Абай және оның шәкірттері немесе Абайдың рухани ортасы атты тақырыпта альбом жасау



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

СӨЖ
Тақырыбы:Абай және оның шәкірттері немесе Абайдың рухани ортасы атты тақырыпта альбом жасау. Оған Абайға ұстаздық еткен және Абайды ұстаз еткен тұлғаларды жинақтап, олар туралы қысқаша мәлімет беру керек.

Қабылдаған: Исматова С.
Орындаған: Мырзабаева Б.
Тобы:ПМНО 20-1

Тараз 2021
Ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы елі­мізде ғана емес, ЮНЕСКО деңге­йін­де аталып өтпек. Ал жылдан жылға әл-Фарабидің ғылыми мұраларын оқулықтарға, оқу үдерісіне енгізу, білім алушыларды ұлы баба өнегесінде оқыту және тәрбиелеу мәселесінің өзектілігі артып келеді. Бұдан 40-50 жыл бұрын бүкіл мұсылман шығысында жас ұрпаққа әл-Фараби мұраларын оқыту туралы тұңғыш рет ой қозғап, ғұламаның ұлы ойшыл-философ, математик, жаратылыстанушы, музыкатанушы, педагог ретіндегі еңбектерін зерттеуге, жарыққа шығаруға және насихаттауға өлшеусіз үлес қосқан көрнекті ғалым, профессор Ауданбек Көбесов туралы сөз қозғау парызымыз деп ойлаймын.
Біздің осындай зерттеулеріміз бен жетіс­тіктерімізге мұрындық бол­ған аяулы ұстазымыз, педагогика ғылым­дарының докторы, мұсылман шығысы ғылымының тарихы мен педагогикасы бойынша көрнекті ғалым, профессор Ауданбек Көбесовтің Әбу Насыр әл-Фарабидің ғылыми еңбектеріне қатысты сүбелі зерттеулері еді.
А.Көбесов көп жылдар бойы ұлы ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің ғылы­ми мұрасын зерттеді.Ол 60-жылдары құ­рылған әл-Фараби мұраларын зерт­теу тобы­ның құрамында отандық фарабис­тика­ның негізін қалаушылардың бірі болды.
Әл-Фараби ғылым тарихында негізі­нен философ және музыка теориясын жасаушы ретінде белгілі болса, А.Көбесовтің зерттеулері ұлы жерлесі­міздің математик, жаратылыстану ғылымдарының зерттеушісі ретіндегі шынайы бейнесін қалпына келтіруге шешуші үлес қосты.
Ауданбек Көбесов 1932 жылдың 13 ақ­панында Жамбыл облысы, Талас ауданы, Ойық ауылында дүниеге келген. Орта мектепті Жамбыл қаласында 1948 жы­лы күміс медальға аяқтап, 1952 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық инс­ти­тутының физика-математика факуль­тетін математика мамандығы бойынша үздік бітірген.
Институттан кейін Талас ауданында оқытушы, мектеп директоры қыз­меттерін атқарып, 1959 жылы КазПИ-ге оқытушылық қызметке шақырылды.
1960 жылы Москваға, КСРО Ғылым Акаде­миясына, Араб математикасының тарихы мамандығы бойынша аспиран­тураға түсіп, 1963 жылы физика-математика ғылымдарының кандидаты атағын алды.
1963 - 1967 жылдар аралығында Абай атындағы ҚазПИ-дің Жоғарғы алгебра және сандар теориясы кафед­расында аға оқытушы, доцент болды.
А.Көбесов 1968 - 1977 жылдары Қазақ КСР Ғылым Академиясында әл-Фараби мұрасын зерттеген топта аға ғылы­ми қызметкер болып жұмыс істеп, ғалым-энциклопедист әл-Фарабидің шығармаларын тәржімалауда, өңдеуде және зерттеуде үлкен еңбектер атқарды. Осы кездерде, яғни 1971 жылы, ғалым Москвада ХІІІ ғылым мен техника тарихы халықаралық конгресінде Әл-Фарабидің ғылымның дамуындағы рөлі тақырыбында баяндама жасады.

А.Көбесов 1977 жылдан өмірінің соңына (2008 жылға) дейін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жұмыс істеп, 1977 - 1986 жылдар ара­лы­ғында Математиканы оқытудың әдіс­темесі кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. 1990 жылы Ташкент қаласында әл-Фарабидің ғылыми-педа­го­гикалық мұрасы бойынша докторлық диссертация қорғады.

Әл-Фарабидің бай ғылыми мұра­ларын зерттеуде ғалым А.Көбесов 200-ден астам ғылыми, ғылыми-танымдық ең­бек­тер жариялады және араб тілінен көп­теген аударма жасады. Олардың ішінде кеңінен танымал Әл-Фараби, Әл-Фарабидің математикалық мұраcы, Әл-Фараби еңбектеріндегі астрономия сияқты еңбектері, араб тіліндегі математикалық трактаттарының аудармалары, Алмагестке түсініктемесі және көптеген монографиясы мен кітабы бар.А.Көбесовтің Әл-Фарабидің матема­тикалық мұрасы атты монографиясы ғұлама бабамыздың ойшыл-математик ретіндегі тұлғасын жан-жақты ашып берді. Бұл еңбекте әл-Фарабидің геометрия, тригонометрия, арифметика, алгебра және олардың астрономия мен музыкада қолданылуы, сондай-ақ ықти­малдықтар туралы ілім, т.с.с. мәсе­лелер қарастырылған. А.Көбесов әл-Фарабидің бұл еңбектерін өзге ғалым­дардың жетістіктерімен тығыз байла­ныс­­та қарастырған.

Жұртшылыққа, әсіресе математик­тер қауымына осы Әл-Фарабидің мате­матикалық мұрасы монография­сы кеңінен мәлім. Бұл еңбек шетел әл-Фараби зерттеушілерінің жоғары баға­сын алған және ол әл-Фарабидің мате­матикалық еңбектері жан-жақты, жүйелі түрде терең зерттелген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абайдың әдеби ортасы және ақындық мектебі
Абайдың ақын шәкірттеріндегі дәстүр жалғастығы
Абай тұлғасы
Абайдың ақын шәкірттерінің мұрасын зерттеудегі еңбектерінің салмағын межелеу
Абайдың ақындық мектебінің қалыптасуы
Абайдың ақындық мектебінің қалыптасуы туралы ақпарат
АБАЙДЫҢ ӘДЕБИ ОРТАСЫ Монография
Абай әлемі: Абайдың қара сөздері. Аудармашылық мектебі. Ақындық мектебі жөнінде көтерілген айтыс, тартыстар (М.Әуезов, Қ.Мұхамедханов еңбектері). Абай мұрасының зерттелу тарихы
Көкбай Жанатайұлы
Абай өмірбаяны, шығармалары
Пәндер