Жамбыл Жабаев (1846-1945) – қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы
Жоспар
Кіріспе
Жамбыл Жабаев
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Жамбыл Жабаев (1846-1945) - қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы. Туған жері - Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегі. Топырақ бұйырған жері - Алматы облысының Ұзынағаш елді мекені. Шыққан тегі - Ұлы жүз Шапырашты тайпасының ішіндегі Екей руы.
Жамбылдың өсіп-өнген топырағында ән-күй, ақындық-жыраулық өнер айрықша биікке көтерілген.
Жамбылдың ақын-жырау ретінде қалыптаса бастаған кезі Ресей отаршылары - бір жағынан, Қоқан хандығы - екінші жағынан, жергілікті жандайшаптар - үшінші жағынан қазақ халқын әлеуметтік-саяси қыспаққа алған шақ еді. Жаны сергек, санасы өрелі Жамбыл өзінің "Шағым","Жылқышы", "Шәбденге", "Сәт сайланарда", "Өстепкеде", "Патша әмірі тарылды", "Зілді бұйрық" сияқты өлеңдерінде елдің әлеуметтік-саяси өмірін ақындық шыншылдықпен, азаматтық жауапкершілікпен бедерлейді.
Жамбыл Қазан төңкерісінен кейінгі елдің саяси-әлеуметтік өміріндегі тарихи өзгерістерге үлкен үмітпен ден қояды. Оның "Туған елім" атты толғауы 1936 жылы жарық көріп, онан соң орыс тіліне аударылған нұсқасы "Правда" газетінде жарияланып, қарт ақынның даңқы бүкіл әлемге жайылды. Халқына қадірі артып, даңқы өрлеген Жамбыл, шабыт тұғырына қонған Алатаудың ақ иық қыранындай, жыр нөсерін селдетеді. Оның 1936-1945 жылдар аралығында шығарған жырлары 13 мың тармақтан асады екен. Ол ел өміріндегі табыс пен жаңғыруларды, жеңіс пен ерлік істерді ерекше шабытпен жырлайды. Шағын жыр-толғаулар ғана емес, оның қарт көкірегінен "Өтеген батыр", "Сұраншы батыр" сияқты эпикалық туындылары қайта жаңғырып ақтарылады.
Жамбыл -- әрі эпик, әрі айтыс ақыны; абыз жырау әрі жауынгер жыршы.
1. Жамбыл Жабаев
Ол шулы және көңілді тойлар мен көп адамды жиындарда жүргенді ұнатты. Бірақ, ол бәрінен де көп әндерді, қызықты және көңілді ертегілерді білетін малшылардың, асау тұлпарларды үйрететін жылқышылардың жанында жүргенді жақсы көретін. Сондай-ақ, бала Жамбыл шежірешілердің ру мен тайпалардың шығу тегі, өткен заманның көрнекті тұлғалары туралы әңгімелерін тыңдап өсті. Бірақ, Жамбылдың ең жақын ата-бабаларының арасында ақындар да, әншілер де болмаған. Есесіне, оның анасы Ұлданның ағайы Қанадан танымал музыкашы және композитор болды.
Жамбыл домбыра ойнауды ерте жасынан үйренді. Тіпті, кейін оны ақын-құрдастарының арасынан ерекшелей бастады. Жамбыл атақты ақын Сүйінбайдың шәкірті болды. Ол көп жылдар бойы ұстазымен бірге жүріп, оның айтысын тыңдап, ақындық шеберліктің тәжірибесін үйренді. Ұстазы оған: Жақсы сәтте, сәттілік сенімен бірге болсын, ұлым! Адамдардың жадынан шығып кетпейтін, қуана есте сақтайтын өлеңдер шығар, сенің өлеңдеріңе тек санаулы адамдар ғана емес, бүкіл халық құлақ түрсін. Сенің өлеңдерің кеудеден емес, жүректен шықсын. Шындық туралы айта отырып, әділеттілікті жырла, басқалар салып кеткен жолмен емес, айналада болып жатқандарға қарап, біліп, өз жолыңды тап. Хан қазынасынан гөрі жаның бай болсын,- деп батасын берген.
Жамбыл ауыл-ауылдарды өздігінен аралап, ақындық шеберлігін көрсете бастаған уақытта жиырма жаста болатын. Осылай ақындығын жер-жерге көрсетіп жүрген Жамбыл өзі барған ауылдардың бірінде Бұрым есімді танымал сұлуды кездестіреді. Сөйтіп жас ақын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz