Әскери міндет және жауапкершілік


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары

  1. Кіріспе
  2. Әскери міндет және жауапкершілік
  3. Әскери тәртіптің талаптары
  4. Пайдаланылған әдебиеттер

I. Кіріспе

Әскери қызмет- мемлекеттің Қарулы Күштері жүйесінде атқарылатын қызмет, бірқатар мемлекеттерде, оның ішінде Қазақстанда да әскери қызмет азаматтардың өз елінің, отанының алдындағы қасиетті парызы саналады. [1] Жалдамалы және шарт жасау арқылы белгіленетін әскери қызмет түрлері де болады. Онда әскери қызмет мерзімі, өтелетін орны, міндеті тағы басқа жағдайлары шартта көрсетіліп, белгіленген тәртіппен екіжақты расталады. Қазақстанда әскери қызметті өтеу тәртібі ҚР Конституциясында, “Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы” заңда (1993 жылы 19 қаңтар) және осы заңға Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен ендірілген заңдық күші бар қосымша өзгертулер мен толықтыруларда (1995 жылы 19 мамыр мен 14 қараша) тағы басқа құқықтық құжаттарда тұжырымдалған. Әскери қызмет қатарындағы әскери қызмет және запастағы әскери қызмет түрінен тұрады. Қатардағы әскери қызметтегі адам әскери қызметші аталады. Оған солдаттар, матростар, сержанттар, старшиналар, прапорщиктер, мичмандар, түрлі дәрежелі (кіші, аға, жоғары) офицерлер құрамы жатады. Қызмет дәрежесіне және әскери атағына орай бір әскери қызметші екіншісіне бастық немесе бағынышты болады. Барлық әскери қызметшілер мен қызметкерлер заңда және әскери жарғыда белгіленген тәртіп пен ережені бұлжытпай дәл сақтауға, ал командирлер мен бастықтар әскери бөлімдерде әрдайым қатаң әскери тәртіп болуын қадағалауға тиіс, өйткені ол әскердің жауынгерлік қабілеті мен дайындығының жоғары дәрежеде болуын қамтамасыз ететін негізгі шарттың бірі. Әрбір әскери адам әскери ант қабылдайды және әскери тәртіпті бұзғаны үшін жауап береді. 1995 ж. кабылданған "Жалпыға бірдей әскери міндеттілік" туралы заңды негізге ала отырып, Қазақстанның барлық ер азаматтары нәсілі мен ұлтына, діни сеніміне, біліміне, әлеуметтік және мүліктік жағдайына қарамастан, қарулы күштер қатарында міндетті әскери қызметті атқаруға тиісті. Міндетті әскери қызметке 18 жасқа толған азаматтар шақырылады. Шақыру жұмысы жылына екі рет, мамыр-маусымда және қазан-желтоксанда жүргізіледі. Әскери қызметшілерді запасқа босату жұмысы да нақ осы мерзімде жылына екі рет өткізіледі. Әскерге шақырылған азаматтардын қызмет[3] ету мерзімі сарбаздар, сержанттар және әуе қорғаныс күштері мен мемлекеттік шеқараны корғау әскерлері үшін - 2 жыл. Жоғарғы білімі бар азаматтар үшін - 1 жыл, Әскери-теңіз флотының матростары, сержанттары мен старшиналарының қызмет ету мерзімі 2, 5 жыл. Жоғары оқу орындарын бітірген запастағы офицерлер 2 жылға әскери қызмет етуге шақырылуы мүмкін. Медициналық немесе басқа арнаулы даярлығы бар 19-35 жастағы қыз-келіншектер бейбіт уақытта әскери есепке алынып, жапығу жиындарына қатысады. Сонымен қатар, 19 жастан 35 жасқа дейінгілері ерікті түрде міндетті әскери қызметті атқару үшін қарулы күштер қатарына шақырылуы мүмкін.

II. Әскери міндет пен жауапкершілік

Әскери қызметшілердің жалпы міндеттері. Әскери атақтар және айыру белгілері

Қазақстан Республикасын қорғау - оның әр азаматының қасиетті борышы және міндеті. Қазақстан Республикасы азаматтары әскери қызметті заңда көрсетілген тәртіп бойынша атқарады.

Әскери қызмет атқару - қоғам және мемлекет тарапынан берілген аса зор жауапкершілік, ол жауынгерден биік моральдық-этикалық өнегелілікті талап етеді.

Қазақстан Республикасының азаматтары әскери қызметті ерікті түрде шақыру бойынша немесе келісімшартқа отыру арқылы атқарады. Ол Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде немесе басқа да әскери бөлімдерге заңда көрсетілген тәртіппен алынады. Қазақстан Республикасыньщ «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Заңына сәйкес Қарулы Күштерде жауынгерлерге әскери атақ беріледі.

Әскери қызметші мәртебесіне қоса әр жауынгер Қазақстан Республикасының азаматы ретінде өзіне тиесілі барлық қүқықтарды жөне әскери қызметкерлерге тиесілі жеңілдіктерді пайдалана алады.

Әскери қызметші қызмет барысында (әскери міндетін өтеу кезінде мемлекеттік кызметкер болып саналады және мемлекеттің қорғауыңда болады. Мемлекет өз кезегінде өскери қызметші өз міндетін адал атқару, яғни өз Отаны - Қазақстан Республикасын корғау үшін бар күш-жігері мен көсіптік шеберлігін аямайды деп сенім білдіреді.

Әскери қызметшінің міндеттері:

  • Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын қатаң сақтауға және әскери жарғылардың талаптарын қатаң сақтауға;
  • әскери антқа адал болуға, өз халқына шексіз беріліп қызмет етуге, ерлікпен, Қазақстан Республикасын қырағылықпен, қасық қаны қалғанша аянбай қорғауға, әскери борышын адал орындауға, әскери қызметтің қиындықтарына табандылықпен төзуге, өзінің іс-қимылымен мемлекеттік биліктің беделін нығайтуға;
  • өз Отанының патриоты болуға, түрлі ұлттардың әскери қызметшілерінің арасындағы достықты нығайтуға;
  • адал, тәртіпті, ержүрек болуға, әскери борышын орьндау кезінде байыпты бастама жасауға;
  • командирлерге (бастықтарға) мүлтіксіз бағынуға және оларды ұрыста қорғауға, әскери бөлімнің Жауынгерлік туын сақтауға;
  • әскери кәсіптік білікті үдайы меңгеруге, өзінің машықтануы мен әскери шеберлігін жетілдіруге;
  • өзіне сеніп тапсырылған кару мен әскери техниканы білуге және оларды ұдайы өзірлікте ұстауға, өскери мүлікті жөне баска да материалдык кұралдарды сактауға;
  • жауынгерлік жолдастықты бағалауға, жолдастарын кауіптен күтқаруға көмектесуге, оларға сөзімен де, ісімен де кемектесуге, әркайсысының ар-намысы мен абыройын кұрметтеуге, өзіне жөне басқа да әскери қызметшілерге қатысты тұрпайылық пен қорлауға жол бермеуге, оларды лайықсыз іс-қылықтардан тежеуге;
  • әскери өдептілік, мінез-құлық пен әскери сәлемдесу қағидаларын сақтауға, әрдайым және барлық жерде өз қадір-қасиеті мен абыройын биік тұтуға, әскери киім нысанын кию ережесін сақтауға, ұқыпты киюге;
  • қырағы болуға, әскери және мемлекеттік құпияны қатаң сақтауға міндетті.

III. Әскери тәртіптің талаптары

Әскери тәртіптің әскери қызметкерлерге қойылатын талаптары

Әскери қызметкерлерді әскери тәртіп неге міндеттейді? Мемлекеттік тәртіптің бір түрі ретінде жалпы сипаттағы Әскери тәртіпке міндеттейді. Әскери ұйымдардың әскери қатынастарындағы ерекшелікті ескере отырып, әскери тәртіп мынадай айрықша белгілерді атап өтеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ТАЛДАУ МЕН СИПАТТАМАСЫ
Әскери құқық
Әскери қылмыстардың түсінігі және жалпы сипаттамасы
Жауапкершілік
Заңдылық пен құқықтық тәртіп
Заң алдындағы жауаптылықтан босату негіздері
Халықаралық құқықтық жауапкершілік
Жас ұрпақты әскери патриотизмге тәрбиелеу
Азаматтық құқық бұзушылық
Азаматтық құқықтықта сенімхат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz