Алғашқы дәрігерлік көмек туралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
АЛҒАШҚЫ КӨМЕК
Алғашқы медициналық көмек оқыс оқиға болған орында зардап шеккен немесе күрт науқастанған адамға "жедел жәрдем" келгенге дейін алғашқы медициналық ем шараларын жасауды қарастырады. Алғашқы медициналық көмек жәбірленуші қандай жарақат алуына қарай көрсетіледі.
Қан кету кезінде
Артериялық қан кету кезінде қан алқызыл түсті болады. Артериялық қан кету ең қауіпті жағдайдың бірі. Себбебі адам аз уақыт ішінде көп қан жоғалтуы және бұл өлімге әкелуі мүмкін. Тез арада қан кетуді тоқтату шараларын қабылдау керек.
Артериалық қан кету кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету барысында мыналарды орындау қажет:
жарақаттан сәл жоғары тұстағы тамырды үлкен саусақпен басу арқылы қанды тоқтатуға немесе қан ағуын баяулатуға тырысу керек;
резеңке немесе қолдан жасалған кез келген бұраумен (мысалы, белдік, арқан және басқа) жараның жоғарғы жағындағы артерияны байлау керек, бұл қан жоғалтуды төмендетеді;
бұрау қай уақытта салынған жазып қою;
жарақатты таңу;
зардап шеккен адамға көмек көрсеткеннен кейін оны мамандандырылған медициналық мекемеге (аурухана немесе емхана) жеткізу керек.
Ал көктамырдан қан кеткенде қанның түсі қою қызыл болады. Алайда ірі көктамырдан қан кетсе және дер кезінде көмек көрсетілмесе, бұл да адамның өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Көктамырдан қан кеткенде алғашқы көмек көрсету барысында мыналарды орындау керек:
зақымдалған тұсты жоғары көтеру;
зақымдалған қантамырдың жұмсақ қабырғаларын қысып тұратын таңғыш байлау;
зардап шеккен адамды денсаулық сақтау мекемесіне жеткізу.
Сүйек сынғанда
Барлық сынық кезінде алғашқы көмек бірдей болады және сүйектің тұтастығын қалпына келтіруге, қан кетуді тоқтатуға, жараны антисептикалық өңдеуге, аяқ-қолды иммобилизациялауға бағытталған. Науқасқа көмек көрсету кезінде мыналарды қамтамасыз ету қажет:
тыныштық;
зақымдалған дене бөліктерін қозғамау;
салқын ауа;
Алғашқы көмек көрсеткенде науқастың қосымша ауырсынуына жол бермеу керек. Науқасты медициналық көмек көрсету үшін медициналық мекемеге өте мұқият жеткізу қажет.
Улану кезінде
Улы газбен улану
Жәбірленушіге уақытылы алғашқы медициналық көмек көрсету өте маңызды. Ол үшін:
Зардап шегушіні тез арада ғимараттан (бөлмеден) таза ауаға шығару керек. Егер бұл мүмкін болмаса, оған газдан қорғайтын аспап немесе оттегі жастықшасын кигізу керек;
Тыныс алуын жеңілдетіп, тыныс алу жолдарын құсықтан, сілекейден босату керек, тар киімді шешіп, тілін жұтып қоюының алдын алу үшін бүйірімен жатқызу қажет;
Тыныс алуын қалпына келтіру үшін мүсәтір спиртін иіскету керек. Ауа температурасы төмен болса, аяқ-қолын ысқылау қажет.
Зардап шеккен адамның жағдайы сіздің ойыңызша жақсы болғаннын күннің өзінде тез арада жедел жәрдем шақыру керек. Дер кезінде көрсетілген дәрігер көмегі кейіннен пайда болуы мүмкін асқынулардың алдын алады.
Жәбірленушінің жағдайы ауыр болса, өз бетіңізше оны қолдан дем алдырып, жүрек тұсыну массаж жасаңыз.
Алкогольмен улану
Алкогольмен улану кезінде келесі әрекеттерді орындау керек:
2-3 литр сұйықтықтың (қайнаған су, тұз немесе сода ерітіндісі, "Регидрон") көмегімен асқазанын шаю;
Құсқысы келсе, оның ыңғайлы күйде болуын қамтамасыз ету. Себебі зардап шеккен адам құсыққа тұншығып қалмауы керек;
Адамның есін біліп, отырған күйде болуын, жатып қалмауын қадағалау;
Ағзаны токсиндерден тазарту үшін энтеросорбенттер (белсендірілген көмір, Энтеросгель, Смекта, Полисорб) беру маңызды.
Адам есінен танып қалса, жедел жәрдем шақыру керек.
Тамақтан улану кезінде
Тамақтан улану кезінде көрсетілетін алғашқы көмек келесіні қамтиды:
Асқазанды шаю. Тамақтан уланған кезінде асқазаннан улы тағамды шығару қажет. Ол үшін сода ерітіндісін дайындау керек (1,5 - 2 литр қайнаған жылы суға 1 ас қасық соданы еріту). Ерітіндіден аздап ішіп, содан кейін көмекейге дейін екі саусақты салу арқылы құсу рефлексін тудырады. Осы әркетті бірнеше рет қайталаңыз.
Сорбенттерді қабылдау. Сорбенттерге токсиндерді белсенді сіңіріп, олардың қанға сіңуіне жол бермейтін дәрілер жатады. Ең танымал сорбент - белсендірілген көмір. Қабылданатын көмір дәрісінің саны адамның дене салмағына қарай есептеледі (дене салмағының 10 килограмына 1 дәрі есебімен). Қазіргі заманғы басқа да сорбенттердің қатарында Энтеросгель, Лактофильтрум, Смекта, Зостерин сынды препараттар бар. Оларды нұсқаулыққа сәйкес қабылдау керек.
Сұйықтықты көп ішіңіз. Құсу және диарея ағзадағы сұйықтықтың көп мөлшерін жоғалтуға ықпал етеді. Уланған жағдайда тәулігіне 2-3 литр қайнатылған су ішу керек. 1 литр суға 1 ас қасық ас тұзы есебімен суды тұздаған дұрыс. Сондай-ақ, "Регидрон" секілді арнайы регидратациялық тұз ерітінділерін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жедел медициналық көмек
Бейбітшілік уақытындағы төтенше жағдайдағы медициналық көмекті ұйымдастыру
Отбасылық дәрігерлік амбулатория туралы ереже
Медициналық көмек және медициналық қызмет
Алғашқы дәрігерлік көмек
Медициналық құқық бұзушылықтардың объективтік белгілері
Халыққа амбулаториялық көмек көрсету
Медицина қызметкерінің мәденилігі
Жасөспірімдердің кәсіптік бағдарларының медициналық аспектілері
Медициналық қылмыстық құқық бұзушылық саласындағы қылмыстардың криминологиялық сипаттамасы
Пәндер