Рухани құндылықтар - қазақ руханиятының өзегі атты тақырыпта эссе



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті



СӨЖ



Тақырыбы: Рухани құндылықтар - қазақ руханиятының өзегі атты тақырыпта эссе дайындау. Эссе критерийлері: - Руханилық пен руханияттың айырмасын анықтау? - Қазақтың рухани әлемінің негізін құрайтын 5 тен кем емес аргумент келтіру; - Келтірілген аргументтерге өз өміріңнен мысалдар келтіру.
Орындаған: Балтабай Дана Ерікқызы
Тобы: ПМНО-20-1


Рухани құндылықтар - қазақ руханиятының өзегі атты тақырыпта эссе дайындау. Эссе критерийлері: - Руханилық пен руханияттың айырмасын анықтау? - Қазақтың рухани әлемінің негізін құрайтын 5 тен кем емес аргумент келтіру; - Келтірілген аргументтерге өз өміріңнен мысалдар келтіру.
Қазақ халқының ауыз әдебиеті мен мәдениетінің қалыптасуының тарихы тереңде жатыр. Аталмыш мақалада қазақ ауыз әдебиетінің дамуы және қалыптасуы оның философиямен тығыз байланыстығы терең зерттелді. Қазақ ойшылдарының еңбектерін зерделей отырып ауыз әдебиеті жан-жақты қарастырылады. Сонымен қатар, қазақ ауызекі әдебиеті бүгінгі таңда әлі де зерттеуді қажет ететіні анық. Қазақ халқының данышпандылығын зерттей отырып рухани жаңғырудың өзектілігі маңызды екені айтылады.
Рухани жаңғыру бүгінгі таңда өзекті және маңызды. Сондықтан аталмыш мақала жаңғырудың бір жолы десек те болады. Бұл мәселе әлі де зерттеуді қажет етеді. Жас ұрпаққа рухани дүниелерді бойларына сіңіре отырып тәрбиелеу басты мақсат ретінде көрсетіледі.

Халықтық дәстүр, дүниені танып-білу ерекшелігі - халықтың ғасырлар бойы жасаған рухани азығының, көркемдік ойлау жүйесінің кейінгі ұрпаққа ауысып отыратын тәжірибесінің жиынтығы. Ол да өмірдің өзі сияқты, бір қалыпта тұрақтап қалмайды, халқымыздың бастан кешкен аумалы-төкпелі заманымен байланысты әбден қырналып, сұрыпталып, халықтың рухани сұранысына жауап бере алатындай мазмұн мен түрге ие болып, танымдық жағынан үнемі баюда болады. Бұл жерде, әрине фольклордың ролі өзінше еркеше болмақ. Көркемдік ауызекі шығармашылығындағы халықтық қасиеттер мен үлгілердің негізінде жетіліп, жаңарып отырады. Сондықтан халық даналығы қашанда сол тәжірибеге сүйенеді, заман, дәуір талаптарына сай дамытылып, жаңашылдық сипатқа ие болып отырады. Сөйтіп дүниені тұшыну, қоршаған дүниеге, әлемге деген көзқарастар өз кезегінде жаңашылдықпен ұласып, дүниетанымдық алғы ойлардың одан әрі мазмұны тереңдеуіне негіз болады.
Қазақ даласына тән данышпандық ой- толғаулардың, кесім-биліктердің, ой- тұжырымдардың қай-қайсысын ашып қарасаңыз сөз даналығының өзегі- адам. Адамның келешегі мен бүгінгісі, қайғысы мен қуанышы, арманы мен тілегі, қиыншылығы мен бақыты, болмысы мен болашағы. Би-шешендер шығармашылығының ден мазмұны толысқан зерделілік пен адамгершілік теңдік пен келісімнен тұрады. Бір сөзбен айтқанда, ұлағаттылықтың үйлесімділігін құрайды.
Сонымен бірге дәстүр әр халықтың өзінің ұлттық тұрақты ұғым-түсінігі, көзқарасы негізінде туады, философиялық ойлаудың ұлттық ерекшеліктеріне сүйенеді. Ол белгілі бір шағын ортада туып, біртіндеп кеңістігін ұлғайтады, ортақ ұлттық сипат алады. Мұны қазақ халқының ауызекі шығармашылық дәстүрлерінің өркендеу жолынан байқау қиын емес. Ұлтты - ұл, халықты - халық ететін, оның ежелгі әдеби- мәдени мұрасы екені баршаға аян. Ес жоқ ерте кезден жасап келе жатқан ауыз әдебиетінің негізі дүниетанымға айналған мәдениетте өз жетістігі бар. "Қазақ халқының бағзы заманнан бергі негізгі рухани азығы, мәдениеті, философиясы -ауыз әдебиеті болғандығы мәлім... Егер өлең түріндегі фольклор, негізінен, көркемдік, эстетикалық және тәрбиелік роль атқарған болса, прозалық халық шығармалары елге көбінесе табиғаттың сырын ұғуға, дүниетанымды кеңейтуге, өмірді білуге жәрдемдескен" - деп жазады С.Қасқабасов [1].
Ол өз кезегінде халықтың сан ғасыр бойы жинақтаған көркемдік ойларын, тәжірибесін толығымен сақтап келген. Ауыз әдебиеті қазақ халқының ерте заманнан бергі негізгі рухани азығы, мәдениеті, философиясы болғандығын осыдан көреміз. Оның шығармашылық үлгілері қандай көп болса, түрлері де сондай көп. Мұндай халық шығармалары көбіне табиғаттың сырын ұғуға, дүниетанымды кеңейтуге, өмірді түсінуге көмектескен.
"Біздің өзіміздің ауылда да от басында әңгіме,, ертек, өлең сабақтары үзілмей айтылатын еді, - деп жазды Сәкен Сейфуллин - өзіне ықпал еткен орта туралы. -Әсіресе, күздің, қыстың ұзақ кештерінде тау араларынан ұйытқып соққан ызыңдаған желді түні жамылған ауылдың отбасы әңгімесіз, ертексіз, домбырасыз болмайды, өлең де ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Рухани болмыстың негізі ұлттық сана
«Түркістан» газетіндегі мәдени мәселелердің көрінісі
Қазақ халқына тән ұлттың рухтың катеориялары
Семиотикалық сын туралы түсінік
Жазушының публицистік шеберлігін қазақтың шешендік дәстүрі аясында қарастырып, болмысты көркем бейнелеу ерекшеліктерін зерделеу
Әдеби сын-зерттеу еңбектерінің жалпы теориялық сипаты
Бауыржан Момышұлының дара тұлғасы - қазақ халқының мақтанышы
Бауыржан Момышұлының шығармашылық жолы
Бауыржан Момышұлының балалар әдебиетіндегі алатын орны
Баянғали Әлімжанов шығармаларының тарихы
Пәндер