Қажетті бөлмелердің құрамын, санын және ауданың анықтау


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 Қажетті бөлмелердің құрамын, санын және ауданың анықтау . . .
2 Көлемдік жоспарлау шешімдері . . .
3 Конструкциялық шешімдері . . .
4 Бас жоспар шешімдері . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . .
КІРІСПЕ
МДОТҰ объектілерін 3 қабаттан жоғары жобаламайды. МДОТҰ ғимараттарының 3-ші қабатына естияр жас (4 жастан бастап) тобындағы балалардың топтық ұйымдарын, залдар мен жұмысқа арналған басқа арнайы бөлмелері орналастырады.
Көп пәтерлі тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан объектілердің шығу есігі тұрғын үйдің кіреберіс есігінің бөлек болуы тиіс.
Тірек-қимыл жүйесінің бұзушылығы бар және көрмейтін (зағип) балаларға арналған арнайы түзету оқыту ұйымдары ғимараттарының 2 қабаттан жоғары болмауы қарастырылады. Естімейтін және өте ауыр тіл кемістігі бар балалар үшін 3 қабатты ғимарат салуға жол беріледі.
Объектілер жеке ғимаратта немесе бірнеше бөлек ғимараттарда орналасуы қажет. Ғимараттарды жылы өтпе жолмен байланыстыруға жол беріледі. ІV климаттық ауданда орналасқан ғимараттар үшін жылытылатын өтпе жолдарды орналастыру қажет емес.
МДОТҰ барлық бөлмелерінің (залдан басқа) биіктіктері 3, 0 м төмен болмауы, дене шынықтыру залы мен музыкалық сабақтарға, балалар ертеңгіліктеріне және қойылымдарына арналған зал алаңдарының биіктігі 6, 0 м төмен болмауы қарастырылады.
Жалпы дамытатын үлгідегі мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеу ұйымдарының ұсынылатын түрлері:
а) тәрбиеленушілерді дамытуды (дене, зияткерлік, көркем-эстетикалық және т. б. ) бір немесе бірнеше бағыттарды басым жүзеге асыратын;
б) тәрбиеленушілердің физикалық дамуындағы ауытқушылықтарды квалификацялық түзеуді басым жүзеге асыратын түзету үлгісіндегі;
в) гигиеналық және емдеу-сауықтыру шараларын басым жүзеге асыратын қарау және сауықтыру үлгісіндегі;
г) құралған үлгідегі (балалар топтарының жоғарыда аталған қызмет бағыттарын қоса атқаратын негізде;
д) тәрбиеленушілерді дене және жалпы дамыту, қолдау және сауықтыру сипатындағы балабақша (Баланы дамыту орталығы) .
Саралап оқыту бағдарламасына сүйене отырып, сонымен қатар жарты топ бойынша ойындарды ұйымдастыру және балалармен жеке жұмыс жасау үшін, әдеттегідей, сабақ жүргізу барысында балалар тобы 10 баладан 2 шағын топқа бөлінеді.
Шет-тілі үйірмесіндегі балалар саны 10 баладан аспауы тиіс, ал басқа үйірмелерде 20-дан аспауы тиіс.
МДОТҰ ғимараттары мен кешендерінің типі мен түрі жобалауға берілген тапсырмамен анықталады.
Оларды орналастыру ерекшеліктерін ескере отырып, жаппай құрылыс салу үшін МДОТҰ типінің ұсынылатын номенклатурасы төменде келтірілген:
4, 6, 8, 10, 12 және 14 топқа арналған жеке тұрғын ғимарат болып салынатын, бұқаралық қолданыстағы көп пәтерлі тұрғын үйге кіріктірме (кіріктірмен-жапсарлас) жалпы үлгідегі МДОТҰ. [2]
2 топқа бөлінетін шағын МДОТҰ:
а) жеке тұрғын ғимарат;
б) көп пәтерлі тұрғын үйге кіріктірме салынған:
в) тұрғын үйдің жанындағы бөлік ретінде қоршауланған-аз қабатты тұрғын үй құрылысы бар тұрғынжайға өзгертілген аз қабатты, коттеджді, үй-жайлық тұрғын жай жағдайына арналған.
Көп қабатты тұрғын үй құрылысы (Үлкен мектепке дейінгі тәрбиелеу кешені) жағдайында көп пәтерлі тұрғын үйге кіріктірме, кіріктірме-жапсарлас, жапсарлас салынған 4 бастап 6 жасқа дейінгі балалардың 12 тобы мен 4 топтан 12 топтық бөлімі бар мектепке дейінгі тәрбие беру орталығы.
Аз қабатты тұрғын жайдың жанындағы элементтері ретінде кіріктірме салынған (кіріктірме-жапсарлас) немесе қоршауланып салынған 4 бастап 6 жасқа дейінгі балалардың 6 тобы және 2 топтан 6 топтық бөлімдері бар мектепке дейінгі тәрбиелеу орталығы (Мектепке дейін тәрбиелеудің шағын кешені) .
6 топқа арналған мектепке дейінгі бөлімі бар 12 сыныптық (І сатылы мектеп) оқу-тәрбие кешені: ескі жобамен салынған жалпы білім беру мектептерінен бастауыш сыныптарды шығару үшін, сондай-ақ балаларды 4-5 жастан бағдарламалық оқытатын гимназия ретінде қарастырылған.
Оқыту-тәрбие беру кешендері:
а) 4 топтық мектепке дейінгі бөлімшесі бар 11 сыныпқа арналған ( І, ІІ, ІІІ сатылы мектептер)
б) 4 топтық мектепке дейінгі бөлімшесі бар 8 сыныпқа арналған ( І, ІІ, ІІІ сатылы мектептер)
в) 2 топтық мектепке дейінгі бөлімшесі бар 4 сыныпқа арналған ( І сатылы мектептер) (ауылдық және қала маңындағы елді-мекендерге, коттеджді, үй-жайлық және аз қабатты тұрғын үй құрылыстарына арналған түрі)
1 . Қажетті бөлмелердің құрамын, санын және ауданың анықтау
Берілген тапсырма бойынша: Құлсары қаласы
Балабақшадағы бала саны:150
Топтар саны: 6
Әр топтағы бала саны: 25
Жобаланатын балабақша ғимаратындағы барлық, қажетті бөлмелер төмендегідей үш функционалды топтарға кіріктірілген:
- Топтық ұяшық бөлмелері;
- Мамандырылған бөлмелер;
- Қызметтік - тұрмыстық және қосалқы бөлмелер;
Жоғарыда келтірілген функционалдық топтарға кіретін қажетті бөлмелердің құрамын, санын және аудандарын анықтауды ҚР ЕЖ 3. 02-110-2012 «Мектепке дейінгі білім беру объектілері» [2] құжатының талаптарына сәйкес жүргіземіз. Есептеуді жүргізу үшін осы құжаттың Е, Д және К қосымшаларындағы мәліметтерге (талаптарға) сүйенеміз. Қажетті бөлмелердің құрамын, санын және аудандарын есептеуді кесте түрінде жүргіземіз. Есептеу мәліметтері төмендегі 1. 1 кестесінде келтірілген.
Кесте 1. 1
Қажетті бөлмелердің құрамы, саны және аудандары.
Нормалық
Мөлшер, М 2
Есептік ауданы, саны,
М 2
Үйірме бөлмесіның
қоймасы
6/төмен/6
6/жоғары/12
6/төмен/0
6/жоғары/8
6 топтан дейін
13. 00(8+3+2)
6/төмен/6
6/жоғары/9
2 Көлемдік жоспарлау шешімдері
Жобаланып отырған 6 топқа арналған балабақша ғимаратының көлемдік жоспарлау шешімдері бірінші бөлімдегі 1. 1 кестесіндегі есептік мәліметтерге сәйкес дайындады және бұл жерде ҚР ЕЖ 3. 02-110-2012 «Мектепке дейінгі білім беру объектілері», ҚР ЕЖ 3. 02-107-2014 «Қоғамдық үйлер мен ғимараттар» және құжаттарындағы көлемдік жоспарлау шешімдеріне қойылған талаптар қарастырылған.
Балабақша ғимаратының жоспардағы формасы күрделі қисық сынық сызықты болып келеді және үш тік төрт бұрышты негізгі блоктардан құралған. Сонымен қатар осы үш блокты бір біріне жалғастыратын ішінде саты клеткасы бар екі жалғастырғыш блоктан жобаланған. Балабақша ғимаратының осьтер бойынша алынған жалпы өлшемдері 75. 00х25, 60 м құрайды. Ғимарат жер үстінде орналсақан екі қабаттан тұрады. Ғимараттың жалпы биіктігі 6, 9 метрді құрайды, ірге тас бөлігінің биіктігі 0, 65 метрді құрайды қабаттарының биіктігі 3, 300 м.
Екі шетте орналасқан блоктар топтық ұяшық бөлмелеріне арналған. Екі блоктың өлшемдері бірдей, формасы тік төрт бұрышты осьтер бойынша өлшемдері 25, 50х12, 81м. Бірінші блок (1-4) / (А-И) осьтерінің ал екінші блок (1-7) (Д-И) осьтерінің аралығында орналастырылды. Әр блокта төрт топтық ұяшық бөлмелерін (ойын бөлмесі, жатын бөлмесі, киім ауыстыру, әжетхана және буфет) орналастыру қарастырылды.
(6-7) /(А-Д) осьтерінің арасында үшінші блок (мамандандырылған, қосалқы және тұрмыстық бөлмелерге арналған жалпы блок) орналастырылды, жоспардағы формасы трапецияға ұқсас. Жоспардағы осьтер бойынша қаралған өлшемі 28, 97х12, 80м. Екі қабатты жалпы биіктігі 6, 9 метр, ал қабаттарының биіктігі 3, 300 метр.
Бұл үшінші блокта жалпы балабақшалық (мамандандырылған, қосалқы және тұрмыстық) бөлмелер орналастырылды. Мысалы блоктың бірінші қабатында асхана блогының (ыстық цех, ыдыс жуу, ет балық, көкөніс, тоңазытқыштар, қоймалар және т. б. бөлмелер) медицина бөлмелері (дәрігер бөлмесі, егу бөлмесі, оқшаулағыш қабылдау бөлмесі, палата, физ. терапиа, корекция және т. б. ) кір жуу бөлмелері орналастырылды. Блоктың екінші қабатында мамандандырылған (гимнастикаға және музыкаға арналған әмбебап зал, әмбебап үйірме бөлмесі олардың қосалқы бөлмелері) және әкімшілік бөлмелері (меңгеруші кабинеті, қызметкерлер бөлмесі, әдістемелік кабинеті, психолог-логопед кабинеті, шаруашылық меңгерушісінің бөлмесі және т. б. қосалқв бөлмелер) орналастырылған.
Жоғарыда айтқанымыздай үш блокты бір біріне біріктіретін жалғағыш блоктар қарастырылған, жоспардағы формалары тік төрт бұрышты болып жоспарланған. Бұл жалғағыш блоктарда кіріс тобының (вестибюль, холл, тамбур) және саты клеткасы орналасқан. Саты клеткасының осьтер бойынша өлшемі 6. 60х3. 30 м.
Көлемдік-жоспарлау шешімдерінің негізінде балабақша ғимаратының қабат жоспарларының, керекті қималарымен түйіндерінің, қас беттері және көлемдік көріністерінің сызбалары дайындалған. Қабаттар бойынша бөлмелер экспликациясы дайындалған, олар төмендегі 2. 1 кестесінде келтірілген.
Кесте 2. 1 Бөлмелер экспликациясы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz