Логопедиялық түзете



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Логопедиялық түзете - дамыту жұмыстарында жаңа технологияларды қолдану ерекшеліктері
Сөйлеу тілі бұзылыстарының бірнеше түрлері бар. Мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеудің түзете қалыптастыру аспектісі балабақшаның арнайы топтарындағы тәрбиелеу оқыту жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады. Логопедиялық түзету педагогикалық әсер ету - балалардың сөйлеу тіліндегі ақаулықты түзетуге және де мектепте оқығандағы кездесетін қиындықтардың (сауат ашуға дайындық дисграфияның алдын алу, танымдық процестерін жетілдіру және мектепте оқуға тұлғаның дайындығын қамтамасыз ету) алдын алуға бағытталған.
Тіл кемістігі - балалар арасындағы кең тараған патологияның бірі болып саналады. Сондықтанда оларға кешенді көмек көрсету жұмысын ұйымдастыру маңызды жұмыстардың бірі. Көмек медициналық тұрғыдан да, яғни емдік - сауықтыру шараларын ұйымдастырумен қатар арнайы педагогтар тарапынан біріккен түрде болғаны дұрыс. Қолданылатын әдіс - тәсілдер өте көп. Дәстүрлі және дәстүрлі емес түрлері күнделікті жұмыста олар ретімен қолдануда. Бірақ заман үрдісіне сай жаңа технологияны қолдану бала зейінін шоғырландыруға, танымдық қабілетін арттыруға, тіпті ақыл - ойының дамуына тежеулік бар бала үшін де өте ыңғайлы, яғни жаңа компьютерлік технологияны қолдану жаңа заманның жаңа үлгідегі әдіс - тәсілдері деп айтуға болады. Қазіргі таңда логопедиялық тренажерлар Дельфа - 142, 1 кеңінен қолдануда. Логопедиялық тренажер дыбыстан басталып, мәтінге дейін толықтырылған. Бұл тренажерларды қолдану арқылы төмендегі логопедиялық міндетттерді жүзеге асыруға болады:
:: Тыныс алуды реттеу;
:: Дауыс күшін жетілдіру;
:: Дыбыстың мұрын асты айтылуын түзету;
:: Дауысты, дауыссыз дыбыстарды түзету;
:: Дыбыстық анализ және синтез;
:: Лексико - грамматикалық құрылымын қалыптастыру;
:: Байланыстырып сөйлеуін дамыту;
:: Сөздік қорын жетілдіру

Тұтықпа диагнозымен келген балаларға диафрагмалық тыныс алуды қалыптастыру мақсатында логопедиялық тренажердағы тыныс алу жаттығулары Торт бетіндегі шамды үрлеу, Ыстық шәйді суыту, Көбелекті ұшыру, Шырша шамын жағу жаттығуларды орындау негзінде баланың дұрыс тыныс алуына ықпал етеді. Дауыс күшін жетілдіру мақсатында Бауырсақ, Сусиыр жаттығуларын орындау негізінде баланың бет бұлшықеттерінің қимыл - қозғалысын жақсартуға болады.
Дауысты және дауыссыз дыбыстардың айтылуын жетілдіру мақсатында (з, з', ж, р, л, л' ) Тікұшақ, Су астындағы кеме жаттығуларын орындату арқылы ерін, бет бұлшықеттері және таңдай имегінің тыртығындағы шайнау бұлшықеттерін босаңсытуға болады. Дыбыстық анализ және синтез жасау негізінде Паровоз және Субұрқақ жаттығуларын орындау арқылы қатаң дауыссыз с, ш, х және ф дыбыстарын қоюға болады. Лексико - грамматикалық құрылымын қалыптастыра отырып, байланыстырып сөйлеу тілін дамыту мақсатында Шалқан ертегісі қолдана отырып, ертегі желісін бала ауызша айту арқылы сөздік қорын жетілдіреміз.
Сөйлейтін бейне альбом - бұл әдістемелік дамытушы құрал, баланың танымдық қабілеттерін, сөздік қорын дамытып, байланыстырып сөйлеу тілін жетілдіреді.

Соло аппараты - құлағы естімейтін және нашар еститін балаларды сөйлеуге үйрету, сөйлеу қабілетін дамытуға, әр дыбысты айтқанда дыбыс биіктігін, күшін, қозғалысын, ұзақтығын, жіңішкелігін, жуандығын, шуын, сөйлеу қабілетін қалыптастыру кезінде сөздің бұзылған бірлігін қалпына келтіруге қолданылатын құрал.

Баланың сөйлеу мүшелеріндегі дыбыстың дұрыс айтылмауы немесе мұрын қуысы арқылы айтылуы бұл баланың тыныс алу жолдарының кемшілігінен болады. Әсіресе мұндай жағдай ринолалия нақтамасы бар балаларда жиі кездеседі. Ресей ғалымдары тыныс жолдарының түрлі ауруларына ( хронический бронхит, бронхиальный астма) Фролов тыныс алу тренажерін ойлап тапты. Ринолалия нақтамасы бойынша баланың дем алуын дамыту жұмыстары мынадай:
:: Сөйлеу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде логопедиялық жұмысты ұйымдастыру. Балалар емханасы жағдайында логопедиялық жұмысты ұйымдастыру
Жалпы тіл кемістіктері бар балалармен жүргізілетін логопедиялық жұмыстың ерекшеліктері туралы ақпарат
Міндеттер - жоспарланған шаралар тізімі
«Жалпы тіл кемістіктері бар балалармен жүргізілетін логопедиялық жұмыстың ерекшеліктері»
Мектепке дейінгі тұтықпасы бар балалардың сөйлеу тілі дамуының ғылыми - теориялық негізі
Аутизмі бар балаларды оқытуда кешенді əдістерді қолдану
Аутизм жағдайындағы балаларды әлеуметтендіру
Сөйлеу дамуының деңгейі
Мектепке дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамуының ғылыми - теориялық негізі
Фонетика-фонематикалық тіл дамымаушылғы бар мектеп жасына дейінгі балаларда сөйлеу тілін қалыптастырудың теориялық мәселелері
Пәндер