Құрастыру сызбасы туралы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫММИНИСТРЛІГІ
М. Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСитеті
«Өнер және спорт» факультеті
«Музыка және қолданбалы өнер» кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
«Графика және жобалау II» пәні бойынша
Тақырыбы: «Құрастыру сызбасы»
Білімгер: Жамалова Күмісай Алишерқызы
Тобы: ХТЧ 20-1
/қолы/
Жетекші: аға оқытушы. Куздеубаев А. Ж.
Қорғауға жіберілді. «»20ж.
/қолы/
Жоба қорғалды «»2021 ж. Бағасы
Комиссия мүшелер. Көшкінбаева Н. Р.
/қолы/
Абдирасилов М.
/қолы/
Джумашева А. С.
/қолы/
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІМ. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
«Музыка және қолданбалы» кафедрасы ХТЧ 20-1 тобының білімгеріне «Жамалова Кумисай Алишерқызы» курстық жұмыс «Графика және жобалау II» пәні бойынша ТАПСЫРМА1. Тақырыбы : «Құрастыру сызбасы»
2. Тапсырманың арнайы нұсқауы : Курстық жұмыс «Курстық жобалау ережесі» (ПД 2-1-3-2020, Баспа 6, 19. 11. 2020 ж. Тіркеу № 165) негізінде әзірленген.
Кафедра мәжілісінде бекітілген «__»20___ ж., хаттама №
Жетекшісі :
/қолы/
Тапсырманы орындауға қабылдадым «»20___ж.
/білімгердің қолы/
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 5
1 ҚҰРАСТЫРУ СЫЗБАСЫ . . .
- Құрастыру сызбасы жайлы жалпы түсінік . . .
- Құрастыру сызбаларына қойылатын жалпы талаптар . . .
- ГРАФИКАЛЫҚ СЫЗБА ЖҰМЫСЫ. . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. «Графика және жобалау» пәні «Құрастыру сызбасы» тақырыбы бойынша осы берілген курстық жұмыстың өзектілігі қызметтің танымдық-ізденіс, сонымен қатар, қарастырылып отырған тақырыптың теориялық негіздерін зерттеу және графикалық сызба жұмыстарын орындау арқылы кеңістік ойлау сұрақтарының шешілетіндігінде табылады.
Танымдық-ізденіс қызметі мен кеңістік ойлауды белсендіруде пән бойынша тақырыпты зерттеу үрдісіне талдау және синтез, салыстыру, жалпылау және жіктеу, абстракция және нақтылау және т. Б. секілді ойлау операцияларының барлық түрлері жұмылдырылады. Қазіргі өмірде кең ауқымды қолданысқа ие білім алушылардың бойында ойлау дағдыларын дамытуға басты назар аударылған жағдайындағы білім берудің жаңартылған жүйесінде пән бойынша ақпараттарды іздестірудің және графикалық сызба жұмыстарын орындаудың осындай міндеттерінің рөлі барынша арта түспек, ал бұл өз кезегінде берілген жұмыстың өзектілігін айқындайды.
Берілген тақырып жеткілікті деңгейде зерттелген. Тақырып бойынша теориялық мәліметтер. Отандық және шетел ғалымдарының еңбектерінде ( Сызба геометриясы және инженерлік графика, Техникалық сызу ) кеңінен қарастырылған.
Курстық жұмыстың екінші тарауы, яғни графикалық сызба жұмыстары КҚБЖ(Конструкторлық құжаттардың бірыңғай жүйесі) МЕСТ 2. 109-73 ережелері негізінде орындалады .
Курстық жұмыстың мақсаты.
Құрастыру сызбасының ережелерімен танысу және тақырып бойынша графикалық жұмыс орындау.
Курстық жұмыстың міндеттері.
1. Құрастыру сызбасының ережелерімен танысу.
2. Құрастыру сызбасына қойылатын талаптарды анықтау.
3. Тақырып бойынша графикалық сызба жұмысын орындау.
Курстық жұмыстың зерттеу әдістері.
Курстық жұмыстың теориялық және тәжірибелік маңызы. Курстық жұмыстың теориялық маңызы тақырып бойынша студенттердің өзіндік көзқарасы негізінде ақпараттарды зерттеуде қосқан үлесінен тұрады.
Курстық жұмыстың тәжірибелік маңызы болып зерттеу нәтижелерін студенттердің болашақ мамандықты терең түсіну мақсатында қолдана алуында табылады.
Құрастыру сызбасы
Құрастыру сызбасы жайлы жалпы түсінік
Құрастыру сызбасы деп онда кескіленген бұйымның пішінін және жұмысын түсінуді бұйымның құрамына енетін тетікбөлшектердің пішіні мен өлшемдерін анықтауды, олардың бір-біріне бірігу тәсілдерін, сонымен бірге қозғалу принциптерін ажырата білуді айтады. Әсіресе бұйымның бөліктері өзара қалай әсерлесетінін түсіну сызбаны оқуда жеңілдету үшін оған техникалық сипаттама деп аталатын түсініктемелер қосылады.
Техникалық сипаттамада бұйымның қалай және қандай мақсатта қолданылатыны туралы жазылады. Әрине, құрастыру сызбасының оның сипаттізімнен бөлек қарастыруға болмайды.
1. Негізгі жазудан бұйымның атын оқып анықтайды. Бұйымның аты бұрыннан өздеріңе таныс болса, онда ол бұйымды көз алдарына елестете аласыңдар.
2. Бұйымның кескіндеріне қарап, оларды салыстыру нәтижесінде көріністерді, тіліктерді, қималарды түсінуге болады. Сонда бұйым туралы жалпы түсінік құралады.
3. Сипаттізім мен құрастыру сызбасын қатар қойып, әрбір тетікбөлшектің кескінін ажырата білу керек. Алдымен сипаттізімнен тетікбөлшектің атауы және басқа мәліметтер айқындалады. Тетікбөлшектің нөміріне сәйкес оның сызбадағы кескіндерін табады.
4. Тетік бөлшектердің бір-біріне қалай біріктірулерді ескере отырып, бұйымның жылжымалы бөліктері жұмыс кезінде қалай орын ауыстыратындығын айқындау қажет.
Бұйымдарды жасау үшін олардың жобаларын есептейді, тексереді және бекітеді. Осындай жұмыстардың нәтижесінде бұйымның конструкторлық құжаттары дайындалады. Тетікбөлшектің конструкторлық құжаты деп атайды.
Тетік бөлшекті оның сызбасы бойынша жасайды. Құрастырылған бұйымды оның құрамына енетін тетікбөлшектерді және құрастырылған кішірек бұйымдарды бірін-біріне біріктірудің нәтижесінде алады. Ал бұйымның құрамына енетін бөлшектердің өзара байланыстарын, орналасуларын және олардың біріктірілу тәсілдерін сызба арқылы көрсетеді.
Машиналардың немесе басқа бұйымдардың кескіндері және оларды құрастыруға, тексеруге қажетті мәліметтер көрсетілген конструкторлық құжаттарды құрастыру сызбалары деп атайды.
Құрастыру сызбасы құрастырылған бұйымның конструкторлық құжаты ретінде сипаттізім қабылданған.
Құрастырылған бұйымның құрастыру сызбасындағы кескіндерде оның барлық тетікбөлшектері біріктірілген қалпында көрсетіледі. Бұрандалы тетікбөлшектердің көмегімен біріктіруді, кілтектік біріктірулерді, пісіріп, дәнекерлеп, желімдеп, тігіп, біріктірулерді кескіндей білеміз. Оларды құрастыру сызбалары деп қарастыруға болады. Құрастырылған бұйымның кескіндері тетікбөлшек кескінін салуда кездескен ережелерге сай тұрғызылады, яғни өзара перпендикуляр жазықтықтарға тікбұрыштап проекцияланады. Шартты кескін салудың және қолданудың мақсаттары да өзгермейді. Бірақ, тілік пен қималардағы сызықтардың ерешеліктері бар. Бұл ерекшеліктерді біріктірілген тетікбөлшектердің сызбаларын салуда байқауға болады. Тетікбөлшектерді бір-бірінен олардың сызықтарына қарап ажыратамыз. Көршілес тетікбөлшектерді әр түрлі бағытта сызықтау керек және сызықтаудың аралығын әртүрлі етіп алуға тура келеді.
Құрастырылған бұйымға кіретін тетікбөлшектерді нөмірлейді. Оларды тіркеу ретінің нөмірлері деп атайды, шығару сызықтарының сатыларына жазады, ал шығару сызықтарының тетікбөлшек кескіндеріне барып тірелген ұшына нүкте қояды. Шығару сызықтары және олардың сатылары тұтас жіңішке сызықпен жүргізіледі.
Құрастырлған бұйымға енетін тетікбөлшектердің өлшемдерін құрастыру сызбасына түгел түсірудің керегі жоқ. Құрастыру сызбасында бұйымның габариттік ұзындығын, өлшемдерін, бұйымды өзінің орнына қондыру немесе басқа бұйыммен біріктіру үшін керекті өлшемдерді және бұйымның конструкциясын анықтайтын өлшемдерді көрсету керек. Кейде жоғарыда аталғандардан басқа осы құрастыру сызбасы бойынша тексерілетін өлшемдер де түсірілуі мүмкін.
Құрастыру сызбасында пішіні басқа кескіндерде толық анықталған тетікбөлшектің тасасында көрінбейтін тетікбөлшектер болады. Осындай тетікбөлшектерді көлегейлемеу үшін пішіні бұрыннан түсінікті тетікбөлшек көрсетілмейді. Мұндай жағдайда кескіннің үстіңгі жағына көрсетілген бөлшектің тіркеу нөмірі жазылады.
Құрастыру сызбасындада белгілі бір пішімге масштабпен салады. Пішімнің төменгі оң жақ бұрышына негізгі жазу, ал оның жоғарғы жағына техникалық нұсқаулар жазылады. Негізгі жазуда құрастырылған бұйымның атауы көрсетіледі, ал бұйымның материалы көрсетілетін баған толтырылмайды.
Құрастыру сызбасын бұйымның өзіне салуды қарастырайық. Өндірісте кездесетін есеп бұған керісінше болады. Жобалау кезінде бұйымның сызбасын сызып шығарады, ал бұйымның өзін сызбасы бойынша жасайды. Құрастырылған бұйымды құрамына енетін дайын тетікбөлшектерді біріктіріп, оның сызбасына қарап құрастырады. Ал тетікбөлшектерде сызбалары бойынша жасайды. Сондықтан құрастыру сызбасын оқи білу керек.
Құрастыру сызбасын оқу деп онда кескіленген бұйымның пішінін және жұмысын түсінуді, бұйымның құрамына енетін тетікбөлшектердің пішіні мен өлшемдерін анықтауды, олардың біріктіру тәсілдерін, сонымен бірге қозғалу принциптерін ажырата білуді айтады. Әсіресе, бұйымның бөліктері өзара қалай әрекеттесетінін түсіну сызбаны оқуда көп тәжірибе жинауда қажет етеді. Құрастыру сызбасын оқуды жеңілдету үшін оған техникалық сипаттама деп аталатын түсініктемелер қосылады. Техникалық сипаттамада бұйымның қалай және қандай мақсатта қолданылатыны туралы жазылады. Әрине құрастыру сызбасын оның сипат тізімінен бөлек қарастыруға болмайды.
Құрастыру сызбасына және оның құрамына қойылатын талаптармен таныстық. Сызба салуды оңайлату мақсатында қолданылатын ықшамдау ережелерінің біразын қарастырдық. Бірақ құрастыру сызбасы құрастырылған бұйымның негізгі конструкторлық құжаты бола алмайды.
Сипаттізім негізгі конструкторлық құжат болып табылады. Ол құрастырылған бұйымның, комплекстің құрамын анықтайды. Оны А4 пішімді қағазға сызады.
Жалпы жағдайда сипаттізім бірнеше бөлімнен тұрады, олардың саны бұйым құрамына байланысты болады. Бөлімдер белгілі ретпен орналасуы керек: алдымен құжаттама, одан кейін комплекстер, құрастыру бірлігі, тетікбөлшектер, стандарт бұйымдар, өзге бұйымдар, материалдар, комплекттер. Әр бөлімнің аталуын «Аталу» графасында көрсетеді де, жіңішке сызықпен астын сызады. Әр бөлім басынан кейін бір жол, бөлімнің соңынан бірнеше жол қалдырады.
Бөлімдер мазмұны төмендегідей болады:
А) Құжаттама- конструкторлық құжаттаманың негізгі жиынтығы;
Ә) Құрастырылған бұйымдар-берілген бұйымды құрайтын құрастырылған бұйымдар;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz