ОҚУШЫЛАРДЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 ОҚУШЫЛАРДЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ. 7
1.1 Музыканы қабылдау
1.2 Дауыс ерекшеліктерін дамыту 15
2 ӘН АЙТУЫН ЖЕКЕ ТЕКСЕРУ. 23
2.1 Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай дауыстарының мөлшеріне
үнемі бағыт беріп отыру
2.2 Музыкалық қабілеттің екінші белгісі 26
ҚОРЫТЫНДЫ 32
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 34

КІРІСПЕ.
Зерттеудің өзектілігі: Қазіргі кезде педагогикалық білім дамуының
маңызды мәселесінің бірі болашақ мұғалімдерді дайындау болып табылады. Сол
үшін мұғалім болашақ ұрпақты тәрбиелеуге, Қазақстан оқушыларының тұрақты
жағдайларын сақтап, және оның дамып гүлденуін өз парызы ретінде қабылдауы
тиіс.
Жаңа дәуірдің мұғалімі – Қазақстан Республикасының жаңа дәуірінің
педагогы педагогикалық білім концепциясында белгіленеді – бұл өзгерістерге
дайын, мамандырылған,педагогикалық дарынды және де болшаққа, жаңаға
ұмтылатын, жан дүниесі дамыған шығармашылық тұлға. Бұл талаптар жаңа
дәуірдің мұғаліміне өз мүмкіндіктерін бағалауға мүмкіндік береді. Өзінің
әлсіз және күшті жақтарын, бұл мамандықтың қасиеттеріне тән өзін – өзі
ұстай білуі, өзін – өзі бағалау, эмоционалды кешу, дидактикалық
қабілеттері, жалпы мәдени білімге ие болуы мәдени байланыс, әлемдік білім
тенденцияларына сай болуы тиіс.
Музыка мұғалімінің музыкалық – педагогикалық жолында қиын міндеттердің
бірі ретінде мынаны белгілуге болады. Оқушылардың ұлттық әлемін,
шығармашылық ойлауын, шығармашылық қабілеттерін дамуын вокалдық өнері
арқылы жүзеге асыруға болады. Мұндай музыка мұғалімі мамандығына қойылар
талап көп. Бұл үлкен шеберлік және хормейстрлік шеберлікті талап етеді.
Зерттеудің мақсаты: Балалардың дауысының митуациясы кезеңіндегі
ерекшеліктерін зерттеп жүргізу арқылы, балаларды көркем – орындаушылық
шеберліктерінің дамуына жүйелі түрде жетекшілік ету.
Зерттеу пәні: Дауысты вокалдық техникалық жағынан жетілдіру және ән
айту шеберлігін дамыту.
Зерттеудің міндеттері: Әншілік тыныс алудың негізгі ережелерін
пайдалана отырып, дауыста вокалды – техникалық жағынан жетілдіру,
резонторлар және артикуляциялық аппарат жұмыстарын саналы түрде қолдана
алу. Балалар дауысының мутация кезеңіндегі ерекшеліктерін зерттеу.
Вокалдық музыка арқылы оқу тәрбие процесіндегі іс – шараларды өткізе
алуға дайындау.
Зерттеудің әдістері: Мектептен тыс тәрбие жұмысының ұйымдастыруындағы
зерттеу түрлері, жұмыс бағыттары. Зерттеу мәселесі бойынша бала дауыстарына
теориялық тұрғыда талдау жасау.
Зерттеудің тәжірбиелік маңызы: Вокал пәні мұғалімдері тәжірбие
барысында оқушылардың өзіндік жұмысына байланысты тиімді нұсқалар
жинақтайды. Біріншіден болашақ ұстаздардың өз бетінше бала дауысын ән
айтуға дайындай алуы, орындалатын шығармаға музыкалық, теориялық, вокалдық
талдау жасауы, таныс емес шығарманы өздігінен дайындауы, өз дауысына немесе
белгілі бір дауыс типіне, олардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, тиісті
репертуар таңдай білуі.
1.ОҚУШЫЛАРДЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ.
1. Музыканы қабылдау

Бүгінгі білім беру, жас ұрпақты тәрбиелеудегі басты мақсат – жеткіншек
ұрпаққа мәдени, еңбек, адамгершілік және эстетикалық тәрбие бере отырып,
олардың әсемдік сезімін дамыту, көркемдік талғамын тәрбиелеу, өнер
шығармашылығын сүйіп, туған табиғатын, оның байлығын қастерлеп, бағалай
білуге қабілеттірін қалыптастыру. Музыка – адамзаттың рухани азығы, жан
серігі мен және өзінің көркемдігі, нәзіктігімен адам жанын баурап, олардың
жақсы мінез – құлықтарының қалыптасуына септігін тигізеді.
Жас өспірімдерді музыка әлемін түсініп қабылдауға, талғампаздығын
тәрбиелеуге, эмоциялдық сезімталдығына қалыптастыруда білімді, мәдинетті
болып өсуіне әсер етуде музыка сабағының алатын орны ерекше.Баланың бойынан
музыкалық қабілет жас кезінен басталады. Мектеп жасына жеткен бала
психологиялық түйсіну мен музыканы көз алдына елестетуді біршама меңгеріп
шығады.Оның бойында музыкаға деген өзіндік ой саналық және сезімдік
тұрғыдағы қарым – қатынас қалыптасады. Сонымен бірге әуен - саз, өлшем –
ырғақ жүйесін есту тәжірбиесі қалыптасып, есте сақтап қалу қабілеті де
жинақталады.
Баланы музыка тыңдауға, тыңдай отырып оны сапалы түрде қабылдауға
баулу музыкалық тәрбие беру жұмысындағы міндеттердің бірі.
Өйткені ол оқушының музыкалық мәдинеттілігін қалыптастырудың алғы
шарты болып есептеледі.
Музыканы қабылдау –музыка сабағында қолданатын іс – әрекеттердің кез –
келген түрінің іргетасы, бастапқы нүктесі ретінде қарастырылады, яғни
музыканы тыңдау, ән айту, музыкалық білімділігін арттыру, нота сауаты.
Музыканы дұрыс қабылдай білуге тәрбиелей отырып, бірте – бірте музыканы
тыңдай білу мәдениетін қалыптастырған жөн.
Музыканы қабылдау тек оны тыңдау барысында емес, сабақтың барлық
кезеңінде жүзеге асырылады. Ән үйрену үшін алдымен тыңдау, сонан соң
орындау керек, сондықтан орындау барысында интоноция тазалығына,
мәнерлігіне назар аударған жөн.
Оқушылардың музыкаға деген тиянақты ынтасы мен сүйіспеншілігін
тәрбиелеу, ән айту олардың музыкалық қабілетін (есту, ырғақ, есте сақтау)
қалыптастыруы мен қатар, ортақ табысқа қуана білу, эстетикалық талғам –
сезімдерін дамытуға тәрбиелейді.
Арнайы зерттеулер мен іс – тәжірбиелердің көрсетуі бойынша төменгі
сынып оқушыларының музыкаға деген қызығушылығы бар ынтасымен дамып
жетіледі.
Оқушының эмоциялық әсерін, музыкалық есту қабілетін, лад пен ырғақты
сезіну, есте сақтау шығармашылық қабілеттерін дамыту қажет. Ән үйрену
кезеңінде оны таза айтуды үйрену үшін алдымен айтылған дыбысты есте сақтай
отырып қабылдап, сонан соң дыбысты дұрыс, дәл естуді қадағалау қажет.
4-5-6 сынып оқушыларының мінез – құлқы психология – педагогика
әдебиетінде қиын, өзгерісті деп қарастырылады. Дауыс ерекшеліктерінің
дамытудың әдістері мынандай жағдайларды қамтиды:
1) Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай дауыстарының мөлшеріне үнемі
бағыт беріп отыру.
2) Әнді еркін, қиналмай айту, сонымен қатар әншілік өнердің
ережелерін қатаң сақтау.
3) Жәймен, асықпай дем алу және оны біртіндеп шығару.
4) Көмейдің тұрақты қалпы, оның маңызды қасиеті.
5) Дауысты дыбыстарды дұрыс айту, дауыссыз дыбыстарды қысқа, нақты
келтіру.
6) Музыкалық шығармаларды терең түсініп, өз мәнерінде айту.
7) Сабақ барысында үйлесімді сезімге бой алдырмаушылыққа бағыттау, ал
сабақтың шарықтау бөлімінде бірыңғай немесе жеке көркемдік нәтиже қажет.
8) Балалардың жеке басының өзгешіліктерін есептей отырып, музыкалық
материалдарды таңдай білу. Жеке қадағалау формалары:
1) Фонитарлық бақылау ( тексеру).
2) Ән айтуын жеке тексеру.
3) Күйді не әнді тыңдау.
4) Әрбір топпен қосымша сабақтар өткізу.
Музыкалық қабілет.
Музыка адам өмірінің жан серігі, музыканы сүймейтін адамды кезіктіру
мүмкін емес, өйткені ол баршаға қажет, оның тілі кім – кімге де түсінікті.
Міне сондықтан музыка пәні мұғалімдерінің мінедеті – шәкірттерін музыка
өнерінің сарқылмас қазынасының ең асылдарын ала білуге тәрбиелеу.
Осы негізде айтылған академик А.Жұбановтың Гимнастика денені қалай
түзесе, музыка да адамның жанын солай түзейді деген нақыл сөзі оқушылардың
эстетикалық, рухани байлығын кеңейтіп, қанаттандыру керек екенін
дәлелдейді.Қазіргі қоғам жеке адамнан прогрессивті ойлай алатын белсенді
әрекетті, жан – жақты болуды талап етеді. Өйткені адамның қоғамдағы алатын
орны, атқаратын қызметі сол қоғамның дамуымен тікелей байланысты. Қоғамда
орындаушы адамнан гөрі шығармашылық адамға деген сұраныстың көп
екендігін қазіргі өмір талабы дәлелдеп отыр.
Білім беру саласында оқушылардың эстетикалық, этикалық және
адамгершілік нормаларын меңгерту міндетін жүзеге асыруда музыка пәнінің
орны ерекше.
Музыка тәрбиесі жастарды өнер құндылықтарын жасауға қарастыра отырып
олардың бойында белгілі адамгершілік – эстетикалық мәдениетті, көркемдік
талғамды, шығармашылық қабілетті дамытады. Музыка өнері әрбәр оқушыны
әсемдік әлеміне үйретіп қана қоймай, оны қорғауға және рухани мәдени
деңгейін көтеруге табиғи жағдай жасайды.
Сол себепті әрбір қоғам мүшесін өнерпаздыққа тарту қоғамның обьективті
қажеттілігі және заңдылығы болуы керек.
Ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келген халықтық қазынаны, оның таңдаулы
үлгілерін жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу құралына айналдыру, нақтырақ
айтқанда, олардың көркемдік, музыкалық, эстетикалық, талғамы мен мәдени
деңгейін жоғарлату – басты міндет.
Ұлы Абай өмір шындығын дәл бейнелеу жөнінде поэзия мен музыканың рөлін
былайша суреттеді: әсемдік сыры, биік мұрағатталғандары, көркем шарттары,
шығармадағы дарындылық пен шеберлік ән мен күйді орындаудағы дәстүрлер т.б.
мәселелерді көтере келіп, тәрбиенің негізгі өлшемдеріне ғылыми талдаулар
жасады.
Ғұлама ғалым Әбу – Насыр Әл Фараби Музыкалық идеяны оны жүзеге
асыратындай әрекет ету қабілетінсіз іске аспайды, музыканы көп тыңдау,
жаттығу түрлерін бір – бірімен салыстыру, әуенді талдау әрбәр тонның
дыбыстық әсерін мұқият есептей білу арқылы музыкалық қабілетті дамытуға
болатындығын айтады.
Тәрбиелеу барысында тәжірбие жинақтаудың рөлі зор екенін атап
көрсетеді, т.б. өзгерісін бақылап сезінуге үйретеді. Оқушы эстетикалық
сезім мен эмоциялық көңіл күй арқылы қоршаған ортаны әсерлене сезінеді.
Оқушы өз жауабын жолдастарының жауаптары мен салыстыра отырып, пікірінің
дұрыстығына немесе жаңсақтығына көз жеткізеді.
Сол арқылы оның музыка жөніндегі ойы мен талғамы қалыптасады. Музыка
шығарманы талдау әңгімелесу әдісі арқылы жүргізіледі. Музыка сабақтарында
балалар жан – жақты даму барысында алдына көптеген мақсаттар қоя біледі.
Дәлірек айтсақ, балаларды музыканы тыңдай білуге үйрету, оны тұтастай
қабылдау, сезіну, музыкалық мәнерлікке баулу, дыбыстардың типін түсіну және
музыкаға қызығушылығын арттыру.
Жан – жақты музыкалық даму барысында алдына көпетегн мақсаттар қоя
біледі. Дәлірек айтсақ, балаларды музыканы тыңдай білуге үйрету, оны
тұтастай қабылдау, сезіну, музыкалық мәнерлікке баулу, дыбыстардың типін
түсіну және музыкаға қызығушылығын арттыру.
Ән айту, музыка тыңдау, музыка әдебиеттерімен танысу, музыкалық сауат
және қозғалыс (ырғақ) музыкаға тәрбиелеудің міндетті бөлімдері. Музыкалық
шығармашылық ән айту, тыңдау, музыкалық сауаттылық және музыкалық ырғақ
педагогикалық процестермен байланыста болса ғана, шығармашылық белсенділік
нәтижелі болады.Үйірмелерде оқушылар музыка сабағында алған білімін
кеңейтіп, орындау дағдыларын тереңірек меңгеруге мүмкіндік алады.
Мектептегі бір сағаттық музыка сабағы оқушылардың музыкалық бейімділігін
жете дамыта алмайды. Сыныптан тыс жүргізілетін музыкалық – көпшілік
жұмыстар оқушыларды барынша көбірек қамтуды, олардың танымын кеңейтіп,
музыка өнеріне деген көзқарасын қалыптастыруды мақсат етеді.
Осы мақсатқа жету үшін, баланың жас ерекшелігін ескере отырып, оны
қызықтыратындай тақырып пен музыкалық материал таңдап алғаны
жөн,ұйымдастыру алдында біршама дайындық әңгіме жүргізіледі. Бастауышта
оқылатын барлық пәндер сияқты музыка сабағында да ойының маңызы зор.
Ойын теориясы мен практикасын отандық және шетелдік педагогтар,
психологтар, социологтар, зерттеуде. Мысалы: жүйелі жүргізілген ойындар
кезеңінде төмендегідей ойындар жүргізіледі. Эмоцияны дамыту, қарым –
қатынас, эмоционалдық дискомфорт жағдайын жақсартуға бағытталған ойындардан
әуенді тап! Шатасқан ноталар, Кім немесе не үні екенін тап, Әуенге
қозғалыс ойла да сыйла, Музыка арқылы менің эмоцияларым, Көңіл күйді
көрсет, Әнді тап, Музыкалық – мимикалық гимнастика т.б.
Ойындық өзара әрекет - бұл өмірдің имитациясы емес, бұл баланың қоғамда өз
қабілеттерін мүмкіндіктерін жүзеге асыруына, өзін – өзі бекітуге мүмкіндік
беретін ерекше іс – әрекет түрі. Яғни, ойын бала тұлғасының әлеуметтік
дамуының негізгі факторы. Музыкалық ойындар оқушының музыкаға деген
құлшынысын, қызығушылығын ғана арттырып қана қоймай, есте сақтау,ойлай
білуге, ажырата, салыстыра алуға баулиды.
Біз Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейін білім беруді дамыту
тұжырдамасы жобасынан көре аламыз. Мысалы: Иохон Хейзингтің Ойыншы адам,
Д.Б. Элькониннің Ойын психологиясы, Эрик Бренннің Адамдар ойнайтын
ойындар атты еңбектері жазылды.Ойын теориясын зерттеуші Ресей ғалымдары:
А.В.Вербицкий, Т.В.Кудярявцев, И.П.Пидкасистый. Қазақстандық ғалымдар:
Н.К.Ахметов, Ж.С.Хайдаров, т.б.
Баланың ынтасын тарту үшін оқылатын нәрседе бір жаңалық болу керек –
деп жазды Ж.Аймауытов. Мектептегі сондай ойындардың бірі – Ойлан тап,
жұмбақ ойыны. Жұмбақ ойынды қолдану арқылы балалар аспаптар түрлерін,
құрылысын ажырата отырып, тапқырлыққа, шапшандыққа үйрене алады. Мысалы:
Ұзын мойын ек шек,
Қатар – қатар тепкішек,
Басып қалсаң бір – бірлеп,
Күй шығады, күмбірлеп. (Домбыра).
Ұсынып отырған жұмбақтарды оқушылар екі топқа бөліп жарыс түрінде
өткізуге болады.
Бірінші топтың балалары жұмбақты айтса, екінші болып оқушылары жауабын
табу керек. Кәне балалар бәріміз дауыстап төрт түлік малды төлін емізуге
бәріміз бірдей дауыстап шақырайық.
Мысалы:
Биені құраулап,
Түйені көс – көс деп,
Сиырды аухаулап,
Ешкіні шөрелеп,
Шақырып аламыз,
Сауамыз, бағамыз.
Бұл музыкалық ойында ән айтқызу арқылы дыбыс тазалығына, сөздерді анық
айтуға көңіл бөлеміз.
Музыкалық дидактикалық ойын. Ойын мақсаты. Тоқсан бойынша тыңдалған
әндер мен күйлерді тыңдатып, сазгерлер мен шығармаларының аттарын ажырата
білуге дағдыландыру. Сонымен бірге орындалу ерекшеліктеріне қандай
музыкалық аспапта немесе әнді кім орындады т.б. көңіл бөлу. Ойынды түрлі
көрнекіліктер (карточкалар, таблицалар, т.б.) пайдалану арқылы өткізу.
Музыкалық – дидактикалық ойын. Ойын мақсаты. Ұрмалы немесе ішекті
аспаптарды (дабыл, асатаяқ, тұяқтас, қоңырау, домбыра, қобыз. т.б.) дыбыс
ерекшеліктері арқылы айыра білуге дағдыландыру. Ойын барысында балалардың
белсенділігін, қызығушылын жоғалтып алмау мақсатымен, аспаптарды шешімін
дұрыс тапқанша көрсетпеген жөн.
Күйді тыңдатып, одан алған әсерін сұрау немесе күйді тыңдата отырып,
оларға күйден алған әсерін, көңіл – күйін, ой сезімі мен толғанысын суретке
салдыру керек. Ою – өрнектердің түрлерін көрнекі құралдар пайдалану арқылы
таптыру. Көрнекі құралдарға – үй жиhаздарынан: түскиіз, қоржын, киіз әр
түрлі иллюстрацияларды пайдалануға болады.
Музыка сабағында әрбір оқушының жеке тұлғалық (психологиялық, мінез –
құлық, қабілет, мүмкіндік т.б.) ерекшеліктерін ескере отырып, белгілі
музыкалық – дидактикалық ойындар қатарын таңдап алған жөн. Бұл ойындар
баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуында негіз болатын оның өзін – өзі
сезінуі, психикалық процестерінің дамуына бағытталып, сабақ үстінде сергіту
сәттерінде және сабақтан тыс кездерінде жүргізілді. Мысалы; Жүйелі
жүргізілген ойындар жүргізілді.
Дауыс ерекшеліктерін дамыту. Халықымыз өзінің сан қырлы әншәлік
дәстүрін ғасырлар қойнауынан аялап – сақтап, ұрпақтан – ұрпаққа жеткізді.
Әр аймақтың әр өлкенің өзіндік әйгілі ұстаздары, әншілері, композиторлары
суырып салма ақындары өздерінің бойына сақтаған ата – бабаларымыздың
музыкалық дәстүрін жас ізбасарларына, шәкірттеріне үйретіп, бойына сіңіріп,
қалдырып отырды. Ол шәкірттерін әр шығарманың өзіндік ерекшелігін
тыңдаушының сезімінің пернесін дәл басқандай етіп жеткізе білуге, орындау
мәдениеттілігі мен дауысты жоғарғы шеберлігіне үйретеді.
Ән айту өнері бұрынан келе жатқан өнер. Қазіргі уақыттарда зерттеу
жұмыстары вокалдық педагогиканың өкілдері тарапынан да көптеп саналады.
Балалар дауыстарын зерттеудегі ең көп еңбек сіңіргендер: И.Левидов,
Е.Алмазов, А.Содейка, А.Рябченко т.б атауға болады.
Көптеген зерттеушілер дұырс ән айтуды тәрбиелеу олардың дауыстарын
сақтау болып саналады дейді. Т.Н.Овчинникова әр түрлі жастағы балалардың ән
айту ерекшеліктерін зерттей келе, дұрыс ән айтуды – олардың табиғи
дауыстарын сақтап, әрбір оқушының әншілік дауыстарын дамытуда қамтамасыз
етеді деп көрсетеді.Оқушылардың дауыстарын сақтауға және ең жоғарғы
дәрежеде өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік бар екені мәлім.
Оқушылардың музыкалық мәдениетін сипаттай отырып А.В.Школяр: есту,
көру, сезу,ойлау өнері сияқты негізгі, іргелі қабілеттіліктерді
қалыптастырып алмай, баланың оқушының жаратушы, суретші тәрізіді қалыптасуы
мүмкін емес, - деген ерекше ой түйеді. Балалардың орындаушылық сипаты жас
ерекшеліктеріне байланысты вокалдық орындау мүмкіншіліктері мен тығыз
байланысты.
Хор ұйымдастыруда балалардың жас ерекшеліктеріне көп мәселенің
байланысты екенін ұмытпау керек. Міне, осыған байланысты хор топтарын жас
шамасына қарай 3 топқа бөлеміз: Кіші сынып оқушыларының хоры – кішкентайлар
хоры, бұған 1-2 сынып оқушылары, кейде көбінесе 3 сынып оқушыларын қосуға
болады. Орта сынып оқушыларын - орташалар хоры, бұған 3-4 сынып, кейде 5
сынып оқушыларын қосуға болады.
Жоғарғы сынып оқушылардың хоры – үлкендер хоры, бұған 5-6 сынып кейде,
өз қалауымен 8-10 сынып оқушылары, әсіресе қыз балалардың қатысуына болады.
Мұндай топтарға бөлудегі негізгі мақсат: балалардың дауысындағы
болатын мутациялық өзгерістерді еске ала отырып, олардың дауысының өсуі мен
қалыптасуына зиян келтірмеуі. Екіншіден балалардың жас шамасына қарай
репертураларды лайықты тыңдауға, яғни көлемі, мазмұнының олардың ой –
өрісіне лайық болуы, дауыс дипазондарына сай, дәл болуды ескеруге
мүмкіншілік жасайды. Дегенмен, кейде мектептің, ондағы сыныптардың,
оқушылардың санына байланысты және ән сабағынан беретін мұғалімнің
мүмкіндігіне байланысты хор үйірмесін 2- топқа ғана бөліп ұйымдастыруға
тура келеді.
Мұндайда кішкентайлар хорына 1- 4 сынып, ал ортаншылар хорына 5 - 8
сынып оқушылырын қатыстырып топтауға болады. Төменде хор үйірмесін
ұйымдастырудың бірінші түрін қарастырып көрелік. Ән айту - егер ол
педагогикалық түрде дұрыс ұйымдастырылса, музыкалық, эстетикалық
тәрбиелеудің ең тиімді жолы болып есептеледі.
Жоғары деңгей туралы айта отырып, педагогикалық процесс тек техникалық
нәтижелер дәрежесіне жеткендегі қауіпті аңғару керек,сонда ән айту тәрбиесі
таза ән айтуға айналады. Сонымен бірге балалар әнді қалай орындап тұрғанына
ән айту процесінің техникалық жағынан жауапкершілік қарау өте қажет.
Дыбысталу сапасы қарастырылуда, яғни дауыс аппарттарының жұмысын ән айтатын
жағдайда келтіруде, жалпы және музыка мәдениетін, әсіресе вокалды есту
мәдениетін білуіне мұғалімнің, хор жетекшісінің арнайы білімі мен
шеберлігіне байланысты іске асырылады.
Сонымен адамының дауыс аппараты ең үлкен байлық, оны күтіп, қадалағап,
сапалы түрде қолдану керекдеушілер дұрыс ән айту тәрбиесі – дауысты қорғау
болып табылады деген болжамға келген ғалымдарымыз Н.Левидов, А.Я.Рябченко
т.б. Кейбір жағдайда дауыс аппаратының ауруларын вокалды педагогика
әдістері арқылы емдеуге болады деп дұрыс айтқан.
Көптеген зерттеушілер дұрыс ән айту дауысты қоғау болып табылады деген
тұжырымға келген. Оқушылардың эстетикалық дамуы табиғаттың, қоршаған
ортаға, еңбекке, қоғамға көз қарасын тәрбиелеумен тығыз байланысты.Сан
алуан тақырыптағы музыкалық шығармалар арқылы оқушылардың жан – дүниесіне,
сана – сезіміне әсер ете отырып, эстетикалық белсенділін арттыру, жоғары
көркемдік талғаммен рухани дүниесін байыту, музыкалық шығармаларға,
сүйіспеншілігін арттыру.
Болашақ мамандырдың негізгі мақсаты болуы тиіс. Вокалды хор – жұмыс
барысында оқушының әншәләк дауысына ерекше көңіл аударылады.
Оның негізгі қасиеттіне жататындар: дыбыстық және динамикалық
диапазон, темрінің сапасы, дикция. Музыка мұғалімінің музыкалық қабілеті
оның педагогикалық қызметінің барлық түрінде көрініс береді. Атап айтқанда
вокалды және аспаптық орындаушылықта, жеке музыкалық – пластикалық
әрекетінде, балалардың аспаптық орындаушылығына басшылық жасауда, өзінің ән
шығаруында драмалады, мюзиклдарды ұйымдастыруда, сабаққа музыкалық
шығармаларды таңдағанда т.б.
Дауыс тәрбиесін саналы түрде қбылдап оның қалыптасыуна нәтижелі үлес
қосу. Балалар дауысының теориялық негіздері. Бала дауысының ерекшелігі және
оның өсіп жетілуі. Қазіргі кезге дейін тәжірбиеде балалар дауысың
нәзіктігі, жеңіл де, жарқан үні, әсіресе кіші жастағы балалар дауысының
фальцетпен (Фальцет – әншә даусының көбінесе ерлер дауысының жоғары
регистерде бас резонтарының искусствалық жасанды жәй таза орындалуы)
дыбысталуы туралы айтылып жүр.
Балалар дыбыс мүшелері үлкендердің дыбыс мүшелерінен өзгешелеу, яғни
өте нәзік, көлемі жағынан да кішілеу болады. Балалардың көмекей (гортань)
үлкендердің көмекейінің көлемінен екі, екі есе кіші болады. Ал дыбыс
желбезегі (голосовая связка) үлкендерге қарағанда 4 есе қысқа болып келеді.
Міне, сондықтан да олардың дауысы өте ашық, жоғары, жеңіл де, нәзік болады.
Сонымен қатар тыныс алуға қатысатын өкпе диафрагмасының көлемі кіші
болғандықтан, демі тез бітіп қайта – қайта дем алады, сол себептен оларға
қысқа, жеңіл сөз тізбектеріне (фраза) тұратын әндер айтқызуға тура келеді.
Жастардың музыкаға деген ынтасы мен сүйіспеншілігін тәрбиелеу, бірлесе
отырып ән айту, олардың музыкалық қабілеттерін қалыптастыруымен қатар,
ортақ табысқа қуана білуге, эстетикалық талғам сезімдерін дамытуға
тәрбиелейді. Жас кезеңдеріне бөлудің көбірек таралған түрі Қазақстан
Республикасының энциклопедиясына берілген. Онда жас ерекшелігіне байланысты
даму кезеңдері төменгіше бөлінеді.
- туғаннан 1 жасқа дейінігі бөбектік кезең,
- 1 мен 3 арасындағы сәбилік кезең,
- 3 пен 7 жас аралығындағы мектеп жасына дейінгі кезең.
Мектеп жасының өзі 3 кезеңге бөлінеді:
-7 мен 9 – дың арасындағы төменгі сынып оқушылары (балдырғандар),
- 10 мен 14- тың арасындағы ортаңғы сынып оқушылары (жасөспірімдер),
- 15 пен 17 – дің арасындағы жоғарғы сынып оқушылары (балаң жастар).
Балардың дамуы туралы, кейде кері өзгеріске түсетін күрделі процесс.
Оның нәтижесінде дене мен психикада сандық, сапалық өзгерістер болады.
Олардың өсуі мен дамуында биологиялық көрсеткіштері ғана өзгеріп қоймайды,
сонымен бірге санада сандық, сапалы өзгерістер және балалардың қоршаған
дүниеге қарым – қатынас жасауы өзгереді.
Мектепке дейінігі кезеңде баланы оқуға дайындау, мектеп жасында оларды
оқыту, сананың дамуына, алдымен ақыл – ойдың, естің, қиялдың дамуына негіз
болады.Қазақ мектебі өзінің даму жолында көптеген кезеңдерді бастан
өткізді. Қаншама жылдар, ғасырлар бойы қазақтың сазды әні, күмбірлеген күйі
елден – елге, ауыздан – ауызға тарап келсе, енді жаңа дәуірде жаңа
мәдениетке көтерілді.
Балалар арасындағы ортаның теріс әсерінен, жанұядағы қарым –
қатынастың нашарлығынан және жанұя мен мектептің байланысың жоқтығынан
қиын, болмаса педагогикалық жағынан қараусыз қалған балалар қалыптасады.
Олар психологиялық, денелік жағынан дамыған, бірақ мектептің, жанұяның,
қоғамның талап тілегіне көнбейтін, өзін ерікті санап жүріп тұратын,
қылмысты әрекет жасайтын балалар. Қиын баланың негізгі белгілері
жеткіншек кезеңінде айқын көрінеді.
Сондықтан өзі еңбек ететін мұғалім – тәрбиешісінің сынып, топ ұжымында
қиын оқушы болса, алдымен оның ерекшеліктерін зерттейді.Оған сай өзге
мұғалім – тәрбиешілер мен, ата – аналарымен бірлесіп, оқуына көмектеседі,
өнеге көрсетеді, сенім артып және бойындағы жақсы қасиеттерге сүйеніп,
түрлі тапсырмалар орындатады, өзге оқушылармен қарым - қатынас жасауына мән
береді.
Жалпы білім беретін мектепте музыкалық тәрбиенің оның теориялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Музыканың басқа өнермен байланысы
Музыка сабағында оқушының шығармашылық белсенділіктерін үйірмелер арқылы дамытудың түрі мен әдіс-тәсілдері
Музыкалық есту қабілеті
Шығармашыл оқытушы музыка сабағында
Музыка сабағында мұғалімнің қолданатын шығармашылық әдістері
Балалардың шығармашылық дамуының міндеттері мен олардың шешім жолдары
Музыка пәнінің құрылымы мен құрылысы
Музыкалық білім беру
Музыкалық білім беру әдістемесі
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІ
Пәндер