Физика және информатика мұғалімдерін даярлау мамандығы бойынша оқу практикасы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
Ұстаз институты
Физика және ІТ кафедрасы

Оқу практикасының есебі

UP-2 Оқу практикасы (мамандық бойынша)
6В01519 –Физика және информатика мұғалімдерін даярлау
Тобы: Финф-20-1
Студент: Үшкемпір Жанерке
Практика жетекшісі: Демисенова Д.

Комиссия мүшелері:

Мұсабеков.Е._____________

Оразымбетова.Г.__________

Еркебек.Ж._______________

Тараз 2022ж.

Орта мектептің типтік физика кабинетінің құрал жабдықтарымен, соның ішінде
электр тогымен жұмыс істейтін аспаптармен (приборлармен) танысу. Физика
кабинетінің электрмен жабдықтау жүйесімен танысу. Орта мектептің физика
кабинетінің техника қауіпсіздігі.

Қауіпсіздік техникасының ережелері
1.Алдымен әрбір орындалатын жұмыспен танысып, қажетті қауіпсіздік техникасы
ережелерін еске түсіру керек.
2. Оқушылардың қауіпсіздік техникасы ережежелерін орындауын бақылап жүру
керек.
3. Өткір кесетін құрал-жабдықтарды тек сабынан ұстап, өткір ұшын көршісіне
бұруға болмайтыны туралы дағды қалыптасуы қажет.
4. Жанып тұрған спирт шамымен екіншісін жағуға болмайды.
5. Ашық спиральды электр қыздырғыш приборларды пайдалануға үзілді-кесілді
тиым салынады.
6. Жанғыш құралдармен жұмыс жасағанда жалынға шаш пен киімнің тимеуін
қадағалау қажет.
7. Пробиркада сұйықты қыздырған кезде мына ережелерді ескеру қажет:
Пробирканың ауызын өзіңе немесе көршіңе бұруға болмайды.Пробирканы арнайы
штативке бекіту қажет. Пробирканы қағаз кесінділермен ұстауға болмайды.
8. Шыны приборларды құрастырған кезде қолды кесіп алмау үшін шыны және
резеңке түтікшелердің диаметрін дұрыс таңдап алу керек, олардың ұштарына
су, вазелин немесе глицерин жағып, өткір қырларын балқыту қажет.
9. Шыны түтікшені тығынға кигізгенде тығынды алақанға ұстамай, жанынан
ұстау керек.
10. Шынының өте морт келетінін, соғудан, температура өзгерісінен тез
шытынайтынын және сынатынын ескерген жөн. Шыны кесіп кеткен жағдайда
кесілген жерге қол тигізуге және сумен жууға болмайды. Жараны дәріленіп
тазартылған дәкемен тазалап,сонан соң жараның айналасындағы теріге йодты
спирт тұнбасын жағу керек.
11. Құрастырылған электр тізбегін мұғалім тексергеннен кейін, оның
рұқсатымен ғана қосыңдар. Электр тізбегіне ток көзін ең соңынан қосыңдар.
12.Электр тізбегін құрастырған кезде тізбектің изоляциясыз элементтеріне
(қыстырғыш, кілт т.б) тиіспеңдер, изоляциясы жоқ немесе тозған
өткізгіштерді және ашық типтес рубильниктерді пайдаланбаңдар. Кернеуі бар
электр қондырғыларында ақау байқалса дереу ток көзін айырып, бұл туралы
мұғалімге хабарлаңдар. Ток көзін айырмай тұрып, тізбекті қайта құрастырушы
және балқымалы сақтандырғышты ауыстырушы болмаңдар.
13. Жұмыс кезінде электр машиналарының айналып тұрған бөлшектеріне
абайсызда қол тигізіп алмаңдар.
14. Ток көзін айырған бойда конденсаторға, олардың қысқыштарына, стационар
электр қондырғыларының корпустарына тиіспеңдер.
15. Изолоциялаушы сабы бар аспаптарды пайдаланыңдар.
16. Жұмыс соңында ток көзін айырып, ағытыңдар, сонан соң электр тізбегін
ажыратыңдар.
17. Кабинетте алғашқы медициналық көмек көрсетуге қажетті аптечка болуы
керек.
Физика кабинеті әдістемелік және санитарлық талаптарға, қауіпсіздік
техникасы ережелеріне сай ұйымдастырылуы қажет. Осыған байланысты бұл оқу
кабинетінде сабақтар жүргізуге рұқсат берілу техника қауіпсіздігіне
байланысты.
Мектептегі физика кабинетін жобалау, жабдықтау мәселесі әрдайым
әдіскерлер мен мұғалімдердің назарында. Жақында Министрліктің физика типтік
кабинетінің нормалары мен кабинеттерді жиһазбен жабдықтау және қажетті
жабдықтармен жабдықтау туралы әдістемелік ұсыныстары шығарылғанына
қарамастан, тіпті физика кабинетін жоспарлау ұсынылады.
Физика кабинеті– арнайы жабдықталған үй-жайларда орналастырылған
дидактикалық, техникалық және әдістемелік құралдар жүйесінен тұратын
мектептің оқу бөлімшелерінің бірі. Кабинет сабақта және сабақтан тыс
жұмыста физика пәні бойынша оқу-тәрбие процесін оңтайлы ұйымдастыруды
қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Онда әртүрлі және қымбат жабдықтар
шоғырланған, олардың негізінде әртүрлі физикалық тәжірибелер өткізіледі
(демонстрациялық, зертханалық, физикалық практика).

Кабинеттегі мұғалімнің жұмысын қандай құжаттар анықтайды?
- Мектептің физика кабинеті туралы ереже.
- Физика кабинеттері (зертханалары) үшін еңбек қауіпсіздігі қағидалары.
- Оқушыларды оқыту жағдайларына қойылатын гигиеналық талаптар.
- Физика пәні бойынша оқу үрдісінің жабдықталуына қойылатын минималды
талаптар.
- Кабинет жұмысының жоспары (мұғалім құрастырады).

Физика кабинетінің құрылымы қандай?
Мектеп құрылымында сынып (зертхана) және зертхана болып бөлінеді.
Мұғалімнің, оқушылардың және зертханашының жоғары жұмысқа қабілеттілігін
қолдау үшін физика кабинеттері (зертханалары) үшін (жеткілікті үлкен (60-70
м2) жақсы табиғи және жасанды жарықтандырумен, қалыпты температуралық
режиммен, желдетумен және т.б.) еңбек қауіпсіздігі қағидаларының
талаптарына болуы тиіс.
Электрлік тізбек және оның элементтері. Тізбек элементтерінің принципиалды
электрлік схемаларда шартты түрде белгіленулері

Электротехникада күнделікті өмірде және өнеркәсіпте қолданылатын
негізгі электротехникалық құралдардың жұмыс істеу принципі мен құралдары
қарастырылады.Электротехникалық құралдармен жұмыс істеу үшін, қажетті жұмыс
режимі мен электр энергиясын қамтамасыз ететін электр тізбегі құрылуы тиіс.
Электр тізбегі-электр тогына жол құрайтын, электрлік ток, ЭҚК және
электрлік кернеу туралы түсіндірілген электромагниттік процесс құрайтын
құралдар мен объектердің жиынтығын айтамыз.
Электромагниттік процестері кернеулік және ток түсініктерінің көмегімен
сипатталатын, электр тогын жүргізуге арналған қондырғылар жиынын электр
тізбегі деп айтады. Жалпы жағдайда, электр тізбегі ток көзі мен
қабылдағышты байланыстыратын электр энергиясының көзі мен қабылдағыштардан
және аралық бөлімдерден (өткізгіш сымдардан, аппараттардан) тұрады.
Электр тізбегіндегі электромагниттік процесстерді "ток", "кернеу",
"э.қ.к-і", "кедергі", ("өткізгіштік"), "индуктивтік", "сыйымдылық"
түсініктерінің көмегімен сипаттауға болады.
Электр энергиясының көзі ретінде гальвани элементтері, аккумуляторлар,
жылулық элементтер, генераторлар және басқа да қондырғылар алынады. Оларда
химиялық, молекула кинетикалық, жылулық, механикалық немесе энергияның
басқа түрінің электр энергиясына айналу процестері жүріп жатады. Жоғарыда
айтылған ток көздерімен салыстырғанда, энергияның ешқандай түрі
өзгермейтін, энергия көзіне қабылдағыш антенна да жатады.
Электр энергиясының көздері өздерінің мәндері және бағыттарымен, сол
сияқты ішкі кедергілерінің мәндерімен де сипатталады.
Электр энергиясының қабылдағышы немесе жүк темесі деп, электр энергиясын
жарық, жылу, механикалық және т.б. энергияға айналдыратын электр
шамдарының, электр қыздырушы құралдардың, электр қозғалтқыштардың және
басқа қондырғылардың қызметін айтады.
Электр тізбектерін есептеулер, оларда жүретін процесстерді зерттеулер,
әр түрлі жорамалдауларға және электрлік тізбектердің нақты объектілерін
бірқатар идеализациялауға негізделеді. Демек, электрлік тізбектер
теориясында элементтер түсінігіне көбіне электротехникалық қондырғылардың
құрамды бөліктері емес, олардың идеализацияланған үлгілері алынады да,
оларға белгілі бір электрлік және магниттік қасиеттер тағылады, соның
нәтижесінде, олар нақты қондырғыларда пайда болатын құбылыстардың жиынтығын
жуықтап бейнелейді.
Электрлік тізбектер жүйесінде элементтерді активтік және пассивті кдеп
бөледі. Активтік элементтерге жататын электр энергиясының көздері, кернеу
көздері және ток көздері. Электр тізбегінің пассивтік элементтеріне
кедергі, индуктивтік және сыйымдылық жатады. Соған сәйкес активті және
пассивті тізбектер болады.

Өткізгіш сым  термині тізбектегі екі нүкте арасында электр
байланысын орнататын өткізгіш сымды білдіреді.
Гальванометр - аз токтарды кернеулерді және электр
мөлшерлерін анықтауға арналған электр өлшегіш жоғары сезімталды құрал.
Аккумулятор (лат. accumulator — жинақтауыш) - химиялық реакция
энергиясын электр энергиясына айналдыратын аспап; ол электр және су
энергиясын гальвани батареяларының көмегімен жинайды. 
Гальвани элементі — электр-химия реакциясының нәтижесінде тікелей
электр энергиясы пайда болатын электр тоғының көзі. Гальвани элементі тұз
немесе қышқыл ерітінділеріне салынған екі электроды (металл немесе графит)
болады. Оның бірі — теріс электрод (катод), екіншісі — оң электрод (анод).
Сым - бір немесе бірнеше сымдардан тұратын электр тоғының өткізгіші,
сыртқы изоляцияда жиі қолданылады.
Батарея — жұмыс тиімділігін арттыру мақсатымен бір жүйеге келтірілген
бір типтес приборлар, аппараттар, құрылыстар, құрылғылар (мысалы, электр
аккумуляторлары, кокс пештері, жылыту радиаторлары, т.б.).
Ом заңының қолданысы. Электр тогының әсері және одан қорғану жолдары.
Аспаптарды, қондырғыларды жерлестіру.

Неміс физігі Георг Ом (1787 — 1854) тұйықталған электр тізбегіндегі
электроқозғалтқыш кҥш (ЭҚК) Е, кедергі  R және ток I арасындағы
тәуелділікті тәжірибелік түрде орнатты   Ом заңы келесі түрде құрылады:
тұйықталған электр тізбегіндегі ток кҥші электроқозғалтқыш күшке тура
пропорционалды, барлық тізбек кедергісіне кері пропорционалды. Тізбекте ток
ЭҚК E әсерінен туындайды. Электр көзінің ЭҚК Е көп болған сайын,
тұйықталған токта   ток I   көп болады. Тізбек кедергісі R токтың өтуіне
кедергі болады, сәйкесінше тізбектің R кедергісі көп болған сайын, ток І аз
болады.  Ом заңын келесі формула бойынша өрнектейміз:   формула жазу керек
Тұйықталған тізбек үшін Ом заңынан алатынымыз: E = IR + IRi = U + IRi,
Мұндағы, IR — R кедергідегі кернеудің түсуі, яғни, сыртқы тізбекте немесе
энергия көзі (генератор) қыстырғышында; IRi — Ri кедергідегі кернеудің
төмендеуі, яғни электр көзі (генератор) ішіндегі болып табылады. Электр
тогы адам организмінен өткенде қыздыру, электр және биологиялық түрде әсер
етеді. Қыздыру әсері адам денесінің әр жерінде күйік түрінде, қан
тамырларын және қанның өзін қыздыру сияқты әсер қалдырады. Бұлшық еттердің
еріксіз тартылуы арқылы байқалатын тканьдердің тітіркенуі мен қозуы электр
тоғының биологиялық әсеріне жатады. Бұл айтылған әсерлер жарақаттануға
апарып соғуы мүмкін. Жарақаттану түрінде электрлік күйік, электрлік белгі,
терінің металдануы, электроофтальмия және механикалық зақымдану сияқты
зардаптар жатады. Күйіктің тоқтан және доғадан пайда болған түрлерін
ажыратады. Тоқ күйігі адам денесі ток жүгіріп тұрған бөлшекке тікелей
жанасқанда, ол арқылы ток өткенде пайда болады.
Доға күйігі – тканьнің күюін, көмірге айналуын және дененің көп жерін
күйдіретін электр доғасының әсерінен туады.
Электрлік белгі дегеніміз электр әсерінен болатын тері бетіндегі сұр
немесе сарғыш түсті айқын байқалатын таңба.
Металдану – электр доғасымен балқыған металдың өте ұсақ бөлшектерінің
адам терісіне енуі.
Электроофтальмия – көздің қасаң қабағының электр доғасынан бөлінетін
ультракүлгін сәуле әсерінен ісінуі. Ондай сәулелер әр түрлі кернеудегі екі
өткізгіштердің бір-біріне қысқа тұйықталу кезеңдерінде де пайда болады.
Механикалық зақымдануы – токтың әсерінен бұлшық еттердің еріксіз
тартылуы. Бұл кезде адам құлап та қалуы немесе қолын, басын жақын тұрған
заттарға соғып алып жарақаттануы мүмкін.
Электрлік соққылар токтың организмге әсеріне қарай төрт түрге бөлінеді:

1. Адам есінен танбастан оның бұлшық еттері тартылып, тырысуы
2. Адамның есінен танып оның бұлшық еттері тартылып, тырысуы, бірақ дем
алысы тоқтамай, жүрегі соға береді.
3. Естен танып, жүрек соғуы мен дем алысы өзгереді.
4. Клиникалық өлім, яғни дем алуы мен қан айналысы тоқтайды.
Адам кернеу көзімен байланысқан кезде электр тогы пайда болады.
Қуатталған өткізгішке тиіп, адам электр тогы өтетін электр желісінің бөлігі
болады.
Өздеріңіз білетіндей, адам ағзасы электр энергиясының жақсы өткізгіші
болып табылатын көптеген Сұйықтықтар мен минералдардан тұрады. Бұл электр
тогының адам ағзасына әсері өлімге әкелетінін көрсетеді.
Электр тогының әсер ету түрлері.
Электр тогының адам ағзасына әсер ету нәтижесіне әсер ететін көптеген
факторлар бар:
ағу жолдары-ең үлкен қауіп-ми мен жұлын арқылы өтетін ток;
әсер ету ұзақтығы-токтың адамға әсер ету уақыты неғұрлым ұзақ болса,
салдары соғұрлым ауыр болады;
ағынның мөлшері мен түрінен - айнымалы ток тұрақты токқа қарағанда ең
қауіпті;
адамның физикалық және психологиялық жағдайынан-адамның белгілі бір
кедергісі бар, бұл қарсылық адамның жағдайына байланысты өзгереді.
Адам сезіне алатын минимум - 1 мА. Егер электр тогының әсері 25 мА-дан
асатын болса, онда бұл тыныс алу бұлшықеттерінің сал ауруына әкеледі.
Адам ағзасы арқылы өтетін электр тогы оған 3 түрлі әсер етуі мүмкін:
жылу-күйіктердің пайда болуын, сондай-ақ қан тамырларының қызып кетуін
білдіреді;
электрлік-қанның бөлінуінде көрінеді, физика-химиялық құрамның
айтарлықтай өзгеруіне әкеледі;
биологиялық-бұлшықет жүйесінің қалыпты жұмысының бұзылуы, бұлшықеттің
конвульсиялық жиырылуын тудырады.
Электр тогының әсерінен пайда болатын көптеген зақымданулар бар:
терінің металдануы, электр белгілері, электроофтальмия, механикалық зақым.
Ең қауіптісі-электрлік соққылар. Электр соққысы дененің тірі тіндерінің ол
арқылы өтетін токпен қозуымен бірге жүреді.
Электр соққысынан кейін қандай салдарлар пайда болатынына байланысты
олар әсердің 4 дәрежесіне бөлінеді:
I-бұлшықет жиырылуы, санадағы адам;
II-бұлшықет жиырылуы, ес-түссіз адам, тыныс алу және жүрек қызметі
бар;
III-жүрек жұмысының бұзылуымен тыныс алудың болмауы;
IV-клиникалық өлім, тыныс алудың болмауы, жүрек ұстамасы.

Электр таратушы қалқан (щит). Қазіргі заманғы электр таратушы жиынтық
(комплект): КЭФ-10, КЭФ-8, немесе басқа типті.

1) реттелетін айнымалы кернеу (1-45 вольт ) 13 амперге дейінгі Ток

2) реттелетін тұрақты кернеу (1-45 вольт ) 13 амперге дейінгі Ток

Онда басқаруға арналған Амперметр мен Вольтметр ,сондай-ақ кернеуді тұрақты
мәннен айнымалыға ауыстыру бар.

Айнымалы реттелетін кернеуге арналған үш штепсель бар

0-ден 45 Вольтқа дейінгі шығудағы автотрансформатордың ЛАТР негізіндегі
зертханалық қоректендіру блогы (ауыспалы тұрақты кернеу)

КЭФ-8

КЭФ-10 жинағы орта мектептің физика кабинеттерінде физика курсы бойынша
демонстрациялық тәжірибелер орындап, фронталь лабораториялық жұмыстар мен
физпрактикум жүргізуде приборлар мен қондырғыларды электр энергиясымен
қоректендіру үшін пайданылады. Жинаққа ЩПУ қоректендіру щиті, ВУ-4 шағын
түзеткіштің 20 данасы, 42 В-қа арналған штепсельдік розетканың 20 данасы
және 100м жалғағыш сым кіреді. ЩПУ қоректендіру щиті жиілігі 50 Гц, 220 В
айнымалы кернеу көзіне жалғанады, оның лабораториялық столдарға беретін
кернеуі 36 В 10%, барлық тұтынатын қуаты 1,4 кВт-тан аспайды.

Электр тізбегін жинау (стендте). Тұтынушыларды тізбектеп және параллель
жалғау (оқытушының тапсырмасы бойынша).

Электр тізбегін жинау үшін бірінші акумлятор батареясы,резистор,кілт
және электр ток күшін өлшейтін құрал (А) керек. Осы құралдарды жылғағыш
сымдар арқылы бір біріне жалғаймыз.Электр тоғын жүргізу үшін ажыратып
қосқыш кілт тұйықталу керек.Өткізгіш сымдардың бойында қозғалысқа келіп
жатқан зарядталған бөлшектер. Ток жүру үшін екі түрлі шарт орындалу
керек.Бірінші зарядталған бөлшек және сонымен қатар қозғалысқа келтіретін
электр өрісі болу керек.Кернеуді өлшеу үшін резистормен тексереміз.Кедергі
артқан сайын тоқ күші кемиді.

Электр тізбегі-бұл электромагниттік процестерді ЭМӨ, кернеу және Ток
ұғымдары арқылы сипаттауға болатын электр тогының жолын құрайтын әртүрлі
құрылғылар мен оларды жалғайтын өткізгіштер жиынтығы.

Электр тізбектерін зерттеу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЙЫНДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Кәсіби оқытуда арнайы пәндерін оқыту әдістемесі
Фронтальды зертханалық жұмыстардың жіктелуі
Мәдениет адамдардың өмір сүрген ортасымен қарым - қатынасы
Жалпы білім беру пәндер циклы
Жаңа тұрпатты бастауыш сынып мұғалімдерін даярлаудағы құзырлық қатынасты қалыптастырудың әдістемелік негіздері
Болашақ ағылшын тілі мұғалімдерін кәсіби даярлауда жаңа педагогикалық технологияны пайдалану
Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша ЭЛЕКТИВТІК ПӘНДЕР КАТАЛОГЫ
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану – кәсіптік білім мамандығы студенттерінің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың маңызды элементі
МЕКТЕП ГЕОМЕТРИЯСЫН ОҚЫТУДА БІЛІМ БЕРУДІҢ КОМПЬЮТЕРЛІК РЕСУРСТАРЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
Пәндер