ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУЫНЫҢ ДАМУЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУЫНЫҢ ДАМУЫ
Мемлекеттік бюджеттің ролі оның мемлекеттік органдар мен әлеуметтік саланы қаржылай қамтамасыз ететін қаржылық база ретінде қаралуында. Мемлекеттік бюджет мемлекеттің экономикалық және қаржылық саясатын жүзеге асыратын маңызды құрал бола отырып, ғылыми-техникалық прогрестің негізгі бағыттарын шешу және жалпы ұлттық көлемдегі резервтерді құру үшін қажетті ақша қаражаттарын орталықтандыруды қамтамасыз етеді. Сонымен, мемлекеттік бюджетте шоғырланған ақша қаражаттары мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатын жүзеге асыруға, оның қауіпсіздігі мен қорғанысын қамтамасыз етуге бағытталады. Бюджеттің көмегімен халық шаруашылығы және әлеуметтік-экономикалық сипаттағы жалпымемлекеттік және жергілікті бағдарламалар жүзеге асырылады.
Мемлекеттік бюджеттің қоғамның әлеуметтік-техникалық дамуындағы ролі төмендегідей сипатталады:
1.мемлекеттік бюджет экономиканың дамуына әсер ететін құрал болып табылады. Мемлекеттік бюджеттің көмегімен мемлекет ұлттық табысты қайта бөліп, қоғамдық өндірістің құрылымын өзгертеді, әлеуметтік саладағы өзгерістерге әсер етеді. Бүгінгі күні ұлттық табысты қайта бөлудің қаржылық нысандары мен әдістерінің өзгеруі мемлекеттің орталықтандырылған (республикалық бюджет) және орталықтандырылмаған ақшалай қорларының қатынасында орталықтандырылмаған қорлардың маңызын арттыра түседі.
2.экономиканың дамуының қазіргі кезеңінде мемлекеттік бюджет мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатын жүргізетін негізгі құралдардың бірі болып табылады. Бюджеттің кірістері мен шығыстарын жоспарлай отырып, мемлекет экономикалық және әлеуметтік саясатты жүзеге асыратын, экономикалық дағдарыстан шығуға жұмсалатын ақша қаражаттарын өз қолында шоғырландырады. Мемлекеттік бюджет әлеуметтік мәселелерді шешуде маңызды роль атқарады. Ол әлеуметтік саланың (білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, тұрғын үй, мәдениет және т.б.) Мекемелерін бюджеттік қаржыландыруды жетілдірумен байланысты болады. Болашақта мемлекеттік бюджеттің әлеуметтік процестердегі ролі күшейе береді. Бұл бюджеттік қаражаттардың бюджеттен тыс қорлармен біріге отырып әлеуметтік дамуды жүзеге асыратын, халыққа әлеуметтік қызмет көрсетудің неғұрлым жоғары деңгейіне көшуді қамтамасыз ететін қаржылық базаға айналуымен байланысты болады. Сонымен бірге, мемлекеттік бюджет халықтың әлеуметтік топтарын материалдық жағдайы бойынша теңестіру мәселесінде айтарлықтай орын алады.
3. Мемлекеттік бюджет бюджеттік қаржыландыру арқылы елдің аймақтарындағы экономикалық дамуды теңестіруді жүзеге асырады. Бюджеттік қаржыландыру қайтарымды және қайтарымсыз түрде жүзеге асырылады. Қайтарымды түрдегі бюджеттік қаражаттар күрделі салым жасауға несие түрінде беріледі. Бұл қаражаттар мәдени-тұрмыстық мақсаттағы объектілерді (дүкендер, қоғамдық тамақтану кәсіпорындары, тұрмыстық қызмет көрсету мекемелері, мектептер, ауруханалар, тұрғын үйлер, театрлар т.б.) Салуда маңызды роль атқарады.
4. Бюджеттің негізгі ролі, ол жыл сайын кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақша қаражаттарын орталықтандырылған мемлекеттік қорда жинақтап, экономиканың салаларын, әлеуметтік-мәдени шараларды, елдің қорғаныс қабілеттілігін нығайтуды, мемлекеттік басқару органдарын қаржыландыруды және мемлекеттік резерв құруды жүзеге асырады. Мемлекеттік бюджеттің ролі - ол қоғамның өндіргіш күштерін дамытуға, ғылыми-техникалық прогресті жылдамдатуға әсер ететін маңызды экономикалық білік болып табылады.
5. Мемлекеттік бюджет - бұл еліміздің бюджет жүйесінің жетекші буыны. Жалпымемлекеттік шараларды қаржыландыру үшін мемлекеттік бюджетте ұлттық табыстың елеулі бөлігі шоғырланады. Бюджетте шоғырланған қаржы ресурстары мемлекеттік бағдарламаларды басыңқылық дәрежесіне қарай қаржыландыруға жұмсалады. Мемлекеттің денсаулық сақтау саласын қаржыландырудағы араласу деңгейі, елдегі заңдық базаның іс-әрекеті, елдегі саланы ұйымдастыру және басқару әдістерін жетілдіру, медициналық қызмет көрсетулерге ақы төлеу тәртібі әлемнің әр түрлі елдерінде маңызды ерекшеленеді. Дамыған нарықты экономикалық үлгідегі елдерде денсаулық сақтауды ұйымдастыру мен қаржыландырудың үш негізгі үлгісі қалыптасқан:
1) либеральды-нарықтық (ақш)
2) әлеуметтік-сақтандыру ( гфр, франция, австрия, швейцария, бельгия, голландия, швеция, жапония, қанада)
3) бюджеттік (ұлыбритания, ирландия, италия, португалия, греция, дания)
Әлемдік экономикадағы және қаржы жүйесіндегі дағдарыс процестері халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуіне әкелуі сөзсіз. Бұл жағдайда мемлекеттік бюджеттің ролі оның әлеуметтік бағыттылығымен түсіндіріледі, яғни мемлекеттік бюджет әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыруға жұмсалуы керек. Әлеуметтік мәселелерді қараған кезде мемлекеттің тапсырмасы бірінші кезекте халықтың объективті түрде мемлекетке тәуелді топтарына (зейнеткерлер, балалар, студенттер, мүгедектер т.б) әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталуы керек. Сөйтіп, мемлекеттік бюджеттің бүгінгі күнгі әлеуметтік-экономикалық ролі қазақстанның дамуының қазіргі кезеңінің басты мәселесі - әлеуметтік бағыттағы нарықтық экономиканың элементтерін дамытумен және әлемдік қаржы дағдарысының салдарын жеңілдетумен байланысты болуы керек.
Денсаулық сақтау саласының қаржы жүйесін мемлекеттік деңгейде басқару төмендегілерді қамтиды:
- экономикалық саясаттың тұжырымдары мен қағидаттарын және қаржы жүйесін реттеудің әдістерін қалыптастыру;
- қаржылық саясатты және оны реттеудің шараларын заңдық және нормативті-құқықтық қамтамасыз ету. Денсаулық сақтау саласының қаржылық саясатының нормативтік-құқықтық базасын қазақстан республикасының ата заңы, азаматтық кодексі, бюджеттік кодексі, салық кодексі, денсаулық сақтау кодексі, қр азаматтарының денсаулығын қорғау туралы заңы және басқа да денсаулық сақтау саласына қатысты жарғылар, үкімдер, ережелер мен қаулылар, нормалар мен нормативтер құрайды. Денсаулық сақтау саласында пайда болатын қаржылық қатынастар бір жағынан денсаулық сақтау саласын ұстауға және дамытуға бағытталатын қаржы ресурстарын құру, бөлу, қайта бөлу және пайдаланумен байланысты болатын экономикалық қатынастардың бір бөлігі ретінде қаралса, екінші жағынан саладағы қаржы ағындарын басқаратын экономикалық әдістерді жүзеге асыру мақсатында пайда болатын ақшалай қатынастардың жиынтығы ретінде қараладысонымен, денсаулық сақтау саласындағы ауруларды қаржыландырудың бюджеттік тапшылығы жағдайында санитарлық іс-шараларды жеткілікті және толық қаржыландыру, қаржыландырудың баламалы мүмкіндіктерін іздестіру - өзекті мәселе. Мемлекет кепіл берген медициналық көмектер деңгейін өзгерткенде, медициналық көмекті тұтыну көлеміне, аймақтардың өзіндік ерекшеліктеріне, территориялардағы халық санына ерекше назар аудару қажет.
3 қазақстандағы ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсету
Ауыл тұрғындарына медициналық көмектің ұйымдастырылуы денсаулық сақтау ұйымының негізгі қағидаларынан құрылады. Дегенмен ауылдық медициналық ұйымдар жұмысының әдісі мен ұйымдастыру формасына әсер ететін факторлар бар:
-ауылдағы адамдардың орналасуы жиілігі, ауылдық пункттегі адамдардың орташа саны;
- қызмет көрсету радиусы, көліктің болуы, жолдың қашықтығы;
-ауыл шаруашылық жұмыстың және тұрмыс жағдайының сипаты;
- кейбір халықтардың ұлттық дәсүрлері мен ерекшеліктері;
- дәрігерлік кадрлардың ағымдылығы;
- экономиканың және мәдениеттің деңгейі;
- географиялық және климаттық жағдайлар
Санитарлық авиацияны пайдалану арқылы жедел медициналық көмектің қолжетімділігін және сапасын арттыру мақсатында 2011 жылы қазақстанда алғашқы рет республикалық санитарлық авиация орталығы құрылған еді. 2013 жылы болған 1355 ұшырылымда науқастар өңірлерден орталықтарға тасымалданып, оларға 135 ота жасалған, 502 консультативтік, 1813 медициналық қызмет көрсетілді.
Жолдарда жарақаттануды және өлімді азайту, уақытында жедел медициналық көмек көрсету үшін республикалық деңгейдегі автомобиль жолдарының қауіпті учаскелерінде 26 трассалық медициналық-құтқару пунктері ашылды.
2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша елімізде ауыл тұрғындарына 179 орталық аудандық аурухана, 140 ауылдық аурухана, 1495 дәрігерлік амбулатория, 4454 фельдшерлік-акушерлік пункттер, фельдшерлік пункттер және медициналық пунктер қызмет көрсетуде.
Созылмалы ауру түрлеріне шалдыққан науқастарға патронаж жасау, науқастар үйге шақырғанда көмектесу үшін учаскелік дәрігер, педиатр, екінші мейіргер лауазымдарын енгізу арқылы медициналық-санитариялық алғашқы көмекті ұйымдастыру үлгісін жетілдіру жұмыстары жалғастырылуда. Сондай-ақ, профилактикалық жұмыс (скринингтер, мақсатты топтарды қалыптастыру, салауатты өмір салтына және профилактикаға үйрету) жүргізу үшін үшінші мейіргер де тұрғындарға қызмет көрсетеді.
Сонымен қатар, ауыл тұрғындарына арнайы медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін 14 облыста, астана және алматы қалаларында телемедицина енгізілді. 2013 жылы 17752 астам телемедициналық кеңес және шалғай ауылдардағы тұрғындар үшін 4258 бейнеконференциялық байланыс сеанстары өткізілді.
2013 жылы жылжымалы медициналық кешендер арқылы 871 мыңнан астам ауыл тұрғындары, оның ішінде 211 мыңнан астам балалар медициналық тексеруден өткізілді, 1,1 млн. Лабораториялық-диагностикалық зерттеулер жасалып, 795 мыңдай бейінде мамандардың кеңестері ұйымдастырылды. денсаулық, жәрдем, саламатты қазақстан консультативтік-диагностикалық пойыздарының дәрігерлер бригадасы 301 стансаның 65 мыңдай тұрғынын тексеруден өткізген.
3.1 ауыл тұрғындарына медициналық көмекті ұйымдастыру
Бастапқы медициналық - санитарлық көмектің ауылдық медицина ұйымдарына: орталық аудандық аурухананың (аудандық аурухананың) емханасы (амбулатория), ауылдық (отбасылық) дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік пункт, фельдшерлік пункт жатады. Орталық аудандық аурухананың (бұдан әрі - оаа), аудандық аурухананың (бұдан әрі - аа) жеке ұйым немесе құрылымдық бөлімше (бұдан әрі - емхана) болып табылады. Емхананың құрылымы "ауылдық аумақтың емханасының шамамен алғандағы ұйымдастырушылық құрылымы" деген осы ережеге қосымшада көзделген бөлімшелерден тұрады. Емхананың құрылымдық бөлімшелерінің қызметі туралы ереже оаа (аа) меңгерушісі немесе бас дәрігері әзірлейді және бекітеді.
Емхананың негізгі міндеттері:
1) аудан орталығының халқын және тіркелген аудан халқын білікті амбулаториялық-емханалық жәрдеммен қамтамасыз ету;
2) ауданның амбулаториялық-емханалық бөлімшесінің қызметіне ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылық ету және бақылау;
3) аудан кәсіпорындарда, мекемелерінде және ұйымдарында жұмыс істейтін халықтың, уақытша еңбекке жарамдылығынан айырылған және мүгедек адамдардың жалпы және балалар аурушаңдығының алдын алуға және төмендетуге бағытталған іс-шараларды жоспарлау және өткізу;
4) ауданның барлық амбулаториялық-емханалық ұйымдарының жұмыстарының практикасына аурудың алдын алу мен емдеудің осы заманғы әдістерін, амбулаториялық-емханалық жәрдемнің алдыңғы қатарлы тәжірибелерін дер кезінде және кеңінен енгізу;
5) отбасын жоспарлау жөніндегі мәселелерді шешу болып табылады.
Емхана көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру үшін:
1) жіті және аяқ астынан болған аурулар, жарақаттар, улану және өзге де бақытсыз жағдайлар кезіндегі науқастарға бастапқы және жедел медициналық көмек көрсетуді
2) бекітіліп берілген халыққа, оның ішінде қосып берілген учаскелерге, емхананың (амбулаторияның) амбулаториялық қабылдауындағыдай денсаулық жағдайына және аурудың сипатына байланысты емханаға келе алмайтын, төсек тәртібін сақтау, дәрігердің жүйелі бақылауында немесе ауруханаға жатқызу туралы мәселені шешуді қажет ететін науқастарға үйде дәрігерлік көмек көрсету кезінде де дер кезіндегі және білікті дәрігерлік көмек көрсетуді
3) ауданның емдеу-алдын алу ұйымдарынан жіберілген науқастарды консультативтік қабылдауды;
4) емханаға (амбулаторияға) өтініш берген науқастар мен дені саулардың ауруын ерте анықтау, білікті және толық мөлшерде тексеру;
Ауыл аймағындағы фельдшерлік-акушерлік пункт болып ауылдық дәрігерлік амбулатория немесе ауылдық дәрігерлік аурухананың амбулаторлы-емханалық бөлімшелері болып табылады, ашық және жабық түрде денсаулық сақтаудың тағайындалған тәртібімен жүргізіледі.
Фельдшерлік-акушерлік пункт жүктеледі:
1) тұрғындарға дәрігерге дейінгі медициналық көмекті көрсету ;
2) дәрігердің тағайындауларын толық көлемде және уақытында орындау;
3) жүкті әйелдер және балаларды патронаждауды ұйымдастыру, ұлы отан соғысының мүгедектері, ауыл тұрғындарының денсаулық жағдайын жүйелік бақылау;
4) профилактикалық, санитарлық-эпидемияға қарсы шаралардың кешенін дәрігердің жетекшілігімен жүргізу,инфекциялық және паразитарлық, ауыл шаруашылық және тұрмыстық жарақаттардың аурушаңдығын төмендетуге бағытталған;
5) бала және ана өлімін төмендету боыйнша профилактикалық шараларды жүргізу, тұрғындарды иммунизациялау;
Ода құрамына жатады:
1) тіркеу бөлімі, медициналық статистика кабинеті;
2) дәрігерлік қабылдау кабинеті: терапиялық, педиатриялық, хирургиялық, акушерлік-гинекологиялық, стоматологиялық, инфекциялық;
3) қосымша-диагностикалық кабинеттер: физиотерапиялық, лаборатория, рентгендиагностикалық кабинет сәйкес жабдықтарымен;
4) күндізгі стационар;
5) әкімшілік-шаруашылық бөлім;
6) фельдшерлік-акушерлік пункт жеке бөлмелерсіз медицина қызметкерлері.
Денсаулық сақтаудың маңызды және күрделі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Денсаулық сақтау жүйесінің АТ-инфра құрылымы
«Денсаулық сақтаудағы азаматтық, еңбек, коммерциялық және халықаралық құқық.ҚР денсаулық саласындағы бірыңғай ұлттық жүйе»
Мектепке даярлық топтағы балаларды дамытушы орта арқылы мектепке даярлау
Нашар еститін балалардың бейнелік есте сақтауының даму ерекшеліктері
Денсаулық сақтау
Дарынды мен педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалған балалармен тәрбие жұмысы
Жеке оқушымен жұмыс Озық тәжірибелермен танысу, тиімділігін анықтау
Тіл кемістігі бар бастауыш сынып оқушыларының оқу мен жазу дағдыларын дамыту
Әлемдегі және Қазақстандағы демографиялық жағдай және азық түлік мәселесі
Қазақстанның жарқын болашағы тірегі - жалынды жастар
Пәндер