Әл-Фараби және музыка


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

“Ұстаз” институты

“Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру” кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: 《 Әл-Фараби және музыка 》

Орындаған : Тұрғұн Айзат

Тобы : ПМНО 20-1

Қабылдаған : Исматова Сейсекуль

2021-2022 оқу жылы

Әбу Насыр әл-Фараби (873-950) ежелгі Отырар қаласында туған. Ол іргелі еңбектер жазып қалдырды. Музыканың теориясы мен тарихы жөніндегі зерттеулерінде әл-Фараби көптеген ойшылдардан асып түсті. «Китаб әл-мусики әл-кабир» («Музыканың ұлы кітабы») деп аталатын еңбегі жарық көрген соңдай-ақ оны дүние жүзінің барша ғалымдары Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» деп таныды.
Әл-Фараби музыкалық аспаптарда шебер орындаушы болды, жанынан ән-күй шығарды, музыканы зерттеді, аспаптардың жаңа түрлерін өзі ойлап тауып, жасап шығарды және жетілдірді, өз замандастары қобызшы Нышан Абызбен, аты аңызға айналған күйші Қорқытпен таныс болған. Олардың орындауында «құс жолы», «Жез табақ», «Сыр сандық», «Желмая» күйлерімен танысады және осы күйлердің әсерімен «Шұбар айғыр»1 күйін шығарады. Музыка теориясы саласында әл-Фараби араб философы әл-Киидидің (800-879) еңбегімен танысады.
Әл-Фарабидің музыкалық аспаптар жөніндегі еңбектерінің маңызды болатын себебі, ол өз заманындағы музыкалық аспаптарды зерттегендігінде еді. Олар: үрлеп тартылатын: най, сыбызғы, қыпшақ; ішекті уд, чанг, рубаб, шахруд, дутар, қобыз, танбур, канун; ұрып ойналатын: нагора, тыйбл, дойра және басқалар. Ол жазған аспаптардың кейбірі бүл күнде жоқ немесе жетілдіріле келе дәуір өзгерген.
Әл-Фараби көне музыкалық аспаптардың шығу тегін табиғаттағы дауысқа балап соны қайта жаңғыртумен байланыстырады. Мысалы, құмның сусылы, үңгірлерде желдің уілдеп соғуы, қамыстың сыбдыры т. б. Қазақтың үскірік аспабының аталуы желдің үскіріп соғуына байланысты туған. Ал, ұрып ойналатын аспаптар негізінен ағаш пен көн теріні, сүйекті пайдалану негізінде дамыған. Мүйізден, қамыс сабағынан үн шығару үрлеп тартылатын аспаптардың бастамасы еді. Шығаратын үнінің ақырын немесе қатты естілуіне, сондай-ақ сыр-сипатына қарай тұрмыста түрліше дамып отырған. Бұл жайында әл-Фараби: «Соғыстар мен шайқастарда пайдаланатын; би, үйлену тойы, сауық-сайран үшін қолданылатын және махаббат жырларын сүйемелдейтін аспаптар болады» - деп жазған. Үрлеп тартылатын аспаптардың ащы даусын және ұрып ойналатын аспаптардың күшті даусын ұрыстарда, аңға шыққанда, шамандардың бақсылық құру кездерінде пайдаланған. Кейбір үрлеп тартылатын және ішекті аспаптарда музыканттар құстың сайрауын, аңдардың ақыруын, табиғатта болатын басқа да түрлі дауыстарды шебер сала білген, сондай-ақ әншінің салған әнін айнытпай келтірген.
Әл-Фараби орта ғасырларда негізінен вокальдық музыканың дамығандығын айтқан. Әншілер шертіп ойналатын және ысқышты аспаптардың ішектерін бір сарынмен даңғылдатып сүйемелдей отырып ән салған. Аспаптар қарапайым болғандықтан оларда ойнау мүмкіншіліктері де шектеулі болған, сондықтан әншінің, мың құбылттан әндерін сүйемелдеуге бұл аспаптар жарамаған. Әл-Фараби адамның, даусын ең жетілген және табиғи аспапқа балаған, басқа көне аспаптардың бәрі жетілдірілмеген деп санайды да, оларды аспаптың жасанды түрлеріне жатқызады.
Әл-Фараби арфаның шығу тегі садақ деп жазады. Әуелгі кезде оған екі ішек ғана тағылған, кейін он үшке дейін жеткен, жаңғырық шығаратын шанақ пен құлақтар орнатылған. Әл-Фарабидің айтуынша, көне арфаның басы мен шанағы аққудың бейнесінен аумайды екен, ал шығаратын даусы аққудың қиқулаған үніндей болыпты. Арфа тектес көп ішекті аспаптың диапазонын кеңейту үшін әл-Фараби ішектің санын көбейту керек деп тапқан.

  • Әл-Фараби шертіп ойналатын аспаптардың бәрінекі түрге бөледі:а) әрбір ішегі бір ғана үн шығаратындар - арфа, канун; б ) ішекті мойынға басып тарту арқылы түрлі үн шығаратындар - уд, дутар, танбур.

Музыкалық аспаптардың екінші түріне жататындар туралы ғалым былай деп түсіндіреді: « . . . белгілі бір бөлікті саусақпен басып ойнау ар0ылы қажетті нотанын, бәрін де ала аламыз . . . » Арфа, уд, және чанг сияқты аспаптар ежелгі түркі елінде құңқау, күнқу, етиген деген атаумен аталған. Әл-Фарабидің сүреттеп жазуына қарағанда танбур бес першелі болған. Ол аспаптан шығатын екі дыбыс аралық үнді құлаққа жағымды келетін және жағымсыз деп бөледі. Мұнымен қатар ғалым дыбыстың жақсы шығуына аспап конструкциясының әсері жөнінде, шанақ пен астыңғы және үстіңгі қақпақтардың үні икемделіп келу ерекшеліктері туралы бағалы деректер келтіреді. «Өзінің табиғаты, өзінің құрылысы жөнінен, - деп түсіндіреді ғалым, аспаптардың шанағы пернелерді басқанда шығатын ноталарга қосақтала отырып өзі де үн шығарады . . . »
«Хорасан танбурының түрі, көлемі де әр түрлі болып келген. Оның мойнында шайтан тиек тұратын жерде екі тесік болған, олар арқылы ішек өткізілген. Ішек мойнының ұшында бір-біріне қарама-қарсы орналасқан құлаққа оралған» . Хорасан танбурында перне саны түрліше болған. Орындаушының шеберлік дәрежесіне, инструменталдық музыканың дамуына қарай перне саны он сегізге дейін жеткізілген. Музыканттар пернелердің орналасуын олардың аралық дыбыстарының тазалығымен байланыстырады. Хорасан танбурында екі ішек әрқилы бұрауға келтірілген. Бұраудың бірі унисонға келтірілген де екі ішектің диапазоны және олардың пернелерде үн шығаруы біркелкі. Шертіп ойналатын аспаттарды оң немесе теріс бұрауға келтіріп, гамма тартып шығу үшін бірінші позицияға төрт перне байласа болғаны. Әл-Фараби анағұрлым жетілдірілген ішекті аспаптар жасап шығару мәселесін қозғай отырып, оларды жетілдірудің жолдары жайында айта кетеді.
Әл-Фараби най, қыпшақ сияқты үрлеп ойналатын аспаптарды, олардың бір-біріне ұқсастыстары мен айырмашылықтарын егжей-тегжейлі зерттейді. Үннің, дауыстың неден пайда болатынын, қалай шығатынын теориялық жағынан негіздей отырып, ғалым барлық үрлеп ойналатын аспаптарда үннің шығу сипаты түтіктің ішкі қуысының көлеміне байланысты болатынын дәлелдейді. Түтіктің ішкі қуысы деп оның орындаушы үрлейтін жоғарғы ұшындағы тесіктен бастап, түтіктің үрлеумен пайда болған дауыс сыртқа шығатын жеріне дейінгі аралық аталады. Әл-Фараби ұрып ойналатын аспаптарды даусы тым қатты шығатын, адамның құлағын тұндырып жіберетін ащы дауыстылар қатарына жатқызады және олардың кебінесе үрыс-соғыс жағдайларында қолданылатынын айтады. Сөйтсе де, әл-Фараби оларды музыкалық аспаптар қатарына жатқызған. Бұған дәлел, оның мына сөзін келтірелік: «Дойра, танбура, нагора ойнау, әуен ырғағымен қол қағу, би, ырғаққа негізделген мимика - осылардың бәрі музыка саласына жатады». Қазіргі кездегідей, бұрын да халық аспаптарының ойналу мүмкіншілігі әр түрлі болған. Мүның өзі аспаптың жасалу құрылысындағы өзгешеліктеріне, ойнау тәсілдеріне, дыбыс шығару жолдарына, диапазонына байланысты. Кейбір аспаптар жетілдіріле келе адам даусының мүмкіншілігіне таяу келіп, тіпті асып та түсті, енді біреулерін жетілдіру қиынға соқты. Әл-Фараби көне халық аспаптарын толымды және толымсыз деп екіге бөлді. Ол толымсызға ән-күй орындау мүмкіншілігі шектеулі аспаптарды жатқызған. Бізге белгілі қазақтың көне музыкалық аспаптарының ішінен мұндай топқа - сазсырнайды, үскірікті және тастауықты; үрлеп тартылатын аспаптар ішінен - қамыс сырнайды, ысқыруықты, бұғышақты; сым тілшелі аспаптардан - шаңқобыздың ескі қарапайым түрін жатқызуға болады. Адамдардың көңіл-күйі, ой-арманын білдіру үшін қызмет еткен музыкалық құралдардың ішінде халық әндері әрқашан басты роль атқарған. Ал енді сүйемелдеуші музыкалық аспаптарды жетілдіру ісі вокальдық музыкамен тығыз байланысты. Әншілер аспаптардың шектеулі орындаушылың мүмкіншіліктерін адам даусының мүмкіншіліктеріне жақындатуға тырысқан, сондықтан егер аспаптың белгілі бір кемшілігі болса, ондай кемшілікті бірте-бірте ептеп жойып отырған; міне, осылайша уд және басқа аспаптар біржола жетілдірілген».
Орта ғасырларда қолданылған, әнді сүйемелдеуші музыкалық аспаптардың ролін әл-Фараби былайша сипаттап жазған екен: « . . . аспапта сүйемелденетін вокальдық музыка мейлінше құлпырып, байи түседі, құлаққа жағымды естіліп, жүрекке жылы тиеді және поэзиясы мен ырғақтылығының арқасында оңай жатталады . . . » Аспаптық музыканың (күй) өмірге

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Музыкалық əуен құрайтын басқыштар гармониясы
Әл-Фараби мұрасының Қазақстанда зерттелуі
Музыка мен математиканың ортақ қасиеттері, байланысы
Музыка және музыка гармониясы
Әл-фарабидің музыка ғылымына қосқан үлесі
Философия ғылымын үйренуде оның күттіретін мақсатын тану
Әл-Фарабидің психологиялық көзқарастары
Әл-Фараби (870-950)
Философия және өнер
Фарабидің музыкалық ілімі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz