Бала тәрбиесі тал бесіктен


Баяндама
Бала тәрбиесі тал бесіктен.
Адам баласы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, яғни, қоғамға, өзі-өсетін тіршілік ортасының мүшесі болады. Адам дүниеге келісімен өзі көріп отырған адамдардың іс-әрекетіне, қимылына, ас ішуіне, жүріс-тұрысына, сөйлеуіне, ойнауына, әңгімелесуіне таңдана қарап, өзі де сол көргендерді есту мақсатында әрекет жасайды. Осыған байланысты «Ұядан не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» - дейді халық. Сондықтан баланың ең әуелгі өсетін ортасы, отбасы тәрбиесіне өте терең көңіл бөлу керек. Егер отбасында жақсы тәрбие алған болса, өскенде сол тәрбиенің ізімен баруы сөзсіз. Отбасындағы барлық адамдардың іс-әрекетіне, бала тәрбиесіне бірінші әсер ететін орта. Бала сол ортаға қарап өседі. Сол үшін балаға отбасындағы тәрбиені қоғамдық ортаға байланыстыра отырып берген адам ұтады.
Заманға сай отбасында бала тәрбиелеу аса үлкен жауапкершілік пен білімді талап етеді. Қазақ үшін отбасынан киелі ештеңе жоқ. Өмірге келген нәрестеге ана махаббаты мен кіршіксіз таза көңілі ауадай қажет. Отбасы -сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы- бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының ең маңызды қызметтерінің бірі - тәрбие беру. Тәрбие тал бесіктен басталады. Баланы бесіктен тәрбиелеу қажет.
Баланы бесікке салу дәстүрі баланың жетіліп, өсуіне септігін тигізеді. Ата- бабамыздан қалған мұраны одан әрі жалғастыру біздің еншімізде. Баланы бесікке саларда ауылдың аса құрметті анасы таңдап алынады. Көп бала өсіріп, тәрбиелеп ардақты анаға жас сәбиді бесікке салу рәсімі сеніп тапсырылады. Осылайша, қазақ халқы жас сәбиге асыл аналардың жолын берсін деген ниетпен ырымдаған.
Тәрбиенің қиындықтары көп, сол қиындықтан қашпаған ата-ана ғана саналы тәрбие бере алады. Ол үшін баланың не істеп жүргенін, кіммен ойнайды, қай жерде жүргенін, тапсырманы қалай орындағаны сияқты жұмыстарын қадағалап, түсіндіріп, жан-жақты тәрбие беру, оны әрі қарай дамыта білу керек. Отбасындағы өзара қарым-қатынастың дұрыс болуы, бала тәрбиесінде әке мен шеше рөлінің өте маңызды екені белгілі.
Тәрбие адам тағдырын шешетін ұлы іс. Ұлы істің бастау бұлағы, қайнар көзі - отбасы. Отбасындағы тағылым мен үлгі өнегенін, балабақшадағы тәлім тәрбиенің жүйелі бірізді жүргізулерінен бастау алатыны баршаға белгілі. Халқымыз: «Балаңа бес жасқа дейін патшаңдай қара» дегеннің терең мәні дәл осы кезде іске асатынын меңзесе керек.
Тәрбиенің түп тамыры - ұлтты қадірлеу, ұлттық әдет-ғұрыпты дамыту, ұлттық дәстүрді жандандыру, ұлтаралық достық қарым-қатынасты нығайтуға үйрету. Сабақ та, тәрбие де осы бағытта болса ғана баланы ортаға қарап тәрбиелеген боламыз, сонда ғана оның адамгершілігі қалыптасады. Адамды құрметтеуге тәрбиелеуіміз қажет.
Балабақшаға барғанда өз жасындағы балалармен бірге ойнайды, сөйлеседі. Бұл жерде тіл алғыш, айтқанды істемейтін, жылауық, сабырлы балалардың ортасына, яғни, аралас ортаға барады. Балабақшада осылардың әртүрлігіне мән беріп, жалпы ортақ тәрбие - адамгершілік тәрбиесі беріледі. Ол тәрбиешінің қатысуымен іске асады.
Қазір мектеп жасына дейінгі балалар бірыңғай бұрынғыдай тыңдаушы ғана емес, оқырман да. Мектеп жасына дейінгі балалардың бойында оқу қызметін меңгерту басты бағыты болып саналады. Ересек адам мектепке дейінгі балаға күшті педагогикалық әсер етеді, ол өзара әрекет үрдісінде кешенді әдістер мен тәсілдердің көмегімен танымдық белсенділікті қалыптастыруға, балалардың психикалық ойлау, қабылдау, ес, зейін, сөйлеуді, өзіне сенімділікті және ынталықты дамыта отырып, олардың белсе нді танымдық іс-әрекетпен шығармашылыққа бой алуына көмектеседі.
Халқымыздың даналығында «Баланы жастан» деген сөз бар. Сондықтан тәрбиенің тал бесіктен басталатынын ескерсек, ата-бабадан келе жатқан ибалық пен инабаттылықты өзіміз түпкілікті түсініп, балаларымызға сол тәрбиенің нәрін сіңіре білсек, бұл қазіргі заманда бала тәрбиесіне қосқан біздің қомақты үлесіміз болып табылар еді. Еліміз егемендік алып, өз мәртебесі биіктей түскен шақта ең алғашқы алға қояр міндеттің бірі - бала тәрбиесі - егеменді еліміздің болашағын жалғастырушы ұрпақ тәрбиелеу. Ал сол жас ұрпаққа тәрбие беретін бүгінгі тәрбиеші - мамандар тәрбиелеу мен білім берудің жаңаша жетілдірілген әдіс-тәсілдерін іздестіріп, күнделікті жұмыс барысында жаңашыл бағыттар қарастырып, оны өздерінің іс-тәжірбиесінде қолданып отырса, бала тәрбиесі алға басары сөзсіз. Бұл ойдың тармағы бүгінгі тәрбиешінің кәсіптік шеберлігінде, шығармашылық дамуына әкеліп соғады.
Қазіргі уақытта баланың сана-сезімін улайтын телеарнадағы түрлі ұрыс-керіс, атыс-шабыс, алдау-арбау, жазықсыз жанды оп-оңай тонай салу секілді бейне көріністер мен автомат ойындары және тағы басқа да алдамшы батыстық желөкпелік желігіне телміре қарау өз алдына тіпті, өмірде соларға еліктейтіндер де бой алдырғандар да баршылык. Бұлардың қай-қайсысы болмасын бала психологиясына кері әсерін тигізбей қоймайтыны сөзсіз. Әттеген-айы сол - осылардың барлығының алдын алуға болатын, әсіресе, оның иманды ұл-қыз қалыптастырудағы басты шарт екенін, бірақ көпшілігіміз аса көңіл бөле бермейтін қарапайым ғана бір ақиқат бар. Осыған мысал ретінде бір ғибратты оқиғамен баян етпекпін. Қалғанын оқырман өзі сараптап алар деген ойдамын.
Ыстамбұл шаһарында Сүлеймения мен Шахзадабасы мешіттері арасында Уафа хазретінің қабірі бар. Өз заманында аты баршаға мәшһүр болған бұл кісі бай мен кедейге бірдей мейірбан да, әділ болған. Күндердің бір күнінде бір сүт сатушы әйел Уафа хазреттің құзырына келіп, тізе бүгіп отырды. Оның түрінен бір қиын жағдайға тап болғанын байқаған хазрет сатушыдан:
- Балам, бір бұйымтаймен келдің бе?- деп сұрады.
- Тақсыр, сізге қалай айтарымды да білмей отырмын, - деп бастады сатушы.
- Қысылмай айта бер, - деді.
- Мен сүт сатып күнелтіп жүрген адаммын. Сіздің ұлыңыз менің сүт тасып жүрген шелегімді тесіп тастады. Бүгін, міне, алтыншы шелегімді бізбен тағы да тесті. Өзіңіз көріп отырғандай, мен бір кембағал жанмын. Енді не істерімді білмей отырмын, - деді сатушы.
- Баламның тентектігі үшін кешірім өтінем. Сен, оған қайғырма, бір мәнісі болар. Әзірге мына ақшаға бір шелек ала тұр. Мен істің себебін анықтаймын, - деп сатушыға азын-аулақ ақша ұстатты.
Сатушы одан сайын қысылып, басын көтермеген күйде алғысын айтып үйден шығып кетті. Уафа хазреті үйіне жеткенше «Балам неге мұндай бұзақы іске барды екен? Оған не себеп болды?» деп ойлаумен болды. Үйіне келісімен әйелін шақырып:
- Ақылдасатын шаруа бар. Біздің баламыз бір бейтаныс сүт сатушының шелегін тесіп, бұзақылық жасапты. Бұған не себеп болды екен?- деді. Әйелі:
- Үйге азық-түлікті сіз алып келесіз. Егер арам нәпақаның кесірінен болса, оған сіз кінәлісіз, - деді. Ол кісі байсалдықпен әйеліне:
- Мен көп ойландым, бірақ қандай қателік жасағанымды білмедім. Сен де жақсылап есіңе түсірші. Бұл қателік сенен яки менен болуы мүмкін, - деді. Әйелі сыртқа шығып кетіп, көп ұзамай қайта кіріп:
- Отағасы, менің есіме түсті, - деді басын төмен салып. - Мен осы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz