МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САПАСЫН БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САПАСЫН БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ
Медициналық қызметтердің сапасын қадағалайтын бөлімше (қысқартылғанда - СҚБ) институт директорының 2008 ж. 17 наурызындағы № 41 - ИЛ Сапаның қызметі туралы бұйрығымен құрылды. Оның жетекшісі болып медицина ғылымдарының докторы, профессор Әбдікәрімов Болат Ұрзадаұлы, ал сарапшылары болып дәрігер Анаятова Захирям Құрмоножонқызы және дәрігер Малаева Айнаш Алтмышқызы тағайындалды. СҚБ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2009 ж. 20 қаңтарындағы № 32 Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық жәрдем көрсету сапасын басқару жүйесін жетілдіру бойынша Ережелерді бекіту туралы бұйрықтың талаптарына сәйкес құрылды да, ол директорға немесе оның орынбасарларының біреуіне тікелей бағынатын болады.
Бөлімше қызметтерінің негізгі бағыттары
СҚБ өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодексі мен денсаулық сақтау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер және Институттің жалпы қызметін реттейтін ведомствалық және басқа да нормативтік актілерге, сонымен қатар бекітілген СҚБ Жағдайына сәйкес іске асырады.
СҚБ негізінде методикалық көмек пен қызметкерлерге мынадай бағыттармен білім беру мәселесін іске асырады:
ұйымдағы медициналық жәрдемнің сапасын басқару бойынша бағдарламаларды әзірлеу, енгізу және тиімділігін бағалау;
ұйымда іске асырылатын үдерістерді денсаулық сақтау саласындағы үлгілірге, сонымен қатар аккредитация үлгілеріне сәйкестігі бойынша бағалау;
ұйымды аккредитация үдерісіне дайындау;
клиникалық аудит жүйесін енгізу - белгіленген стандарттарға олардың сәйкестігіне жүргізілген емдік-диагностикалық іс-шаралардың өткен толық талдауын жүргізу;
қызметтің талдама нәтижелері бойынша жұмыстың ақаулықтарын жою және олардың алдын алуға бағытталған және медициналық жәрдемнің тиімділігі мен сапасын көтеруге мүмкіндік туғызатын іс-щараларды әзірлеу.
Медициналық қызметтердің сапасын қадағалау бөлімшесінің қызметтері
СҚБ-ның қызметтері:
ұйым бөлім-бөлімшелері қызметінің тиімділігін өздерінің үдерістері мен рәсімдерін бағалауы бойынша, медициналық жәрдем сапасын бағалау индикаторын қолдануы бойынша, денсаулық сақтау үлгілерін енгізуі бойынша талдау;
аурухана ішіндегі комиссиялардың қызметіне талдау жасау;
талдау нәтижесінде анықталған мәселелер туралы ақпараттарды ұйым басшылығына басқару шешімдерін қабылдау үшін жеткізу;
ұйымның қызметкерлер құрамына медициналық жәрдем сапасымен қамтамасыз ету мәселелері бойынша білім беру және методикалық көмек;
ұйымның өз қызметкерлерінің көзқарасын білу және қызметкерлер құрамына ұйымда емделушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сапаны жақсарту бойынша іс-шаралар туралы ақпараттандыру
CҚБ негізгі міндеттерін орындау мен өзінің қызметін іске асыру мақсатында ұйымның барлық құрылымдық бөлімшелерінен ақпарат сұрауға және алуға, сонымен қатар оларға ұсыныстар енгізуге құқығы бар:
медициналық жәрдем көрсетудің басқару және тәртіп жүйелерін жетілдіру бойынша;
медициналық жәрдемнің сапасын жақсартуға ат салысқан қызметкерлерді ынталандыру бойынша және медициналық жәрдем сапасына кері әсер ететін немесе емделушінің денсаулығына зиянын тигізетін жағдайлар мен жүйелік бұзылыстар анықталғанда ықпал жасайтын тәртіптік шаралар қолдану бойынша;
денсаулық сақтау саласында болатын аккредитация мақсатында баға беруді жүргізу үшін, сондай-ақ, клиникалық аудитті іске асыру, индикаторларды әзірлеу рәсімі, денсаулық сақтау саласындағы үлгілерге сәйкестікті талдау үшін аккредитациядан өткен тәуелсіз сарапшыларды тарту бойынша.
СҚБ ұйым басшылығымен бекітілген лауазымдық нұсқауларда белгіленуге тиіс жасалатын медициналық қызметінің сапасын қамтамасыз етуге жолданған ұйым қызметін қадағалайды.
Сапаны басқару жүйесі адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін кез-келген денсаулық сақтау ұйымының басты мақсаттарына қол жеткізудің тиімді құралы болып табылады. Бүгінгі күні медициналық көмек сапасы денсаулық сақтаудың маңызды мәселелерінің бірі болып отыр. Азаматтардың медициналық көмек сапасына қанағаттанбаушылық туралы арыздары мен шағымдары осы мәселенің бірден бір куәсі болып табылады. Жеке адамдарға көрсетілген медициналық көмек сапасы қоғам өмірінің сапасына тікелей тәуелді.Мейірбикелік көмек сапасын басқару тек мейірбикелік қызмет толық меңгеріліп, құрастырылған жағдайда, нормаланғанда, яғни бағалау мүмкіндігі стандарттарға сәйкес болғанда анықталады.
Өзектілігі. Денсаулық сақтау жүйесінің заманауи тұрғыда дамуы медициналық қызмет сапасын бақылау жүйесінің қызметімен және басқа да жұмыстардың тиімділігімен, халықаралық талаптарға сәйкес медициналық көмек сапасын басқару жүйесін енгізумен жүзеге асырылады.

Халықаралық стандарттар бойынша сапа жүйесі ұйымдастырушылық құрылым жиынтықтарынан, жалпы басқару сапасына қажетті ресурстардан, үрдістерден, жауапкершіліктен тұрады және орнатылған қызмет талаптарына сәйкес қамтамасыз етуші құрал болып табылады.
Сапаны басқару жүйесінің бірден бір элементі қызмет сапасын бақылау болып табылады, сондықтан жүйенің үлкен маңыздылығы, басқарудың жүйелік тәсіліне негізделген кез- келген ұйым қызметін үнемі жақсартуды қамтамасыз ету болып табылады *1-3].
Сапа менеджмент жүйесін орнату бір уақыттық жұмыс болып табылмайды, сондай-ақ бұл басқару жүйесінің қалыптасу деңгейіне тікелей тәуелді үрдістен тұрады. Сапа жүйесі ұйым қызметкерлеріне әр кезеңде оң нәтиже алудың дұрыс критериін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта денсаулық сақтау жүйесіндегі ең басты мақсат, ұйымның стратегиялық мақсаттары мен тапсырмаларына сәйкес қолданылатын инфраструктураның сапалы жаңа үлгілерін және басқарудың схемасын ұйымдастыру. Осы жағдайда маңызды мәселе - медициналық ұйымда ИСО 9000 стандартына сәйкес сапа менеджменті жүйесін ұйымдастыру *4+.
Осы уақытқа дейін сапа менеджмент жүйесін енгізуге қажетті арнайы қаржының болмауы, ақпараттандырудың төмендігі, көрсетілетін медициналық қызмет нарығындағы бәсекелестік күрестің болмауы, медициналық қызмет сапасы жүйесінің нормативті құжаттарының, сапаны басқару жүйесін бағалау ережесінің (тәртібі) және денсаулық сақтау саласында сапа жүйесі бойынша мамандардың болмауы, СМЖ енгізу туралы тәжірибелік ұсыныстардың бағаланбауы, сондай-ақ медициналық ұйымға СМЖ енгізу тәжірибесінің іс жүзінде қолданылмауы кедергі болып отыр.
Зерттеу мақсаты: стационардағы мейірбикелердің еңбек сапасын бағалау және сапа менеджмент жүйесін зерттеу мен оны жетілдіру бойынша кеңестер дайындау.
Зерттеу материалдары мен әдістері: Стационардағы орта буынды медицина қызметкерлері, аға мейірбике және оның резервтері арасында 40 сауалнама жүргізілді: соның ішінде 30 - орта буынды медицина қызметкерлері, 10 - аға мейірбике және оның резервілері.
Нәтижесі: Зерттеу жүргізілген (Алматы қаласының Қазақ Құрмет белгісі орденді көз аурулары ғылыми-зерттеу институты) ұйымда сапа менеджмент жүйесі бар, бірақ зерттеу жүргізу барысында СМЖ әліде болса толық дамымағандығын көрдік. Сондықтан, осыған сәйкес жүйелі түрде СМЖ ұйымдастырушылық-әдістемелік негіздерін ұсынуды ұйғардық.
Медициналық ұйымда мейірбикелерге сауалнама жүргізу барысында Сіздің ұйымыңызда мейірбике қызметінің сапа менеджмент жүйесі бар ма? деген сұраққа респонденттердің 89,5% жоқ деп жауап берді. Оның себептері: 31,6% - СМЖ енгізу туралы тәжірибелік ұсыныстардың бағаланбауы, 36,8% - мүмкіндіктің жоқтығы, 21,1% - уақыттың жетіспеушілігі, 10,5% - кәсіптік тәжірибенің жеткіліктілігіне байланысты мейірбикелік көмек сапасын басқаруды мейірбикелер қаламайды (1 сурет).
Сапа менеджменті жүйесін барлық салада, соның ішінде денсаулық сақтау жүйесінде де енгізілуі қысқа мерзім ішінде медициналық көмек сапасының жоғарлауын көрсетеді.

Талдау көрсетіп отырғандай медициналық ұйымда мейірбикелік персанолдармен жұмыс істеу бойынша бас дәрігердің орынбасарының және мейірбике-менеджер мамандарының
жоқтығы 89,5% жағдайда анықталып отыр. Сонымен қатар кадрларды таңдап алу, медициналық қызметкерлерде дамитын асқынулардың профилактикасы, асқынулардың даму профилактикасын және пациенттерді оқыту тапсырмаларын қамтитын психологиялық қызметті ұйымдастырудың медициналық мекемеде болмауы 73,6% құрады. Бас және аға мейірбике қызметін атқаратындардың жоғарғы білімі жоқ дегендер 57,9% құрады (2 сурет).

Дерігерлердің қателігін адамның ұқыпсыз және 6іліктілігініҢ төмендігімен байланыстырады, бірақ кез-келген іс-әрекетте осы факторлардың үлесі 15%-дан аспайды, ал 85 % жұмыс жүргізіліп отырған жүйенің кемшіліктеріне байланысты болады. ИСО 9000 стандарттарының ұстанымдарын енгізу, мамандардың ойы бойынша сапасыз қызмет көрсетуден алшақтаудың дайын шешімі болып табылады, денсаулық сақтау жүйесінде оның үлесі 30-40 пайызды құрайды.
Соңғы жылдары медициналық персоналдың кәсіптік деңгейін жоғарылатуға айрықша көңіл бөлетіндігі белгілі. Барлық медициналық ұйымдарда мамандардың квалификациясын жоғарылатуда ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізіледі, дипломнан кейінгі оқуға жолдамалар беріледі және медициналық оқу орындарына білімін жоғарылатуға жіберіледі. Заманауи телекоммуникациялық және компьютерлік технологиялар медициналық көмек сапасын ішкі бақылау жүргізуде тек 62,5% жағдайда ғана қолданылады.

1 кесте - Медициналық мекемелердің құрылымдық бөлімінде медициналық көмек сапасын бақылау
Көрсеткіштер
көрсеткіштер %-берілген
Мейірбикелік қызмет көрсету ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сәйкестік аудитін денсаулық сақтау мекемелерінде жүргізу ерекшеліктері
Денсаулық сақтау саласын басқаруды жақсартудағы қаржылық реттеу бағыттары
Денсаулық сақтау саласы қызметінің экономикалық - қаржылық көрсеткіштерін талдау
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Салауатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы
Стоматологиядағы ақпараттық технологиялар
Қазақстан Республикасының бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі
Мейіргер қызметкерлерімен өзара әрекеттесетін халықаралық ұйымдар
Медициналық мекемелер қызметкерлері еңбегінің нәтижелілігіне мотивацияның әсерін бағалау
Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру
Ауруханада күндізгі стационарлар
Пәндер