннің жетекшілік етуімен құрылған."Шуро-и-Улема" ұйымы Түркістан өлкесінің жергілікті халқының мүддесін қорғау ислам діні қағидаларымен ұштастырылғанда ғана жүзеге асады деп санады. Соған орай Уақытша үкіметтің Түркістан комитетінен мұндай ұстанымның жүзеге асуын талап етті. Түркістан өлкесіне Ресей Федерациясы құрамында аумақтық автономия берілуін жақтай отырып, олар ұлттық-діни ой-пікірлерді мерзімді баспасөз арқылы насихаттау күнделікті өмірде талас тудыратын мәселелерді Шариғат арқылы шешу керектігін өз ұйымдарының жарғысына негіз етіп алды. Жарғыға сәйкес ұйым мүшелері үш топқа бөлінді:
Жылына 6 сом төлегендер қарапайым мүшелер,
ұйымға айрықша қызмет сіңіргендер құрметті мүшелер,
ұйымның есепшотына 100 сом көлемінде қаржы салғандар тұрақты мүше саналатын болды.
Жергілікті зиялы қауым өкілдерінің біраз бөлігі "Шуро-и-Улема" ұйымының бой көтеріп, қоғамдық өмірге араласуын Уақытша үкімет жағдайында өлкедегі түркі-мұсылман халықтарының талап-тілектерін жүзеге асыруда кедергі келтіреді, осы мақсат жолында ұлттық саяси күштердің бірлесе әрекет етуге деген талпынысының тежелуіне, олардың ара-жігінің ажырай түсуіне әкеліп соқтырады деп санады. 1917 жылы 2 қазанда Түркістан қаласында съезд өткізіп, онда Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына өз алдына бөлек депутаттыққа кандидаттар тізімін жасады. 14 адамнан тұратын бұл кандидаттар тізімі қатарында Лапин, С.Мақмұдқожа, С.Алдабергенов, С.Нұрмұхамедов, Садыққожа ишан, Х.Ибрагимов, Т.Ғалым, О.Мерейов, М.Мабирхан, Ә.Топчибашев, І.Бұралқиев, С.Юсупов, С.Наргелов, Ғ.Махдум болды. 1917 жылы күзде Ташкенттегі жұмысшы-солдат депутаттары кеңесі революциялық комитеттер құруға кірісіп, бар билікті өз қолдарына алуға ұмтылғанда оған "Шуро-и-Улема" ұйымы табанды қарсылық көрсетті. "Шуро-и-Улема" ұйымының мұндай ұсынысына кеңес өкіметі құлақ аспайтындығын 1918 жылы ақпанда Түркістан автономиясын қару күшімен талқандау арқылы көрсетіп берді. Мұның артынша "Шуро-и-Улема" ұйымын тарату туралы шешім қабылданды. "Шуро-и-Улема" ұйымының сол тұста жасаған соңғы қадамы өлкедегі большевиктер үкіметіне қарсы күресу үшін Германиядан көмек сұрауы болды. 1918 жылы қыркүйекте "Шуро-и-Улема" ұйымының жетекшісі Лапин тарапынан білдірілген ондай өтінішке бірінші дүниежүзілік соғыста жеңіліске ұшыраған Германияның көңіл бөлуге мұршасы келмеді.

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
1921-1922 жылдардағы ашаршылық[
1921-1922 жылдардағы ашаршылық Азамат соғысы аяқталғаннан кейін Кеңестер елін тағы бір ауыр сынақ күтіп тұрды. 1921-1922 жылдардағы ұзаққа созылған қарсыз қыс жауынсыз жазға ұласты. Қыста қардың, көктем мен жазда жауынның болмауы қатты құрғақшылықты, оның салдары ашаршылық нәубетін әкелді. 1921 жылдың жазында ол елдің көптеген өңірлерін, әсіресе Еділ бойы аудандарын жайлады. 1921 жылдың күзіне қарай бүкіл ел бойынша 20 млн астам адам аштыққа ұшырады.
Етек алған ашаршылыққа байланысты РК(б)П Орталық Комитеті 1921жылғы 17 шілдеде партияның барлық мүшелеріне арнайы үндеу жолдады. Ашаршылық, -- делінді үндеуде, -- тек құрғақшылықтың нәтижесі емес, оның себебі аграрлық сектордың артта қалуында, ауыл шаруашылық білімі денгейінің төмендігінде, ауыспалы егіс нысандарының ескілігінде, бұл және соғыс пен әскери қоршаудың, сондай-ақ помещиктер мен капиталистердің және олардың итаршыларының бізге қарсы күресінің бәсеңсімей отырғанынын да салдары.[1]. Партия құжаттарында көрсетілген себептермен бірге, жаппай ашаршылық Кеңес өкіметі қатаң жүргізген, халық шаруашылығына, әсіресе ауыл шаруашылығы саласына қатты соққы болып тиген әскери коммунизм саясатының нәтижесіндегі төтенше экономикалық жағдайларға да байланысты туындады.
Қазақстанның көпшілік аудандары етек жайған ашаршылық құрсауында қалды. Орал, Орынбор, Қостанай, Бөкей, Ақтөбе губернияларында себілген астық қатты құрғақшылықтан шықпай қалды, шыққандары жазғы ыстықта қурап калды. Мал өсірумен айналысатын көшпелі және жартылай көшпелі аудандардағы жайылымдар мен шабындықтар толықтай күйіп кетті. Оның үстіне 1920-1921 жылдардағы ұзаққа созылған қатал қыс Торғай уезінде малдың жаппай қырылуына әкеп соқты. Шұбалаң, Майқара, Сарықопа және басқа болыстар да зардап шекті. Ашаршылық құрбандарының, аштан өлгендердің саны күн сайын көбейе берді.
Ашаршылықтың көп аймақтарды қамтуы[
Ашаршылық отырықшы аймақтарды да қамтыды. 1921 жылғы ақпан-наурыз айларында Қостанай губерниясындағы Исаев-Дедов аудандық кеңесі атқару комитетінің Қазақ АКСР Халық Комиссарлары Кеңесіне жолдаған есебінде аудан тұрғындарының аш екендігі, сондай-ақ жекелеген ауылдардың наразылық білдіріп жатқаны туралы айтылды. Бірқатар аймақтарда шаруалар арасынан мемлекеттік тапсырыс бойынша жиналған астықты рұқсатсыз бөліп алған фактілері атап көрсетілді. Мәселен, Дмитриев селосының екі жүзге жуық әйелі көршілес кенттерден қосылған әйелдермен бірге жиналған астықты Орынбор астық қоймасына тапсыруға ашық қарсылық білдірді, егер сіздер жиналған астықты әкететін болсаңыздар біз аштан қырыламыз деген ұранмен шықты. Ал Васильев селосының тұрғындары кәдімгі күн сайынғы таңғы жиында шіркеу қоңырауымен бір мезгілде бір үзім нан мен мал азығы төңірегінде қызу айтыс ұйымдастырды. Олар кеңестердін жергілікті өкілдерін: бізге астық беріңіздер, әйтпесе біз аштан қырыламыз деген айқаймен қарсы алды. Никольск селосының тұрғындары, сол кезде көктемгі дән себу науқанына әзірленген тұқымдық астықты рұқсатсыз өзара бөліп алды.
1921 жылғы тамыздан бастап Орынбор, Ақтөбе, Бөкей, Орал және Қостанай губерниялары аштықтан зардап шеккен аймақтардың тізіміне ресми түрде енгізілді. 1921 жылдың күзіне қарай Қазақ АКСР-інің жеті губерниясының бесеуі: Орынбор, Ақтөбе, Бөкей, Орал және Қостанай губерниялары Түркістан АКСР-і құрамындағы Сырдария және Жетісу губернияларын қоспағанда және Адай уезінің тұрғындары аштыққа ұрынды.
Жұқпалы аурулардың таралуы[
Аштықпен бірге сүзек, тырысқақ, оба, дінгене және басқа аурулар да қатар келді. Жұқпалы аурулармен ауырған адамдардың саны республиканың емдеу мекемелерінің мүмкіндіктерінен едәуір асып кетті. Аштық пен қайыршылық күй, эпидемия, ауруханалардың жетіспеуі, осының бәрі аурулар арасындағы өлімнің санын көбейтіп жіберді. Мысалы, Қостанай губерниясында аштар мен аурулардың 75%-ға жуығы көз жұмды. Республиканың Денсаулық сақтау халық комиссариатының деректері бойынша Орынбор, Орал, Ақмола және Ақтөбе губернияларында 1921 жылдың 1 қарашасы мен 1922 жылдың 1 шілдесі арасында 37 657 адам ашаршылық құрбаны болды.[2]. Ашаршылық Қазақстанның басқа аймақтарын да айналып өткен жоқ.[3]. Сол кезде Тарғын-Бөкей губерниялы кеңесі атқару комитетінің төрағасы қызметін атқарған Х.Д. Чурин өз естелігінде: 1921 -- 1922 жылдардың қысында уезд орталығы болған кенттің көшелерінде біз таңғы сағат 5-6-ларда кейде ондаған адам өліктерін жинайтынбыз деп жазды. Ата-анасы көз жұмып, қараусыз қалған балалардың күн сайын 50-60-ын жергілікті өкімет органдары балалар үйлеріне бөлді. Егер 1921 жылғы 1 желтоқсандағы деректер бойынша қараусыз қалған аш-жаланаш балалар саны Қазақ АКСР-і бойынша 128 000 болса, осы жылдың соңында бұл көрсеткіш 158 000-ға, ал 1923 жылғы 1 наурызға қарай 408 022-ге жетті.[4]. 1922 жылғы наурыз-сәуір айларында Қазақстанды қысқан ашаршылық мүлде асқынып кетті. КазОАК-нің Төрағасы С. Мендешевтің 1922 жылғы 8 шілдеде КазОАК-нің ЫЫЫ сессиясында жасаған баяндамасында осы жылдың көктемінде алынған толық емес деректер бойынша Қазақстан бойынша аштыққа ұрынғандар саны 2 832 000 адамды құраған.[5]. Ал 1920 жылдың соңында республиканың барлық тұрғындарының саны 4 781 263 адам еді. Оның 50,3%-ы -- қазақтар, 31,2%-ы - орыстар, 14,4%-ы - украиндар болатын.
Қазақ республикасында 1922 жылдың наурыз және сәуір айларындағы дерек бойынша, Семей губерниясының тұрғындарын қоспағанда, алты губерния тұрғындарының 68,2%-ы ашықты. Кейбір губернияларда ашыққандар саны орта көрсеткіштен де асып кетті. Мәселен, Орал губерниясында тұрғындардың 99%-ы, Орынбор губерниясында -80,3%-ы, Қостанай губерниясында 74,5%-ы аштық құрсауында қалды. Бөкей губерниясында осы көрсеткіш 29,5%-ды, Ақмола губерниясында 40,2%-ды құрады.[6].
Аштық пен құрғақшылықтан зардап шеккен губернияларда мал саны күрт азайды. Тек Қостанай губерниясында ғана 1920 жылмен салыстырғанда 1922 жылы жылқы 63%-ға, ірі қара (сауын малы) 50%- пайызға, ұсақ мал 65%-ға азайды, егіс алқабы 62%-ға қысқарды [7]. (РК(б)П Қостанай губерниялық комитеті мен бақылау комиссиясының есебінен, Қостанай. 1923 жыл, 10-мәлімет).
Республиканың ашаршылық жайлаған губернияларының тұрғындары жан сауғалап өз еріктерімен оңтүстікке -- Түркістан республикасына, шығыста - Ақмола және Семей губернияларына қарай босты. Еділ бойының тұрғындары Орынбор жәнеТүркістан губернияларына қарай ығысты. Мұның өзі Қазақстандағы жағдайды одан әрі күрделілендіріп жіберді.

Білім беру жүйесіндегі кеңестік үкімет реформаларының қарама-қайшылықтары: қазақ тілінің араб таңбасынан кириллицаға ауысуы және А. Байтұрсынов бастаған топ реформаларына қарсылық көрсетуі
XX ғасырдың басында Қазақстанның халықтық білімі қоғамдық-саяси жағдаймен байланысты болды. 1906 жылы патша үкіметі қабылдаған ағартушылықты дамыту туралы заң аралас орыс-қазақ мектептерінің ашылуына негіз болды. Оқу орындарында даярланған мұғалімдер жетіспеді. Түркістан мұғалімдер семинариясының ең ірі оқу орындарының бірі жергілікті мектептердің қажеттілігін қанағаттандырмады. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында Қазақстанда "жаңа сәнді" оқу орындары ашылуда. Олар мұсылман мектептерін реформалауды және зайырлы пәндерді ғана емес, сонымен бірге жаңа техниканы кеңінен енгізуді ұсынды. Отарлық әкімшілік мектептер үшін "жаңа әдіс" қарсыластарын қолдады, бірақ олар біртіндеп "ескі әдістерді"ығыстыруда. Кеңес өкіметінің алғашқы онжылдықтарында Қазақстанда, бүкіл КСРО-дағы сияқты, бұқараның мәдени деңгейін арттыру саласында елеулі табыстарға қол жеткізілді. Мәдениет саласында бұрын артта қалған халықтар мен Орталық Ресей арасындағы алшақтықты жою, ана тілінде мектептер мен баспасөздерді, театрларды, клубтарды дамыту, халық шаруашылығының барлық салаларына кадрлар даярлау, осы мақсаттар үшін мектептер мен курстарды кеңейту міндеттері тұрды. Қазақстан сияқты отарлық өлкеде ескі интеллигенция саны аз болды. Олардың көпшілігі. Алаш қозғалысына жанасып, революция кезінде зардап шекті. Өлкеде мәдени құрылысты өрістету үшін материалдық-техникалық база да болған жоқ.
Шұғыл міндеттердің бірі жұмысшылардың жаппай сауатсыздығын жою болды. 1924 жылы Қазақ КСР-де "сауатсыздық қоғамы"пайда болды. 1931 жылдың желтоқсанында 15-50 жас аралығындағы сауатсыз халықты жалпыға бірдей міндетті оқыту енгізілді. Мектеп қазақ қыздарын, сондай-ақ Шымкент қаласында арнайы мектептер ашылған басқа да Шығыс ұлттарының қыздарын қамтуға ерекше назар аударылды. Алматы, Түркістан, Орда. 1930-1931 оқу жылында отырықшы аудандарда, 1931 жылдың көктемінде көшпелі халық тұратын аудандарда жаппай оқыту енгізілді. Жаппай оқыту бойынша қоғамдық қорлар құрылды. Ересектер арасында сауатсыздықты жеңудің белсенді қатысушылары комсомол мүшелері болды. Комсомолдықтардың бастамасы бойынша 1928 жылы сауатсыздықты жоюдың нысаны болған бүкілқазақстандық мәдени жорық басталды. 20-жылдардың соңында Қазақ жазуын реформалау жүзеге асырылды. Ол араб графикасынан латын графикасына, ал 10 жылдан кейін латын графикасынан кириллицаға ауыстырылды. Қазақ жазуын реформалау нәтижесінде қазақтар Орталық Азия халықтары жасаған әдеби мұрадан жасанды түрде ажырасып кетті. Риддер, Әулие-Ата, Шымкент қалалары жаппай сауаттылыққа ие болды. 1939 жылға қарай республика халқының сауаттылығы 65% - ға, ал қазақтар арасында 40% - ға жетті. Сауатсыздықты толығымен жою міндеті 50-жылдардың соңында орындалды.
Ұлттық интеллигенцияның көптеген қайраткерлері мәдени құрылыс процесінің жеделдеуіне айтарлықтай әсер етті. Олар педагогикалық, әдеби және аударма жұмыстарымен айналысты, түпнұсқа оқулықтар жасады. 1911 және 1914 IT жылдары Орынборда А.Байтұрсынов "Маса" өлеңдер жинағын, кейін суретті әліпби шығарды. 1913-1917 жылдары Орынборда қазақ тілінде жарық көрген "Қазақ" газетінің редакторы. Алгебраның қазақ тіліндегі алғашқы оқулығын қ. Сәтбаев құрастырды. географияның алғашқы оқулығын Ә.Бөкейханов әзірледі. ол Абайдың өлеңдер мен Қара сөздер жинағын орыс тіліне аударған. Осы кезеңде қазіргі әдеби Қазақ тілі қалыптасты. Бұл кезеңге орыс жазушыларының шығармаларын аударудан бастаған Асфендияр Көбеевтің жұмысы жатады, 1910 жылы Крыловтың аударылған ертегілерінің жинағы шығады, ал 1913 жылы "ҚАЛЫМ"романы жарық көреді. С. Торайғыров алдымен "Айқап" журналымен ынтымақтасады, кейін "Қамар"романын жазады. 1911 жылдан бастап жарық көрген "Айқап" журналының редакторы М.Сералин болды, ол негізінен журналистік қызметпен, сондай-ақ аудармашылықпен айналысты, Фирдоусидің "Рүстем-Зораб"поэмасын аударды. Қазақ кеңес әдебиетінің бастауында Абай дәстүрлерін жалғастырушы С. Сейфуллин тұрды, ол поэзияға жаңа тыныс бере алды. С. Сейфуллин "қазақ жастарының марсельезасын" және революциялар мен Азамат соғысы кезіндегі халықтың жағдайын бейнелейтін алғашқы тарихи-революциялық роман - "қиын жол, қауіпті көшу"жазды. М.Дулатов "Бақытсызсыз Жамал"атты алғашқы қазақ романының авторы болды. Ол сондай-ақ А.Пушкинді, М. Лермонтовты қазақ тіліне аударады. И.Крылова, Ф. Шиллсра. Абайдың жиені Шәкәрім Құдайбердиев философиялық және тарихи еңбектер жазды, олардың ішіндегі ең танымалы: "түркілердің, қырғыздардың, қазақтардың және Хан әулеттерінің шежіресі", "Еңлік-Кебек", "Мұсылмандық шарттары". Ж. Көпеев діни-философиялық бағыттың көрнекті өкілі болды. М. Жұмабаев Гете, Гейнені қазақ тіліне аударған. Революцияға дейінгі интеллигенция өкілі Әлихан Бөкейханов та шебер аудармашы ретінде өзін көрсете білді. 1916-1917 жылдары Ташкентте " Алаш "апталық газетін шығарады. Осы жылдары Қазақ прозашысы және драматург Ж.. Аймауытов. Жазушылар мен ақындардың шығармашылығына саяси бақылау орнату бойынша жұмыс жүргізілді. Осы мақсатта 1926 жылы өзінің "Құс жолы"баспа органы бар қазақ пролетарлық Жазушылар қауымдастығы құрылды. Кейін Абай есімі берілген алғашқы педагогикалық институт 1928 жылы ашылды. 1929-1931 жылдары Алматыда ветеринарлық-зоотехникалық, ауылшаруашылық және медициналық институттар ашылды. Республиканың мәдени өміріндегі маңызды оқиға 1934 жылы Алматыда Қазақ мемлекеттік университетінің ашылуы болды. XX ғасырдың 30-жылдары республикада инженерлік-техникалық кадрларды даярлаудың басталуы Қазақ тау-кен металлургия институтының ашылуымен басталды. Кітапхана кадрлары дайындала бастады. 1939 жылы Алматыда мемлекеттік кітапхана ашылды.
Қазақ тілінің дыбыс жүйесі мен оны таңбалайтын әріптер туралы пікірлерін ол 1912 жылдан бастап "Айқап" журналы мен "Қазақ" газетінің беттеріне білдіре бастады. Қазақ жазуына, тіліне ыңғайлысы ол "Араб" әріптері еді. А.Байтұрсынов араб жазуын қазақ тіліне икемдеген нұсқасын қазақ жұртшылығы , әсіресе мұғалімдер қауымы ешбір талассыз қабылдады, себебі А.Байтұрсыновтың реформасы қазақ тілінің табиғатына сүйеніп, ғылыми негізде жасалған болатын. Cонымен қатар оның 1912 жылдардан бастап ұсынған, осы алфабитті негізге алған жаңа жазуы іс жүзінде қолданыла бастады.1915 жылдың бір өзінде осы емлемен 15-тей қазақ кітабы басылып шығыпты және бұл жазуды 1912 жылдардан бастап мұсылман медресселері мен қазақ-орыс мектептері де қолданыла бастады.

Адам құқықтарын шектеуге бағытталған, қоғамдық өмірдегі партиялық бақылаудың күшеюі: кәсіби тарихшы Е.Б.Бекмахановтың Кеңесары Қасымов бастаған көтеріліс тарихын зерттеуі бойынша әділетсіз айыпталуы.Осыдан 60 жыл бұрын Қазақстан коммунистік партиясы ұлтшылдық вирусының тамырына балта шабу жөнінде қаулы қабылдады. Көп ұзамай қазақтан шыққан тұңғыш тарих ғылымының докторы Ермұқан Бекмаханов 25 жылға сотталды.1944 жылы басталып, 1952 жылы Ермұқан Бекмахановтың 25 жылға сотталуымен аяқталған даудың басы Кенесары Қасымов бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі деген ғылыми тұжырым еді.Қазіргі тарих ғылымында орныққан бұл тұжырымды әуел баста көтерген ғалым сегіз жыл әуре-сарсаңға түсіп, ақыры бір жарым жылын ГУЛАГ абақтысында өткізді. Бекмахановтың саналы ғұмырының он екі жылдық сергелдеңіне кейбір отандық тарихшылар да үлес қосты.Республика басшылығы ұлтшыл Бекмахановты қатаң айыптай отырып, осынау ұлтшылдықты жөргегінде тұншықтырмаған сол кезде Қаныш Сәтбаев басқарған Қазақ ССР Ғылым академиясын аяусыз сынады. Соның нәтижесінде Бекмаханов қана емес, басқа да ұлтшылдар табыла қалып, қазақ әдебиетінің тарихын зерттеуші Есмағамбет Ысмайылов, Қажым Жұмалиев, т.б. ғалымдар да сотталды. Ал Қаныш Сәтбаев Мәскеуге кетуге мәжбүр болды. Қамауға алу туралы сөз бола бастағанда КГБ офицерлерінің бірінің астыртын жанашырлық ескертуінен кейін Мұхтар Әуезов те табан астында Мәскеуге ұшып кетті.Бекмахановтың еңбегінде Кенесары Қасымұлы бастаған қозғалыстың феодалдық-монархиялық қозғалыс деп аталмай, қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі ретінде қарастырылуынан шыққан даудың соңы қазақ ғалымдарының осылайша тағы да жаппай қуғын-сүргінге ұшырауына әкеліп соқты.Бекмахановтың бастан кешкендері айтылғанда мәскеулік ғалым Анна Панкратованың есімі қатар аталады. 1941 жылы Мәскеуден эвакуацияланған ғалымдармен бірге Қазақ ССР-інің тарихын жазу үшін Қазақстан КП(б) орталық комитетіне хат жолдаған ол болашақ кітаптың ғылыми және идеялық мазмұнына артылатын жауапкершілікті өз мойнына алды (Вопросы истории, 54-б. №11, 1988 ж. ). Бұл еңбек жарыққа шыққаннан кейін Сталиндік сыйлыққа ұсынылғанымен, бәйгеден келмеді. Кітаптың сыйлықтан қағылуын ол Сталиндік сыйлық бойынша комитет мүшесі, СССР ҒА мүше-корреспонденті Алексей Яковлевтен және өзімен бұрыннан қырбай академик Евгений Тарледен көрді.Ермұқан Бекмахановтың Ташкентте түскен суреті, 1947 жылПанкратованың табандылығының арқасында бұл мәселе БКП(б) Орталық комитетіне дейін жетіп, тарих ғылымындағы кейбір тенденцияларды қарастыру үшін СССР ҒА тарих институтында 1944 жылғы мамырдың 29-ы орталық комитет хатшылары тікелей басқарған (оның ішінде Андрей Жданов пен Георгий Маленков болды) талқылау басталды.Кенесары Қасымов бастаған ұлт-азаттық көтеріліс деп аталатын тарауы тарихшы Бекмахановтың үлесіне тиген кітап осылайша алғаш рет талқыға түсті. Алайда бұл жиында жеңгендер де, жеңілгендер де болған жоқ. Тарле, Яковлев, Бушуев сынды ғалымдар Қазақ ССР-інің тарихы Ресейге қарсы ұлттық көтерілістерді дәріптеген, орысқа қарсы жазылған кітап (Панкратованың хатыВопросы истории, 59-б. №11, 1988 ж.) деп бағаласа да, жалпы алғанда мүлде теріске шығарылмады, тіпті кей тұстарда жоғары бағаланды. Қалай болғанда да, институт бұл жөнінде қандай да бір баға беретін қаулы да қабылдамады. Алайда осы кезде айтылған ішінара сындарды қазақтың кей ғалымдары ұмытпай, кейін де ұрымтал тұста пайдаланып отырды.Аталған кітаптағы тарауды әрі қарай жетілдіріп, іргелі ғылыми еңбекке айналдырған Бекмаханов 1943 жылғы маусымның 28-і кандидаттық диссертациясын қорғады. Бір жылдан соң Қызыл Ту орденімен марапатталды. 1946 жылы күзде ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан деп аталатын монографиясын аяқтап, СССР ҒА ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ хандығының туы
Қазақ мемлекеттілігі нің эволюциясы
Сирский каганат
Жаңа дәуірдегі ұлттық мемлекет. Ұлттық идея эволюциясы
Ежелігі Қазақстан тарихы туралы зерттеу
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихының пәні, әдісі
Алдымен қазақ хандығы құрылуының этникалық алғышарттары туралы
Қазақ мемлекеттілігінің эволюциясы. Жаңа дәуірдегі ұлттық мемлекет пен ұлттық идея эволюциясына тарихнамалық сипаттама
Қазақ мемлекеттілігінің эволюциясы туралы
ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан мен ХХІ ғасырдың басындағы айырмашылықтары
Пәндер