ИНСУЛЬТ БОЛУ СЕБЕПТЕРІ


ИНСУЛЬТ
БОЛУ СЕБЕПТЕРІ
Инсульттың пайда болуының негізгі себебі жоғары артериялық қысым болып табылады. Сондықтан әрбір адам өзінің «жұмысшы» қан қысымын білуі және ол көтерілген жағдайда оны төмендетуге тырысуы керек. Тұтастай алғанда, егер сіздер гипертониямен зардап шексеңіздер, сіздер дәрігерге көрінуге және дәрілер ішу, физикалық күш түсулер және арнайы емдәм сақтау тұрғысынан оның ұсыныстарына нақты ерулеріңіз керек. Сіз сондай-ақ, егер сізде жүрек ауруы, қант диабеті бар болса, егер сіз шылым тарт-
саңыз, алкоголь ішсеңіз, артық салмағыңыз болса, қозғалмайтын өмір салтын жүргізсеңіз, генетиқалық бейімділігіңіз болса, қан ауруларымен, ми ыдыстарының қабынуымен азап шексеңіз, қанды сұйылтушы дәрілерді (антикоагулянттар, антиагреганттер, тромболитикте) немесе психостимуляторларды (амфетаминдер және т. б. ) қабылдасаңыз қауіп- қатер тобында боласыз.
ИНСУЛЬТ КЕЗІНДЕ ҚАЛАЙ
ЖӘРДЕМ КӨРСЕТУ КЕРЕК
Егер сіз немесе сіздің жақындарыңыз инсульттың белгілерін сезсеңіз, дереу жедел- жәрдем шақырыңыз. Ол келгенге дейін нау-қастың күйін жеңілдетуге тырысыңыз.
- Науқасты еденге немесе кереуетке жат-
қызыңыз және еңкею бұрыны 30 градус болатындай етіп, басының астына жастық салып, бір бүйірге бұрып қойыңыз. Күрт қозғалыстар жасамауға және науқасты тасымауға тырысыңыз, бұл ұстамалы ауруды асқындыр-
уы мүмкін.
-Алмалы- салмалы протездерін алыңыз, көйлегінің жағасын шешіңіз, белдікті босатыңыз және аузынан бөлінетін көбік тыныс алу органдарына түспес үшін, оны үнемі орамалмен сүртіп отырыңыз.
-Науқас тілін тістеп алмас үшін, тісінің арасына орамалға орап тарақ немесе таяқ қойып қойыңыз.
- Сіңір тартылумен қысылған саусақтарын ашуға тырыспаңыз, науқасты бүкіл салмағыңызбен баспаңыз. Бұл ұстамалы аурудың күшеюіне, кездейсоқ буын шығып кетулері мен сынуларға әкелуі мүмкін.
- Терезені немесе форточканы ашып, таза ауаның кіруін қамтамасыз етіңіз.
- Дәрі бермеңіз және мүсәтір спиртін пайдаланбаңыз. Ол тыныс алудың тоқтатуына әкелуі мүмкін.
- Егер оның пульсы сезімлесе, жүрегі тоқтап қалса және тыныс алысы тоқтаса дереу өкпе- жүрек реанимациясын бастаңыз.
Ең бастысы, науқасқа жедел медициналық жәрдем көрсетілуі керек, себебі инсульт дамыған кезде алғашқы минуттары мен сағаттар қымбат болып табылады.
Егер инсультты болдырмаудың сәті түспесе
Науқас жедел ауруханаға жатқызуды және мүмкін хирургиялық араласуды қажет етеді. Оған бас миының компьютерлік томографиясы жүргізіледі, жұлын-ми сұйықтығы талдауға алынып, тиісті емдеу немесе қосымша тексерілу белгіленеді. Бірнеше күн ішінде ол нейрореанимация бөлімінде, интенсивті неврология бөлімінде немесе күшті инсульттық бөлімде болады. Дәрігерлер пациенттің өмірі мен инсульттың зардаптарынан толықтай немесе ішінара алу үшін күресетін болады.
Науқастың дұрыс тамақтануын қамтамасыз ету маңызды. Жұтуы бұзылған кезде оны зонд арқылы тамақтандырады. Егер науқас жұта алса, бірінші күндері оған жеміс- жиек пен шырындар, тәтті шай береді. Екінші күннен бастап диетаны кеңейтеді, бірақ ол жеңіл игерілетін өнімдерден тұруы керек: йогурттан, сорпадан, жеміс және көкөніс пюресінен.
Инсультты кейінгі емдеу өзіне қантамыр терапия курсын өткізуді, ми алмасуын жақсартатын препараттарды қабылдауды, оттегітерапияны, емдеуді қалпына келтіруді немесе айықтыруды (емдеу дене тәрбиесі, физиоемдеу, сылау) қамтиды.
1. Өткінші бұзылыстар - ошақты симптоматиканың 24 сағат ішінде толық регрессияға айналу жағдайы:
- транзиторлы ишемиялық шабуылдар- ми қан айналымының ошақты симптоматикасымен жүретін өткінші бұзылыстары, мидың қысқа локальды ишемиялық жағдайынан туындайды.
- жедел гипертониялық энцефалопатия.
2. Геморрагиялық инсульттер - ми мен жұлынға жарақаттанусыз қанның құйылуы.
3. Ишемиялық инсульттер - тромбоз, эмболия, тамырлардың қысылуы мен стенозы жəне жалпы гемодинамиканың төмендеуінде (тромбсыз жұмсару) мидағы белгілі бір бөліктің қанмен қамтамасыз етілуінің төмендеуі немесе тоқтауына алып келетін ауру.
4. Біріккен инсульттер, қан құйылу ошақтары мен мидың жұмсарған бөліктері қатар жүргенде пайда болуы.
5. Субарахноидальді қан құйылу.
Қауіп-қатерлі факторлар
Ишемиялық инсульттың қауіп-қатер факторлары:
- атеросклеротикалық бұзылыстар;
- артерио-артериалды жəне кардиоцеребралды эмболиялар;
- қан жүйесіндегі бұзылыстар.
Геморрагиялық инсульттың қауіп-қатер факторлары:
- артериалды гипертензия;
- ангиомалар;
- мидың артериалды жүйесінің микроаневризмалары;
- инфекционды- аллергиялық табиғаттағы жүйелі аурулар;
- қанның гипокоагуляциясымен жүретін геморрагиялық диатез жəне лейкоздың əртүрлі формалары.
- антикоагулянттарды мөлшерден тыс қабылдау;
- мидың біріншілік немесе метастазды ісігіне қан құйылу.
Субарахноидалды қан құйылулардың қауіп-қатер факторлары:
- субарахноидалды кеңістікте орналасқан артериялардың инфекционды - токсикалық, паранеопластикалық жəне саңырауқұлақтармен зақымдалуы;
- əртүрлі этиологиядағы артерииттер;
- қанның аурулары;
- ми веналары мен синустарының тромбозы;
- жыныс қатынасы кезінде, эмоционалды күштемеде, қатты жөтелгенде, дефекацияда, аяқ- астынан ауыр көтергенде артериялық қысымның тым жоғары жəне күрт көтерілуі;
- түнгі ұйқыда венозды қан айдаудың нашарлауы, ми қан тамырларының тез арада атеросклерозды бұзылыстары;
- субарахноидалды кеңістікке беткей орналасқан ми ішілік геморрагиялық үзілулер;
- ауыр алкоголды уланулар.
Диагностикасы
Диагностика критерилері
Ми қан айналымының жіті бұзылыстары бірден пайда болады (минуттар, сирек сағаттарда) жəне ошақты немесе жалпы милық менингеалды неврологиялық симптомдардың пайда болуымен сипатталады.
Ошақты неврологиялық симптомдар:
- қозғалмалы (геми-, моно-, парапарездер) ;
- сөздік (сенсорлы, моторлы афазия, дизартрия) ;
- сезімталдық (гемигипалгизия, терең жəне күрделі сезімталдықтың бұзылыстары) ;
- координаторлы (вестибулярлы, мишықтың атаксиясы, астазия, абазия т. б) ;
- көру (скотомалар, квадрантты жəне гемианопсиялар, амавроз, фотопсиялар т. б) ;
- ми қабы қызметінің бұзылысы (астериогноз, апроксия жəне т. б) .
Жалпы милық симптомдар:
- бастағы сергектіктің төмендеуі, субъективті сезінулер «түсініксіздік», «тұмандауы» сияқты жеңіл сезімдер мен терең комаға дейінгі жағдайлар;
- бастың ауруы, жүйеусіз сипаттағы бастың айналуы, жүрек айнуы, құсу, бастың шуылдауы.
Менингеалды симптоматика:
- мойын арты бұлшық етінің тартылуы;
- Керниг, Брудзинский (жоғарғы, ортаңғы, төменгі), Бехтеров симптомдарының оң болуы.
Геморрагиялық инсульттің диагностикалық критерийлері:
- бастың бірден ауруы, құсу;
- тез арада (немесе кенеттен) есінің тежелуі, ошақты симптомдармен қатар жүруі;
- сергек кезде, күндіз, аяқ - астынан пайда болады;
- беттің қошқылдануы (плетор), көздің жабылуы, кейде көп мөлшерде тердің бөлінуі, зəрді ұстай алмау, пульстің қатқылдануы, жарты шарға массивті қан құйылу кезінде - артериялық қысымның көтерілуі.
Ишемиялық инсульттің диагностикалық критерийлері:
- біртіндеп (сағат немесе минут ішінде), зақымданған тамыр бассейніне байланысты ошақты симптомдардың үдеуі;
- жалпымилық симптомдар көріністері анық болмайды;
- артериялық қысым қалыпты немесе төмен;
- кейде ұйқы кезінде дамиды.
Транзиторлы ишемиялық шабуылдар диагнозы ретроспективті қойылады.
Жіті гипертониялық энцефалопатияның диагностикалық крийтерилері:
- бастың бүкіл жерінің, қатты ауруы;
- жүрек айну, құсу;
- сезімталдықтың төмендеуі, кейде тырысу синдромымен қатар жүреді;
- ошақты неврологиялық симптоматика.
Субарахноидалды қан құйылулардың диагностикалық критерийлері:
- аяқ-астынан бастың ауруы, кейде омыртқаға ауырсынудың берілуі, басты бір нəрсемен ұрған сияқты ауырсыну («баста бірнəрсенің жарылуы») ;
- психомоторлы қозу, бастың айналуы, көздің қарауытуы, құлағының шуылдауы;
- есінің тежелуі, кейде комаға дейін; Көбінесе есі қалпына келеді, бірақ есеңгіреу күйінде болады;
- қайталамалы құсу;
- генерализацияланған немесе фокальді қояншық ұстамалары;
- тыныс алу ритмнің бұзылуы немесе оның патологиялық түрлері;
- артериялық қысымның жоғарылауы;
- жүрек соғысының өзгеруі (жиі брадикардия) ;
- гипергликемия.
Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Жалпы жағдайы мен өмірге қажетті қызметтерді бағалау: ес, тыныс алу, қан айналу.
2. Визуальді бағалау: бастың жұмсақ ұлпасын жақсылап қарау жəне пальпацииялау (бассүйек ми жарақатын анықтау үшін) . Сыртқы құлақ қалқанымен мұрын қуысын қарау ( ликвор мен гемотореяны анықтау үшін) .
3. Пульсті бақылау (аритмиялық), жүректің соғу жиілігін (брадикардия), артериялық қысымды анықтау.
4. Жүрек аускультациясы: митральді қақпақшаның пролапсты шуы жəне жүректің басқа да шуылдары.
5. Мойын тамырларын аускультациялау: ұйқы артериясының үстінен шуылды анықтау, əсіресе анамнезінде транзиторлы ишемиялық шабуыл жəне қантты диабеті болса.
6. Неврологиялық статусты анықтағанда келесі белгілерге мəн беру керек:
- аяғында қозғалыстың бұзылысын: науқасқа 10 сек. аяғын көтеріп тұруын сұраймыз, салданған аяғы тезірек шаршайды (Баре сынамасы) .
- сөйлеудің бұзылуы (дизартрия, афазия), дизартрия кезінде науқас түсінеді, бірақ түсініксіз сөйлейді; афазия кезінде науқас түсінеді бірақ мүлдем сөйлей алмайды.
- бассүйек иннервациясының бұзылуы :беттің ассиметриясы, дисфагия (жұтынудың бұзылуы- қатты немесе сұйық тағам ішкенде қақалуы) ;
- сезімталдықтың бұзылуы: денесінің немесе аяғының симметриялық бөліктерін инемен сұққанда бір жақты ауырсыну байқалады;
- естің төмендеуі (есеңгіреу, сопор, кома) ;
- көру алаңының дефектісі (геми анопсия- сол немесе оң көзінің көру алаңының төмендеуі) .
7. Қандағы глюкозаның мөлшерін анықтау.
Дифференциалды диагноз
Дифференциалды диагностика
Гипогликемия
Жіті ми қан айналымың бұзылуы симптомдарымен ұқсас келеді. Бұл жағдай қант диабетімен ауыратын, гипогликемиялық дəрі-дəрмек қабылдайтын аурулардың барлығында болады; қояншық ұстамалары болуы мүмкін. Дұрыс диагноз қоюдың ең негізгі əдісі- қандағы глюкоза деңгейін анықтау.
Қояншық ұстамасы
Ұстаманың аяқ астынан басталып, аяқталуы. Ұстама кезінде сезімталдық төмендеп, əртүрлі еріксіз қозғалыстар байқалады, ұстамадан соң ұйқысы келіп, есінен шатасу болады. Ошақты неврологиялық симптоматика 24 сағат ішінде жоғалады. Диагноз қоюға, бұрын болған ұқсас ұстамалар көмектеседі, бірақ кейде эпилепсиялық ұстамалардың инсультпен қатар жүретінін есте сақтау керек.
Бас сақинасы ұстамасының асқынған түрі. Бастапқы кезде ошақты неврологиялық симптоматика инсультті еске түсіреді; Ұстамаға дейін жəне кейін бастың қатты ауруы болады; сезімталдық пен көздің көруі нашарлайды. Анамнезінде басы ауыратын əйелдер мен жас пациенттерден күдіктенуге болады; бас сақинасында инсульт тууы мүмкін.
Бассүйек ішілік ісіктердің пайда болуы (ісік немесе метастаз, абсцесс, субдуралды гематома) . Ошақтық симптомдар бірнеше күн ішінде пайда болады, қанмен қамтамасыз ететін ми артерияларының бір бөлігін ғана зақымдауы мүмкін, анамнезінде қатерлі ісіктер немесе бассүйектік жарақат кездеседі.
Бассүйек ми жарақаты. Анамнезінде басында жарақат іздерінің болуы.
Менингоэнцефалит. Анамнезінде инфекциялық үдерістерінің белгілері, бөртпе, құлақтың жəне мұрын қосалқыларының іріңді аурулары.
Инсульттің орналасуы мен түрі ауруханаға жатқызу алдында талап етілмейді.
Емдеу тактикасы
Медициналық көмек көрсету тактикасы
Жедел көмектің мақсаты:
1. Инсульт жəне ми бұзылыстарындағы рефлекторлы реакцияларды тудырған патологиялық үрдістерді басу.
2. Ми құрылымының тікелей бұзылуына байланысты, морфофункцияналды өзгерістерді шектеу.
Базисті жəне дифференциалды терапияны қатар жүргізу арқылы дұрыс еммен қамтамасыз етуге болады.
Базисті терапияны эпилептикалық статус жəне өмірге қажетті қызметтердің бұзылысын басу үшін қолданады. Бұл ем тек инсульттің түрін жəне оның бар-жоғын анықтағанға дейін жүргізіледі.
Дифференциалды терапия - инсульттің ишемиялық жəне геморрагиялық түрлері анықталғанда қолданылады. Ол тек ауруханада ғана жүргізіледі.
Базисті терапия бір-бірімен байланысқан үш компоненттен тұрады:
1. Өмірге қажетті қызметтерді коррекциялау- тыныс алуды, гемодинамиканы, жұтынуды қалыптастыру, эпилептикалық статусты басу.
2. Инсульт əсерінен болған гомеостаздық бұзылыстарды түзеу - бассүйек ішілік қысымды төмендету, су электр тепе-теңдігін түзеу, қышқыл - негіздік жағдайды жəне инфекцияның алдын алу.
3. Метаболикалық қорғаныс, мидың дисфункциясын басуға, церебральді қан айналымының жедел бұзылысын жоюға: антигипоксанттарды, нейротрофикалық жəне мембрана стабилизаторларды, антогонист глутаматтарды қолдануға болады.
Дифференциалды емес терапия
1. Тынысты қалыптандыру- жоғарғы тыныс жолы мен ауыз қуысын тазалау.
2. Естен тану кезінде-оксигенотерапия. Брадипноэ (ТАЖ-12 мин. ішінде), тахипноэ (ТАЖ-35-40 мин. ішінде), цианоздың өршуінде - өкпені жасанды желдендіру.
3. Артериалды гипертензиясы болса (сист. арт. қысым-200 мм с. б. б, диаст. арт. қысым-110 мм с. б. б) қысымды баяу түсіру керек, өйткені ми ишемиясы тууы мүмкін.
- эналаприлат 0, 625-1, 25 мг тамыр ішіне тамшылатып 5 мин.
- магний сульфатын тамыр ішіне баяу 1000-2000 мг (бірінші 3мл 3мин ішінде) 10-15 мин ішінде, тырысу синдромы болған жағдайда тағайындалады
4. Артеиалды гипотензияда (сист. арт. қысым- 100 мм . с. б. б. ) тамырға тамшылатып полиглюкин 400, 0 мл немесе пентокрахмал 500 мл.
Артериалды гипотонияның айқын түрінде - тамырға 200мг допаминді 250мл 5% декстроза ерітіндісіне араластырып 1 мин. ішінде 10-12 тамшыға дейінгі жылдамдықта құю керек.
5. Тырысу синдромы дамыса диазепам бастапқы мөлшері 10-20 мг, керегінше 20мг тамырға, бұлшық етке енгізеді.
Жалғасатын тырысу құламасында 20% оксибат натрий ерітіндісі изотониялық ерітіндісімен немесе 5% декстроз дене салмағынан 70 мг /кг .
6. Қайталамалы құсықта, қатты ықылық тигенде:
- метоклопромид 2 мл, 10мл-0, 9% бұлшық етке;
- пиридоксин гидрохлориді 2-3 мл 5%, 0, 9% натрий хлорид ерітіндісімен тамырға;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz