МИОКАРД ИНФАРКТЫСЫ КЕЗІНДЕГІ АЛГАШКЫ КОМЕК ПРОФИЛАКТИКАСЫ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

МИОКАРД ИНФАРКТЫСЫ КЕЗІНДЕГІ АЛГАШКЫ КОМЕК ПРОФИЛАКТИКАСЫ

Миокард инфаркті - тәж артериясы миокардтың оттегіге мұқтаждығын қамтамасыз ете алмауынан дамитын миокардтың ишемиялық некрозы. Миокард инфарктісімен сырқаттанатын науқастардың саны 1000 адамға шаққанда 2, 87 - 3, 08% - ын құрайды. ЖИА -ның бұл түрі көбіне 40-тан асқан шақта дамиды және 50-56 жас аралығында бұл аурумен сырқаттану едәуір жиілейді. Ер адамдар әйелдерден 5-2 есе жиі ауырады. Соңғы кезде миокард инфарктісінің жиілігі екі есе көбеюге жақындаған.

Этиологиясы.

Миокард инфарктісінің негізгі себебі - тәж артерияларының стеноздаушы артеросклерозы. Миокард инфаркті дамуының тікелей себептері:

1) тромбоздың салдарынан тәж артериясының окклюзиясы;

2) артеросклероз түймедағының арасында қан құйылып ісінуінен тәж артериясының бітелуі;

3) критикалық стеноз нәтижесінде тәж артериясының түйілуі;

4) тәж артериясының критикалық стенозы кезінде миокардтың оттегіге сұранысының күрт артуы (мәселен ауыр дене қыз метінен симпатоадренал жүйесі белсенділігінің аса жоғарылауынан) .

Аталған тікелей себептермен бірге миокард инфарктісінің дамуында келесі бейімдеуші факторлардың маңызы зор: тәж артерияларының тармақаралық коллатеральдік байланыстарының жеткіліксіздігі, қанның тромбтар түзу қасиетінің артуы, микроциркуляциялық бұзылыстар.

Миокард инфарктінің клиникасы

Ангиноздық түрі ангиноздық статустан - төстің немесе жүрек тұсындағы ауыру ұстамасынан басталады. Көбіне ауырсынудың сипаты аса қатаң салмақ батқандай, кеудені жыртқандай немесе ашытып күйдірілгендей болып сезіледі. Ауырсыну сол қолға, иыққа, сол жауырынға, мойынның сол жақ бетіне, жақтың сол жартысына тарайды. Нитроглицериннен жеңілдік болмайды. Ауырсыну стенокардияға қарағанда ұзаққа созылады, мысалы бірнеше сағатқа. Ұстама кезінде науқасты өлім үрейі билеп, салқын тер басады.

Астмалық түрі - ауырсынусыз, бірден жүрек астмасынан басталады. Миокард инфарктінің мұндай бастамасы жүректе бірнеше постинфаркттық тыртығы немесе диффузды кардиосклерозы бар қарт адамдарға және папиллярлық бұлшықеттің некрозына тән. Науқас ентігіп ортопноэ күйінде болады. Өкпеде алдымен ұсақ көпіршікті, кейін орта және ірі көпіршікті ылғалды сырылдар, алыстан естілетін сырылды тыныс пайда болады. Өкпе артериясында 1 тонның акценті естіледі. Шулы сырылды тынысты кейде жүрек тондарын естіртпейді. Миокард инфарктісінің астмалық түрі өте ауыр болғандықтан, көбіне өлімге алып келеді.

Аритмиялық түрі - пароксизмдік ырғақ бұзылысынан (жыбыр аритмиясынан, атриовентрикулалық блокададан) басталады. Мұндай жағдай өткізгіштік жүйесінің некрозға немесе ишемияға ұшырауынан болады.

Абдоминальдік түрі - бұл түрінде ауырсыну эпигастрий, кіндік, мықын және қабырғаасты аймақтарында орналасады. Сондықтан науқас ауырсынуды іш қуысы ағзаларының патологиясымен байланыстырады. Клиникалық көрінісі асқазан мен он екі елі ішектің жара ауруына, панкреатитке, жіті холециститке, аппендицитке ұқсайды. Диагноз қате қойылғанда науқас хирургиялық емге алынуы ықтимал. Сырқаттың белгілерін сұрыптағанда ауырсынудың іш қуысында басым орналасқанымен, оның көкет күмбезінен жоғары, яғни кеуде қуысында таралуын ескерген жөн.

Диспепсиялық түрі. Абдоминальдік түрінен айрықша, инфарктінің бұл түрінде іш қуысында ауырсыну болмайды. Басты белгісі - тағамдық интоксикацияға ұқсас, диспепсиялық бұзылыстар жүрек айнуы, құсу. Бұл нұсқа мезентериялық артериялардың атеросклерозы және асқорыту жолдарының қосымша аурулары бар қарт науқастарда кездеседі.

Коллапстық түрі. Миокард инфаркті жіті тамыр шамасыздығынан басталады, артериялық және көктамырлық қысымдар күрт төмендейді, науқастың әлі құрып тер басады, терісі бозарады, есі кіресілі - шығасылы болады, ағыл - тегіл терлейді, көктамырлары айқын болмайды. Әрі қарай диурез азаяды және микро циркуляциялық бұзылыстар аса көлемді некроздың дамуында кездеседі.

Церебральдік түрі. Миокард инфаркті неврологиялық белгілерден басталады. Оның белгілері ми қанайналымы бұзылысының көрінісіне ұқсайды. Миокард инфарктінің бұл түрі ауыр церебральдік атеросклерозы бар науқастарда байқалады.

Шеткері (перифериялық) түрі. Бұл түрінде жүрек тұсында, төс маңында, тіпті кеуде сарайында ауырсыну болмайды. Ауырсыну иррадиация аймақтарында ғана (иықта, жақта, мойында т. б. ) сезіледі. Ауырсыну деңгейі әртүрлі, бірақ көбіне айтарлықтай емес. Инфарктінің бұл түрі көбіне ауыр атеросклерозға шалдыққан егде, қарт адамдарға тән.

Симптомсыз мылқау түрі. Миокард инфаркті жасырын дамиды. Көрінісінде себепсіз әлсіздік, бастың аздап ауыруы мен айналуы, шамалы ентікпе, тәбеттің төмендеуі, ұйқының бұзылуы, АҚ құбылысы, субфебрильдік қызба байқалуы мүмкін. Науқас өз жағдайын жағымсыз ауа райымен, салқындаумен байланыстырып, бұл белгілерге мән берместен жүре береді. Симптомсыз миокард инфаркті кездейсоқ тексерілгенде немесе ЭКГ-да қалған тыртықтану өзгерістерімен анықталады. Миокард инфарктісінің симптомсыз түрі кенет өлім себебінің бірі болып табылады.

Оң қарыншаның жіті шамасыздығымен дамитын түрі. Миокард инфаркті оң қарыншаның жіті шамасыздығынан басталады. Бұл жағдайда оң қабырғаасты өткір ауырады, бауыр тез ұлғаяды, жүрек айнуы, құсу байқалады және 18-20 сағаттан кейін ісіну пайда болады. Оң қарыншалық инфаркт кеуденің оң жартысынан түсірілген кеуде тіркемелерінде анықталады.

Тотальді жүрек шамасыздығымен дамитын түрі. Миокард инфарктінің бұл түрінде ауырсыну болмайды. Сол және оң қарыншаның көлемі қатар некрозға ұшырауынан іркіліс екі шеңберде бір уақытта дамиды. Сол қарынша шамасыздығы жүрек астмасы және өкпенің ісінуімен, оң қарынша шамасыздығы үлкен шенбердегі дамитын жіті іркіліспен (бауырдың тез ұлғайып, қатты ауырсынуы, жүрек айнуы, құсу т. б. ) білінеді.

Шартты түрде миокард инфарктісінің астмалық, коллапстық, церебральдік, диспепсиялық, аритмиялық, симптомсыз және оң қарыншаның жіті шамасыздығымен, тотальді жүрек шамасыздығымен дамитын түрлері жатады. Инфаркттің типті түріне қарағанда бұлардың барысы ауыр және өлімге жиі алып келеді. Өлімнің жиілігі бір жағынан кеселдің уақтылы анықталмай, науқастың ауруханаға кеш түсуінен де болады.

Миокард инфарктінің ауырсынусыз түрлері көбіне жас ұлғайған шақта, жүйелі атеросклероздың ауыр түрінде, миокард инфарктімен бірнеше рет ауырған адамдарда, ЖИА артериялық гипертониямен, қантты диабетпен қатар жүргенде, яғни ауырсынуға сезімталдық төмендеген жағдайларда дамиды. Бұдан басқа барысына қарай миокард инфарктісінің рецидивтеуші, созылыңқы және қайталамалы түрлерін айырады. Рецидивтеуші миокард инфаркті - инфаркттің өткір және өткірлеу кезеңдерінде (3-4 апта ішінде) жаңа некроз ошақтарының дамуымен сипатталады. Егер жаңа некроз ошақтары 8 аптадан (бұрынғы инфаркт тыртықталғаннан) кейін пайда болса, оны қайталамалы миокард инфаркті деп атайды. Миокард инфарктінің созылыңқы барысы - некроз ошағындағы репарация үдерісінің баяу жүруінен болады. Бұл жағдайда зертханалық, ЭКГ - лық көрсеткіштердің динамикасы қалыңқы келеді. Инфаркттің барысы ұзарып, науқастың сауығуы көпке созылады. Мұндай барыс әлсіреген, қосымша аурулары, ауыр стеноздаушы коронаросклерозы бар кәрі адамдарға тән.

Миокард инфарктінің негізгі клиникалық синдромдары:

1. Ангинальдік синдром.

2. Ошақты ЭКГ-лық өзгерістер синдромы.

3. Резорбциялық-некроздық миокард инфарктін дәлелдейтін басты синдром. Бұл синдром некроз ошағынан бөлінген заттардың қанға өтуінен және асептикалық қабынудан болады.

Оның басты белгілері:

• дене қызуының 37-38 оС шамасына дейін биіктеуі;

• нейтрофильдік лейкоцитоз;

• 5-7-ші күндерде лейкоцитоздың төмендеуінен және ЭТЖ-ның жоғарылауынан болатын қайшылық белгісі;

• кардиомиоциттердің өлуін көрсететін зертханалық белгілердің болуы. Кардиомиоциттер некрозының маркерлеріне бірқатар ферменттер - , лактатдегидрогеназа, креатинфосфокиназа, гликогенфосфорилаза және миозин, миоглобин, Т, І кардиотропониндер жатады. Ферменттердің қандағы концентрациясы, некроздың көлеміне, инфаркт басталуынан кейін қан алу уақытына және некроз ошағынан ферменттердің шайылып шығу жылдамдығына т әуелді.

Миокард инфарктімен ауру жиілігі сырқат адамның жасы ұлғайған сайын артады. Н. А. Мазурдың мәліметіне сүйенсек, 1000 адамға шаққанда миокард инфарктімен ауыру 30-39 жаста 0, 76% болса, 60-64 жас аралығында 17, 1% деңгейінде болады. Егде жастағы адамдарда атеросклероз үдерісінің үдеуімен қатар тамыр қабырғаларының, жүрек бұлшықетінің, қанның реологиялық қасиеттерінің, гемодинамикалық, нейрогуморальдық регуляцияның өзгеріске ұшырауы миокард инфарктінің пайда болуына себеп болатын факторлар. Сонымен бірге, жас ұлғаюына байланысты адаптациялық - компенсаторлық өзгерістер баяулап, қартаю үдерісіне байланысты басқа да аурулардың белең алуы себеп болуы мүмкін. Жас ұлғая келе ерлер мен әйелдер арасында миокард инфарктімен ауру жиілігінің ара қатынасы жақындай бастайды. Егде және қарт адамдарда миокард инфаркті ауруы анамнезінде ұзақ стенокардия негізінде, сонымен бірге қысқа ғана коронарлық анамнезде кездесуі мүмкін.

Миокард инфарктінің 80% клиникалық көрінісінде егде және қарт адамдарда ауырсыну синдромымен көрініс береді. Бірақ осы жастағы адамдарда жасына байланысты ауырсыну сезімталдағын сезу жоғарылығы өзгеруіне байланысты ауырсыну синдромы анық байқалмайды.

Егде адамдар миокард инфарктімен ауырғандағы бір ерекшелігі «қанайналымның тоталды шамасыздығы» көрініс беріп, 30 - 35% өлімге әкеледі. Кардиогенді шок тек ауырсыну синдромында ғана емес, миокард инфарктінің ауырсынусыз түрінде, жүрек ырғағының күрделі бұзылысында кездеседі. Бұл түрі 70 жастан асқан әйел науқастар миокард инфарктімен қайталап ауырғанда, артериалдық гипертензияда байқалады.

Миокард инфарктінің емі:

- ауырсыну синдромын тоқтату: нитроглицерин пероралды спрей, немесе сублингвалды таблетка түрінде қолданылады;

- морфин 4-6 мг көктамырға жіберіледі, қажет жағдайда қосымша әр 5 минутта 4 мг-нан 1-3 рет салынады. Осы препаратқа альтернативті дәрі оксидон 3-5 мг көктамырға жіберіледі;

- қандағы оксигенация жетімсіздігіне оттегі ингаляциясы қолданылады;

- ауырсыну синдромын азайту мақсатында бета - адреноблокаторлар көктамырға жіберіледі;

- ацетилсалицил қышқылын 250 мг шайнату керек;

- гепарин көктамырға жіберіледі;

- миокард инфаркті жүрек шамасыздығына әкелген жағдайда ангиотензин түзуші ферменттердің ингибиторлары беріледі. [1]

Жіктемесі

МИ қазіргі заманға жіктелуі бөлінуі былай қарастырылады:

- Жүрек бұлшықетінің тереңділігімен ауқымдылығына байланысты зақымдалуы;

- Ауру ағымының сипатына байланысты;

- МИ орналасуына байланысты;

- Ауру сатысына байланысты;

- МИ асқынуына байланысты.

Жүрек бұлшықетінің тереңділігімен ауқымдылығына байланысты зақымдалуы бойынша: МИ трансмуральды жəне трансмуральды емес деп 2-ге бөледі.

1. Трансмуральды МИ (Q тісшелі миокард инфаркті) некрозды ошақ жүрек бұлшықетінің субэндокардиальды субэпикардиалды миокард қабатының барлық жағынан зақымдалуы немесе кейбір үлкен бөліктерінің ЭКГ бетінде электрокардиологиялық əкетулерде патологиялық Q тісшесі не QS комплексінің пайда болуы. Осыдан МИ трансмуральды синонимі - «Q тісшелі инфаркт миокарды» шығады. Осы əдетте, мұндай зақымданулар жүрек бұлшықетінің көлемді жəне некроз ошақтарының 2 немесе оданда көп сол қарыншалық сегменттеріне таралуы (МИ ірі ошақты) .

2. Трансмуральды емес МИ (Q тісшесіз миокард инфаркті) некрозды ошақтар тек сол қарыншаның (СҚ) субэндокардиальды немесе интрамуральды бөліктерін жəне QRS комплексінің патологиялық өзгерістерімен жүреді («Q тісшесіз миокард инфаркті») .

Ұзақ уақыт бойы көптеген əдебиеттерде Q тісшесіз миокард инфарктін «ұсақошақты миоркард инфаркті» термині қолданылып келді. Шынында, көп жағдайда ағымына байланысты трасмуральды инфарктіне қарағанда, Q тісшесіз миокард инфаркті азырақ кездеседі, бірақ өте сирек кездесетін ауқымды субэндокардиальды МИ тек миокардтың субэндокардиальды қабатын қамту арқылы СҚ бірнеше сегменттеріне таралуы.

Аурудың ағымына қарай сипаттамасы:

1. Біріншілік анамнезінде МИ бұрын ауырған жəне аспапты тексерулерде МИ белгілерінің болмауымен анықталады.

2. Қайталамалы МИ тек мына жағдайда, науқаста бұрын МИ ауырған туралы құжаттық мəлімет болса жəне айқын жаңа некроз ошақтарыны пайда болғанда анықталады.

3. Рецидивті МИ клинико-зертханалық жəне аспапты зерттеу белгілердің, МИ дамығаннан кейін мерзімі 72 сағаттан (3 тəулік) 28 күнге дейін жаңа некроз ошақтарының пайда болуымен жəне оның негізгі үрдістерінің тыртықтануымен аяқталуы.

МИ орналасуы бойынша:

- Алдыңғысептальды (алдыңғыаралық) ;

- Алдыңғы ұшы;

- Алдыңғыбүйірлік;

- Алдыңғы базальды (жоғары алды) ;

- Алдыңғы жайылмалы (септальды, ұшылық жəне бүйірлік) ;

- Артқы дифрагмальды (төменгі) ;

- Артқыбүйірлік;

- Артқыбазальды;

- Артқы жайылмалы;

- Оң қарыншалық МИ.

Аурудың сатысының ағымына қарай:

- Қасқағым кезең - МИ дамығаннан 2 сағ дейін;

- Жіті кезең - МИ дамығаннан 10 күнге дейін;

- Жітілеу кезең - 10 күннен бастап 4-8 аптаның соңына дейін;

- Инфаркттан кейінгі кезең - 4-8 аптадан кейін.

Кейде продромальды кезеңді бөліп айтады, ол стенокардияның тұрақты емес кезеңіне, МИ дамуымен асқынуы түсінігіне сəйкес келеді.

Ең көп таралған МИ асқынуларына жатады:

- Жіті сол қарыншалық жетіспеушілік (өкпе ісінуі) ;

- Кардиогенді шок;

- Қарыншалық жəне қарыншалық үстілік ритмнің бұзылуы;

- Өткізгіштіктің бұзылуы (СА-блокадасы, АВ-блокадасы, Гис шоғыры аяқшаларының блокадасы) ;

- Жедел СҚ аневризмасы;

- Миокардтың ішкі жəне сыртқы жыртылуы, жүрек тампонадасы;

- Асептикалық перикардит (эпистенокардиялық) ;

- Тромбоэмболиялар.

Диагностикасы

Диагностика критерилері

Шағымдар мен анамнез

Миокард инфарктінің негізгі клиникалық белгісі ангинозды ауыру сезімі, ол осы сезіммен 90-95% жағдайда басталады.

Ангинозды түрден басқа миокард инфаркті болжам белгісіне жəне жедел жəрдем көрсету əдістері, ұзақтығына, пайда болу сипатына қарай əртүрлі ауыру сезім түрлері болады.

Миокард инфарктінде ангинозды ауыру сезімнің сипаттамасы стенокардияға ұқсас болып келіп, тек ол ауыру сезімнің қарқындылығы күштірек «қанжар сұққан тəріздес», жұлынып, жыртылғандай, күйдіргендей болады.

Ауыру сезім толқынды түрде дамиды, бірыңғай төмендейді бірақ толығымен жойылмайды.

Ангинозды ауыру сезімнің орналасуы - көбіне кеуде артында, сол жақ кеуде қуысының тереңдеген бөлігінде немесе құрсақ үстінде.

Ангинозды ауыру сезімінің иррадиациясы сол жақ жауырынға, иыққа, қол қырына, саусаққа беріледі.

Миокард инфарктінде ангинозды ауыру сезімнің басталуы - күтпеген жерден, көбіне таңертеңгілік сағаттарда, ұзақтығы - бірнеше сағат. МИ нитроглицеринді сублингвальды қайталамалы қабылдағанда ангинозды ауыру сезім басылмайды. Миокард инфарктінде ангинозды ауыру синдромының даму ерекшелігі оның ауру ағымына, орналасуына жəне науқастың жасына байланысты. Жас науқастарда 90% жағдайда ангинозды статус айқын көрінеді. Егде жастағы науқастарда 65% көбіне кеуде артындағы ауыру сезім, МИ-нің жіті кезеңінде 25% жағдайда мүлдем болмай, ауыр түрде өтеді. Көп жағдайда ауыру сезім толық нитроглицеринмен, ал кейде қайталамалы наркотикалық анальгетиктермен инъекциялағанда жойылмайды.

МИ ауырудың күшіне қарай салыстырмалы ауыр емес түрінен өте ауыр шыдатпас сезімге дейін апарады. Науқастар көбіне қысылғын, басылған, жиі - қызынған, кесілген жəне соққылаған ауыру сезімдеріне шағымданады. Кейде ауыру сезім кеуде куысының барлық жағынан алып жатады.

Құрсақүсті аймақта орналасқан ауыру сезімнің төменгі (артқы) МИ-на тəн. Атипті вариантында ауыру сезім иррадиация аймағында орналасуы мүмкін, мысалы - сол колда. Ауыру сезім күшімен, ұстаманың ұзақтығына байланысты инфаркт көлеміне сəйкес келмейді.

МИ ауыру сезімінің ерекшілігінің сипаттамасы оның айқын эмоциональды болуы. Ол қорқынышпен, қозғыштықпен сезімдермен жүреді. Сонымен қатар ауыру синдромы жойылған, айқын емес жəне стенокардияның кəдімгі ұстамасымен жасырын түрінде өтеді. Көп жағдайда ұстама өздігінен өтуі мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тыныс алу мүшелерінің анатомиясы және физиологиясы
Ферменттiк препараттардың халық шаруашылығындағы мәні
Қан айналым жүйесінің жұмыс істеу деңгейі мен дені сау адамдардың созылмалы күйзеліс жағдайында реттеуші механизмдердің күшею деңгейі арасындағы өзара байланыс
Эмболия жайлы мәлімет
Фермент синтезі
Қан кету
Жүрек пен өкпе
Гипертониялық ауру кезіндегі мейірбикелік күтім
ЭКГ-ның анализі; жүрек тондарының пайда болу механизмдері. Балалардағы ерекшеліктері
Жедел жүрек жетіпеушілігі ауруын емдеу және күту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz