Су тасқыны туралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ
Тақырыбы:Су тасқыны

Орындаған:Әзімқұл Айдана
Тобы:М19-3
Қабылдаған: Наурызалиев Нұрмағамбет

2021ж

Су тасқыны- бұл қардың еруі, жауын-шашын, суды желмен айдаған және кептелу кезінде өзендердегі, көлдер мен теңіздердегі су деңгейінің көтерілуі нәтижесінде жерді айтарлықтай су басу. Өзендер арнасына суды желмен айдау арқылы болған су тасқыны ерекше түрге жатады.Су тасқыны көпірлер, жолдар, ғимараттар, құрылымдардың қирауына, елеулі материалдық шығынға, ал судың көп жиналуы (4 мс астам) және су үлкен биіктікке көтерілсе (2 м көп) адамдар мен жануарлардың опат болуына әкеліп соқтырады. Қираудың негізгі себептері ғимараттар мен құрылымдарға су массасының, жоғары жылдамдықта жүзіп жүрген мұздардың, әртүрлі сынықтар мен жүзіп жүрген заттардың, т.б гидравликалық соққысы болуы мүмкін. Су тасқыны кенеттен пайда болып және бірнеше сағаттан 2-3 аптаға дейін созылуы мүмкін.

Су тасқынына қалай дайындалу керек- Егер де Сіздің аумағыңыз су тасқынынан жиі зардап шексе, су басу мүмкін жерлердің шекарасын, сондай-ақ тұрғылықты жеріңізге жақын тұрған дөңестеу сирек су басатын жерлерді, оған баратын ең қысқа жолды зерделеп, еске сақтаңыз. Отбасы мүшелерін ұйымдасқан және жекелей көшіру кезінде әрекет ету, сонымен қатар кенеттен және буырқанып келе жатқан су тасқыны кезіндегі ережелерімен таныстырыңыз. Қайықтар, салдарды және оларды жасау үшін құрылыс матеиалдарын сақтау орындарын еске сақтаңыз. Көшіру кезінде алып шығатын құжаттар, мүлік және дәрі-дәрмектердің тізімін алдын-ала жасап қойыңыз. Арнайы чемодан немесе рюкзакқа құндылықтарды, қажетті жылы затарды, азық-түлік қорын, су және дәрі-дәрмекті салыңыз. Су тасқыны кезінде қалай әрекет ету керек Су тасқыны қаупі және көшіру туралы дабылды алғаннан кейін күттірместен, белгіленген тәртіп бойынша өзімен бірге қажетті заттар мен бұзылмайтын азық-түліктің екі күндік қорын алып апаттық су басуы ықтимал қауіпті аумақтан белгіленген қауіпсіз аумаққа немесе дөңестеу жерлерге барыңыз (шығыңыз). Көшіру пунктіне жеткеннен кейін тіркеліңіз,Су тасқынынан кейін қалай әрекет ету керек Ғимаратқа кірер алдында қандай-да болмаса бір заттың құлау немесе қопарылу қаупі бар ма жоқ па тексеріңіз. Жайды желдетіңіз (жиналып қалған газдан тазарту үшін). Жайларды толық желдетпейінше және газбен қамту жүйесінің жарамдығын тексермейінше электрді қоспаңыз, ашық отты пайдаланбаңыз және сіріңкені жақпаңыз. Электр өткізгіштердің, газбен қамту, су және канализация құбырларының жұмысқа жарамдылығын тексеріңіз. Олардың мамандардың көмегімен тексеріп жарамдылығына көз жеткізгенбейінше қолданбаңыз. Жайларды кептіру үшін есіктер мен терезелерді ашыңыз, едендегі және қабырғалардағы кірді жуып, подвалдардағы суды шығарыңыз. Сумен тікелей жанасқан тамақ өнімдерін пайдаланбаңыз. Құдықтарды тазартуды ұйымдастырып ондағы лас суды шығарыңыз.
Сел (арабша сайль -- жойқын тасқын) -- таулы аудандарда мұздықтардың, қардың мөлшерден артық еруінен, нөсерлі жауын-шашындардан, жер сілкінуден, тау өзендерінің арнасынан асып тасуынан пайда болатын табиғаттың жойқын құбылысы.Тас аралас саз-балшықтардың таудан төмен ағыла қүлауымен сипатталатын, кенеттен басталып, барынша қарқынды өтетін мейлінше залалды құбылыс; әдетте нөсер жауындар әсерінен, кейде тау шатқалдарындағы қардың не мұздықтың жаппай еруінен туындап, шағын өзенше аңғарлары мен жылғалар бойын қуалай құлайды.Сел тасқыны құрамына қарай саз-балшықты, тастыбалшықты және сулы-тасты селдер болып үш түрге бөлінедіСел жолындағы борпылдақ шөгінділерді шайып, қатты тау жыныстарын бұзып, ағаштарды түбірімен қопарып, салмағы ондаған тонналық үйтастарды ағызып әкетеді. Сел Қазақстанның Іле Алатауы, Жетісу Алатауы, Сауыр, Тарбағатай, Алтай тауларындағы Үлкен Алматы, Кіші Алматы, Қаскелең, Есік, Талғар, Текелі, Сарқант, тағы басқа өзендердің алаптарында жиі болып тұрады.
Сел алдын алу
1963 жылы шілде айында бірнеше тәулікке созылған ыстық аптаптың әсерінен мұздық пен қардың мол еруінен Жарсай мұздығындағы көл суы ернеуінен асып, жарты сағат шамасында Есік көліне шамамен 6 млн. м3 лай мен тасты ағызып әкелді.
Сел қаупі күшті өзендерге бөгеттер салу, каналдар қазу, ағаштар отырғызу және алдын-ала болжау, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Төтенше жағдай енгізілген аймақтар
Cу тасқыны, одан қорғану жолдары
Су тасқынының зардабы
Зардап шеккендерді іздеу жұмыстарын жүргізу
Сулы мұзды селдер мен мұзды сулы су тасқындары түсініктерін салыстыру
Жерді қашықтықтан зондтау түсіру әдістері
Қар көшкіні - көшкіннің бір түрі
Су басу қауіпі
Сырдария өзенінің су тасқынынан жанындағы тұрғындар мен нысандарды қауіпсіздендіруді қамтамасыз ету
Сел қауіпі
Пәндер