Тіл - тіршіліктің бастауы
Жоспар:
1)Тіл мәдениетті
2)Тіл тіршіліктің бастауы
3)Тіл мәдениетінің нормалық 3 түрі
Тіл мәдениеті - әдеби тілдің нормасы мен оның дамуын, сөйлеу тілімен қарым-қатынасын зерттейтін тіл білімінің саласы. Тіл мәдениетінің тіл білімінің басқа салаларынан айырмашылығы - оның күнделікті өмірде тілді қолдану, жазу, сөйлеу мәдениетімен тығыз байланыста болатындығында. Тіл мәдениеті дегеніміз - коммуникативтік қарым-қатынас кезінде тілдік тәсілдерді дұрыс ұйымдастырып, белгілі бір тәртіппен жүйелі қолдану.
Тіл мәдениеті тілдік норманың 3 түрін қамтиды:
тілдік норма (лексикалық, сөзжасамдық, грамматикалық, дыбысталу нормасы);
этика - сөз нормалары (сөйлеу этикасының ережелері);
коммуникативті норма (сөйлеу қарым-қатынасының тиімділік қағидалары).
Сөйлеу мәдениеті орфоэпиялық нормаға негізделеді. Орфоэпиялық норма - сөздерді дұрыс айту, лексикалық норма - сөздерді іріктеп, сұрыптап, талғаммен қолдану болса, грамматикалық норма сөйлеу мәдениетінде біршама тұрақталып, қалыптасқан норма саналады. Сөйлеу мәдениетінде ойдың дәлдігі, сөздің анықтығы, тазалығы, көңіл күйге әсер ететін шынайылығы (ол қарапайым сөзден немесе бейнелі образды сөздерден құралуына қарамастан), көркемдігі маңызды рөл атқарады.
Сөз мәдениетін қалыптастыруға қажетті лингвистикалық орталықтар қатарына лингвистикалық болжау орталығы жатады. Лингвистикалық алдын ала болжау орталығы дәстүрлі тіл жүйесінің сапалық және сандық бағыттарын кешенді түрде зерттеу міндеттерін, сөз, сөйлеу қызметінің дәстүрін қалыптастыру мәселесін қарастырады. Сөз мәдениетіне қатысты лингвистикалық экология тіл және сөз мәдениетінің экологиясы деп аталады. Сөз мәдениетінің экологиясына тілдік ситуация, тілдік сана, тілдік орта, тілдік ортаның тазалығы, сөз қызметіндегі стилистикалық қатынастардың бұзылуы, сөйлеу этикасы мәселелері, сөз мәдениеті және мониторинг, т.б. мәселелер жатады.
Тіл мәдениетіне тілдің құрылымдық жүйесіндегі орфоэпикалық, пунктуациялық, лексикалық-грамматикалық, синтаксистік нормалар қамтылып, олардың коммуникативтік эстетикалық қызметі толық айқындалған жағдайда стилистикалық норма жүзеге асады. Стилистикалық норма сөйлеушінің тілдік сөйлеу тәртібін қалыптастырады. Сөз мәдениеті көркем сөйлеуде, ғылыми-көпшілік немесе ресми ортада, тіпті ауызекі сөйлеу стилінде тілдің барлық салаларымен тамырлас келеді. Сөйлеу мәдениеті топ алдында мәдениетті сөйлеу, оның алғышарттарын, әдіс-тәсілін танып білу, озық үлгілерін меңгерудің жолдарын, нақты қасиеттерін ұғыну сияқты мәселелермен тығыз байланысты.
Қазіргі уақыт талабына сай әлемдік тіл білімінде Тіл мәдениеті сөйлеудің тиімділік теориясы деп аталып, әсер ету мен әрекеттестік бағытында зерттелуде.
Қазақ тілінің сөз мәдениетін көтеру - ұлттық мүдде талаптарының бірі. Қазақ Тіл мәдениетінің үлкен бір саласы - сөйлеу мәдениеті, оны жоғары деңгейге көтерудің басты заңдылығы - дұрыс айту нормасы. Жазу және сөйлеу мәдениетінің қазақ әдеби тілін қалыптастырудағы орны және оның орфографиялық ережелерді жүйелеу мәселелерімен байланысы қазақ тіл білімінде жан-жақты зерттеліп келеді. Сөйлеу мәдениетін ұлттық мүдде ретінде тану; сөз мәдениетіне әлеуметтік көзқарасты қалыптастыру, сөз мәдениетін әлеуметтік ғылымдар мен ұлттық мәдениеттің ең басты тірегі ретінде бағалау, сөз мәдениетін ұлт мәдениетімен қатар насихаттау, лингвистикалық болжау орталықтарын ашу, сөз мәдениетіне қарама-қарсы құбылыс - лингвистикалық экологияны жеке сала ретінде қарастыру, әсем жеткізу ұстанымдары негізінде сөз мәдениетін жетілдіру, т.б. мәселелерді дұрыс жолға қою негізінде Тіл мәдениеті дамиды.
Адамзат баласының ғасырлар бойы қалыптасқан өзіндік төл мәдениетімен ұштасып, ұлт болмысының тікелей көрінісі болып табылатын қымбат дүниесі - оның тілі. Әрбір тіл адам баласының қатынас құралы болуымен қатар, сол халықтың мәдениетін, өркениетін, әлеуметтік күйін, дүниетанымын бейнелеуде маңызды және шешуші рөл атқарады.Әр тілдің сөз байлығы халықтың рухани өмірін, тарихын, ұлттық нақышты, дүниенің тілдік бейнесін сипаттау құралы болып табылады. Бұл туралы В.И.Даль былай дейді: Язык - совокупность всех слов народа и вернее их сочетанье, для передачи мыслей своих[1].
Тіл - халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан асыл қазынасы, рухани құндылықтарды ұрпақтан-ұрпаққа сақтап жеткізуші формасы десек, белгілі бір тілдің тарихын сол тілді жасаушы, қолданушы және оның иесі - халықтың тарихынан алшақ қарауға болмайды. Язык - стихийно возникшая в человеческом обществе и развивающаяся система дискретных (членораздельных) звуковых знаков, служащая для целей коммуникации и способная выразить всю совокупность знаний и представлений человека о мире [2, c. 410].Сондықтан да тіл тарихы мен этнос тарихының байланысы - екі жақты байланыс. Тіл - халықтың, ұлттың, қоғамның байлығы, ал адам белгілі бір ұлттың, халықтың, қоғамның мүшесі. Сондықтан да тіл адамнан тыс және адамның ішінде, яғни санасында өмір сүреді - ол біздің психикамыздың негізі болып табылады. Ғалым И.А.Бодуэн де Куртэненің түсіндіруі бойынша, тіл сол тілді тұтынатын қоғамдағы жекелеген индивидтердің психикасында, жан дүниесінде, миында өмір сүреді [3, 11 б.]. Мәселен, белгілі бір халықтың ерте кездегі әдет-ғұрпы, тұрмысы жайындағы этнографиялық ұғымдарының атаулары сөздіктер мен тарихи шығармаларда сақталып, олар жайында мағлұмат береді. Сондықтан қоғамда қарым-қатынас жасау құралы болып табылатын тіл арқылы ұлттық менталитеттің, ұлттық мәдениеттің және рухани құндылықтар көрініс табады.
Халықтық эпостарда, аңыз-жырларда, өткен ғасырлардағы ақын-жыраулардың шығармаларында және басқа да дереккөздерде сақталған этноатаулар сияқты басқа да бірқатар тілдік бірліктерде ұлттық мәдениеттен ақпарат беретін нышан болады. Мұндай нышан тілдік бірліктің бірінде имплицитті түрде (жасырын, байқалмайтын); екіншісінде эксплицитті түрде (анық, айқын) көрініп, танылып тұруы мүмкін. Басқаша айтқанда, тілдегі кейбір тұлғалардың сыртқы нысанының өзі ұлттық бітімді байқатып тұрады, ал кейбір жекелеген сөздердің, тіркестің, фразаның нақты бір ұлтқа, мәдениетке тән белгісі қолданысқа түскенде ғана айқындалады.
Тілді сол тіл қызмет ететін қоғаммен, тіл иесі - адаммен және тілді қолданушы халықтың сан ғасырлық тарихымен, этностық танымы, рухани және ұлттық болмысымен байланыстыра қарау нәтижесінде тіл мен мәдениет, тіл мен халық, тіл мен таным арасындағы тығыз байланыс, айқындала түседі. Тілдің қазақ халқы үшін мәнінің тереңдігін, мәңгілік екенін тіл - адам жанының тілмәші. Тілсіз ұлт, тілінен айрылған ұлт болып жасай алмақ емес, ондай ұлт құрымақ. Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт - тіл болуы. Ұлттың тілі кеми бастауы ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихы, тұрмыс мінезі айнадай анық көрініп тұрады. Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы біресе желсіз түндей тынық, біресе құйындай екпінді тарихы, сары дала үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын, сабырлы мінезі - бәрі көрініп тұрады. Осы күнгі Түрік тілдерінің ішінде қазақ тілінен бай, оралымды, терең тіл жоқ - деп Мағжан Жұмабаев ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz