Араб тіліндегі философия мен ғылым: араб-мұсылман фәлсафасының тарихы мен бағыттары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі

Халықаралық Тараз Инновациялық Институты

СӨЖ

Тақырыбы: Араб тілі философия мен ғылым

Орындаған:Исаева Аружан

Тобы:ШТ-21-3

Тексерген:Мырзабеков Жамбыл

Жоспар

• Араб тілі

•Араб мұсылман философиясы

•Фалсафа ілімі

Араб-мұсылман философиясы - Орта ғасырда мұсылман дінін қабылдап, араб тілін қолданған Шығыс халықтары ойшылдарының философия ілімдерінің жүйесі. Араб философиясы шығу тарихы мутазилиттер («ерекшеленушілер») қызметімен байланысты. IХ ғ-да арабтар антик. дәуірдегі жаратылыстану және философия ілімдеріне қатысты мұраларымен кеңінен таныса бастайды. Басты назарда Аристотель философиясы болды. Аристотель философиясы кейде мұсылман философиясы немесе араб тіліндегі философия деп те аталды. Себебі бұл ұғымға арабтардан өзге парсы, түркі, т. б. халықтар өкілдерінің философиялық көзқарастары да енеді. Мысалы: түркі жұртының ғұламасы Әбу Насыр әл-Фараби, парсылық Әбу Әлгі ибн Сина - оқулықтарда «Араб философтары» болып аталады. Сондықтан бұлардың бәрінің басын қосып айтқанда «Араб философиясы» деуден гөрі, «Араб тіліндегі философия» деген шындыққа сыйымды. Осы тұрғыдан қарастырсақ, X - XIII ғ-ларда араб тіліндегі философияның мынадай бағыттары болған: 1) Шығыс перипатетизмі; 2) «Таза ағайындар» ілімі; 3) Сопылық ілім; 4) Мұсылман философиясы; Шығыс перипатетизмі - Аристотель еңбектерін насихаттау талқылау жасаған философиялық мектеп. Мұның басында әл-Кинди (IX ғ. ), әл-Фараби, ибн Сина, ибн Бадж, ибн Туфейль және ибн Рушд (Аверроэс) тұр. «Таза ағайындар» ілімі - оқу жүйесіне арнал жазылған 51 томдық энңик. еңбекте жинақталған. Бұл алғаш рет ғылым түрлерін жүйелеу, әрі оны оқыту мәселе- сіне арналған. Сопылық ілім - Шығыста кеңінен дамыған ілім. Бұл бағыттан аса көрнекті өкілдері А. Йасауи, ибн Араби, т. б. мұсылман философиясының аса көрнекті өкілі - Әбу-л-Уәлид Мұхаммед әл-Ғазали. Ол әл-Фараби, ибн Сина сияқты ғалымдармен болмыс туралы бел шешіп айтысқа түскен. Сопылық ілім мен мұсылман философиясының ұқсастықтары көп. Араб тіліндегі философияны ғылымда фәлсафа деп те атайды. Бұл, әсіресе, шығыс перипатетиктеріне тән. Фәлсафа тарихы әл-Киндиден бастадың, ибн Рушдпен аяқталады. Фәлсафаның философиядан өзгешелігі - ол Платон, Аристотель еңбектерін мұсылмандық негізінде зерттей отырып, жоғарыда айтылған ойшылдар ойлаудың ерекше жүйесін жасаған. Бұл - грек философиясын тек қайталау немесе оған еліктеу емес, философияның ерекше тарихи типі. Араб тіліндегі философиялық тарихи маңызы - Ф. Бэконнан (1561 - 1626) Спинозоға (1632 - 77) дейінгі мерзімді қамтиды. Жаңа заман философиясы көтерген басты-басты мәселелерді Шығыс перипатетиктері мен мұсылман дінтанушылары өз кездерінде-ақ күн тәртібіне қойған. Фәлсафа мен Батыс философиясы арасындағы сабақтастық схоластар (схоластика) мен Сигер Брабантский, Роджер Бэкон еңбектерінен айқын аңғарылады. Араб философиясының тарихи кезеңдері немесе оның орталықтары өзгеріп тұрған. IX - X ғ-да араб философиясы орталығы Халифатта болса, саяси себептерге байланысты X - XI ғ-да ол Орта Азия мен Иранға ауысқан. Бұхара, Самарқанд, Мере, Нишапур, Исфаһан, Рей, Хамадан, Отырар сияқты қалаларда ғылым, білім өріс алды. Араб философиясының үшінші орталығы мұсылмандық Батысқа (Испанияға) ауысты. Осыдан әрі қарай араб философиясы тұтастығынан айырылыс ұлттық сипаттарға ие бола бастады. Бұл тұста тек Мағриб ойшылы Абд әр-Рахман Әбу Зейд ибн Халдун (1332 - 1406) есімін ғана атаймыз. Араб философиясы тіліндегі философия түркі жұртында кеңінен өріс алды. Түркістан сопылық ілім орталығына айналды. Йасауи ілімі бүкіл түркі халықтары мәдениетінің дамуына елеулі әсер етті.

Фалсафаның араб тілінде өрбуіне мəденитарихи, саяси-əлеуметтік жағдайлар болған. Бұл жерде еріксіз мойындайтын мəдени əлеуметтік жағдай : ислам діні, оны таратушы басты саяси күш - Араб халифаты. Халифат мемлекеттік кұрылым ретінде Аравияда 7 ғасырдың жиырмасыншы жылдары пайғамбарымыз Мұхаммедтің діни реформасы нəтижесінде өмірге келген. Пайғамбарымыз дүние салғаннан кейін, халифат мүлдем ұлан - асыр империяға айналды. Əдетте мұндай империялардың ғұмыры ұзақ болмаушы еді, халифат болса, 7- ғасырдай уақыт өмір сүрді. Бұл империялар тарихында болмаған мерзім. Əлемді дүр сілкіндірген социализмнің өмірі небəрі жетпіс жылға əзер жетсе, халифат дүниеге жеті жүз жылға жуық өз өктемдігін жүргізді. Араб тілі осы империяның мемлекеттік тілі болды. Мұхаммед пайғамбар діни ұстаз, саяси басшы жəне ең жоғары үкім шығарушы болғандықтан, оның тілі дінде, саясатта, шариғатта ( заңда) мемлекеттік қызмет атқарған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ортағасыр философиясы: схоластика мен универсалдар дауысы, араб фәлсафасының ықпалы
Араб тіліндегі ислам философиясының тарихы, бағыттары және қазақ ойшылдарындағы ықпалы
Араб-мұсылман философиясының дамуы мен негізгі өкілдері
Ғылым әдісі мен техника: араб-ислам философиясының тарихы және қазақ философиялық дәстүрі
Ортағасырлық араб-мұсылман философиясы: тарихи даму мен көрнекті ойшылдар
Ортағасырлық философия: Батыс Еуропа мен араб-түркі мұсылмандық дәстүрлер
Ежелгілі Шығыс және араб-мұсылман әлеміндегі саяси-құқықтық ойдың тарихы мен қалыптасуы
Әл-Кинди және араб тіліндегі философияның қалыптасуы
Қазақ тіліндегі араб-парсы кірме сөздері: қалыптасуы, қолдану салалары және араб жазуы
Орта ғасыр психологиясындағы материалистік идеялар: батыс және араб-мұсылман дәстүрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz