МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУДЕГІ СПОРТ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУДЕГІ СПОРТ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ

Спорттық-сауықтыру туризмі адамның физикалық және адамгершілік жетілуінің тиімді құралы болып табылады. Туризммен айналысқан жағдайда салыстырмалы тұрақтылық кезеңінде бірінші қатарға эндокриндік және иммундық жүйелерінің функционалдық мүмкіндіктерін арттыру немесе тірек-қимыл аппаратының мүмкіндіктерін біршама арттыру жатады.

Туризм барлық жағынан да әртүрлі жастағы қоғамды жаппай сауықтыру құралы ретінде оның жалпыға қол жетімділігіне байланысты жарамды, өйткені демалыс күндеріндегі жорықтар мен тіпті болмасын күрделі бірінші-екінші санаттағы жорықтар елеулі сырқаттары жоқ, физикалық дамуы қалыпты кез келген адамға қол жетімді. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорттық-сауықтыру туризмі қатаң сынақ. Дегенмен, осы санаттағы адамдарға күрделілігіне қарай әртүрлі жорықтарды әзірлеуге болады. Бүгінгі күні елімізде кемтарлықтан ағзасының атқарымы бұзылған жандардың саны 680 мың адамнан тұрады, оның ішінде он сегіз жасқа дейінгі 87 мың бала, ол балалардың жалпы санының 1, 5% және мүмкіндігі шектеулі жандардың жалпы санының 12, 8 пайызын құрайды.

Қазіргі таңда жалпы статистикалық мәліметтер бойынша спорттық-сауықтыру туризмді ұйымдастыруда мүмкіндігі шектеулі жандардың көбі бос уақытын демалыс, саяхат, туристік базаларда және тағы да басқа орындарда өткізуді дұрысырақ көреді. Себебі, тәрбие функциясында, ұжымшылдық сезімді қалыптастырып, адамгершілік пен эстетикалық қасиеттерді тәрбиелеуге жетелейді. Сауықтыру функциясында ағзаға табиғи факторлардың пайдалы әсерін қамтамасыз етеді, жүктемелердің оңтайлы режимін сақтайды. Ал спорттық жағы дене күшін қалпына келтіруге көмектеседі. Сондықтан, бұл өзекті мәселеге айналып отыр. Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған туризмнің негізгі бағыттары, туризмнің спорттық-сауықтыру және экскурсиялық түрлері болып табылады.

Бұлар, әлеуметтік қорғауға алынған жандарды дені сау адамдардың өмір сүру кеңістігіне жуықтатады және олардың психологиялық оңалтуына ықпал етеді. Таза ауада болу, қалыпты дене жүктемелері және туризмнің басқа да факторлары денсаулықты нығайтуға себеп болады. Демек, туризм мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік оңалтудың құрамдас бөлігі болып табылады және бір жағынан осындай жандардың қоғам алдына шығуына дайындық үдерісі мен даярлық нәтижесі болып табылатын интеграциясы болса, екінші жағынан қоғамның әлеуметтік қорғауға алынған жандарды қабылдауға дайындығымен тікелей байланысты.

Тіршілік ету мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалту жүйесі классикалық және инновациялық әдістермен негізделген. Біріншісіне қалпына келтіру терапиясын (массаж, рефлексотерапия), табиғи факторларды қолдана отырып санаторлық-курорттық емдеуді, механикалық терапияны, еңбек терапиясын және басқаларын санамалауға болады. Оларға толығырақ тоқталып өтейік. Ипотерапия, денсаулық пен жақсы көңіл-күйді жақсартуға мүмкіндік беретін жылқының ерекшеліктерін пайдалануға негізделген. Терапевтік салт ат міну физикалық кемшіліктері бар емделушілерге ұсынылады: ол тепе-теңдікті, төзімділікті және моторикалық қабілетті дамытады, сөйлеу екпінін қалыпқа келтіруге және қозғалыс ауқымын жақсартуға көмектеседі.

Салт атқа міну сонымен қатар тыныс алудың жақсаруына және сөйлеудің дамуына ықпал етеді, өзіне деген сенімділікті нығайтады және шабандоздың еркіндік пен тәуелсіздік сезімін қамтамасыз етеді. Отандық психологиялық тәжірибедегі жаңа бағыт - дельфинотерапияның қолданыла бастағанына төрт-бес жылдай болған. Дельфинотерапия баламалы және дәстүрлі емес әдіс болып табылады, ондағы психотерапиялық үдерістің ортасында адам мен дельфиннің қарым-қатынасы бар. Дельфиндер адамның орталық жүйке жүйесіне жағымды әсер етеді, алмасу, иммундық және басқа процестерді ынталандырады. Дельфиндермен қарым-қатынастан кейін науқас балалардың көбінің қозғалыс қабілеті дұрысталады, ауырғаны азаяды, қан айналымы мен сөйлеуі жақсарады .

Оккупациялық терапия - ол іс-әрекет терапиясы, денсаулықты қалпына келтіру және сақтаудың, адамның қалыпты әлеуметтік қызмет атқаруына қайта оралуының, оның қоғамға кірігуінің белсенді түрі. Бұл қызмет моделі міндетке бағдарланған бірыңғай тұжырымдамалық негіз ретінде қарастырылады, ол өзіне емдік іс-шараларды, оқыту үдерісін, жойылған (бұзылған) функцияларды толықтыратын немесе алмастыратын жеке қызметінің компенсаторлық механизмдерін моделдеуді қамтыған. Осылайша, спорттық-сауықтыру туризмі адамның физикалық және адамгершілік жетілуінің тиімді құралы ғана емес, сонымен қатар физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамға сауықтырудың тамаша құралы болып табылады деп ойланбай айтуға болады.

Осының негізінде, атап айтқанда біздің елімізде мүмкіндіктері шектеулі жандарға арналған спорттық туризмді ұйымдастыру мәселесі айналып өтпейтінін айтып өткім келеді. Көптеген ұйымдар бұндай адамдарға бей-жай қалмайды.

Ерекше балалардың мүм­кін­діктерін дамытуда абили­тацияның маңызы зор. Абили­тацияның бір түрі - бейімдік дене шынықтыру және спорт. Бұл бағытта Қазақ­станда «Саламатты болашақ» әлеуметтік жобасы жүзеге асырылып жатыр.

Бейімдік дене шынықтыру мен спорт мүмкіндігі шектеулі бала­лардың жүйелі жаттығуына, шы­нығуына жағдай жасап, өздігі­нен әрекет етуге бастайды. Мұндай балалардың тәуелсіз болуына, өзін өзі бағалау және комму­никативті дағдыларын арттыруға септігін тигізетін іс-шараларды ілгерілету үшін өңірлерде «Саламатты бола­шақ» әлеуметтік жобасы қолға алын­ған. Игі бастамаға «Sam­ruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жоба­лар­ды дамыту қорының қолдауы­мен «Тең мүмкіндіктер әлемі» қо­ғам­дық қоры мұрындық болып отыр.

Кез келген спорт түрін мүмкін­дігі шектеулі жандарға бейімдеуге болады. Мысалы, аталған жоба аясында бейімдік каратэ, бейімдік жүзу, бейімдік таэквондо, бочча, голбол, инклюзивті хореография бойынша Нұр-Сұлтан қаласында спорт үйірмелері ашылып, оған 160 бала қатысады. Оның ішінде мүмкіндігі шектеулі балалармен қатар сау балалар да бар. Сондықтан бұл тәсіл инклюзивті деп аталады.

«Тең мүмкіндіктер әлемінің» директоры Нұргүл Ұлжекова бе­йімдік спорт, ең алдымен, ден­сау­лығының мүмкіндігі шек­теулі немесе психикалық ауытқу­шылығы бар спортшының шама-шарқынша максималды мүм­кін­діктерге жетуге тырысатын және өзінің спорт­тық техникасын жетілдіретін б­әсекелі әрекеті екенін атап өтті. Оның айтуынша, 2019-2020 жылдары жоба шеңберінде атқарылған жұмыс жаттығулардың тиімді болғанын көрсетті. Атап айтқанда, жас спортшылардың 97%-ның коор­динациялық қабілеттері жақ­сарды, 95%-ы төзімділік, 75%-ы икем­ділік көрсеткіштерін жақ­сарт­т­ы. Балалардың 65%-ның күші артып, 54%-ның ептілігі да­мы­­ды. Жобаның көптеген қатысу­шысы халықаралық жарыс­тарға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп жатыр.

Ата-аналар да өз балаларының әлеуметтік дағдылары жақсар­ға­нын байқады. Балалар көпшіл және тәуелсіз бола бастады. Сон­дай-ақ балалардың зейіні ашылып, тәртібі жақсарып, есте сақтау, тіпті сөйлеу қабілеттері артты.

«Менің ұлыма ақыл-ойдың артта қалу диагнозы қойылған. Біз екі жыл бойы адаптивті таэквондо мен бочча секцияларына қатысамыз. Нәтижесі керемет. Бұл оның спорттық дамуына ғана емес, жалпы жағдайына да қатысты. Ол белсенді, мұқият болды. Жақында балам 15 минут ішінде құрлықтар мен мұхиттарды жаттап айтып, бәрімізді таңғалдырды. Мұның біз үшін үлкен жетістік екенін сенімді түрде айта аламын», дейді 14 жасар Нариманның анасы Анар.

Талай жанға жігер берген жо­баның аясы да кеңейіп жатыр. Биыл қыркүйектен бастап «Сала­матты болашақ» еліміздің барлық аймағына тарала бастады. Бүгінде бұл бағытта Қарағанды облысында, Павлодар мен Шымкентте бе­йімдік, инклюзивті спорт үйір­мелері ашылды.

Мұндай үйірмелердің ашылуына көбіне ерекше балалардың ата-аналары бастамашы болып жатады. БАҚ және әлеуметтік же­лілер арқылы жобаның сәтті жү­зеге асып жатқанын бақылап отыр­ған отбасылар бейімдік спорт түрлері бойынша бөлімдер ашуды өтініп, жергілікті атқарушы органдардан көмек сұрап, хат жазады. Мысалы, Павлодардағы секциялар аутизммен ауыратын балалардың ата-аналары бастамасымен және «Шекарасыз әлем» ҮЕҰ-ның сұрауы бойынша ашылды. Бүгінде Павлодарда ашылған адаптивті жүзу, инклюзивті хореография, адаптивті футбол және бочча секцияларына 50 бала қатысады.

Сондай-ақ секциялардың ашылуын тренерлер де құптап отырады. Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында орналасқан С. Сейфуллин атындағы орта мек­­тептің бочча секциясына мүм­­кіндігі шектеулі 10 оқушы қаты­­сады. Бочча секциясы­ның жат­­тық­­тыру­шысы - осы мектеп­тің дене шынық­тыру мұғалімі Қасым Асы­л­ан. Ол бейімдік дене шы­нық­­тыру бойынша Халық­ара­лық ғы­лыми-практикалық конф­ерен­ция­ға қатысқаннан кейін осы спорт түріне қызығушылық та­ныт­­ты. Бұған қоса Қарағандыда инклю­зивті хореография, бейімдік жүзу, бочча және бейімдік таэквондо секциялары жұмысын бастады.

Сондай-ақ Шымкентте 20 баланы қамтитын адаптивті дзюдо, бочча секциялары ашылды, жақында адаптивті жүзу мен адаптивті футбол секциялары да жұмысын бастамақ. Бұл ретте Алматыда құрылатын бочча секциясын да атап өткен жөн.

Аталған бастама бойынша ал­дағы уақытта ауқымды жұмыс­тар жоспарланып отыр. Баста­ма­шы­лар жоба аясында спорт­шылар­дың санын 560-қа дейін жеткізуді, бейімдік дене шынық­тыру бо­йын­ша кем дегенде 40 маман­ның біліктілігін арттыруды және бе­йім­дік спорт түрлерін әрбір ерек­ше балаға мүмкіндігінше қолжетімді етуді көздейді.

Мүмкіндігі шектеулі баланы әлеуметтік ортаға енгізудің екі жолы бар. Бірінші жолы, мүмкіндігі шектеулі баланы қоршаған ортаға бейімдеу. Бұл жолдың кемшілігі . біржақтылығы. Бұл жолмен керекті нәтижеге жету мүмкін емес, әлеуметтену процесі екі жақтылы болуы керек. Бұл дайындық процесінде интеграцияның объектісі ғана емес, сонымен қатар белсенді субъектісі болу керек.

Екінші жолы мүмкіндігі шектеулі баланы әлеуметтік ортаға енгізу дайындығымен бірге, әлеуметтік ортаны мүмкіндігі шектеулі баланы қабылдауға дайындау. Негізгі факторы да осы.

Мемлекет даму мүмкіндігі шектеулі азаматтардың білім алуына, дамуында ауытқуды түзетуіне және әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасауды қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының азаматтарының денсаулығын қорғау жөніндегі заң құжаттарында айтылғандай, мүгедектер, оның ішінде мүгедек балалар және бала жасынан мүгедектер медициналы. әлеуметтік көмек алуға, оңалтылуға (реабилитация), дәрі. дәрмектермен протездермен, протезді. ортопедиялық бұйымдармен, жеңілдік жағдайларда қозғалыс құралдарымен қамтамасыз етілуге, сондай. ақ кәсіби даярлану мен қайта даярлануға құқықтары бар. Лев Семенович Выготский:. «Бала бойындағы кемістігін толықтырудың екі түрлі ерекшелігі бар, оның бірі . бала психикасының даму шамасына орай тәрбие талаптары, екіншісі . кемістігін қалпына келтірудегі өз бойындағы ерекшеліктері мен мүмкіндіктері». деп атап көрсетеді. Сондай . ақ ол бала бойындағы кемістікті әлеуметтік жолмен толықтыруға болады деді, ол үшін кемтар балаларға үнемі қамқорлық көрсетіп, оқыту мен тәрбиелеу істерін жүйелі түрде жүргізіп отыру керектігіне ерекше мән берген.

Осыған байланысты педагогикалық үдерісте балалардың белсенділік, өзіндік әрекетін танытуына, сонымен қатар, оның интеллектуалдық және тұлғалық дамуын арттыруына барынша кешенді түзетушілік педагогикалық қолдау жасау қажет. Ерте жасалған диагностика мен дер кезіндегі түзету жұмыстары мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жеке даму траекториясы бойынша өсуіне жағдай жасайды. Сондықтан, әлеуметтік-педагогикалық қолдау міндеттерін жүзеге асыруда арнайы (түзету) білім беру ұйымдар педагогтарының, соның ішінде әлеуметтік педагог, психолог және арнайы педагогтардың ролі басым.

Психологияның негізін қалаушы ғалым Л. С. Выготский сөзімен айтатын болсақ «Сау бала мен кемтар бала бірдей заңдылықтармен дамиды. Демек қалыпты және дамуында ауытқушылық барбалалардың дамуындағы факторлар бірдей. Ақыл-ойы кем бала өзінің дамуында сау баланың жүріп өтетін даму кезеңдерін бастан кешіреді, тек бірқатар кешігумен және спецификалық ерекшеліктерімен өтеді» деген болатын. Сондай-ақ «Әр баланың өзінің деңгейі болатындай әр балаға берілетін тапсырманың көлемі оның деңгейіне лайықтап беріледі. Әр баланы өзінің зонасында жетілдіру керек» деген. Сондықтан, әр баланың жан дүниесіне үңілуден бастап, өзіндік ерекшеліктерін зерттеп, білгеннен кейін, олардың қабылдау деңгейіне қарай түзете-дамыту жұмыстарын жалғастырамыз. Оқыту-тәрбиелеу жұмысын бағдарлама талаптарына сәйкес ойын түрінде ұйымдастыра отырып, балалардың ойлау қабілеттерін арттыруға жағдай жасау қажет.

Баланың ақыл-ойының дамуы тек белгілі бір білім көлеміне емес, танымдық іс-әрекет амалдары мен тәсілдерін игерумен бірге есте сақтау, ойлау, танымдық, шығармашылық қабілеттерінің дамуын тұтас қамтиды. Қазір олардың мүмкіндіктерін ескере отырып, өзгелермен теңдей білім алуына жағдай жасалып жатыр.

2. Инклюзивті оқыту- барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеретін, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үдерісінің дамытуға қол жеткізуді көздейтін кіріктірілген білім процесі.

Түзету және инклюзивті білім беру бағдарламасының мақсаты да - әртүрлі мұқтаждықтағы даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың психикалық процестерін дамытуда, білім алуда кешенді психологиялық-педагогикалық көмек көрсету болып табылады.

Педагог-Логопеды маман баланың сөйлеу кемшіліктерінің құрылымы мен деңгейін, оларды түзетудің әдістерін анықтайды, дамудағы сөйлеу кемшілігін, сөйлеу қызметінің бұзылуын түзету үшін топтық және жеке жұмыстар өткізеді. Баланың тіл бұзылыстарын түзету мақсатында логопед логопедиялық тренажер, зондпен жұмыс, тыныс, тіл, артикуляциялық жаттығулар арқылы қызықты қылып өткізуде.

Ғалымдардың дәлелдеуінше, баланың ұсақ моторикасының дамуы оның жалпы тілінің дамуы мен ойлау қабілетінің дамуымен тығыз байланысты. Саусақтардың және қол білектерінің қозғалысы ерекше дамытушылық мағынаға ие. Баланың саусақтарымен түрлі жұмыстарды орындауы индуктивті бас миындағы сөйлеу орталықтарының қозуына және сөйлеу аймақтарының келісілген әрекетінің күрт күшеюіне алып келеді екен.

Дефектолог мамандар баланың психофизиологиялық даму кемшіліктерін түзеп, жеке тұлғалық қасиеттерін зерттеп, баланың мүмкіншілігін, қабілетін анықтайды. Дамуындағы ауытқуларды барынша түзетуге бағытталған танымдық үрдістерін дамытып, сенсорлық қабілеттері мен жалпы және ұсақ моторикасын, ойын арқылы баланың қимыл-қозғалысын, ойлауын және тілін дамытады. Дефектологтың түзеу-дамыту жұмысы саусақ жаттығуларынан басталады. Дидактикалық, сюжеттік-рольдік ойындар, мазмұнды суретпен әңгіме құрастыру, түрлі әдістер арқылы сурет салу, ермексазбен жұмыс және қол моторикасын дамытатын заттық - танымдық құралдармен ойнату балалардың қызығушылығын тудырады.

Педагог- психолог маманы баланың психологиялық даму деңгейін зерттеп, танымдық, тұлғалық, эмоционалды-ерік қабілеттерін дамытуға бағытталған түзету-дамыту жұмыстарын жүргізеді: баланың өзіне деген, қоршаған ортаға деген қатынасын жақсарту, өз эмоциясын басқара алуы, қоғамда өзін еркін ұстауы, танымдық қызығушылығын арттыру т. б. Тренингтер, танымдық ойындар, релаксация, арттерапия сияқты жұмыс түрлері арқылы балалардың психологиялық дамуына жағдай жасайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене тәрбиесінің оқыту мәселелері
Көру қабілеті зақымдалған мектепке дейінгі оқушылар
Мүмкіндіктері шектеулі балалармен әлеуметтік
Мүмкіндігі шектеулі балалар қызығушылғы
Тыныс алу жүйесінің аурулары
Мүмкіндігі шектеулі баларды әлеуметтік бейімдеу мен қоғамға тарту шаралары
Дене шынықтыруда қимыл қозғалысқа арналған жаттығулар түрлерін ұйымдастыру
Омыртқаның остеохондрозында қолданылатын классикалық массаж
Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік ортаға бейімдеу
Спорттық-сауықтыру туризмі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz