Ғұлама Әбу Насыр әл-Фарабиді зерттеген шетелдік және отандық ғалымдар туралы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

Мектепке дейінгі және бастауыш білім кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Ғұлама Әбу Насыр әл-Фарабиді зерттеген шетелдік және отандық ғалымдар туралы

Орындаған:Жәдігер Ү.

Тобы:ПМНО 20-1

Қабылдаған:Исматова С.

Тараз, 2021

https://i1.wp.com/www.inform.kz/radmin/news/2019/09/01/190901165606269e.jpg?resize=316%2C210&ssl=1

Дүниежүзілік ғылым мен мәдениетте көрнекті із қалдырған ортағасырлық ойшыл, энциклопедист-ғалым, Шығыс Ренессансының көшбасында тұрған дара тұлғалардың бірі Әбу Насыр әл-Фараби 870 жылы Фараб (Отырар) қаласында дүниеге келген. Атақты Отырар кітапханасы орналасқан өңірдің түлегі білім баспалдағының алғашқы сатыларын осы өлкеде өткерген.

Фараби өмір сүрген дәуір терең тарихы, төлтума мәдениеті, озық дәстүрі бар түркі даласына ислам дінінің дендей еніп, түркі, араб, парсы мәдениетінің тоғысуы басталған күрделі кезең еді. Саналы ғұмырын ғылым-білім жолындағы ізденіске арнаған Фарабидің өмірлік ұстанымының қалыптасуына аталмыш факторлардың әсері үлкен болғаны анық.

Мұсылман әлемінің сол кезеңдегі аса маңызды ғылым мен мәдениет орталықтары Бағдат, Шам, Мысыр елдеріне сапар шеккен жас Фараби араб, парсы, грек, латын, санскрит тілдерін жетік меңгеріп, сан-сала ғылымға бой ұрады. Өз дәуірінің атақты ойшыл ғалымдарымен, өнер иелерімен, сөз зергерлерімен сұхбаттас болған Фараби сол кезең ғылымындағы күрмеуі шешілмеген күрделі мәселелерді тап басып танып, ізденісін осы арнаға бағыттайды. Философия, логика, психология, этика, математика, астрономия, тіл білімі, эстетика, социология, поэтика салаларына арналған 150-ге жуық трактат қалдырған энциклопедист-ғалымның өз зерттеулерінің үлкен бөлігін Аристотель еңбектерін түсіндіруге арнауы - дәуір сұранысынан туған ізденістер еді. Көрнекті шығыстанушы Е. Э. Бертельс бұл туралы: “Аристотельдің араб тіліндегі алғашқы аудармалары мінсіз деуге келіңкіремейтін. Ғылыми терминологияның қалыптаспағандығы аудармашылар жұмысына едәуір бөгет жасады. Мәтінді игере алмағандықтан олар көбіне грек тіліндегі түпнұсқаның синтаксистік құрылымын сақтауға тырысып, аударманы араб оқырманы мүлде түсінбейтін жағдайға жеткізді. Тек Фараби еңбектері ғана көне дәуір дүниелерін дұрыс түсінуге мүмкіндік берді. Ғалым Аристотельдің “Категориялар”, “Герменевтика”, “Бірінші және екінші Аналитика”, “Топика”, “Риторика”, “Софистика”, “Поэтика” секілді еңбектеріне түсіндірме жасады. Осы еңбектері әл-Фарабиді “Екінші ұстаз” атандырды” деп жазады . (Осы орайда “Екінші ұстаз” атауы жөнінде қалыптасқан жоғарыдағы пікірден өзгеше өрбіген дінтанушы М. Бұлұтайдың: “Фарабидің “Екінші ұстаз” аталуын дәреже жағынан емес, тарихтағы кезеңі жағынан екіншілік деп түсінеміз” деген пікірін де ескере жүрген жөн секілді ) .

Ғұлама Әбу Насыр әл-Фарабиді көптеген шетелдік және отандық ғалымдар зерттегені барлығына аян. Соның ішінде бұдан 40-50 жыл бұрын бүкіл мұсылман шығысында жас ұрпаққа әл-Фараби мұраларын оқыту туралы тұңғыш рет ой қозғап, ғұламаның ұлы ойшыл-философ, математик, жаратылыстанушы, музыкатанушы, педагог ретіндегі еңбектерін зерттеуге, жарыққа шығаруға және насихаттауға өлшеусіз үлес қосқан көрнекті ғалым, профессор Ауданбек Көбесов туралы сөз қозғау парызымыз деп ойлаймын.

https://egemen.kz/media/2020/05/27/5.jpg

Ауданбек Көбесов көп жылдар бойы ұлы ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің ғылыми мұрасын зерттеді. Ол 60-жылдары құрылған әл-Фараби мұраларын зерттеу тобының құрамында отандық фарабистиканың негізін қалаушылардың бірі болды. Әл-Фараби ғылым тарихында негізінен философ және музыка теориясын жасаушы ретінде белгілі болса, А. Көбесовтің зерттеулері ұлы жерлесіміздің математик, жаратылыстану ғылымдарының зерттеушісі ретіндегі шынайы бейнесін қалпына келтіруге шешуші үлес қосты.

Ауданбек Көбесов 1932 жылдың 13 ақпанында Жамбыл облысы, Талас ауданы, Ойық ауылында дүниеге келген. Орта мектепті Жамбыл қаласында 1948 жылы күміс медальға аяқтап, 1952 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының физика-математика факультетін математика мамандығы бойынша үздік бітірген. Институттан кейін Талас ауданында оқытушы, мектеп директоры қызметтерін атқарып, 1959 жылы КазПИ-ге оқытушылық қызметке шақырылды.

1960 жылы Москваға, КСРО Ғылым Академиясына, «Араб математикасының тарихы» мамандығы бойынша аспирантураға түсіп, 1963 жылы физика-математика ғылымдарының кандидаты атағын алды.

1963 - 1967 жылдар аралығында Абай атындағы ҚазПИ-дің «Жоғарғы алгебра және сандар теориясы» кафедрасында аға оқытушы, доцент болды.

А. Көбесов 1968 - 1977 жылдары Қазақ КСР Ғылым Академиясында әл-Фараби мұрасын зерттеген топта аға ғылыми қызметкер болып жұмыс істеп, ғалым-энциклопедист әл-Фарабидің шығармаларын тәржімалауда, өңдеуде және зерттеуде үлкен еңбектер атқарды. Осы кездерде, яғни 1971 жылы, ғалым Москвада ХІІІ ғылым мен техника тарихы халықаралық конгресінде «Әл-Фарабидің ғылымның дамуындағы рөлі» тақырыбында баяндама жасады.

А. Көбесов 1977 жылдан өмірінің соңына (2008 жылға) дейін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жұмыс істеп, 1977 - 1986 жылдар аралығында «Математиканы оқытудың әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. 1990 жылы Ташкент қаласында әл-Фарабидің ғылыми-педагогикалық мұрасы бойынша докторлық диссертация қорғады. Әл-Фарабидің бай ғылыми мұраларын зерттеуде ғалым А. Көбесов 200-ден астам ғылыми, ғылыми-танымдық еңбектер жариялады және араб тілінен көптеген аударма жасады. Олардың ішінде кеңінен танымал «Әл-Фараби», «Әл-Фарабидің математикалық мұраcы», «Әл-Фараби еңбектеріндегі астрономия» сияқты еңбектері, араб тіліндегі математикалық трактаттарының аудармалары, «Алмагестке» түсініктемесі» және көптеген монографиясы мен кітабы бар.

А. Көбесовтің «Әл-Фарабидің математикалық мұрасы» атты монографиясы ғұлама бабамыздың ойшыл-математик ретіндегі тұлғасын жан-жақты ашып берді. Бұл еңбекте әл-Фарабидің геометрия, тригонометрия, арифметика, алгебра және олардың астрономия мен музыкада қолданылуы, сондай-ақ ықтималдықтар туралы ілім, т. с. с. мәселелер қарастырылған. А. Көбесов әл-Фарабидің бұл еңбектерін өзге ғалымдардың жетістіктерімен тығыз байланыста қарастырған. Жұртшылыққа, әсіресе математиктер қауымына осы «Әл-Фарабидің математикалық мұрасы» монографиясы кеңінен мәлім. Бұл еңбек шетел әл-Фараби зерттеушілерінің жоғары бағасын алған және ол әл-Фарабидің математикалық еңбектері жан-жақты, жүйелі түрде терең зерттелген бірден бір еңбек ретінде аса зор маңызға ие. Оның маңыздылығы бүгінгі күнде одан әрі артпаса, кеміген жоқ. А. Көбесовтің осы «әл-Фарабидің математикалық мұрасы» атты еңбегі, оның ғылыми редакторлығымен шыққан әл-Фарабидің «Математикалық трактаттар» кітабының шетелде, яғни Американың Мичиган университетінің кітапханасында цифрланған көшірмесі жасалынып, осы университеттің электронды қорында сақталуы, бұған қоса, «Птоломейдің «Алмагесіне» түсініктеме» еңбегінің Калифорния университетінің кітапханасында тұруы көп нәрсені аңғартса керек.

Атап айтар болсақ, Жаңа Зеландиядағы Окленд университетінің профессоры Гарри Дж. Ти «Араб ғылымының тарихы» журналында жариялаған мақаласында былай деп жазған: «А. Көбесовтің монографиясы әл-Фарабидің математикалық еңбектеріне шолу жасалынған алғашқы кітап және әл-Фарабидің математикасына қызығушылық танытқандар үшін өте маңызды . . . Көбесовтің кітабы әл-Фараби математикалық еңбектерінің керемет дәйектілігі мен тереңдігін және оның көптеген кейінгі авторларға күшті әсерін көрсетуімен құнды. Ол әл-Фарабидің шығармаларын зерттейтіндердің барлығына да пайдалы». Белгілі ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Б. А. Розенфельд өзінің бұл кітапқа кезінде берген пікірінде: «А. Көбесовтің бұл монографиясы әл-Фарабидің ғылыми шығармашылығының осыған дейін белгісіз тағы бір қырын ашып көрсетті және әлемдік ауқымда аталып отырған ұлы ойшылдың 1100-жылдығына лайықты ескерткіш болып табылады», деп атап айтқан еді.

Әл-Фараби педагогика саласындағы аса үлкен тұлға болған, ол өзінің трактаттарының басым көпшілігін халықты, әсіресе жас ұрпақты тәрбиелеп білімдар ету, ағарту мақсатына арнаған. Оған «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары», «Бақытқа жету жолдары», «Философияны оқып-үйрену үшін алдын ала не білу қажеттігі туралы», «Философиялық сауалдар және оған жауаптар» және басқа трактаттар жатады.

Фарабидің педагогикалық жүйесін А. Көбесов былай мазмұндайды: «Әуелі Фараби педагогика ғылымының пәні мен мақсаттары туралы, екінші, ғұламаның жалпы педагогикалық идеялары, тәрбиенің мазмұны, түрлері мен әдістері туралы көзқарастары; үшінші, Фараби еңбектеріндегі дидактика проблемалары; төртінші, Фарабидің педагогикалық идеяларының оның математикалық және жаратылыстану ғылыми еңбектерінде қолданылуы және жүзеге асырылуы; бесінші, Фарабидің педагогикалық көзқарастарының кейінгі ғасырлардағы Шығыс, Батыс педагогикасына тигізген әсер-ықпалы».

Фарабидің еңбектерінде оқыту мен тәрбие тығыз байланыста болғанымен, олардың әрқайсысына ғана тән ерекшеліктері ажыратылып көрсетіледі. Мысалы, Фараби жастарды тәрбиелеуде бірінші орынға шынайы бақытқа жетуге кепіл болатын мінез-құлық тәрбиесін қояды. Кең мағынада алғанда ғұлама бұл тәрбие ауқымына еңбек, эстетика, дене, гуманистік, патриоттық және тағы басқа тәрбиелер түрлерін енгізіп қарастырған сияқты.

Ғұламаның ғылыми-педагогикалық шығармаларында әдемілік, әсемдік пен үйлесімдік, гармония сезімдерін тәрбиелеуге ерекше мән берілген.

Педагогиканың мақсаты, мұраты туралы Фараби ұсынған адамгершілік (гуманистік) идеялар мен қорытындылар адам өмірінің қазіргі кезеңінде де ағартушылықтың маңызды тіректерінің бірі болып отыр.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фарабидің педагогикалық идеяларының оның математикалық және жаратылыстану ғылыми еңбектерінде қолданылуы және жүзеге асырылуы
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ РУХАНИ МӘДЕНИЕТІ
Ұлы ғалым Әбу Насыр әл-Фараби
Ақжан Машанов ғибраты
Əбу Насыр əл-Фараби: өмірі, шығармалары, жаһандық ғылым мен мəдениетке қосқан үлесі
Әл Фараби тарихи мұралары
Әл-Фараби және Ақжан Машани (Қасым Аманжолов порталынан)
Ғалымдар энциколопедиясы
Қазақ даласының жұлдыздары
Ұлы ғалымның өмірі мен ғылыми ортасы (Әл-Фараби)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz