МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ПРИНЦИПТЕРІ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ПРИНЦИПТЕРІ
Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу құқықтары Қазақстан Республикасының балалардың құқықтары туралы, Білім беру туралы, Мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетуге ықпал ету туралы, Қазақстан Республикасында кемтарларды әлеуметтік қорғау туралы, Арнайы әлеуметтік қызмет туралы Қазақстан Республикасының Заңдарында, Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген.
Психикалық дамуының негiзгi бұзылыстары интеллектуалды даму деңгейi, яғни, зейiнi, есте сақтауы, ойлауы, кеңiстiктi бағдарлауы төмен болып келедi. Осы себептерге байланысты психикасы дамуы тежелген (ПДТ) балалардың оқу үлгерiмi төмен болады. Бұл балалардың оқуға үлгермеушiлiгi жетi-сегiз жастан анық байқалады. Ата-аналары көмекші не арнайы мектептер мен мектеп-интернаттарға, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері мен коррекциялық-түзету сыныптарына кемтар балаларын бергісі келмеген жағдайда жалпы білім алатын мектептерде ПМПК-ның ұсынысы бойынша жеңілдетілген бағдарламамен оқытуына толық құқылары бар. Жалпы білім беретін мектептер мен бала бақшалар ПМПК-ның қорытындысы бойынша көрсетілген, яғни, баланың деңгейіне қарай жеңілдетілген бағдарламамен кемтар балаларды тәрбиелеуге және инклюзивті оқытуға дайын болғандары жөн. Инклюзивті оқытуға жалпы мектептерде арнайы (психологы, әлеуметтік мұғалімі, олигофрено мұғалімі, логопед) мұғалімдер болмаған жағдайда, тәрбиешілерді, бастауыш кластың мұғалімдерін, қазақ тілі мұғалімдерін арнайы курстарға жіберіп оқытуға болады.
Вариативті білім беру
Вариативті білім (лат. - өзгеретін) - азаматтардың белгілі бір мәдениетке, тұрғылықты жерінің ерекшеліктеріне және қоғамдық мүдделер мен міндеттерге бейімделген әр түрлі білім беру қажеттіліктеріне бағытталған білім. Мұндай білім жеке таңдау мүмкіндіктерін, өзін-өзі анықтауға мүмкіндік береді; бұл жеке адамға өзгермелі әлемде білімді түсіну мен сезінудің өзіндік жолдарын табуға көмектеседі. Вариативті білім динамикалық, оған әсер ететін факторларға байланысты өзгеруге қабілетті. Шын мәнінде, бұл әр түрлі оқу орындарының, әртүрлі оқу бағдарламаларының, оқулықтар мен технологиялардың өмір сүруіне мүмкіндік беретін ізденіс білімі. Сонымен, 19 ғасырдың аяғында Ресейде басталған бұл бағыттағы білім берудің дамуы әр түрлі типтегі мектептер, зертханалық мектептер, мектептер - балабақшалар, колледждер, лицейлер, гимназиялар және т.б. Ел білім беру мекемелерінің типтерін дамытудың таза жолдарынан аралас түріне көшті. Вариативті білім берудің мақсаты - адамның өмір жолын сауатты таңдау мүмкіндігін кеңейту.
Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды жалпы білім беру үрдісіне қосудың вариативті формалары туралы түсінік
Вариативтілік қағида психикалық және (немесе) дене дамуында түрлі кемшіліктері бар балалардың білім алуына арналған вариативтік жағдайлардың жасалуын ұйғарады.
Мұғалім сынып оқушылары құрамы мен оқу материалы көлемін ескере отырып, әрбір тақырыпты оқуға қажетті сағаттар санын өз бетінше анықтауы керек. Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар оқушыларды оқыту үдерісі оқушылардың типологиялық және жеке психологиялық ерекшеліктерін ескеріп, оқытудың тиісті вариативтік әдіс-тәсілдерін қолдана отырып жүзеге асырылады. Оқу материалдарын таңдау, сондай-ақ түрлі типологиялық топтардың оқушыларымен оларды оқу жолдарын, әдістері мен тәсілдерін таңдап алу балалрдың білім, білік және қалыптасқан дағдылар меңгеру туралы мәліметтер негізінде жүзеге асырылуы тиіс. Ол үшін мұғалім өз оқушыларын үнемі зерттеп білуі және педагогикалық диагностика арқылы олардың оқу жетістіктері динамикасын қадағалап отыруы керек
Балалардық психофизикалық дамуында оқушылардың танымдық мүмкіндіктері және келесідегіде вариативті оқыту қарастырылады:
1) танымдық мүмкіндіктерінің деңгейі жас шамасына сәйкес келетін, сенсорлық, сөйлеу, қозғалғыш қасиеттерінің бұзылуы бар балалар үшін мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сай болатын білім;
2) танымдық мүмкіндіктерінің деңгейі жас шамасына сәйкес емес, психикалық дамуының кешеуілі, қозғалтқыш дене мүшелерінің бұзылуы, сөйлеу және сенсорлық қасиеттерінің бұзылуы бар оқушылар жеке оқу жоспарлары бойынша, қысқартылған оқу бағдарламалары арқылы білім алуды жүзеге асыру;
3) жекешелендірілген бағдарламалар (ауыр дәрежедегі ақыл-есі кем және көптеген ауытқулары бар балалар үшін) және интеллектуалды ауытқулары бар балалар үшін арнаулы бағдарламалары бар мектептерде білім алуды жүзеге асыру.
Мүмкіндігі шектеулі балаларға медико-педагогикалық және әлеуметтік көмек жүйесін тиімді дамыту интегралды білім берудің принциптері мен идеясын жүзеге асыру болып табылады. Оның құралдары балаларды бөлектеу және өздерінің олқылығы туралы тұрақты көрініс табу емес, мүмкіндігі шектеулі балаларды дені сау балалар ортасына қосу, біріктіріп оқыту, бос уақытын бірге өткізуді ұйымдастыру және оларға өзара көмек көрсету арқылы шешілетін, әлеуметтік өмір траекториясының құрылымын жасау болып табылады. Мысалы, Шығыс Қазақстанда, Алматы және Астана қалаларында ертеректе оқуға жарамайтын және білім алуға, өз жасындағы балалармен араласуға мүмкіндігі жоқ болған, орташа және ауыр деңгейдегі ақыл-есі кем балалар үшін интеллектуалды кемшіліктері бар балаларға арналған мектептерде арнайы сыныптар ашылған.
Сонымен қатар сауықтыру орталықтарында, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Артпедагогика
Инклюзивті білім берудің негізгі ұғымдары мен қағидалары
Арнайы педагогиканың пәндік салалары
Сенсорлық бұзылыстары бар балаларды оқыту ерекшеліктері
Инклюзивті білім беруді енгізу
Кемтар балалар тұлғасын зерттеген ғалымдарды атаныз
Мүгедектер құқықтарын қорғау және көтермелеу
Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды медициналық оңалту
Азаматтық құқық субъектілігі мен сабақтас құқықтық санаттардың пікірталас мәселелері
Арнайы білім беру жүйесін регламенттейтін құжаттар
Пәндер