Тіршіліктің пайда болуы
Жоспар
1.Кіріспе
2. Негізгі бөлім. Тіршіліктің пайда болуы.
2.1 Тіршіліктің пайда болуының алғышарттары
2.2 Тіршіліктің пайда болуы туралы теореялар
3. Қорытынды
4. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ.
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті.
Тақырыбы: Тіршіліктің пайда болуы
Тексерген: Беккалиев Б.Ү.
Орындаған студент: Қаржы– 108
тобының студенті
Мусина А.Б.
Орал 2012ж
Жоспар
1.Кіріспе
2. Негізгі бөлім. Тіршіліктің пайда болуы.
2.1 Тіршіліктің пайда болуының алғышарттары
2.2 Тіршіліктің пайда болуы туралы теореялар
3. Қорытынды
4. Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Тіршілік өзі қалай дамыды? Тірі затты құрайтын элементтер бір-бірімен
қалай бірікті? Қазіргі таңда бұл сұрақтар бойынша дәйекті жорамал құруға
мүмкіндік беретін мәлімет көп және жеткілікті. Тіршіліктің пайда болуы
жайлы теорияны Пфлюгер, Дж. Холдейн және Р. Бейтнер ұсынды. Бірақ толық
түрде бұл теория биохимик, академик А.И.Опариннің 1924 жылы жазылған
“Тіршіліктің пайда болуы” деген еңбегінде қарастырылды. Бұл теория бойынша
тіршіліктің пайда болуы – Жердегі ұзақ эволюцияның - алдымен
атмогидросферадағы химиялық, одан кейін биологиялық эволюциялардың
нәтижесі. Бұл концепция қазіргі кезде ғылыми ортада ең танымал. Сондай - ақ
көрсетілген тұжырым ғалымдардың басым көпшілігімен мақұлданған.
Жер бетіндегі тіршілік жоғары саналы жануарлар, қарапайым жалғыз
клеткалы организмдерден бастап, түрлі вирустар болып табылатын жалғыз
белокты молекулалардан құралған нысандардан құралған. Вирустар инертті
кристалдық нысанда немесе қозғалмалы жағдайда өмір сүреді. Белоктық
молекуланың өзі болса, оларға қарағанда қарапайым бөліктерден – бір-бірімен
түрлі химиялық байланыстар арқылы байланысып, амин қышқылдарын құрайтын
көміртегінің, сутегінің, азоттың, оттегінің, қосылыстарынан тұрады.
1953 жылы С.Л.Миллер мен Г.К. Юри деген америкалық ғалымдар Опариннің
теориясы негізінде жасанды атмосферамен бірінші болып тәжірибе жасады. Олар
Жердің алғашқы атмогидросферасының құрамында болған сутегі (H2), метан
(CH4), аммиак (NH3) пен су буының (Н2О) қоспасынан амин қышқылын алды.
Газдардың бұл құрамы вулкан газдарының құрамдарына толық сәйкес келетіндігі
белгілі. Газдардың осы қоспасына күшті электр тоғы беріліп, содан соң
конденсациялады. Алынған сұйықтың құрамынан амин қышқылдары, түрлі
көмірсутегілер мен тірі материяға тән компоненттер табылды. Басты
факторлардың бірі тотығу - қалпына келу үрдістері белсенді жүруіне
мүмкіндік беретін бос оттегінің болмауы және энергияның жеткілікті мөлшері
еді.
Осындай тәжірибелерді ҚСРО мен Жапонияның ғалымдары да қайталады.
Нәтижесінде Жердің алғашқы атмосферасында амин қышқылдарының синтезделуінің
мүмкін болғандығы дәлелденді. Бастапқы газдардың түрлі вариациялары мен
энергияның көздері синтезделу реакцияларының нәтижесінде түзілген
өнімдердің арасында көптеген табиғи амин қышқылдары –лейцин, изолейцин,
серин, треонин, аспарагин, лизин, фенилаланин, және тирозин табылды.
Синтезделіп алынған амин қышқылдарының ішінде қазіргі кездегі тіршілік
иелерінің құрамына кірмейтін түрлері де болды.
Бізді қоршаған тіршіліктің барлық түрлері небәрі азғана мономерлер
блогынан (төменгі молекулалы қосылыстар) тұрады. Ол 20 амин қышқылдарынан
(белок молекулаларын құрайтын), 5 азотты қосылыстардан (нуклеин
қышқылдарының құрамдас бөліктері), энергияның қайнар көзі - глюкозадан,
клетка мембраналарын құрайтын құрылыс материалы және энергия сақтаушы-
майлардан тұрады.

Ғылыми деректер бойынша Күн жүйесі жататын Жер ғаламшары бұдан 4,5—5
млрд жыл бұрын газды-шаңды тұманнан пайда болған. Мұндай газды- шаңды
материя қазіргі кезде жұлдызаралық кеңістікте де кездеседі. Жер бетінде
тіршіліктің пайда болуы үшін ғарыштық және ғаламшарлық кейбір алғышарттар
қажет. Ол үшін ғаламшардың өзіне тән мөлшері болу шарт. Ғаламшардың мөлшері
тым үлкен болса, табиғи радиоактивті заттардың атомдық ыдырауынан бөлінген
энергияның әсерінен ғаламшар өте кызып кетуі мүмкін. Ғаламшардың тым қызып
кетуі қоршаған ортаның радиоактивті заттармен ластануына жағдай жасайды. Ал
ғаламшардың мөлшері тым кіші болса, ол өз айналасындағы атмосфераны ұстап
тұра алмайды. Ғаламшарлар жұлдыздарды орбита бойынша айнала қозғалуы аркылы
тұрақты түрде және біркелкі мөлшерде өзіне қажетті энергия алып тұруы тиіс.
Ғаламшарға энергия ағысы бір калыпты түспесе тіршіліктің пайда болуы мен
дамуы мүмкін емес. Өйткені тірі организмдердің тіршілігі белгілі бір
температуралық жағдайда ғана жүріп отырады. Қорыта айтқанда, Жер
ғаламшарында тіршіліктің пайда болуының алғышарттарына — ғаламшардың
қажетті мөлшері, энергия және белгілі температуралық жағдайлар жатады. бұл
айтылған алғышарттар тек Жер ғаламшарында ғана болғандығы ғылыми
дәлелденген. Тіршіліктің пайда болуы, адам баласын өте ерте кездерден
бастап- ақ толғандырып келе жатқан күрделі мәселенің бірі. Ол жайында
көптеген болжамдармен көзқарастар бар.
Ертеде ғылыми деректердің аздығынан тіршіліктің пайда болуы туралы
түрлі көзқарастар қалыптасты. Ежелгі грек философы Аристотель (б.з.д. IV
ғ.) бит— еттен, қандала — жануар шырынынан, шұбалшаң — балшықтан пайда
болады деген көзқарасты ұстанды.
Грек философиясының негізін салушылар Фалес және т.б., органикалық
дүниенің негізін қоршаған ортадағы әр түрлі заттардан іздеді. Фалес ондай
негізгі зат су деп есептеді және содан өздігінен тіршілік пайда болды деп
корытынды жасады. Орта ғасырларда да ғылыми деректердің жинақталуына
қарамастан тіршіліктің пайда болуы жайлы түрлі көзқарастар орын алды. XVII
ғасырдың орта шеніне дейін тіршілік өздігінен өлі табиғаттан пайда болады
деген көзкарасты қолдаушылар көп болды. Кейінгі кездегі микроскоптың
ашылуына байланысты организмдердің құрылысы жайындағы деректер нақтылана
түсті. Осыған сәйкес тіршіліктің өлі табиғаттан пайда болуына күмән
келтіретін тәжірибелер жасала бастады.
Тіршіліктің құпия сырларын білу үшін ағылшын философы Ф.Бэкон
(1561—1626 жж.) міндетті түрде бақылау, эксперимент жасап зерттеуді ұсынды.
Осы ұсынысы арқылы түрлі діни сенімдерге батыл қарсы шықты. Ғалымның
эксперимент жасап алынған деректерді талдап салыстыру керек деген көзқарасы
жаратылыстану ғылымының дамуына ерекше әсер етті.
XVII ғасырдың ортасында италиялық дәрігер Франческо Реди (1626—1698жж.)
тәжірибе жасап, тіршілік өздігінен пайда болады деген теорияға карсы шықты.
Ол 1668 жылы, төрт ыдысқа ет салып, оны ашық койды да, келесі төрт ыдыстағы
еттің бетін дәкемен жапты. Беті ашық ыдыстарға шыбын жұмыртқа салғандықтан,
шыбындар өсіп шықты, ал беті дәкемен жабылған ыдыстардан шыбын шыққан жоқ.
Реди осы тәжірибесі арқылы шыбынның өзі салған жұмыртқалардан ғана
шығатынын, яғни шыбынның өздігінен пайда болмайтынын дәлелдеп берді.

Тіршіліктің пайда болуы жайында, негізінен, бір-біріне қарама- карсы екі
көзкарас қалыптасқан. Оның
• біріншісі — тіршілік өлі табиғаттан пайда болған деген абиогенездік
теорияға келіп тіреледі.
• Екінші көзқарас — биогенездік теория. Бұл көзқарас бойынша тіршіліктің
өздігінен пайда болуы мүмкін емес. Тіршіліктің пайда болуы жайындағы
бұл екі көзқарас арасындағы өзара келіспеушілік пікір осы күнге дейін
жалғасып келеді.
Тіршіліктің өздігінен пайда болмайтынын дәлелдеу үшін 1860 жылы француз
ғалымы, микробиолог Луи Пастер (1822—18795 жж.) арнайы тәжірибе жасады. Ол
ұшы латынның S-әрпі тәрізді шыны түтікті қолданды. Л.Пастер шыны ішіндегі
қоректік ортаны кайнатып, оны иір иінді түтікпен жалғастырды да, түтіктің
ұшын ашық қалдырды. Түтік ішіне ауаның еркін кіруіне мүмкіндік
жасалды.Микроорганизмдердің споралары шыны түтіктің иір иініне жиналып,
қоректік ортаға түспегендіктен, шыны ішіндегі ерітінді ұзақ уақыт таза
қалпында сақталды. Л.Пастер қарапайым ғана тәжірибесі арқылы организм тек
тірі организмнен ғана пайда болады деген биогенездік теорияның дұрыстығына
көз жеткізді.
Абиогенез теориясын жақтаушылар Л.Пастер тәжірибесінің дәлелділігін
мойындамады. Олардың бір тобы жер бетіндегі тіршілік мәңгілік әрі оны
жаратушы күш бар деген пікірді ұсынды. Бұл көзкарас креационизм (латынша
"creatio" — жаратушы) деп аталады. Осы көзқарасты К.Линней, Ж.Кювье, т.б.
колдады. Жер бетіне тіршілік тұқымы басқа ғаламшарлардан метеориттер арқылы
үнемі таралып тұрады деген де көзқарастар болды. бұл көзқарас ғылымда
панспермия теориясы (грекше "pan" — барлық және "sperma" — тұқым) деген
атпен белгілі. "Панспермия теориясын" 1865 жылы алғаш неміс ғалымы Г.Рихтер
ұсынған. Оның пікірі бойынша жер бетінде тіршілік бейорганикалық заттардан
пайда болмайды, яғни тіршілік басқа ғаламшарлардан таралған. Бұл көзқарасты
сол кездегі көрнекті ғалымдар Г.Гельмгольц, Г.Томсон, С.Аррениус,
П.Лазарев, т.б. қолдады.
Тіршілік мәңгі, ол ғарыш кеңістігінде кеңінен таралған. XX ғасырдың бас
кезінде швед ғалымы С.Аррениус (1859—1927 жж.) панспермия тұжырымын
қолдады. "Ол тіршілік ғарыш кеңістігінде күн сәулелерінің қысымы арқылы бір
аспан денелерінен екіншісіне ауысып отырады,"— деп түсіндірді. бұл
тұжырымды қолдаушылар тіршілік Жерге метеориттер арқылы келуі мүмкін деген
пікірде болды.
Тіршілік жер бетінде мәңгілік деген теорияны 1880 жылы неміс ғалымы
В. Прейер ұсынды. бұл көзқарасты аса көрнекті орыс ғалымы В.И. Вернадский
де жақтады. бұл теория: "Тірі организмдер мен өлі табиғаттың арасында
ешқандай айырмашылық жоқ",— деген пікірге келіп тіреледі. Тіршіліктің пайда
болуы деген ұғым тікелей тірі организмдер туралы деректердің кеңеюімен жене
тереңдей түсуімен тығыз байланысты. Бұл салада неміс ғалымы Э. Пфлюгердің
(1875 ж.) нәруызды заттардың шығу тегін зерттеуінің маңызы зор. Ол
нәруыздың цитоплазма құрамының негізгі бөлігі екендігіне ерекше мән беріп,
тіршіліктің пайда болуын материалистік тұрғыдан түсіндіруге тырысты.
Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы туралы қазіргі кездегі көзқарас
биопоэз теориясы деп аталады (биохимиялық эволюциясы теориясы деп те
атайды). Бұл теорияны 1947 жылы ағылшын ғалымы Дж. Бернал ұсынды. Дж.
Бернал биогенездің үш кезеңін ажыратты. Оның
• бірінші кезеңі — биологиялық мономерлердің абиогендік жолмен пайда
болуы.
• Екінші кезеңі — биологиялық полимерлердің түзілуі.
• Үшінші кезеңі — менбраналы құрылымдар мен алғашқы организмдердің
(протобионттардьщ) пайда болуы.
Қазіргі кездегі биология ғылымының жетістіктеріне сәйкес тіршілік
деген ұғымға көптеген анықтамалар беріліп жүр. Солардың ішінде орыс ғалымы
М.В.Волькенштейннің берген анықтамасы ғылыми тұрғыдан дұрыс деп есептеледі.
Бұл анықтама бойынша: "Жер бетінде тіршілік ететін тірі организмдер —
нәруыздар мен нуклеин қышқылдарының биополимерлерінен тұрады және олар өзін-
өзі реттеп отырады. Тірі организмдер артына өзі тектес ұрпақ қалдырып,
тіршілік үнемі жалғасып отырады". Бұл анықтама әлем кеңістігіндегі басқа да
ғаламшарларда жер бетіндегі тіршіліктен өзгеше тіршіліктің болуын жокка
шығармайды.
2.3 Тіршіліктің пайда болуы және таралуы
Тірі организмдердің таралуы бірінші кезекте өздері мекендейтін ортаның
жағдайымен анықталады. Барлық тірі және өлі объектілер, жануарлар мен
қоршаған өсімдіктер, олармен өзаратікелей байланыста болатын мекен
ортасы деп аталады.
Қоршаган орта (немесе коршаған табиғат ортасы) терминінде адамның
ықпалы жайылатын табиғаттың сол бөлігі ретінде түсініледі.
Тірі организмдерге әсер ететін ортаның элементі - экологиялық фактор деп
аталады. Өзінің ықпал ету ерекшеліктеріне қарай ол үш негізгі топқа
бөлінеді:
- абиотикалық факторлар - бұл өлі табиғаттың тірі организмдерге
тікелей немесе жанама түрде әсер етіп, олардың өмір сүру жағдайын белгілеу
қасиеті (температура, жарық пен басқа сәулелі энергия, ылғалдылық, ауаның
құрамы, атмосфералық қысым, жауын-шашын, жел, су құрамы, топырақ,
жер бедері т.б.)
- тіршілік факторлары - бұл тіршілік иелерінің бір-біріне әсер етудің
барлық формалары. Әрбір организм басқа жеке дараның (индивидтің)
тікелей немесе жанама түрдегі ықпалын бастан кешіреді, өздерінің немесе
өзге түр өкілдерімен өзара қатынаста болады немесе оларға тәуелді болып, не
болмаса өздері әсер етеді.
- антропогенді факторлар - организмдердің мекен ортасына, табиғаттың
өзгеруіне, олардың өмір сүруі жағдайына тікелей ықпал жасайтын адам
әрекетінің барлық факторлары. Мұндай факторларға жататындар: өнеркәсіп,
ауыл шаруашылық
өндірістері, көлік пен шаруашылықтың өзге салалары. Әсіресе, соңғы жылдары
антропогенді түрде табиғатқа әсер ету жылдамдығы арта түсуде.
Экологиялық факторлардың әр алуандылығына қарамастан олардың
организмдерге әсер ету қасиеті мен тіршілік иелерінің жауап беру
реакциясының бірқатар ортақ заңдылықтары бар.Организмнің қарқындылыққа
немесе әсер ету күшінің факторына реакциясын жатқызуға болады. Жетімсіз
немесе шамадан артық әсер ету организмнің өміршеңдігіне кері ықпал етуі
мүмкін.
Алуан түрлі тіршілік иелерінің әр түрлі жағдайларда өздерін өте жақсы
сезінулері бірдей емес. Мәселен, ылғалды жақсы көретін өсімдіктер ылғалды
топырақты (капуста, қант қызылшасы), гүлді капуста көлеңкелі салқынды
ұнатады, кейбірі құрғақшылықты, ыстықты (қауын) ұнатады. Осы
факторлар өсімдіктің өсу жағдайына өте маңызды ықпал жасайды.
Бақылау нүктесінен барынша өсуі - оңтайлылық деп аталады. Бұл әдеттегідей -
температураның көлеміне жатады. Жағымды күш әсерінің факторы (мөлшері) осы
организм түріне оңтайлы зонаның факторы деп аталады. Ең азынан (минимум)
көбіне (максимум) дейін бар аралық температура кезінде өсуге мүмкіндігі
бардыдиапозон (көлемінің) тұрақтылығы дейді. Шектелу нүктесінен, яғни төмен
мен жоғарының аралығытіршілікке қолайлы температура - тұрақтылықтың шегі
немесе сол түрдің шыдамдылық шегі болады. Осы экологиялық факторға қатысы
бойынша шыдамдылық дәрежесін экологиялық валенттілік деп атайды.
Организмнің экологиялық валенттілігі оның әр алуан ортаға қоныстану
қабілеттілігін көрсетеді.
Тұрақтылық шегінің нүктесіне жақындау шамасы бойынша, егер әрекет ету
факторы азайып немесе көбейсе тіршілік әрекеті төмендеп қысымға ұшырайды
немесе тіршілік иесінің өлуіне әкеп соқтырады (біздің мысалда өсімдік),
яғни бұл жерде тұрақтылық диапазоны шеңберінде мазасыз күй зонасы туралы
айтылып отыр. Мұндай ықпалды басқа факторлар да жасай алуы мүмкін.
Әрбір өсімдік пен жануарлар түрінің оңтайлылығы, мазасыз күй зонасы
немесе қысым зонасы мен тұрақтылық шегі (шыдамдылығы) қоршаған ортаның
әрбір факторына қатысы барлар өмір сүруде.
Температура мысалында талқылап, біз тек бір факторды ғана қарастырдық,
ойымызша қалган барлығы да оңтайлылық зонасына сәйкес келетін шығар. Біз Ю.
Либихтің тұжырымдаған шектеулі заң факторларының әрекетін бақыладық.
Өзінің оңтайлылық зонасынан сыртқары фактор организм күйінің мазасыздығына
себеп болғанды шектеулі дейді. Осы фактордың өзгеруіне орай организмдер өте
сезімтал болып келеді. Өсімдіктер мен жануарлардың бір түрінің өзгерісіне
әсер ету факторының жиі шектеуі биотикалық деп аталады. Мәселен, азықтың
жетімсіздігі жануарлардың әр алуан түрлерінің таралуына және дамуына шектеу
қояды. Өсімдіктердің дамуына да су, температура, жарықтың болмауы - шектеу
факторларының бірі. Бірде-бір фактор өздігінен әрекет жасамайды.
Ортамен өзара қатынас жасағанда барлық организмдер динамикалық тепе-
теңдікті немесе тұрақтылықты сақтаулары қажет.
Экологиялық валенттіліктің кең түрі тіршіліксіз орта факторына қатысы
бойынша фактордың атауына эври қосымшасын қосып атайды (грекше еvrуs -
кең). Мысалы, температураның айтарлықтай ауытқуларына эвритермді
түрі шыдайды. Экологиялық енсіз валенттілік (тар) стено стенотермді
қосымшасымен (грекше stеnоs - тар, енсіз) белгіленеді. Әр алуан экологиялық
факторлардың (кең) алшақ шегіндегі ауытқуларға бейімделетін
түрлерді эврибионтты деп атайды; тіршілік ету үшін қатаң белгіленген
жағдайды қажет ететіндер - стенобионтты деп аталады.
Экологиялық факторлардың әсерінен тірі организмдер белгіленген
иерархиялық жүйелерге бірігеді. Онда тіршілік иелерінің әр алуан деңгейде
ұйымдасқандарды: популяциялар, бірлестіктер және экожүйелерді көруге
болады.
Популяция дегеніміз - белгілі бір аумақта тіршілік ететін және өзара
шағылысып ұрпақ беретін бір түр дараларының жиынтығы. Түрлі факторлардың
әсерінен популяциядағы даралар саны, құрамы, таралуы өзгеріп тұруы мүмкін.
Популяция латынша роpulus - халық, ел дегенді білдіреді.
Табиғатта популяцияның әр алуан түрлерінің өте жоғары жүйесінің
дәрежесі - қауымдастыққа бірігеді. Қауымдастық (биотикалық) - бұл белгілі
аумақты мекендеуші популяцияның жиынтығы. Қауымдастық организмдері
органикалық емес ортамен энергетикалық байланыста. Мысалы, өсімдік,
минералды тұздар, оттегі, су, көмір қышқыл газының үнемі беріліп
тұру есебінен тіршілік жасай алады. Мұндай жағдайда қауымдастық
(бірлестік) терминінің қолданылуы мүмкін ең кіші бірлікті биоценоз деп
атайды (1877 ж. К. Мебиус енгізген).
Өзара байланыстағы организмдерді және бірлесе мекендейтін топтарды
- биоценоз дейді. Биоценоздың көлемі әр алуан — індер қауымдастығы, ағаш
жапырағы, құмырсқа илеуінен бастап, орман, дала, шөл т.б. - ландшафтарына
(жер бедеріне) дейін. Биоценоз терминін құрлықта өсіп түрған біртекті
өсімдіктерге қолданады. Мысалы, қылқанды орман, дәнді дақыл егістік
биоценозы т.б.
Биота (грекше bios - өмір) - өсімдік, жануар мен микроорганизмдер
түрлерінің ортақ (жалпы) аймаққа таралуының жиынтығы. Түрлердің арасындағы
экологиялық байланыстың жоқтығынан ол биоценоздан ерекшеленеді.
Организмдер қауымдастығы органикалық ортамен материалдық-энергетикалық
жағынан тығыз байланыста болады. Биоценоз алып жатқан кеңістік биотон деп
аталады. Биоценоз бен оның биотоны биогеоценоз деп аталатыны көбірек
немесе азырақ қалыпты жүйені құрайтын бөлінбейтін екі элементтен көрінеді.
Биогеоценоз түсінігін (грекше bios - тіршілік, gе - жер, коіnоs - жалпы)
ғылымға орыс ғалымы В.Н. Сукачев 1940 ж. енгізген.Жер бетіндегі барлық
кұбылыстар мен заттардың бірлігі және өзара қатынасы туралы идея бұрынғы
КСРО мен шетелдерде бір мезгілде туындады. КСРО-да ол биогеоценоз
турасындағы ілім ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz