Қазақстан мемлекетіндегі шағын және орта бизнестің дамуы және шешу жолдары


Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан мемлекетіндегі шағын және орта бизнестің дамуы және шешу жолдары

Мазмұны

Кіріспе . . . 2

1. тарау. Қазақстан экономикасы үшін шағын және орта бизнестің мәні мен маңызы

1. 1. Қазақстан экономикасындағы шағын және орта бизнестің рөлі . . . 4

1. 2 Шағын және орта бизнесті дамытудағы нарықтық экономикалы елдердің тәжірибесі . . …. . 6

2. тарау. ҚР шағын және орта бизнестің даму тенденциялары . .

2. 1. ҚР - дағы шағын және орта бизнестің жағдайы . . . 11

2. 2 Шығыс Қазақстан облысы бойынша шағын және орта кәсіпкерліктің жағдайына талдау жасау . . . 15

2. 3Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау келесі бағыттарда жүзеге асырылады . . . 21

2. 4. Шағын және орта бизнесті несиелендіру тәжірибесі . . . 28

2. 5 Шағын және орта бизнес объектілерін қаржыландыру және несиелендірулер тәжірибесін талдау32

2. 6 Шағын кәсіпкерлік дамытуды несиелендіру жолдарының тиімділігін арттыру . . . 36

3. тарау. ҚР - дағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту проблемалары

3. 1. ҚР - дағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту проблемалары мен оларды шешу жолдары . . . 43

3. 2 Шағын және орта бизнесті дамытуға кедергі жасаушы негізгі мәселелер52

Қорытынды . . . 58

Пайдалынған әдебиеттер тізімі59

Кіріспе

Рыноктық экономика дамуының теориясы мен тәжірибесіне сәйкес кәсіпкерлік қоғам өміріне неғұрлым маңызды: экономикалық әлеуметтік және саяси сфераларындағы құрылым құрушы элемент болып табылады.

Нақты өмірде аталған аспектілердің көрінісі бірқатар ішкі және сыртқы факторларға байланысты қалыптасады, ол кәсіпкерлік зерттелу объектісі ретінде күрделі және көп жақты болып келеді.

Шағын және орта бизнесті дамытудың негізгі мақсаты кәсіпкерлік ары қарай дамуы үшін жаңа мықты импульс алуы үшін көзқарасты шоғырландыру қажет негізгі (маңызды, стратегиялық) сәттерді анықтауда.

Осындай сәт ретінде рыноктық экономика жағдайында кәсіпкерліктін негізін құрайтын ортаңғы класс мәселесін қарастырылу ұсынылады.

Арнайы зерттеулер жүргізген ғалымдардың образдық салыстыруы бойынша “қазіргі дамыған қоғамда әлеуметтік құрылымды эллипс түрінде көрсетуге болады, оның жоғарғы және төменгі жағын сәйкесінше элита мен кедейлер ал ортанғы саны көп бөлігін - ортанғы класс құрайды”.

Қазақстандағы шағын кәсіпкерліктің дамуы өтпелі кезең ерекшеліктеріне байланысты қиын және қайшылықтарымен жүзеге асырылады.

Шағын және орта бизнестің қалыптасуының бастапқы кезеңінде жалпы ұлттық масштабта аталған сектор дамуын мемлекеттік қолдауға кенцептуалдық көзқарас қалыптасқан кейіннен соған негізделе нормативтік құқықтық база құрылып, қойылған мақсатқа қамтамасыз ететін жүзеге асырушы ұйымдастырушылық - құқықтық механизмдер қалыптасқан.

Ол жалпы экономикалық жағдайдын нашарлауына, қолайсыз криминогендік жағдайдың болуына, сондай-ақ қабылданған заң және бағдарламалы құжаттардың нақты орындалмауына байланысты болды.

Осы уақытқа дейін Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудағы негізгі бағыт салық преференцияларын мен мемлекеттік қаржы есебінен жеңілдіктік қаржыландыру болды, ол жерде қысқа мерзімді нақты әсер алынып, жүйелі бастамаларда жүргізіледі.

Сол себепті, негізгі мақсаты Қазақстанның бәсекелесті қабілетін жоғарлату болып табылған Қазақстанның 2015 жылға дейінгі индустриалдық - инновациялық даму стратегиясында мемлекеттік саясат көзқарастарын қайта қарастырылып шағын және орта кәсіпкерліктің жаңа даму идеологиясы жасау қажет.

Қазіргі таңда, шағын және орта кәсіпкерлік өзін инновациялық экономикада табуда жедел іздестіру үшін өзінің икемділігін, мобильділігін, нарықтық объективтілігін қолдануына жағдай пісіп жетілді. Мемлекет өз тарапынан кәсіпкерлік орта инициативасы жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай туғызуы қажет.

Қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың жедел шараларын қабылдауда.

Бұл жұмыстың мақсаты шағын және орта бизнестің қаржыландыру және дамыту экономикалық дамудың приоритетті бағыттарының бірі екендігін дәлелдеу.

Бұл жұмыстың құрылымы үш тараудан тұрады.

Осы жұмыстың бірінші тарауында шағын және орта бизнестің Қазақстанда дамуының қиыншылықтары мен шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау, мемлекеттік, салалық және аймақтық бағдарламалар негізінде дамытуға бағытталған шаралар қарастырылады. Сонымен қатар несиелендірудің әлемдік тәжірибесіне мысал келтірілген.

Ал екінші тарауында «Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту және қолдаудағы ролі қарастырылады.

Сонымен бірге үшінші тарауында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудағы несиелендіру жолдарының тиімділігін арттыру шаралары қарастырылады.

Дипломдық жұмыстың қорытындысында шағын және орта бизнестің дамуы тікелей мемлекетке байланысты және экономиканың қазіргі жағдайында шағын және орта бизнес өздігінен дами алатындығы айтылған.

Қарастыруға ұсынылған диплом жұмысының тақырыбы әлемдік әдебиетте жете қарстырылғанмен Қазақстанда бұл мәселені қарастырылған жұмыстар өте аз. Шағын кәсіпкерлікті несиелендіру мәселелері ғылыми дәлелдеусіз негізінде жеке жариялануларда ғана көрініс тауып отыр. Аталған жайды ескере отырып, диплом жұмысы жоғарыда көрсетілген кемшіліктер орнын толтырады деп ойлаймын.

1. тарау. Қазақстан экономикасы үшін шағын және орта бизнестің мәні мен маңызы

1. 1 ҚР экономикасындағы шағын және орта бизнестің рөлі

Әлемдік тәжірибе шағын және орта бизнестің экономикадағы рөлі жоғары екенін көрсетіп отыр. Ал мемлекет өмірінің барлық салаларына әсерін тигізеді: жұмысшылар саны бойынша, өндірілетін тауарларының көлемі бойынша, орындайтын жұмыстары мен көрсететін қызметтері бойынша жекелеген елдерде шағын және орта бизнес субъектілері маңызды рөль ойнайды. Экономика үшін шағын кәсіпорындардың толықтай қызметі оның икемділігін артырытын маңызды сұрақтар болып табылады. Тіпті, шағын және орта бизнестің даму деңгейіне байланысты, мамандар елдердің өзгермелі экономикалық жағдайға бейімделу мүмкіндіктерін айтып отыр. Қазақстан үшін шағын және орта бизнестің қалыптасуы жоғары дамыған қоғамға, жоғары дамыған экономикаға өтетін көпір болуы қажет. Қиыншылықтар мен сәтсіздіктерге қарамастан шағын және орта бизнес даму үстінде, экономикалық, әлеуметтік, ғылыми-технологиялық мәселелерді шеше отырып қарқын алуда. Шағын және орта бизнесті дамыту келесі мәселелерді шешеді:

-қоғамның және халықтың қажеттіліктерін жақсы қанағаттандыруға мүмкіндік береті, өркениетті бәсекелестік нарықтық қатынастардың қалыптасуы;

-ассортименттің кеңеюі мен тауарлар мен қызметтердің сапасының артуы. Тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыруға ұмтылу арқылы, шағын бизнес қызмет көрсету мен өнім сапасының артуына мүмкіндік туғызады;

-тауарлар мен қызметтердің нақты бір тұтынушыларға жақындауы;

-экономиканың құрылымдық өзгеруіне әсер ету. Шағын кәсіпкерлік экономикаға өтімділік, икемділік береді;

-өндірісті дамытуға халықтың өз ақшаларын тартуы. Шағын кәсіпорын иегерлері өз істеріне өз ақшаларын үлкен қызығушылықпен салады;

-қосымша жұмыс орындарының ашылуы, жұмыссыздық деңгейінің қысқаруы;

-адамдардың шығармашылық мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға, дарындарының ашылуына, әр түрлі қолөнердің дамуына ықпал етеді;

-еңбек қызметіне ірі кәсіпорындар белгілі - бір шектеу қоятын халықтың жекелеген топтарын (үй жұмысымен айналысушылар, зейнеткерлер, мүгедектер, оқып жатқан адамдар) тарту;

-меншік иелері, кәсіпкерлер, басқарушылардың әлеуметтік қатарларының қалыптасуы;

-ғылыми-техникалық дамуды жандандыру;

-жергілікті шикізат қайнары ірі кәсіпорындар қалдықтары қолдану және игеру;

- ірі кәсіпорындарға комплетелетін бұйымдарды дайындау және жеткізу жолымен, көмекші және қызмет көрсету өндірісін құру арқылы әсер ету;

- арендаға алу немесе сатып алу арқылы төмен рентабельді және тоқыраудағы кәсіпорындардан мемлекетті босату;

осы барлық аталған және басқа да шағын және орта бизнестің экономикалық, әлеуметтік функцилары, оның дамуы ең маңыздылар қатарына жатқызып, экономиканың ажырамас бөлігі ретінде қалыптастырады. Бірақ шағын және орта бизнестің ролін таңдай отырып, оның дамуына кедергі болатын себептерді айтпауға болмайды.

Біріншіден, Қазақстан Республикасындағы күрделі экономикалық жағдай (инфляция, өндірістің құлдырауы, шаруашылық байланыстардың үзілуі, төлемеушілік, несиені пайдаланудағы жоғары пайыз, кәсіпкерлердің құқықтық қорғалуы) .

Екіншіден, кәсіптіліктің төменгі деңгейі, кәсіпкерлердің өз өздерін теңгеруі.

Үшіншіден, халықтың кәсіпкерлерге толық сенімнің болмауы.

Төртіншіден, шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдаудың әлсіздігі, тіпті, керісінше мемлекеттік органдардың жиі араласуы.

Бесіншіден, қазіргі заманға сай ақпаратардың жеткізілуі, құрал - жабдық, технологияның болмауы, күрделі есеп беру жүйесінің және арендалық төлем құнының жоғары болуы.

Сонымен кәсіпкерліктің одан ары кеңеюі мемлекеттік маңызды мәселелерінің бірі болып табылады, кәсіпкерлер мәселелерінің шешу үшін әкімшілік - ұйымдық, технологиялық, техникалық ресурстар қолданылуы қажет.

Қазіргі уақытта қалыптасқан экономикалық жағдайда мемлекеттік тікелей немес жанама қолдау көрсететін елеулі ресурстары жоқ. Сондықтан, барлық күш жағымды сыртқы ортаны қалыптастыруға бағытталуы керек. Бұл бағытты жүзеге асыру үшін келесідей шаралар қажет: заңдық және нормативтік базалар ары қарай қалыптасуы мен дамуы, өндірісті қолдайтын инфрақұрылымының барлық қажетті элементтерін қалыптастыруы, бюджеттен тыс қаражаттар есебінен кәсіпкерлікті қаржылық қолдлау аясын кеңйтуге әсер ету, тиімді инвестициялық климатты қалыптастыру, мемлекеттік бақылауды тәртіпке келтіру.

Соңғы жылдары шағын және орта бизнесті дамыту мен кәсіпкерлік қызметті қолдау бойынша бірқатар шаралар әзірлеген болатын. Ол өзінің нәтижесін берді, статистиктердің айтуы бойынша, тіркелген кәсіпкерлердің санының артуы, жұмыспен қамтылған халықтың үлесіне де әсерін тигізген. Шағын кәсіпорындардың өнім өндірудің жалпы көлеміндегі үлес салмағы артып келеді. Шағын және орта бизнестің ролінің артуын кәсіпкерлер форумының тұрақты жүргізілуі шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының құрылу, барлық екінші деңгейлі банктердің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие берудің минимал мөлшерін тағайындауы (банктің несие қоржынының негізгі қарыздан 10 % - тен аз болмау), орта және шағын кәсіпкерлікті қолдау Агегнттігінің құрылуы, шағын кәсіпкерлікті қолдау бойынша әкімдердің қызметін қатаң қадағалау, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыстарына жағдай жасау және жеңілдіктер беру.

1992 - 96 жылдары кезеңінде кәсіпкерлікті қолдау және дамыту, екі мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асыру шағын бизнестің құрылуы мен қалыптасуына негіз бола алды. Бұл кезеңде шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатындардың үлесі жалпы жұмыспен қамтылғандардың саны ішінде келесі қатынасты құрады: 1992 жылы - 6%, 1993 жылы - 4%, 1994 жылы - 4%, 1995 жылы - 5%, 1996 жылы - 5, 2%. Қызмет етуші субъетілерінің саны 24030 бірлікке дейін артты 7 . 2000 жылы тіркелгендердің саны 118429 бірлік, олардың ішінде 107134 - шағын кәсіпорындар 8 , және 59244 - қызмет етуші кәсіпорындар болды.

Сонымен, көріп отырғанымыздай, ойланып ұйымдастырылған шағын және орта бизнес саясаты стагнациялық экономикадан шығудың балама жолы бола алады, өйткені ол екі макроэкономикалық проблемелармен байланыстырады - жұмыспен қамту және өндірістің жандануы. Шағын кәсіпорындар экономикаға барлық көрсеткіштер бойынша өзгерістер алып келуі мүмкін. Өзін жұмыспен қамтуды ынталандыру және шағын кәсіпорындар ашу ең аз шығынмен жұмыссыздық мәселесінен шығатын жол ретінде қарастырылады. Соңғы он жылдықты дамыған елдердегі экономиканың даму тенденциясы шағын бизнес саласына өтумен байланысты. Осы салаға бәсекелестікті ынталандыру, кәсіпкерліктің жандануы, қоғам ресурстарын толығырақ қолдану және инновациялық процесті күшейту сияқты негізгі үміт арттырған. Батыс елдерінде шағын бизнес тиімді дамуды қамтамасыз ету және мемлекеттік экономикалық саясатты қосу саласына айналған. Мемлекеттік протекционистік шағын бизнестің нақтылануы қажет еткен, адрестілігін, жеңілдіктер тек шағын кәсіпорындарға берілетін. Шағын кәсіпорындарды ажырату барысында сандық сипаты бойынша, әр елдегі экономикалық жағдайға байланысты әр түрлі пікірлер қалыптасқан. Жалпы сипаттамасы ұйымдастырылуының қарапайымдылығы, жаңа өнім шығаруға тез бейімделе алуы, нарыққа қызмет ету, яғни нақты тапсырыстармен сатуға, сондай - ақ шағын кәсіпорындарды басқару және меншікті біріктіру дәрежесі болып табылады.

Кез келген процесс сияқты шағын және орта бизнестің дамуы мен қолдауын басқару қажет. Кәсіпкерлік басқару объектісі ретінде өзінің ерекшеліктері бар. Егер бұл сұраққа басқару қызметі жағынан келетін болсақ, онда басқарудың келесі қызметтерін көрсетуге болады:

  • жоспарлау (стратегиялық менеджмент, маркетинг стратегиясын әзірлеу, бизнес жоспарды әзірлеу) ;
  • ұйымдастыру (барлық деңгейде кәсіпкерлікті сәйкес басқару құрылымын құру) ;
  • мотивация (кәсіпкерлік белсенділікті ынталандыратын механизмді қалыптастыру) ;
  • бақылау (жоспарланған істерден ауытқуды анықтау және сәйкес түзетулер енгізу) ;

Осы орайда ұсынғым келіп отырғаны мәні - шағын кәсіпкерліктің экономика жағдайын жақсарту үшін ірі ағымы бар екенін көрсететін, экономиканы дамыту үшін кәсіпкерлік модельді ұстану. Осы теорияға сәйкес мемлекет кәсіпкерлік белсенділікті тиімді, әрі икемді ынталандыру әдісін табуы қажет 9 . Сәйкес мемлекеттік саясат қоғамдағы кәсіпкерлік климатты өзгерте алады ма деген? Бұл сұраққа жауап оң болады. Тек бұл үшін, мемлекет жаңа кәсіпорындар ашуды ынталандыратын, кәсіпкерлікті қолдау саясатын жүргізуі тиіс. Және де бұл көп қырлы қолдау кәсіпорынның даму жағдайы мен кезеңіне байланысты әр түрлі сипатта болуы қажет. Себебі, қай құрылған және тоқырау алдында тұрған кәсіпорындар қолдаудың әр түрлі тәсілдерін қажет етеді.

1. 2. Нарықтық экономикасы бар елдердің шағын және орта бизнесті дамытудағы тәжірибесі.

Көптеген шетел мемлекттерінің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, шағын бизнеске байланысты мемлекеттік саясат маңызды өз бетінше жүйелік бағыт болып табылады. Ұйымдық құрылымдарды және шағын кәсіпкерлікді қолдау механизмдерін басқа мемлекеттерде зерттеу қандай да болмасын ұлттық ерекшеліктерге қарамастан барлық сипаттамаларға анықтауға мүмкіндік береді. (кесте №1)

кесте №1

Дамыған мемлекеттер тәжірибесі
ҚР деңгейін бағалау
№: 1
Дамыған мемлекеттер тәжірибесі: Мемлекттік саясат мақсаттарын анықтайтын кәсіпкерлік қызметті қолдау сұрақтарын реттейтін әлеуметтік құқықтық актілер болуы.
ҚР деңгейін бағалау: Даму үстінде
№: 2
Дамыған мемлекеттер тәжірибесі: Мемлекеттік қаржылық, технологиялық, ақпараттық, кеңістік және кадрлық мемлекеттік жобалардың жүйесін құрастыру және жүзеге асыру
ҚР деңгейін бағалау: Даму үстінде
№: 3
Дамыған мемлекеттер тәжірибесі: Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың тікелей және жанама шараларының байланысы
ҚР деңгейін бағалау: Жоқ
№: 4
Дамыған мемлекеттер тәжірибесі: Әр түрлі деңгейдегі бюджеттерден шағын кәсіпкерлікті қолдау жобаларын жүзеге асырудың ассигновациясын анықтау
ҚР деңгейін бағалау: Даму үстінде
№: 5
Дамыған мемлекеттер тәжірибесі: Шағын бизнес саласындағы барлық міндеттерді міндеттерді реттейтін дамыған арнайы мамандандырылған мемлекеттік мекемелердің болуы
ҚР деңгейін бағалау: Жоқ
№: 6
Дамыған мемлекеттер тәжірибесі: Орталық, аймақтық және жергілікті билік органдарының функцияларын өзара рационалды бөлу
ҚР деңгейін бағалау: Даму үстінде
№: 7
Дамыған мемлекеттер тәжірибесі: Мемлекеттік билік органдарының шағын бизнес мүдделерін қорғайтын ұйымдармен өзара қарым - қатынасы
ҚР деңгейін бағалау: Жоқ
№: 8
Дамыған мемлекеттер тәжірибесі: Шағын бизнес саласындағы мемлекеттік саясатты өзара қарым - қатынасты қолдауға бағытталған
ҚР деңгейін бағалау: Даму үстінде

Үлестерден көріп отырғанымыздай шағын бизнесті дамыту үшін Қазақстан шағын бизнесті басқару процесін жетілдіруге көп күш жұмсау қажет. Шетелдік мамандардың айтуы бойынша қазіргі бизнес ішкі және сыртқы факторлардың әсеріне тәуелді.

Бизнестің ішкі және сыртқы ортасын сараптаудан екі факторды есепке алған жөн: ішкі және сыртқы ықпалдардың көлемі және ортаның өзгеру деңгейі. Кәсіпкерлікке барлық сыртқы ықпалдарды өз кезегінде макроэкономикалық және салалық деп бөлуге болады.

1 - сурет. Ортаның бизнеске макроықпалы

Экономикалық

факторлар

Бизнесті мемлекеттік реттеу
Экономикалықфакторлар:
:
: Ортаның бизнеске макро ықпалы
:
Бизнесті мемлекеттік реттеу:
Экономикалықфакторлар: Әлеуметтік факторлар
:
:
:
Бизнесті мемлекеттік реттеу:

Технологиялық

факторлар

Экономикалықфакторлар:
:
: Ресурстық факторлар
:
Бизнесті мемлекеттік реттеу:

Ішкі немесе бақыланатын факторларға кәсіпорын қызметіне байланысты факторларды жатқызады. Енді әртүрлі тәжірибесіне келейік.

АҚШ - ғы шағын бизнес .

Әдетте америкалық фирмалардың көлемі жұмысшылардың санымен бағаланады: өте ұсақ фирмалар - 20 адамға дейін жұмысшылары бар, шағын 20-дан 99 адамға дейін, орташа 100-ден 499-ға дейін, ірі 500 адамнан көп (2 сурет) . Көрсеткіштерді салалар бойынша құрады: бөлшек саудада 100 жұмысшысы бар, өңдеу саласында 500-ге дейін жұмысшылары бар фирмалар шағынға жатады.

2 - сурет. АҚШ-ғы әртүрлі деңгейдегі фирмалардың саны

Фирма көлемі
Фирма саны
Фирма көлемі: Ірі
Фирма саны: 1000
Фирма көлемі: Орташа
Фирма саны: 134000
Фирма көлемі: Шағын
Фирма саны: 2
Фирма көлемі: Шағын кеңселер
Фирма саны: 3

АҚШ тәжірибесі көрсетіп отырғандай, шағын және орта бизнес ортаның өзгерісіне тез бейімделгіш. Шағын кәсіпорындардың жаппай ликвидациясы кәсіпкерлерге кері әсерін тигізбейді. Жұмысшы күшінің және капиталдың территориялық және саналық ағымы жақсарады, тұтынушы сұранысының және жоғары өндіріс шағындарының өзгеруіне өндіріс қимылының жеделдігі жоғарылайды. Бір шағын кәсіпорындар жабылса, екінші біреулері ашылады.

Қазіргі уақытта АҚШ халқының 53 % шағын және орта бизнес саласында жұмыс істейді. АҚШ тәжірибесі шағын бизнес ірі өндірістің өзгерістерге, жаңа міндеттемелерге бейімделуін және икемділігін көтеретіндігін көрсетіп отыр.

Енді АҚШ-та шағын кәсіпорындарға мемлекет тарапынан көмекке келейік. Шағын кәсіпорындардың қызметі арнайы ұйымының - 1953ж АҚШ Конгресі құрған шағын бизнес әкімшілігінің құзырына кіреді. Сол жеке сектордың құқықтық негізгі болып табылатын шағын бизнес туралы Заң қабылданды. 1953ж Эйзенхаур президент болған кезде елде жұмыссыздық және инфляция болатын. Экономиканы жандандыру үшін - шағын бизнес әкімшілігін (ШБӘ) құрды. Ол өз қызметтерін дұрыс атқарды. Қазіргі уақытта АҚШ-та шағын бизнесте 22 млн кәсіпорын бар, онда елдегі барлық жұмысбастылардың 54 % қызмет етеді. Шағын бизнес кәсіпорындарының өндіріс және сату көлемі жалпы мемлекеттегі сату көлемінің 52 % құрайды, және 99, 7 % кәсіпкерлер - бұл шағын бизнес басшылары. Шағын бизнес әкімшілігі - шағын кәсіпорындарға қаржылық және кеңестік көмек көрсетеді. Басты міндеті - шағын кәсіпкерлікті ұйымдастыру, қолдау және өмір сүруін қамтамасыз ету. ШБӘ өз қызметін басқа агенттіктер мен комитеттер, соның ішінде қаржы, білім, кәсіби ассоциациялар мен бірігіп отырып жүзеге асырады. Мемлекет өнімнің ірі тұтынушыларының бірі болғандықтан шағын бизнес әкімшілігі шағын кәсіпорындарға мемлекетпен мәміле орнатуға көмектеседі. Әйел, мүгедек, ардагер - кәсіпкерлерге ерекше назар аударады. шағын бизнес әкімшілігі 5 мың адам жұмыс істейді, оның 4 мыңы Вашингтоннан тыс жерлерде. Ұйымның 10 аймақтық орталығы және 66 территориялық бөлімшелері бар. Олардың арасындағы байлаиыс аудан - аймақ - орталық тізбегі бойынша жүзеге асады. АҚШ-ғы шағын бизнес қоғамдағы ресми белсенділікті сақтау үшін маңызды болып табылады.

Америкалық тәжірибе көрсетіп отырғанындай кәсіпкерлік еркіндігін шектейтін кез келген үкіметтік немесе басқа да шектеулер ресми белсенділікті төмендетеді. Сондықтан шағын бизнестің барлық мүдделері АҚШ конгресінің бақылауында. Сонда да ерекше ролді шағын бизнес әкімшілігі шеңберіндегі жобалар ойнайды. Мысалы, шағын бизнеспен айналысқысы келетіндер үшін арнайы қызмет қарастырылған, олар тегін кеңестер береді, конференциялар ұйымдастырады, кездесу және семинарлар өткізеді. Оның үстіне, шағын бизнес бизнес - инкубатордың бастауымен ақпарат беру, кәсіпкерлерді оқыту және оларға әр түрлі сұрақтар бойынша кеңес берумен айналысатын орталықтар ұйымдастырылған.

Бұдан басқа, 1976 ж. арнайы шағын бизнес мүдделер қорғайтын Адвокаттық кеңсе құрылды, ол тікелей Президент пен Сенатқа бағынады. Адвокаттық кеңсе негізгі міндеттері:

  • мемлекеттік заңдардың, жобалардың, ережелер мен салықтардың шағын бизнестің дамуына әсерін зерттеу.
  • Шағын бизнеске әсер ететін факторларға экономикалық және статистикалық зерттеулер жүргізу, шағын бизнес потенциалын бағалау, шағын бизнес мәселелері мен қажеттіліктерін зерттеу т. б.

Қазақстандық тәжірибеде шағын бизнеске көмектесудің «инкубаторлық» жобасын қолданған жөн. «Инкубатор» термині алғаш кәсіпкерлікпен айналысушыларға көмек көрсету мақсатында университет, ұйымдар, кампаниялар, федералдық үкімет органдары жандарына ашылған ұйымдарға қолданылады. «Инкубатордың» басты міндеті - шағын, әсіресе иннновациялық бизнесті алғашқы қолдау. Инкубаторлар жанынан құрылған кәсіпорындар тәжірибе жинайды, одан ары даму үшін көмек алады, нарықтағы өз орындарын бекітеді. Дамудың белгілі бір деңгейіне жеткеннен соң, әдетте үш жылдан соң, фирмалар бизнес - инкубаторлардан шығып өз бетінше қызмет етеді. Ал босаған орындарға бизнесті нөлден бастап жатқан жаңа фирмалар келеді.

Әдетте бизнес - инкубаторлар бірнеше жаңа бастаушы орналасқан арнайы ғимараттарда орналасқан. Олар ғимарттар мен құрал - жабдықтарды бірігіп қолданып ғана қоймайды, сонымен бірге бизнес-инкубатор көрсететін барлық қызметтерге, бизнес кеңестерге қол жеткізе алады. Кейбір қызмет түрі, аренда құнына қосылған, көрсетілетін қызметтердің басқа түрлерінің бағасы төменірек.

Бизнес - инкубатордың негізгі ресурстарына келесілер жатады:

а) бизнес- инкубаторлар персоналы, соның ішінде кеңес берушілер;

б) құрал - жабдықтар, соның ішінде ұйымдастыру техникалары (көшірме машиналары, факс, компьютерлер т. б. ) ;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ өнері мен мәдениеті меценаттардың қолдауына қашанда зәру
Салық жүйесін реформалау
Астана қаласына теміржолшылар балаларының келуін ұйымдастыру
Туризм менеджменті
Кәсіпкерлікті қолдау бойынша кәсіпкерлердің ұлттық палатасымен және басқа да ұйымдармен ынтымақтастықты күшейту бойынша ұсыныстар дайындау
Кәсіпкерлікті ұйымдастыру мен дамыту
Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуы
Халықаралық кәсіпкерлік қызмет: табиғаты, нысаны, ерекшелігі
Қазақстан Республикасында салықтық әкімшілік ету механизімін жетілдіру
Қазақстан Республикасында салықтық әкімшілік ету механизмін ұйымдастырудың теориялық және әдістемелік ережесін анықтап, салық әкімшілігінің экономикалық категория ретінде мазмұнын, мақсатын және мүдделі міндеттерін ашу және салықтық әкімшілік ету механизімін жетілдіру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz