Философияның пәні қызметтері мен міндеттері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары
Кіріспе
1. Философияның пәні қызметтері мен міндеттеріҚорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Философия - көзқарастың бір түрі. Ертеде әр нәрсенің себебін білігісі келгендер, діни ұғымдар мен жай ұғымдарға қанағаттанбай құбылыстардың түбіне үңіліп, сол туралы өзіндік пікір айтты. Оларды - философ деп атайды. Философ деген сөзді алғашқы рет гректің, ойшыл, математигі Пифагор (580-500 б.ғ.д) енгізді. Бұл термин Еуропа мәдениетінде Платонның (427-347 б.ғ.д) атымен тығыз байланысты. Philo - сүйемін, sophia - даналық, яғни даналықты сүйемін деген мағынаны береді. Араб тілінде фәлсәфа деп аталады.
Әр дәуірде философиялық ілімдердің ішіндегі ғылымның құрамында әртүрлі көзқарас болды. Эллиндік дәуірде стоиктер мен эпикуршылар философияны логика, физика және этика деп жеке бөліктерге бөлді. Оны бақшаға теңеді. Бақтың қоршауы - логика (логикаға танымның барлық мәселелерін, тіпті тілді де қосады), физика - оның жемістері, яғни табиғатқа байланысты (астрономиялық, физикалық, биологиялық, т. б. білімдер). Этика - адамның мiнез-құлқы, тәртібі туралы ғылым, ол философияның ұйытқысы (ядросы), ол бағыт пен керекті тәртіпке жол көрсетеді деп саналды.
Философия дегеніміз - табиғат, қоғам және адам санасының ең жалпы даму заңдары туралы ғылым қоғамдық сананың бір түрі, көзқарастық теорияның негізі, философиялық пәндер жүйесі, адамның рухани дүниесінің қалыптасуына ықпал жасайтын ілім. Философия пәнін осылай түсінумен бірге, ХХ ғасырда әртүрлі философиялық ілімнің негізгі мәселесінің әртүрлі болуына байланысты, бұл сұрақтың шешу жолдары анықталды.
Философияның негізгі бөлімдері (тараулары):
Онтология (ontos-тіршілік, logos-ілім) - болмыс туралы ілім.
Гносеология (гр. gnosis-таным және logos-ілім) - таным туралы ілім. Эпистемология (гр. episteme - бiлiм, logos - ілім, сөз) туралы ілім.
Әлеуметтік философия - қоғам туралы ілім.
Философияның пәндері:
Логика, эстетика, этика, ғылыми әдістеме, ғылымдар философиясы (математиканың, астрономияның, физиканың, биологияның, т.б. философиялық мәселелері).
Антропология философиясы - адам болмысы.
Мәдениет философиясы - мәдениет әлемі.
Тарих философиясы.
Құқық философиясы - мемлекеттік заңдар әлемі.
Дін философиясы.

1. Философияның пәні қызметтері мен міндеттері
Философия - ғылымы адамзат мәдениетінің қайталанбас әрі ерекше құбылысы. Философияны мақсатты түрде оқу - ойлау мәдениетінің өсуіне, өзіндік сананың қалыптасуына, дүниежүзілік мәдениет пен өркениеттің байлықтарын тұрақты және жүйелі игеруге, табиғат, қоғам болмысының даму заңдылықтарын түсінуге, мамандықты саналы таңдап, жетілдіруге жетелейді.
Философияның негізгі міндеттері: көзқарастық, сыни, гуманистік, болжамдық, методологиялық, теориялық ойлау, аксиологиялық, әлеуметтік.
Көзқарастық қызмет - ең басты міндет, ол адамның дүниеге деген көзқарасын қалыптастырады.
Сыни қызмет - қоршаған әлемнің, білімнің барлығына күмін келтіреді.. Оның негізгі мақсаты - таным шекарасын кеңейту.
Гуманистік қызмет - материя мен табиғаттың, адам мен оның санасының, қоғамның, танымның дамуының жетістерін анықтайды.
Болжамдық қызмет - дүниедегі барлық процестерді, адам өмірі мен санасының дамуын болжайды.
Методологиялық қызмет - бізді қоршап тұрған дүниенің әдісін қалыптастырады.
Теориялық ойлау қызметі - философиялық тарихи ойды теориялық жүйеге келтіреді.
Аксиологиялық қызмет - әлемдегі басты құндылықтары (моральдік, эстетикалық, ғылыми т.б.) анықтайды.
Әлеуметтік қызмет - қоғамды зерттейді.
Философияның қызметіне - оның мақсатын анықтауда қолданылатын дүниетанымдық, әдістемелік, теориялық ойлау, сыни-талап, аксиологиялық, әлеуметтік, гуманитарлық және болжаушылық міндеттерді жатқызамыз.
Философияның дүниетанымдық қызметі - әлемнің тұтастық бейнесін қалыптастырудың мүмкіндігі, оның құрылымы туралы ұғымды, ондағы адамның орнын және бірлесіп әрекет жасау принцптерінің мәнін түсіндіреді.
Философияның әдістемелік (методологиялық) қызметі - бізді қоршаған шындықты тану әдісін жасайды. Философия - танымның ең жалпы әдістерінің және адамның шындықты игеруінің ең түпкі тәсілдері туралы ілім ретінде көрінеді.
Философияның теориялық ойлау қызметінің мәні, әсіресе философия тарихын зерттеудегі даналыққа байланысты.
Философияның сыни-талап қызметі - қоршаған дүниенің және білімнің барлығына күмән келтіру, дүниеде жаңа пайда болғанның ерекшеліктерін іздеу, қайшылықтарын ашу, таным шекарасын кеңейту, білімді модернизациялау және анықтығын ұлғайту. Сын басқа пәндерді ғана емес, философияның өзін де қамтиды.
Философияның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Философияның пәні, қызметтері мен міндеттері жөнінде эссе
ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯНЫҢ ПӘНДІК МӘРТЕБЕСІ
Философия пәні, қызметтері, міндеттері
Философия және дүниетаным
Философияның пәні мен әдісі
Мемлекет пен құқық теория негізі
Ойлау мәдениетінің пайда болуы
Философия дүниетаным ретінде
Тарихи шынайылықтың әсерінен тұлғаның түрлену үдерісі
Жалпы теорияның пәні және әдісі
Пәндер