Ұлттық код - бабалар аманатындағы ізгілік іздері


М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
Мектепке дейінгі және бастауыш білім кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: «Ұлттық код» - бабалар аманатындағы ізгілік іздері
Орындаған:Жәдігер Ү.
Тобы:ПМНО 20-1
Қабылдаған:Исматова С.
Тараз, 2021
Елбасы жариялаған рухани жаңғыру, оның ішінде ұлттық кодты қалыптастыру туралы мақаласы болашақ ұрпақты тәрбиелеуге арналған нақты бағдар болды.
Ұлттық кодты қарапайым тілмен айтқанда «қазақи тегіміз, қазақи діліміз, қазақи санамыз бен болмысымыз» деуге болады. Қазіргі алмағайып заманда ел болашағының дүниетанымдық жаңа моделін жобалап басты құндылықтар мен бағдарларды айқындау ең өзекті мәселе болып отыр. Біз іске асыратын құндылықтар осы заманғы, болашаққа ұмтылған құндылықтар болуы тиіс. Сондықтан да жаһанданып, ұлттық өзгешелігімізді шайып бара жатқан әлемдегі ұлттық бірегейлігімізді нығайтуға, ұлттың мәдени кодын: тілін, руханиятын, дәстүрлерін, мәдениетін сақтауды қамтамасыз ету басты парызымыз.
Жалпы дүниеге келген әр адамның бойындағы, қанындағы қасиеттері оның шыққан тегіне байланысты екені ешқандай дау тудырмайды. Алайда оларды ары қарай бағдарлап дамыту ата-анасына, отбасына, өскен ортасына тікелей байланысты. Отанын сүйгіш, ұлтжанды ақын ағамыз М. Шахановтың сөзімен айтқанда, әр адам туған анасынан басқа да өзінің тағдырын тамырсыздықтан қалқалап, өміріне мәңгі астана болар құдіретті 4 Ананы танып-біліп, қадірлеп-қастерлегенде ғана өз ұлтының шын мәніндегі толыққанды өкілі бола алады. Ал ұлттың ең негізгі және бірінші көрсеткіші ол - тілі. «Тілі жоғалған елдің өзі де жоғалады» деп Ахмет Байтұрсынов үлкен ескерту жасап кетті. Біздің дана халқымыз немерелерін ата-әжесіне бақтырып, тәрбиелетіп үлкен көрегендік жасаған. Себебі жас отау иелері күнделікті бар күйбең тірлікті өз мойындарына алып, қарттардың қолдарын босатқан. Ал ата-әжелер немерелеріне бесік жыры, ертегі, қисса-дастандарды айтып, тыйым сөздерді құлақтарына сіңіріп, өздерінің қолдарынан келетін өнерін олардың бойына сіңіріп отырған. «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» деген осыдан қалған.
Ал қазақ халқының ауыз әдебиеті тұнып тұрған өсиет, насихат екені баршаға аян. Батырлық та, елжандылық та, отбасыға, үлкенге құрмет те, кішіге ізет те, қонақжайлылық та, қысқасы, бүкіл жақсы адами қасиетті дәріптеу осында. Осыларды құлағына сіңіріп, бойына жиып, санасына түйіп өскен баланың жаман әдеттен аулақ, тәрбиелі де ізетті адам болары хақ.
Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы тарихшыларға тың шабыт береді. Ұлттық тарих мәселесіне бұрыннан жіте көңіл бөлетін Нұрсұлтан Әбішұлы атап өткендей, «әр қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады». Тарихқа арқа сүйемегеннің болашағы бұлыңғыр екені белгілі. Елбасы мақаласы біздің ұлттық бірегейлігіміздің барлық тұжырымдамалық мәселелерін көтереді және сөзсіз, көптен күтілді. Өйткені, біздің тарихымыз тек Қазақ хандығының құрылуынан емес, одан әріден бастау алады. Біздің тарихымыз кезінде совет билігі тарапынан қуғынға ұшырады және біз қазір ғана өзіміздің ұлттық кодты сезіне бастадық. Елбасы өзінің мақаласында адамзат тарихының және біздің ұлттық тарихымызға жаңа тұжырымдамалық көзқараспен, яғни, тәуелсіз Қазақстанның көзқарасымен қарауға шақырады. Бұл Ұлы Даланың әлемдік тарихтағы рөлі туралы ойлауға қозғау салады. Мәселен, Ботай мәдениеті, Берел қорғаны, Алтын адамның табылуы Ұлы Далада дамыған бірегей технологиялардың бар болғанын дәлелдейді және сөзсіз адамзат өркениетінің дамуына негіз болды. Біздің тарихымыз -Қазақстан халқының біріктіруші фактор, барлық азаматтар үшін шабыт көзі болуы тиіс.
Қазақстандағы көп ұлтты қоғамның қазіргі ұлттық даму сатысындағы өзіне тән ерекшеліктердің бірі - әртүрлі құндылықтар негізінде қалыптасқан сан-алуан әлеуметтік-мәдени құрылымдардың қатар өмір сүруі және олардың әрқайсысына сәйкес қоғамдық сана мен мінез-құлық үлгісінің пайда болуы деп айтсақ болады. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мазмұнды мақаласында қоғамды өз тарихынды құрметтеуге және зерттеуге, өткеннен сабақ алуға шақырады. Өйткені, кез келген ұлттың тарихы ерлікке, жеңістер мен қайғылы беттерге толы, біздің міндетіміз оларды сол күйінде қабылдау. Ол үшін ғылыми көзқарас керек. «Ұлы Даланың жеті қыры» тек қана қазақ халқына ғана емес, сондай-ақ, бүтін халықаралық қоғамдастыққа академиктерге, тарихшыларға, мәдениет және өнер қайраткерлеріне, мұражай және мұрағат ісі саласындағы мамандарға арналған. Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік қауымдастықты Дала өркениетінің мәдени-тарихи мұрасын зерттеуге қатысуға шақырады. Әрбір қазақстандықтың рухани әлемінің дамуын байланыстыратын ғаламдық, аймақтық және елдік әлеуметтік сана үрдістерінің үш өлшемін: өткен, бүгінгі және болашақтағы парадигмалармен байланыстыратын жобаларды атап өтті. Бұл өте күрделі және көп деңгейлі құрылым. Осы себептен ата бабаларымыздың батыр, би, шешен және тума талант өнер иесі болуында қазақ ұлтының тарих өмір мен уақыт талабына ілесе білген қабілеті жатыр. Уақыт бір орында тұрмайды, заман алға жылжиды. Уақыт өрісіндегі заман болмысының ерекшеліктері мен белгілері ұрпаққа жүктелетін міндетіне тәуелді. Өз дәуірінің ел болашағымен біріктіретін міндетін дұрыс орындай білген ұрпақ қана мемлекетінің мүддесін сақтап, өзінен кейінгі буынға табыстап кетеді. Аға ұрпақтың кейінгі буынға табыстайтын дүниелері ұлттық құндылықтар. Олардың кейінгі дәуірде өмір сүруіне ықпал ететін ұлттық қасиеттер.
1. Ұлттық құндылықтар негізі болып саналатын тіл, тарих, салт - дәстүр, дін және діл сияқты бай ата - баба мұрасын көз қарашығындай сақтай білу.
2. Ұлан байтақ даламыздың орынын өгейсітпей өз орнына келтіру үшін мемлекетімізді күшейтіп, ұлт болмысын қатайтып, көбейіп, сүйектеніп ұлт рухына жан бітіру керек.
3. Өткенін ұмытқан халықтың болашағы бұлыңғыр дейміз, сана сілкінбеген жерде сапа болмайды, салиқалы ұрпақ өспейді. Осындай өзекті мәселелердің ұтымын тауып, өміршеңдікке қол жеткізу үшін, жас ұрпақтың тарихи санасын қазақи ұлттық отбасы ортадан, бала бақшадан қалыптастыруымыз керек.
4. Техниканың жаппай ғарыштап дамыған заманда жүйелі білімді жолға қойып, әсіресе ұлттық менталитетімізді ұштауға арналған оқулықтарды көбейтуге, оның жарнамасына көңіл бөліп, оқырман арасында кеңінен етек алуына мұрындық болу қажет.
5. Ұлы Даланың тарихи шежіресін толық ақтап, жинақтап, қолдарына танымдық мұра ретінде ұстатып, әлемдік кеңістікте тұғырын бекіту.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz