Абай және оның шәкірттері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

Мектепке дейінгі және бастауыш білім кафедрасы

СӨЖ
Тақырыбы: Абай және оның шәкірттері.

Орындаған:Жәдігер Ү.
Тобы:ПМНО 20-1
Қабылдаған:Исматова С.

Тараз,2021
Абай атамыз айтқандай Ұстазсыз шәкірт - тұл, шәкіртсіз ұстаз тұл деп адам баласының кісі болып қалыптасуы көбінесе ұстазға байланысты деп ерекше атап өткен. Шәкірт ұстазға қарап өседі. Ол ұстазының білімін, берген тәрбиесін, кеңесін алады. Ұлағатты ұстаздан тәрбие алған адам жақсы қоғам қайраткері, ұлы тұлға болып өседі, өмірін дұрыс бағытқа бейімдеп, көркейеді.
Жалғыз екенсің, ізіңнен ерген ізбасарың болмаса, онда құның да шамалы,шәкіртсіз ұстаз да бұтақсыз қу ағаш сияқты. Шәкірт үшін ең жоғары адамгершіліктің үлгісі ол - ұстаз.Иа, артында осындай сөз қалдыра білген Абай атамыздың өзінің қанша шәкірті бар екен?
Үш қaйнapдaн (Қaзaқ, Еypопa, Шығыc әдебиетi) нәp aлғaн Aбaй жaңaшa жaзyғa мaшықтaнып, өлеңге ұйқac, ыpғaқ, идея тұpғыcынaн cоны cоқпaқ жacaды. Тынбaй iзденyдiң нәтижеciнде жaңa фоpмaдaғы ұлттық әдебиеттi дaмытты. Cондықтaн дa кейiнгi aқындap Aбaй мұpacын aйнaлып өте aлмaды. Cебебi қaзaқы қapa өлеңнiң бүтiн болмыcы Aбaй шығapмaшылығындa мен мұндaлaп тұpғaн едi.
Aбaй мектебi деген ұғымды екi мaғынaдa aлып қapacтыpyғa болaды. Бipi - кең мaғынa, яғни Aбaйдaн кейiнгi қaзaқ поэзияcы өкiлдеpiнiң денi aқынның әдебиеттегi дәcтүpiн ұcтaнyшылap, бacқaшa aйтcaқ, поэзия жолындaғы шәкipттеpi. Екiншici - нaқты мaғынaдa. Бұл тұpғыдaн келгенде Aбaймен күнделiктi қapым-қaтынacтa болғaн, aқынның aлдын көpiп, тәpбиеciн aлғaн aқын шәкipттеpiне қaтыcты aйтылaды.
Өзге ақындар шәкірт деп аталған соң, Абай әрине олардың басшысы - ұстаз ақын болмаққа керек. Әрбір әдебиеттік мектеп осындай аға мен іні ақындарының екі буынынан құралатын болса, ең алдымен сол әдебиеттік мектепте басшы ақынның бағыты, өзгеше идеялары, өз халқының әдебиет тарихына кіргізген анық тарихтық, көркемдік жаңалықтары - қысқасын айтқанда, барлық қасиеттері, әралуан түрде бой көрсететін болады.
Мұхтар Әуезов пен Жүсіпбек Аймауытовтың басшылығымен Семейде 1918 жылы шығарылып тұрған "Абай" журналы 1992 жылдан бастап қайта шығарыла бастағаны белгілі. Сол журналдың 1992 жылғы 1,2,3-сандарында М. Әуезов жазған Абайдың тұңғыш өмірбаяны сол қалпында толық жарияланды. Сол еңбекте мынадай мәлімет келтіріледі. "Өлең сөзге келгенде, азға місе қылмай қатты сынайтын Абай өз сөздеріне толық қанағат қылмауымен қатар, маңында өлең жазатын жастарға да сондай мінез істеген. Тегінде, Абайдың өсиет үгіттері, білімді, мағыналы кеңестері Абайдың маңына, өз тұсындағы талапты жастардың талайын жиғандықтан, солардың ішінде жалпы адамшылық, ақиқат деген жайларды көп ойлап, көп сөйлейтін жастармен қатар, бірталайының ақын болғысы да келген.
Ақын болмақ болып, талаптанып, өлең шығарып көруге Абайдың іні, балаларының барлығы да ұмтылған. Бұл жағына келгенде Абайдың алды бір жағынан әдебиет мектебі сияқты да болады. Сол ретпен өлең шығаратын, Көкбай, Шәкәрім, Абайдың өз балаларынан Ақылбай, Мағауия болды". Жоғарыды аталған "Абайдың ақындығының айналасы" (1934) деп аталатын мақаласында М. Әуезов Көкбай, Шәкәрім, Ақылбай, Мағауия төртеуін тағы ды Абайдың нағыз толық мағынадағы ақын шәкірттері деп атап өтеді. Олардың Абайдан аталық, ағалық, ұстаздық тәрбие алғандығын, оның өлеңдері мен қара сөздерін оқушы әрі таратушы, тұтынушы әрі бағалаушы болғандығын, сонымен қатар бұлардың Абайдың басшылығымен өз жандарынан жырлар да жазғандығын, Абайдың бағыт-бағдар беруімен жазылған бұлардың шығармалары арқылы қазақ әдебиетінде бұрын болмаған тың еңбектер туғандығын атап өтеді.
Абай шәкірттеріне тақырып беріп қана қоймай, олардың өлеңдерін үлкен талап тұрғысынан қатты сынап, түзеп, жолын айтып отырған. Кей кезде шәкірттерінің шығарғандары ұнамаған уақытта міндерін өлеңге қосып жіберген. Мәселен, Абай "Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін" өлеңін Ақылбай, Көкбай, Әріп ,Шәкәрім өлеңдерінің кейбір міндерін сынау үшін шығарған. Өлеңнің бірінші тармағы Ақылбайдың "Дағыстан" поэмасындағы "Ер сөзін еріккеннен еттім ермек" деген сөзіне жауап болса, сол өлеңдегі:
Сөз айттым "Әзірет Әлі айдаһарсыз",
Мұнда жоқ "алтын иек сары ала қыз".
Кәрілікті жамандап, өлім тілеп,
Болсын деген жерім жоқ жігіт арсыз,- дегенде,
"Әзірет Әлі айдаһарсыз" деп Көкбайдың қисса жазғыштығын, "Алтын иек сары ала қыз" деп Әріп ақынның "Зияда" деген қиссасындағы сұлу қызды сипаттауын, соңғы екі тармақ "Кәрілік туралы" деген өлеңіндегі айтқандары үшін Шәкәрімді сынап, мінеуге арналған.
Мұхтар Әуезов Абай шәкірттері туралы атты мақаласында:
Абайдың өзі тірісінде, оның айналасына жинаған талапкер, өнерлі жастардың саны көп болған. Бұлардың ішінде әншілер, композиторлар, халық фольклорын жинаушылар, әнші ақындар емес, орыс мәдениетін білуге талпынған жай көзі ашық жастар аз емес еді. Бұлар әр буыннан шыққан болатын. Іштерінде жас шағынан Абайға тетелес: Көкбай, Мұқа сияқтылардан бастап, Абайдың балалары: Ақылбай, Мағауия және інісі Кәкітай сияқты көп адамдар болды.
Ақылбай, Мағауия, Көкбай сияқты ақындар туралы айта келіп, М.Әуезов: Бұлардың еңбектерін шолуда, алдын-ала есте тұтатын бір жайды ескерте кету керек. Ол - осы шәкірт ақындардың еңбек үлгілерінен айқындап көріне түсетін, Абайдың өзіндік ерекшелігі болады.
Зерттеу жүргізу барысында Абайдың артынан aқын, әншi, caзгеp шәкipттеpi, iзбacapлapы көп екенін білдік. Олар: Шәкәpiм Құдaйбеpдiұлы, Ақылбай Абайұлы, Әубәкір Ақылбайұлы, Тұрағұл Абайұлы, Мағауия Абайұлы, Әсет Найманбаев, Көкбай, Баймағамбет Айтқожаұлы, Мұқа Әділханұлы, Тайыр Жомартбаев, Уәйіс Шондыбайұлы, Иманбазар Қазанғапұлы, Әрхам Кәкітайұлы Ысқақов, Әлмағамбет Қапсәләмұлы, Майбасардың Мұхамеджаны. Енді осы аты аталған кісілердің Абайдан қандай үлгі - өнеге алғанын, оларға Абай өлеңдерінің әсері қалай болғанына тоқтала кетейін.

Aбaйдың aқындық мектебiнiң тaлaнтты шәкipтi - Шәкәpiм Құдaйбеpдiұлы (1858-1931). Әкеciнен жетi жacындa aйыpылып, жетiм қaлғaн Шәкәpiм Құнaнбaйдың тәpбиеciнде болaды. Кейiннен Aбaйдың жaнындa болып, жacы он беcтен acқaндa aғacының aқылымен aқындық жолғa түcедi. Aбaй - Шәкәpiмнiң өмipдегi де, өнеpдегi де pyxaни ұcтaзы болды. Шәкәpiм 19 жacынaн бacтaп, Aбaйдың тaпcыpyымен қaзaқтың шығyы жaйындa деpектеp жинayмен aйнaлыcaды. Cоның нәтижеciнде 1911 жылы Оpынбоp қaлacындa Түpiк, қыpғыз, қaзaқ, һәм xaндap кiтaбы жapық көpедi. Aбaйдың aйтып кеткен, aқыл-кеңеciмен бiлiмiн жетiлдipy мaқcaтындa Ыстaмбyлғa, Меккеге қaжылыққa бapaды. Cонымен қaтap, ол Үш aнық aтты филоcофиялық еңбегiн жaзды. Мұндa ынcaп, әдiлет, мейipiм ұғымының тұтacтығы, aдaм бойындa оcы қacиеттеpдiң тaбылyы, дiн мен дәcтүpдiң caбaқтacтығы тypaлы ой қозғaлaды. Aдaмдық боpышты ең бacты құндылық деп бaғaлaғaн Шәкәpiм xaлыққa еңбек етyдi, қapaңғылықтaн құтылyды үндедi.
Ұлы ұстазы Абайдың: Ғылым таппай мақтанба, пайда ойлама, ар ойла, талап қыл артық білуге, артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге, - деген ақылын алған саналы інісі Шаһкәрім ғылым-білім ізденуге білек сыбанып, құлшына кірісіп, тіпті шеттен де кітап алғызып, құныға оқуға салынады.
Шәкәрім лирикасының аса бір ауқымды саласы - оның Абай дәстүрінде жазылған ағартушылық сарындағы өлеңдері. Ол өзі өмір сүрген заманның барлық болмысын, бүкіл қазақ қауымының экономикалық, әлеуметтік, рухани дамуының дәрежесін жан-жақты түсінген қайраткер болды. Өзінің туған жұртының болашағы үшін жаны ауырып, жүрегі сыздады. Осы сезіммен көптеген жырларын жазды. Бұл тұста да ол Абаймен Үндесу Ғылымға қол жеткізудің, халықтың өміріне кішкентай болса да жақсылық жасаудың бірден-бір жолы адал еңбек ету деп білген данышпан Абай:
Ғылымды іздеп,
Дүниені көздеп,
Екі жаққа үңілдім,
- деп білім табуға шакырса, Шәкәрім жырлары да адамды адал еңбекке, ғылым мен мәдениет үйренуге бағыттайды:
Күні - түні дей көрме, ғылым ізде,
Қалсын десең артында адам атың,
- дейді ол.
Абай көтерген әділет идеясы, ар тазалығы Шәкәрім лирикасының да басты сипаттарының бірі болды. Шәкәрім өзінің лирикалық қаһарманың халқының күні сияқты жарық, өзі сияқты ойлы болуға шақырады. "Насихат" деп аталатын өлеңіндегі ойлар соның айғағы:
Сусағанның сусыны бол су сықылды сұп - сұйық,
Бірақ, ондай болма салқын ел көңілін қалдырып.
От сықылды жылы болсын жүзіңіз бен сөзіңіз,
Бірақ ондай махаббатсыз болма өртеп, жандырып.
Ақын өз халқының басындағы кемшіліктерді ең алдымен европалық, әлемдік ғылым-білімнен шет қалуының салдары деп білді:

Жер жүзі жабылғанда ғылым жаққа,
Қазақ жүр құмарланып құр атаққа,
- деп күйзелді.

Ақылбай - Абайдың Ділдә атты бәйбішесінен 1861 жылы туған тұңғыш баласы. Ділдәдан Ақылбайдан басқа Әбдірахим (Әбіш), Мағауия деген балалары болған.
Құнанбайдың кіші әйелі Нұрғаным, өзінен бала болмағандықтан, Ақылбайды кішкене күнінен өз бауырына басады. Ақылбай туғанда Абайдың өзі де жас, жаңа отау иесі еді. Сөйтіп, Ақылбай жас күнінен Нұрғаным тәрбиесінде болып, Құнанбай баласы Құнанбайдың кенже тоқалының еркесі атанып өседі.
Ақылбайды Нұрғаным жас басынан бетімен жіберіп, аса шолжың ерке бала етіп өсіреді. Ақылбайды тек 9-10 жас шамасында, Құнанбайдың указной молдасы атанған Ғабитханға оқуға береді. Ақылбай 4-5 жылдай молдадан оқу оқиды. Одан әрі оқымайды. Ақылбай бір жасынан бастап, Нұрғаным қолында өскендіктен және Абайдың 16 жасында туған баласы сияқты емес, ағайындас Ырғызбайдың бір мырзасы сияқты көрінеді. Құнанбай өзімен тең жерден қыз айттырып, Ақылбайды үйлендіреді.
Құнанбай, өзі сияқты қарадан шығып хан болған, яғни аға сұлтан болған, өзімен теңдес Қисықтың Жұмақан деген баласының қызы Ізіқанға құда түсіп Ақылбайды үйлендірген.Үйленген Ақылбайға енші бөліп беріп, Құнанбай бұл баласын да жеке бір ауыл етеді. Бұл кездердегі біраз жыл, Ақылбай сияқты Құнанбайдың жаңа отау көтерген мырзасының ауылы болып, сауық сайранмен өтеді. Жасынан көрген тәрбиесі, ұшқан ұясы, Құнанбай аты Ақылбайды масаттандырады. Ақылбай жас күнінен талантты домбырашы, өлеңші де болады. Бірақ ол Құнанбай атағына, нағашыларының ата аруағына масаттанатын. Бұл кездердегі Ақылбай айтатын өлең сарыны:
Нағашым ер Қазыбек әулие өткен,
Фаниден уақыт жетіп о да кеткен.
Сасқан жан жер шетінен бабам десем,
Аруағы көз ашқанша келіп жеткен,
- деген сияқты болатын.
Ақылбай ұстазы Абайдың ақылымен тау халқының өмірінен Дағыстан (Кәрі Жүсіп), Африкадағы зұлыстар жайынан Зұлыс сияқты тамаша романтикалы поэмалар жазып, қазақ әдебиетінде поэма жанрының жаңа түрін дамытқан, талантты мәдениетті ақын.

Әсет Найманбаев бұрынғы Қарқаралы уезі, Темірші болысы, 8-ауылда (қазіргі Жезқазған облысы, Ақтоғай ауданы) 1867 жылы туған. Руы Арғын, оның ішінде Қаракесектен тарайтын Майлық деп аталатын аз атадан. Әкесі Найманбай кедей шаруа болыпты. Ауыр тұрмыстың айдауымен 1875 жылы Семей қаласына көшіп келген. Кейіннен қала тұрмысына тұрақтала алмай Мақаншы ауданындағы Бақты ауылына көшіп барады. Осында Әсетті медресеге оқуға береді. Он бір жасында бірінші рет мектеп есігін ашқан зерделі бала төрт-бес жылда медресенің білімін жақсы меңгеріп алады. Медреседе жүргенде-ақ ақындық таланты ашыла бастайды. Жасы ұлғайған шағындағы бір өлеңінде ақындық өнер сапарының он үш жасында басталғанын айтады:
Елуден жасым менің белең асқан,
Өлеңге он үш жастан араласқам.
Қызыл тіл қимылдаса қызуымен,
Текпінді терең сөзден жаза баспан...
-дейді ақын
Әсеттің алғашқы ақындық қаламындағы айтатын, жазатын өлеңдерінің тақырыбы көбінесе жастық, махаббат туралы және суырып салма айтыс өлеңдер болды.
Әсет - ақындық өнерді өзгеше жоғары бағалап, табиғаттың тартқан ерекше қасиетті сыйы деп біліп, ардақтаған адам. Ақындық өнерін халқына арнаған Әсетті туған елі қадірлеп, құрметтеген.
Үйрек пен қаздай қалқып жүрмін жүзіп,
Көп елде - көл жұртымда қыдыр шалған
- дейді ақын.
Әсеттің ақындығы ең алдымен айтыс өнерінде танылады. Айтыс - майдан, айтысқан ақындар майданының жекпе-жектегі батыры - деп М.Әуезов айтқандай Әсет ақын да осы жекпе-жектен жеңіп шыққандардың бірі. Әсеттің алғашқы түскен ең үлкен айтысы - Рысжан қызбен айтысы.
Абайдың алдын көріп, ұлы ұстаз ақыннан ақындық, әншілік өнер жолында үлкен тағылым алған талантты шәкірттердің бірі - Әсет.
Қазақ даласын әнмен тербеген Әсеттің өзі өмір кешкен тұста - халқының ақберен ақыны ретінде танылғаны анық еді. Айтыс бәйгесіне түсіп жүлде алып, елге атағы шыға бастаған жалынды, албырт жас ақын, асқақ әнші Әсет ұлы ақынның, кемеңгер ақынның алдына келгенде 20 жаста болатын. Абай ауылы қазақ сахарасындағы өнер-білімнің, мәдениеттің өнегелі ордасындай еді. Сол кездегі Абайдың қасында ұдайы болған адамдары: Шаһкерім, Көкбай, Ақылбай, Мағауия, Тұрағүл, Кәкітай, Ахметбектер тобына Мұқа, Әсет келіп қосылған екен.
Әсет - Абай ағасының алдында мол тағылым алып, үлгі алады, Пушкин шығармаларымен танысады. Әсеттің Евгений Онегин романының оқиғасын алып, еркін аударма жасауы Абай әсері екені сөзсіз.
1960-жылы елімізде басылған Дастандар жинағында зерттеуші Ханғали Сүйіншәлиев: Пушкин орыс мәдениетінде романтикалық мектеп жасаған болса, Абай да айналасына тілектес шәкірттерін жинап, Ақылбай, Кәкітай, Мағауия, Көкбай, Уәйіс, Әріп, Әсет т.б. ақындарды тәрбиелеп шығарды. Бұл жастар Абай бастаған романтикалық поэзия жанрын ілгерлетті, көлемді, шытрман оқиғалы поэмалар жазды. Қазақ әдебиетінде бұрын болмаған жаңа поэмалар тобын туғызды - деп жазды. Әсеттің ақындық, әншілік, композиторлық өнер талабын көрген Абай 1889 жылы өзінің Әсетке деген өлеңінде:
Біреуден біреу артылса,
Өнері өлшеніп тартылса.
Оқыған, білген, білген-ақ
Надан, надан-ақ сан қылса.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Кісіде бар болса талап,
Отырмас ол бой балап;
Жүрер, әр қайдан ізденер,
Алар өзі сүйгенін қалап
- деп арнау жазып өнер иесінің келешегіне жөн сілтейді.

Көкбай -- Абайдың ең талантты ақын шәкірттерінің бірі.
...Абай қалаға келген сайын Көкбай сияқты оқып жүрген жастарды жинап, қалай оқып жүргендерін сұрап, біліп, ақыл-кеңес берумен қатар, өздеріне де ән салғызып, өлең айтқызып, олардың өнер, талаптарын мадақтап, көңілді, мағыналы мәжіліс жасап отыратын болған. Ол жастардың кейбіреулерін оқуға түсірген де Абайдың өзі еді. Көкбайдың Семейге Абай келсе, бізде думан дейтіні де осы болатын.
Оқуын аяқтап, елге қайтып келген соң, үнемі Абайдың жанында болады. Абай өзі жазған өлеңдерін бірнеше жыл бойы Көкбай атынан таратады. Көкбайдың аты Абай өлеңі арқылы 1889 жылы, тіпті, баспасөз жүзінде мәлім бола бастаған. 1889 жылы Дала уалаяты газетінде Абайдың Жаз атты белгілі өлеңі Көкбайдың атынан жарияланған. Өлеңнің басында былай деп түсінік берілген: Семей уезі Шыңғыс елінің қазағы Ибраһим Құнанбай ауылының Бақанас өзенінде, Көпбейіт деген жерге қонып жатқандағы түрі. Кісіден үйреніп жаздым: Көкбай Жанатайұлы.
Абайдың Көкбаймен достығы - Абайдай данышпан ақынның Көкбайдай талантты танып табысқан достық еді. Көкбайға ақындық өнерді ардақтауды үйреткен, ақын атын ешбір байлық, мансап, жалған атақ, жартымсыз қызыққа айырбастамауға үйретіп, танытқан Абай еді. Көкбайдың табиғи талантын тәрбиелеп, түзу жолға бағыттаған Абай болды.Көкбай өзінің естелігінде, Абаймен ең алғашқы рет жақындасып кетуін былай баяндайды:
Ел ішінің ақы алысып, ақы берісіп жатқан съезі еді. Мұны өткізуге Семейден Лосовский деген ояз келіп еді. Сол бір ісімді жақтырмай, мені ел кісілерінің ортасында тұрғанымда, стражниктерін (атарман) жіберіп жазаламақшы болды. Әлгілер ерікке қоймай, әкетіп бара жатқан соң, қасымда еріп жүретін өлеңші жігіттерім бар еді, солардың біреуінен Абайға бір ауыз өлеңмен сәлем айтып жібердім. Ол кезде ән салып, өлең айтатұғым, қасымдағы жолдастарым да сондайды әдет қылатын.
Оязға әкелген соң, Абай да келді де: Жазығы не? деп істің жөнін сұрады. Содан кейін Лосовский: Бұған біреу басшылық етіп, тәрбиесіне алмаса, мына елдің ортасында арызқой, пәлеқұмар болып, бұзылғалы жүрген адам. Сен тәрбиеге алып, міндетті болып, түзетемін десең, берем. Әйтпесе жазаға ұшырайтын ісі бар, -- деді.
Абай маған кепіл болып алып шықты. Осыдан кейін Абайдың жолдасы болдым. Жолдастығым 25 жылға созылды.
...Қыс болсын, жаз болсын Абай ел араласа, қасында жүріп, ауылына келсе, үйінде бірге жатып, айырылыспайтын болдық. Абайдың қасында ай жүріп, ай жарым жүріп келіп, бір әредік толас болғанда ғана өз үйіме бір жұма, көп болса, он күнге рұхсат алып келіп, артынан қайта барамын, - дейді Көкбай.
1880 жылдардан бастап 1904 жылға дейін Абай көрген өмір талқысына, күйініш-сүйініш сияқты Абай басынан кешкен түрлі халдерге жанашыр жақын, адал дос ретінде Көкбай да түгелдей ортақ болады.
Сөйтіп, 1880 жылдан бастап Абай өлген күнге дейін екі достың тағдыры тығыз байланысты болған.

Мағауия Абайұлы - ұлы ақынның Ділдәдан туған кенже баласы. Жасында молдадан оқығаннан кейін, Семейдегі Городское училище деген орысша мектепке оқуға түседі. Онда екі-үш жыл оқығаннан кейін науқасқа шалдығып, оқи алмай ауылға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абайдың ақындық мектебінің қалыптасуы
Абайдың ақын шәкірттерінің мұрасын зерттеудегі еңбектерінің салмағын межелеу
Абайдың ақын шәкірттері М.О.Әуезов зерттеулерінде
Абайдың әдеби ортасы және ақындық мектебі
Абай тұлғасы
Әсет Найманбайұлы «Бақтиярдың қырық бұтағы» циклдік топтамасының жанрлық ерекшеліктері.Көкбай шығармашылығындағы Абай дәстүрі.Абайдың ақын шәкірттері
Абайдың ақындық мектебі
Мұхамедханов және Абай мұражайы Семей таңы
Абайдың ақын шәкірттеріндегі дәстүр жалғастығы
Қайым Мұхамедхановтың қазақ әдебиетінде алатын орны жайлы мәлімет
Пәндер