ДИСПАНСЕРЛІК НАУҚАСТАРДЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫ ТІРКЕЛІМІ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

ДИСПАНСЕРЛІК НАУҚАСТАРДЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫ ТІРКЕЛІМІ

едициналық ұйымдардың «Емхана» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі

«Емхана» порталы медициналық ұйымдардан келген ақпараттарды, оның ішінде балалар мен ересектерге профилактикалық медициналық тексерулер (скринингтер) жүргізу бойынша ақпараттарды сақтау және есеп құжаттарын алу мақсатында «Амбулаториялық науқастың статистикалық картасы» 025-5/у нысанын, «Баланы Профилактикалық Медициналық тексерудің (скрининг) статистикалық картасы» 025-7/у нысанын, «Ересектерге профилактикалық тексерулер жүргізуге арналған амбулаториялық пациенттің статистикалық картасы» 025-8/у нысанын автоматты енгізу және өңдеу үшін тағайындалған.

«Емхана» порталының компоненттері қолданылатын автоматтандыру объектілерінің тізбесі Денсаулық сақтау министрлігін, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың Денсаулық сақтау басқармаларын, амбулаториялық-емханалық ұйымдарды, консультациялық-диагностикалық орталықтарды, «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК аумақтық филиалдарын және басқа да мүдделі ведомстволарды қамтиды.

Жүйеге кіру https://www. eisz. kz сілтемесі бойынша Бірыңғай Авторлану нүктесі арқылы жүзеге асырылады.

«Амбулаториялық-емханалық көмек порталы» ақпараттық жүйесінің «Амбулаториялық деңгейде көрсетілетін қызметтердің электрондық тіркелімі» модулі

Аталған жүйе пациент туралы дербестендірілген деректерді құру үшін, оның амбулаториялық-емханалық ұйымдарға баруы туралы мәліметтерді жинау үшін тағайындалған. Жүйе үшін автоматтандыру объектісі амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау медициналық ұйымдарының қызмет саласы болып табылады.

Осы кезде жүйеде «Электрондық Үкімет» порталы арқылы «Дәрігердің қабылдауына жазылу» және «Дәрігерді үйге шақыру» мемлекеттік қызметтерін алу мүмкіндігі бар.

Жүйеге кіру https://www. eisz. kz сілтемесі бойынша Бірыңғай Авторлану нүктесі арқылы жүзеге асырылады.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек тарифіне қосымша компонент

Порталдың тағайындалуы МСАК ұйымдарын қол жеткізген нәтижелері үшін, медициналық қызметкерлерді материалдық көтермелеуге, оларды кәсіби оқытуға бағыттап қаржыландыру үшін жан басына шаққандағы нормативтің ынталандырушы құрамын анықтаудан тұрады. Портал әр өңір бөлінісінде МСАК ұйымдарының индикаторлары жүйесінің баллдары құнын есептеуді автоматтындыру, МСАК тарифіне қосымша компонент сомасын есептеу негізінде анықтау үшін тағайындалған.

Жүйені құру және енгізудегі басты мақсат бастапқы денсаулық сақтау деңгейінде халыққа көрсетілетін емдеу-профилактикалық көмектің сапасын арттыру болып табылады.

Портал жұмысының негізгі нысаналы көрсеткіштері:

- ана мен бала өлімі көрсеткіштерін төмендету;

- көзге көрінетін онкологиялық ауруларды ерте анықтау. Туберкулезбен күресу;

- емдеуге жатуды төмендету, сырқаттану кезінде МСАК деңгейінде реттелетін тұрақты өмір сапасымен қамтамасыз ету;

- бастапқы және стационарлық деңгейлері арасында медициналық көмек көрсету сабақтастығын қамтамасыз ету;

-әлеуметтік бағытталған медицинаны дамыту.

Жүйеге https://skpn. eisz. kz сілтемесі арқылы кіреді.

«Жүкті және фертильдік жастағы әйелдер тіркелімі»

«Жүкті және фертильдік жастағы әйелдер тіркелімі» ақпараттық жүйесі

«Жүкті және фертильдік жастағы әйелдер тіркелімі» ақпараттық жүйесін (ЖжФЖӘТ) құрудағы мақсат жүкті және фертильдік (ұрпақты болу) жасындағы әйелдердің денсаулығы көрсеткіштерін мониторингілеу мақсатында топтарын анықтап, жүргізу болып табылды. Жүйе қолданушылары амбулаториялық деңгейдегі медициналық ұйымдар болып табылады (акушер-гинекологтар, терапевтер) .

«ЖжФЖӘТ» АЖ негізгі функциялары:

- «Жүкті және босанатын әйелдің жеке картасы» есеп нысанының негізінде жүкті әйелдердің топтарын жүргізу;

- фертильдік жастағы әйелдердің топтарын жүргізу;

- шығармалы нысандарды қалыптастыру.

Жүйеге кіру https://www. eisz. kz сілтемесі бойынша Бірыңғай Авторлану нүктесі арқылы жүзеге асырылады.

«Жіті коронарлы синдром тіркелімі»

«Жіті коронарлы синдром тіркелімі» ақпараттық жүйесі

«Жіті коронарлы синдром тіркелімі» ақпараттық жүйесі («ЖКСТ» АЖ) жүрек-қан тамырлары жүйесінің аурулары бар пациенттерді тіркеу үшін, оларды әрі қарай бақылау үшін және диагностикалау мен емдеу хаттамалары алгоритмінің бұзушылықтарын анықтау және тіркеу, басқарушылық шешімдерді жедел қабылдау мақсатында статистикалық және талдамалық есептілікті құру үшін тағайындалған.

«ЖКСТ» АЖ негізгі функциялары:

- стационарлық деңгейде жүрек-қан тамырлары жүйесінің аурулары бар пациенттің картасын жүргізу;

- амбулаториялық деңгейде жүрек-қан тамырлары жүйесінің аурулары бар пациенттің картасын жүргізу;

- статистикалық және талдамалық кестелерді құру.

Жүйеге кіру https://www. eisz. kz сілтемесі бойынша Бірыңғай Авторлану нүктесі арқылы жүзеге асырылады.

«Стационарлық науқастардың электрондық тіркелімі» ақпараттық жүйесі

«Стационарлық науқастардың электрондық тіркелімі» ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - СНЭТ АЖ) стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмек көрсету деңгейі туралы оперативтік, статистикалық және талдамалық есептілікті алу мақсатында көрсетілген медициналық қызметтер үшін стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмекті қаржыландыруға қежетті емделген жағдайлар туралы барлық ақпаратты, нақты айтқанда стационардан шыққан адамның статистикалық карталардың және шығару эпикриздерің көлемі, өзекті ақпаратқа қолжетімділік туралы мәліметтерді қамтитын бірыңғай, орталықтандырылған, ақпараттық деректер базасын құру үшін деректерді жинау жеделдігін қамтамасыз етуге арналған.

СНЭТ АЖ құрудың басты мақсаты:

- стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмек бойынша емделген жағдайлар туралы ақпаратты жинау, толық және дұрыс болу жеделдігін арттыру;

- төсек-қоры жұмысының тиімділігін жоғарылату;

- медициналық көмек жабдықтаушылары үшін емделген жағдайлар құнын құру айқындылығы, нәтижелерді қаржыландыру сияқты Бірыңғай денсаулық сақтау жүйесінің қағидаттарын іске асыру.

мекенжайы: https://ersb. eisz. kz/

«Медициналық қызметтердің сапасын басқару жүйесі» ақпараттық жүйесі:

«Медициналық қызметтердің сапасын басқару жүйесі» ақпараттық жүйесі заманауи ақпараттық технологияларды, жүйелі технологиялық және ұйымдастыру-басқарушылық әдістемелерді, сондай-ақ басқару органы мен денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарына және басшылығына ақпаратты ұсыну, енгізу, беру, талдау, өңдеу операцияларын орындау мақсатында қолданылатын есептеуіш техника құралдарын пайдалану негізінде ұсынылатын медициналық қызметтерді жоспарлау, есепке алу, талдау және басқару (ұйымдастыру), сонымен қатар сапасын бақылау бойынша басқарушы органдары мен денсаулық сақтау ұйымдарының жекеленген мамандарының және басшылықтың, құрылымдық бөлімшелердің функцияларын ақпараттық қамтамасыз ету үшін тағайындалған.

https://sukmu. eisz. kz

«Дәрілік қамтамасыз ету» ақпараттық жүйесі жөніндегі анықтама

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 24 қаңтардағы №37 бұйрығымен Қазақстан Республикасының аумағында амбулаториялық деңгейде ТМККК көрсететін амбулаториялық-емханалық және дәріханалық ұйымдарының бірлесе қолдануына «Дәрілік қамтамасыз ету» ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - ДҚАЖ) ұсынылып, енгізілген болатын.

ДҚАЖ басты міндеттері:

- жұмыс орындарында дәрігерлердің рецептілерді жазып беруін іске асыру;

- амбулаториялық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың және тегін дәрілік қамтамасыз ететін дәріхана ұйымдарының өзара іс-қимыл жасауын іске асыру;

- дәріхана ұйымдарында ДЗ мен ММБ тегін қамтамасыз етуді есепке алу;

- Есептік ақпаратты алу үшін Жүйеге енгізілетін деректерді алу мүмкіндігін жүзеге асыру болып табылады.

ДҚАЖ негізгі қолданушылары рецептіні жазып беретін медициналық ұйымдар және рецептілермен қамтамасыз етуге қатысатын дәріхана ұйымдары.

https://islo. eisz. kz/

Бекітілген халық тіркелімі (БХТ)

Ақпараттық жүйенің тағайындалуы.

БХТ АЖ тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін әр денсаулық сақтау ұйымына бекітілген халықтың нақты саны туралы орталықтандырылған ақпараттық деректер базасын құру, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдарының туу туралы, қайтыс болу/ перинаталдық өлім туралы медицитналық куәліктерді тіркеуі үшін тағайындалған. Бұл ретте, медициналық көмекті мемлекеттік, сонымен қатар ТМККК шеңберінде медициналық көмек көрсетуге уәкілетті органмен шарттық қатынастары бар жемекеншік медициналық ұйымдарда да алуға болады.

Автоматтандыру объектілерінің тізбесі:

- Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі;

- денсаулық сақтау ұйымдары;

- «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК және оның филиалдары.

Нормативтік құжаттар:

- «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексі (өзгерістермен және толықтырулармен) ;

- «Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м. а. 2011 жылғы 5 қаңтардағы № 7 бұйрығы (өзгерістер мен толықтырулармен) ;

-«Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м. а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығы;

-«МСАК көрсету қағидаларын және Азаматтарды МСАК ұйымдарына бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 281 бұйрығы;

- «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 591 бұйрығы;

- «Көшіп келушілерге медициналық көмек көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 665 бұйрығы;

-«Босқындарға, сондай-ақ баспана іздеп жүрген адамдарға барынша дәлелденген тиімділігі бар профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық қызметтер көрсету қағидаларын мен көлемін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 368 бұйрығы.

Ақпараттық жүйеде авторлану: www. eisz. kz сілтемесі арқылы

«Диспансерлік науқастардың электрондық тіркелімі» ақпараттық жүйесінің «Туберкулезбен науқастардың ұлттық тіркелімі» қосалқы кіші жүйесі

Жүйе диспансерлік есепке алынған, есептен шығарылған және есепте тұрған туберкулезбен науқастар туралы деректерді жинау және өңдеу үдерісін автоматтандыру үшін тағайындалған.

Аталған ақпараттық жүйе екі бөлімге бөлінген (ұйым түріне қарай) : Азаматтық сектор және Пенитенциарлық сектор.

ТНҰТ порталының құрылымы келесідей негізгі компоненттерден тұрады:

  1. «Клиникалық жұмыс» - пациент бойынша ақпараттарды енгізу және қарау үшін тағайындалған, ол келесі функцияларды атқарады:
  • ТБ 16 -диспансеризация туралы мәліметтер;
  • ТБ 01 - туберкулезбен науқастың картасы;
  • IV санаттағы ТБ 01- IV санаттағы туберкулезбен науқастың картасы.
  1. «Зертхана» - жүргізілген зертханалық зерттеулер бойынша ақпараттарды енгізу үшін тағайындалған.
  2. «Есептер» - Облыстар, өңірлер, МҰ бөлінісінде статистикалық, талдамалық шығармалы нысандарды қалыпастару үшін тағайындалған.
  3. «Әкімшілендіру» - қолданушылардың қолжетімділік құқықтарын басқару, жүйе конфигурациясын баптау үшін тағайындалған.

ТНҰТ порталы РБЖ, БХТ, ЖШНҚК ақпараттық жүйелерімен өзара іс-қимыл жасайды.

Жүйеге кіру https://www. eisz. kz сілтемесі бойынша Бірыңғай авторлану нүктесі арқылы жүзеге асырылады.

«Диспансерлік науқастардың электрондық тіркелімі» ақпараттық жүйесінің «Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі бар науқастарды есепке алу» қосалқы кіші жүйесі

Гемодиализге мұқтаж науқастарды және бар өмірінде қолдаушы иммуносупрессивті терапияға мұқтаж бүйрегін алмастырған науқастарды диспансерлік бақылау жөнінде деректерді жинау және өңдеу үдерісін автоматтандыру үшін тағайындалған.

Жүйенің құрылымы келесідей негізгі компоненттерден тұрады:

1. «Бақылау картасы» - пациент бойынша ақпаратты енгізу және қарау үшін тағайындалған, ол келесі функцияларды атқарады:

- гломерулярлы аурулары бар, оның ішінде созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастар тіркелімін құру және жүргізу;

- гемодиализ қабылдайтын науқастардың тіркелімін құру және жүргізу;

- бүйрегі алмастырылған науқастардың тіркелімін құру және жүргізу.

  1. «Талдамалық кестелер» - Облыстар, өңірлер, МҰ бөлінісінде статистикалық, талдамалық шығармалы нысандарды қалыпастару үшін тағайындалған.
  2. «Әкімшілендіру» - қолданушылардың қолжетімділік құқықтарын және есеп жазбасын басқару үшін тағайындалған.
  3. «Гемодиализ рәсіміне арналған ДСБ хаттамалары» - пациентті бағдарламалық гемодиализге ауыстыру туралы ДСБ комиссиясының хаттамалық шешімдерін бекіту үшін тағайындалған.

Жүйеге кіру https://www. eisz. kz сілтемесі бойынша Бірыңғай авторлану нүктесі (БАН) арқылы жүзеге асырылады.

«Емдеуге жатқызу бюросы»

Емдеуге жатқызу бюросы (бұдан әрі - ЕБ АЖ) Қазақстан Республикасының аумағында жоспарлы науқастарды емдеуге жатқызу үдерісінің қатысушыларын стационарлардағы бос төсек-орын туралы; стационарларға емдеуге жатқызылған пациенттер туралы немесе емдеуге жатқызудан бас тартулар туралы ақпаратпен қамтамасыз ету үшін тағайындалған. Қазақстан Республикасының халқына Порталдағы ақпаратты жасырын түрде көру үшін стационардағы бос төсек-орындар туралы білу және жоспарлы емдеуге жатуға күту парағын қарау мүмкіндігі беріледі. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде медициналық көмек алуға азаматтардың құқықтарын іске асыру үшін, Қазақстан Республикасының азаматы медициналық-саниятарилық алғашқы көмек (МСАК) ұйымына бекітілуі қажет.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Ресурстарды басқару жүйесі» ақпараттық жүйесі

Портал материалдық және кадрлық ресурстар бөлінісінде денсаулық сақтау ұйымдары қызметін жоспарлау, мониторингілеу, есепке алу және талдау бойынша денсаулық сақтау ұйымдарының мамандары орындайтын міндеттерді автоматтандыру үшін тағайындалған.

Жүйе денсаулық сақтау мамандарының ресурстарды есепке алу үдерісінде орындалатын фукцияларын автоматтандыруды көздейді, оны келесі қызмет түрлері бойынша жіктеуге болады:

- ақпараттық-есептеуіш: деректер ауқымын жинау және жүргізу, өтінім бойынша ақпарат алу және ҚР БҰДСЖ компоненттерін ұсыну, тиісті есеп құжаттарын дайындау, қажетті есептерді орындау, іскерлік және тұрақты қызметті автоматтандыру;

- басқарушылық: саланы білікті кадрлармен және заманауи материалдық ресурстармен қамтамасыз етумен байланысты мамандардың қызметін жоспарлау, жоспардың орындалуын және сапасын бақылау, біртиптік міндеттерді шешумен байланысты түрлі денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін үйлестіру, реттеуші нормативтік актілерге сәйкес кейбір міндеттердің үлгілік шешімін ұсыну.

Автоматтандыру объектілерінің тізбесі.

  • Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі;
  • Денсаулық сақтау басқармасы;
  • Медициналық ұйымдар;
  • ҚР ДСМ «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК және оның филиалдары.

Ақпараттық жүйеде авторлану:

Мына мекенжай бойынша: www. eisz. kz

«Диспансерлік науқастардың электрондық тіркелімі» ақпараттық жүйесінің «ПСИХИКАЛЫҚ НАУҚАСТАР ТІРКЕЛІМІ» қосалқы кіші жүйесі

Жүйе диспансерлік есепке алынған, есептен шығарылған және есепте тұрған психикалық бұзушылықтары бар науқастардың деректерін жинау және өңдеу үдерісін автоматтандыру үшін тағайындалған. Тіркелім психикалық бұзушылықтары бар науқастардың сырқаты, мүгедектігі, өлім-жітімі және емдеу-профилактикалық шаралардың тиімділігі туралы дұрыс ақпарат беруге мүмкіндік береді.

ПНЭТ порталының құрылымы келесідей негізгі компоненттерден тұрады:

  1. «Бақылау картасы» - психикалық бұзушылықтары бар адам бойынша ақпаратты енгізу және қарау үшін тағайындалған.
  2. «Есептер» - Республика, облыстар, өңірлер және МҰ бөлінісінде статистикалық және талдамалық шығармалы нысандарды құру үшін тағайындалған.
  3. «Әкімшілендіру» - есеп жазбаларын көрсету үшін тағайындалған.

Жүйеге кіру https://www. eisz. kz. сілтемесі бойынша Бірыңғай Авторлану нүктесі арқылы жүзеге асырылады.

«Дәрілік қамтамасыз етуді басқару, дәрілік заттарды мониторингілеу жүйесі» ақпараттық жүйесі (ДҚБЖ)

https://sulo. eisz. kz

Жүйені құрудағы мақсат:

- Қазақстан Республикасында тіркелген және медициналық мақсатта қолдануға рұқсаты бар дәрілік заттар (ДЗ), медициналық мақсаттағы бұйымдар (ММБ), медициналық техника (МТ) туралы деректердің бірыңғай базасын құру (Дәрілік заттардың мемлекеттік тіркелімі) ;

- Қазақстан Республикасында тіркелген және медициналық мақсатта қолдануға рұқсаты бар ДЗ, ММБ және МТ бірыңғай мемлекеттік есепке алуды қамтамасыз ету.

Мемлекеттік тіркелім Қазақстан Республикасында тіркелген және ҚР аумағында медициналық мақсатта қолдануға және іске асыруға рұқсат алған барлық отандық және шетелдік ДЗ, ММБ, МТ туралы толық ақпаратты қамтиды.

Мемлекеттік тіркелімді жүргізу дәрілік заттар айналысы саласындағы мемлекеттік органға жүктелген және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті бұйрығының негізінде құрылады.

Мемлекеттік тіркелімде дәрілік заттар бойынша келесі деректер ұсынылған:

  • тіркеу нөмірі (қазақ және орыс тілдерінде) ;
  • тіркеу түрі;
  • тіркеу мерзімі;
  • тіркеу мерзімінің өту күні;
  • сақтау мерзімі;
  • тауарлық атауы;
  • өндіруші, ел;
  • дәрілік зат түрі;
  • ХПА (халықаралық патенттік емес атауы) ;
  • әрекеттегі заттың құрамы;
  • АТХ (халықаралық анатомдық-терапевиялық-химиялық жіктемесі) ;
  • фармакологиялық әсері;
  • дәрілік нысаны;
  • шығару түрі;
  • мөлшерлемесі және топтамасы;
  • қаптамасының макеттері мен фасовкасы;
  • пайдалану тәсілдері;
  • дәріханадан жіберу талаптары;
  • бақылау тізімдеріне тиістілігі (наркотикалық заттар, психотроптық заттар және прекурсорлар) ;
  • түпнұсқалық немесе көшірме ДЗ, GMP, патенттің және тауарлық маркасының белгілері;
  • нормативтік құжат бойынша деректер;
  • медициналық қолданылуы жөніндегі нұсқаулықтар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР тұрғындарына онкологиялық көмек ұйымдастырудың өзекті мәселелері
Халыққа амбулаториялық көмек көрсету
Созылмалы обструктивті өкпе ауруының эпидемиологиясы
Бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдары мен туберкулезге қарсы ұйымдарда туберкулезді анықтау, тіркеу, емдеу және диспансерлік бақылау жөніндегі нұсқаулық
БАЛАЛАРДАҒЫ ВИРУСТЫ ГЕПАТИТТЕР
Қанайналым жүйесі ауруларының қауіп факторларының маңыздылығы
Мейірбике ісі ғылымның дамуы төмен деңгейде
Туберкулезге қарсы ұйымдарда көптеген және кең ауқымды дәріге көнбейтін туберкулезбен ауыратын науқастарды режіммен тексеру жөніндегі нұсқаулық
Скринингтік зерттеудің нәтиежелері
Ішкі аурулар пәнінен дәрістер жиынтығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz