Абайдың шығармаларындағы педагогикалық психологиялық көзқарастар



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Сөж-6
Абайдың шығармаларындағы педагогикалық психологиялық көзқарастар
Жоспар:
Кіріспе
Ақынның педагогикалық психологиялық ой пікірлері
Ескілік мәселесі
Отау құру мәселесі
Әке және ана тәрбиесі
Достық пен жолдастық
Еңбекке баулу
Ғылымды үйренушілерге немесе оқыту методикасы
Қорытынды

Кіріспе
Адамзаттың Абайы атанған хакім, ақын, ойшыл Абай бар ойының асылын келер ұрпаққа, өзі айтқандай, қалың елі қазағына арнады. Оның шығармашылық қызметінің негізгі мұраты - адам тәрбиесі.
Тереңге үңіліп қарасақ, Ұстаз сөзінің биік мағынасы Абайдай ағартушыға өте орынды айтылған. Өз басым, ақынды халқымыздың рухани ұстазы дер едім. Себебі, Абай халықтың үлкені мен кішісіне, ұлы мен қызына, әкесі мен баласына өмірлік қажет еңбек пен адамгершілік, өнер мен білім, өнеге мен тәлім, достық-жолдастық, парыз бен қарыз сияқты қасиеттердің асыл үлгілерін жырымен де, ғақлияларымен де жеткізе білді. Ойшыл ақынның ағартушылық түрғыдағы педагогикалық- психолгиялық тұжырымдары негізінен жастарды халқына адал қызмет ететін нағыз азамат - Толық адам етіп тәрбиелеу мақсатынан туындаған. Ақынның педагогикалық-психологиялық көзқарастарына тоқталмай тұрып, алдыменен, ақын неге өзінің бар ғұмырын осы толық адам мәселесіне арнады? Ақынның алғашқы педагогикалық-психологиялық пайымдаулары, көзқарастары қалай қалыптасты? - деген сауалдарға жауап алып көрейік. Жобаны жазу барысында ақынның жүзге тарта өлеңдері талданып, қырық бес қара сөзі, сонымен қатар ақын туралы зерттеу еңбектері қарастырылды.

Негізгі бөлім
Зерттеушілер мен абайтанушылардың, ақынның өміріне зер салып қарайтын болсақ, ақынның алғашқы педагогикалық-психологиялық ойлары ескілік қоғамның әлсіреп, жаңа қоғамның келе бастауымен тікелей байланысты.
Сол тұстағы ақынның педагогикалық-психологиялық ой-пікірлерінің қалыптасуына игі әсер еткен табиғи арналардың алғашқысы - ақынның дүниеге келген ортасы, жас Абайдың бойына адамгершіліктің ізгі қасиеттерін ақ сүтімен қоса дарытқан ана мейірімінің қуаты мен шапағаты. Кеудесі шежіре-тарих, аңыз-әңгімеге толы, халықтың салт-дәстүрлерін жетік білетін мейірбан әжесі Зере мен мінезге бай, тілге шешен анасы Ұлжан бала Абайды өз алдына бір бөлек рухани қазына бесігі болып тербетті. Талантты жастың өз бетінше ден қоя оқыған, құныға тыңдаған ауыз әдебиеті шығармалары туған халқының өмірі мен дәстүрін, арманы мен мұңын ертерек танып білуіне себепші болды.Туған халқының рухани мұрасын жан-жақты игеріп, Батыс пен Шығыстың ғылыми ой-санасын сыншылдықпен бойына сіңіру арқылы Абай қазақтың қоғамдық ой-пікірін өзінің ағартушылық тұрғыдағы тұжырымдарымен байытты. Ақынның жастарды білім алуға, ғылымға, адамгершілікке үндеген педагогикалық топшылаулары шығыстың атақты ғұламалары Әлішер Науаи, Ғ. Дауани, әл-Фараби т. Б. ой-пікірлерімен сабақтас, өзектес келеді. Ол орыстың алдыңғы қатарлы ойшылдары мен көрнекті педагогтерінің маңызды тәлім- тәрбиелік ой-толғаныстарын өзіндік құнды қағидалармен толықтырып, кейінгі ұрпаққа ағартушылық жаңа дәстүр қалдырды.
Осы тұрғыдан Абайдың педагогикалық-психологиялық ойларының қалыптасуын мынадай топқа бөліп қарастыруға болады:
Өскен ортасы
Әке тағылымы
Аналар тағылымы
Халықтық салт-дәстүр
Тарихи-шежіре
Ауыз әдебиеті
Халықтың тұрмыс-тірлігі
Батыс және Шығыс әдебиеті
Профессор Т. Тәжібаевтың еңбектерінде Абайдың ақыл-ой, адамгершілік, еңбек тәрбиесі жайлы тұжырымдарына талдау жасалған. Ол Абайдың педагогикалық, психолиялық көзқарасын тұңғыш рет ғылыми тұрғыдан жан-жақты ашып берді. Ақынның ағартушылық түрғыдағы ой-пікірлері туралы бірқатар зерттеулер жазылып, диссертациялар қорғалды. Абайдың педагогикалық көзқарасы мәселелерін арнайы тақырып етіп қозғамаса да М. О. Әуезов, Қ. Б. Жарықбаев, X. Сүйіншәлиев еңбектерінде ақынның ағартушылық тұжырымдары жайлы біршама құнды пікірлер ұшырасады. Абай педагогика саласынан арнайы ғылыми- теориялық шығармалар жазып, тікелей педагогикалық қызметпен шұғылданбаса да, оның өлеңдері мен қарасөздерінен жастарды тәрбиелеу мен оқытудың кейбір дидактикалық мәселелері жөнінде үлгі-өнеге тұтарлық салиқалы ойлар мен тұжырымдарды көп кездестіруге болады.
Абайдың шығармаларына талдау жасай отырып, Абайдан асқан ақын ғана емес, ағартушы, психолог болмағанына көз жеткіземіз.Қазіргі таңдағы шетелдік психологтер мен педагогтер ұсынып отырған құнды методиканы Абайдың шығармаларынан табамыз.
Ескілік мәселесі
Ақын неге ескілікті сынады? Себебі, ескілік көлеңкесі кетпей, жаңа келмейтінін ғұлама ақын ерте ұққан болатын.Қазіргі кездегі педагог-психологтер өткенмен өмір сүрген адам алға озбайтынын, ескілік шырмауында қалып қоятынын айтады.Абай бұл ойды бір жарым ғасыр бұрын айтып кеткен:
Қолдан достық жасап ем болар-болмас,
Итмұрындай наданның жыртты бірі... дейді Өкінішті көп өмір өтіп кеткен өлеңінде .
Енді бірде: Сенімі жоқ серменде сырды бұзды,
Анық таза көрмейміз досымызды.
Қылт етпеге көңілдің кешуі жоқ,
Жүрегінде жатады өкпе сызы,- деп кешірімділіктің жоқтығын, адамдардың жүрегін өкпе-реніш жаулап алғанын айтады.Бұл психологиялық терең ойды қазіргі рухани ұстаздар: кешірімділіктің адам жолын ашатынын, ал өкпелегіш адамның түрлі науқасқа ұшырайтындығын айтады.Қарап отырсақ, Абай сенім мен кешірімі жоқтық адамды артқа тартатын қасиет, құрт ауруы екенін айтып кеткен.Осы екеуі болса, адам алдыға озатынын астарлап көрсетеді.
Отау құру мәселесі
Отау көтерген жастарға:
Біреуді көркі бар деп жақсы көрме,
Лапылдақ көрсе қызар нәпсіге ерме!
Әйел жақсы болмайды көркіменен,
Мінезіне көз жетпей, көңіл берме!, - деп тұрмыс құрар жастарға қалындықты көркі мен сымбатына ғана қарап бағаламай, оның адамгершілік қасиетіне, ішкі жан дүниесіне, ақыл- парасатына, көргенділігі мен тәрбиелілігіне көңіл бөлу керектігін ерекше атап көрсетті. Абай болашақ отау құрушы жастарға жұбайлық өмірдің елеулі қиындықтары да болатынын, ол қиындықты жеңуге алдын ала әзірлеу керектігін ескертті. Некелескен жастардың бір-бірімен, отбасының басқа мүшелерімен, жора-жолдас, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы педагогикалық идеялардың сабақтастығы және оны оқу-тәрбие үрдісіне ендіру
Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев және Мұхтар Әуезовтің педагогикалық идеялары
Абай, Шәкәрім, Мұхтар шығармаларының тәрбиелік қызметі
АБАЙ ҚҰНАНБАЕВТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҰРАСЫ
А. Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік ойларды ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негіздеу
Орта білім беретін мектептің оқыту процесінде оқушылардың дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыруға байланысты жүргізілетін педагогикалық тәжірибе жұмыстары
Ана тілі сабақтарында Абай шығармаларын оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу құралы ретінде пайдаланудың әдіс-тәсілдері
Абай мұрасындағы тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерді болашақ педагогтардың кәсіби дайындығында пайдалану
Абай мұрасының зерттелуіне шолу
Тәрбие процесі кезінде оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру
Пәндер