Педагогикалық ұжымның жеке тұлғаны қалыптастырудағы баскару дамыту жетістігі


Жоспары
1 Кіріспе
2 Негізгі бөлім
Педагогикалық ұжымның жеке тұлғаны қалыптастырудағы баскару дамыту жетістігі
3 Қортынды
4 Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Ұжымда балалардың іс-әрекеті және қарым-қатынасы процесіндеі жеке адам аралық қатынас жүйесі, өзара жауапкершілік және тәуелділік қатынасы, гуманистік қатынас балалардың дамуы мен қалыптасуына әсер етеді. Педагогикальщ ұжымның бсйресми құрылымы ұжым мүшелерінің алдын ала белгіленген міндеттерінен тыс нақты іс-әрекет негізінде қальштасады. Ұжымның бейресми құрылымы оның мүшелері арасындағы қалыптасқан қатынастар жүйесінен түрады. Ондай қатынастар жек көру мен үнату, құрметтеу, махаббат, сенім немесе сенімсіздік, ынтымақтасу, бірлесе жұмыс істеуді қалау немесе қаламау сезімдері негізінде қалыптасады. Бұндай құрылым ұжымның ішкі, көбіне жасырын, көзгс көрінбейтін жағдайын танытады. Жас мұғалім педагогикалық қызмет процесінде қиындыққа кездескенде ресми ұйымдық құрылымға сәйкес мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарына, сонымен бірге қажет деп тапса білікті, тәжірибелі маман ретінде басқа мұғалімнен көмек сұрайды. Ал мұғалімдер арасындағы бейресми байланыстар түрлі себептерден туывдайды. Бір жағдайларда бұл араласу, достық, махаббат сияқты әлеуметтік қажеттіліктен туындаса, келесі жағдайда тәжірибелі жолдасынан кәсіптік көмек, қолдау алуға байланысты, үшінші жағдайда - жаңа, қызықты ақпарат алуға байланысты, төртінші жағдайда өзгелерді өзіне бағындыруға ұмтылған эгоистік себептерден туындайды. Ұжымдағы бейресми қатынастардың пайда болуының мынадай белгілерін бөліп айтуға болады: достық, жолдастық топтардың құрылуы, бейресми пікірдің қалыптасуы, бейресми басшылардың шығуы, жаңа қүядылық бағдарлардың нығаюы және т. б. Ұжымның ұйымдық құрылымының дамуына бір-қатар факторлар ықпал етеді. Педагогикалық ұжымның өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, осындай ықпал етуші факторларды қарастырып көрейік. Ол ең алдымен мұғалімдер ұжымы шешетін кәсіптік-педагогикальщ міндеттердің сипаты. Педагогикалық процестің түтастығы, оқыту мен тәрбиелік ажырамас байланысы мұғалімдер, сынып жетекшілері, ата-ана мен жүртшылық өкілдерінің әрекетін біріктіреді. Дегенмен, әр мұғалім өзінің нақты қызметін атқарғанымен ол өз ерекетін педагогикалық процестің басқа да қатысушылары - мұғалімдер, оқушылар, мектеп өкімшілігімеч келісе отырып жүргізеді. Мектептегі, сыныптағы істің жағдайы туралы дер кезіндс алынған объективті ақпарат ұжымның ұйымдық құрылымын нығайтып, ұжым мүшелерін біріктіре түседі. Психологиялық зерттеулер /А. И. Донцов, Р. X. Шакуров/ ұжымның топтасуының қажетті шарты мақсат бірлігі екендігін дөлелдейді.
Негізгі бөлім
Ұжымның ұйымдық құрылымы ұжым мүшелерінің мүддесін, қажеггілігін, қавшальщты қанағаттаңдыруна да байланысты. Қанағаттану деңгейін анықтайтын бұндай факторлардың қатарында ұжымның беделі, достарының болуы, осы ұжымдағы өз еңбегінің мәнін сезіне білу, моральдық-психологиялық ахуал, ұжымның дәстүрлерін айтуға болады. Ұжымньщ ұйымдық құрылымының сипатын айқындауды оның көлемі де елеулі етеді. Психологияда шағын ұжымдардың мүшелері арасында байланыс біршама тұрақты, берік болып келетіндігі дәлелденген. Ұжым үлкейген сайын ұжым мүшелерінің арасындағы қатынас ресми сипат ала береді. 30 адамнан асатын педагогикалық ұжымда мүдде, қызығушылық ортақтьиы, бірге демалу сияқты түрлі себептермен бейресми топтар, бірлестіктер пайда бола бастайды. Педагогикалық ұжым мүшелерінің саны оны басқарудың сипатын айқындайды. Шағын ұжымдарда педагогтар бірін-бірі жақсы біледі, бірақ бұндай ұжымдарда араласу, бірін-бірі рухани байыту мүмкіндігі барынша шекгеулі. Ал үлкен ұжымдарда өзара қатынастың күрделі құрылымы қалыптасады, кейде тіпті ұрыс-жанжалға бейім, бірақ осындай ұжымдарда жарқын, ешкімге ұқсамайтын тұлғалардың танылуы мүмкіндігі де үлкен. Оқушылар ұжымы - тәрбиенің шешуші факторы және біздің қоғам жағдайында бала өмірін ұйымдастырудың негізгі формасы. Жеке тұлғаның дамуы үшін ұжымда қолайлы жағдайдың болуы қажет. Тұлға жан-жақты даму мүмкіншілігін ұжымынан алатын болғандықтан ұжымда тұлғаның бас бостандығы болуы басты шарт болып табылады. Балалар ұжымын ұйымдастыру қажеттігі қоғамның өзі біртұтас ұжым ретінде өмір сүретіндігінен туындайды. Қоғамда ұжымдарды ортақ іс-әрекеттерінің түрлеріне қарай ажыратады. Мысалы, кәсіпшіл ұжымдар (өндіріс, шығармашылық, әскери, оқу орындары), қоғамдық ұйымдар (партиялар, халық конгресі, бірлестіктер, кәсіподақтар), ерікті қоғамдар (ғылыми, ғылыми-насихат, әскери-спорт), өз әрекетімен істеуші ұжымдар( көркемөнерпаздар, коллекционерлер) және т. б.
Осы жағдай талабына сай ұжым балаларды қоғамдық өмір мен өндіріске дайындаудың мүмкін болатын бірден-бір құралына айналады. Оқушылар ұжымы баланың өмірін, оқуын, еңбегін жасампаздығын, күш-қуат мәдениетін, ойын ұйымдастырудың ең тиімді құралы. А. С. Макаренко ұжымда жеке адам тәрбиесінің қоғамдық бағыттылығын ерекше атады. Ұжымда тек жай ғана мейірімді адам болу жеткіліксіз, ол ұжым мүддесімен өмір сүре білуі қажет. А. С. Макаренко жеке адам тәрбиесінің қоғамдық бағыттылығы тұрғысынан ұжымның кейбір сапасын, яғни белгілерін көрсетті. Әрбір ұжым - бұл топ, бірақ әрбір топ ұжым бола алмайды. Ұжым контактілі және негізгі болып екіге бөлінеді. Контактылы ұжым бұл ұжым белгілері бар бастауыш топ. Негізгі ұжым - бұл контактылы ұжымдардың бірлестігі. Мысалы, контактылы ұжым - бұл студенттер тобы, негізгі ұжым - факультет т. б. Біздің елімізде қазіргі қоғамның маңызды ұясы-мектеп ұжымы баланы дамытуда және қалыптастыруда үлкен роль атқарады.
Қорытынды
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz