OҚУШЫЛАРҒА МУЗЫКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДЕГІ ВОКАЛ ЖӘНЕ ХОР ӨНЕРІНІҢ МАҢЫЗЫ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

3
1
OҚУШЫЛАРҒА МУЗЫКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДЕГІ ВОКАЛ ЖӘНЕ ХОР ӨНЕРІНІҢ МАҢЫЗЫ
7
1.1
Вокалды хор өнерінің қалыптасу тарихы
7
1.2
Оқушыларды вокалды-хор өнерінде әншілік дауыстарын қалыптастырудың маңызы

11
2

МЕКТЕП ОҚУШЫСЫН ХОР ӨНЕРІНЕ БАУЛУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ТЕХНОЛОГИЯСЫ
2.1
Оқушыларға арналған вокалды-хор үйірмесінің жұмыстары
11
2.2
Оқушының жас ерекшеліктері негізінде вокалды хор өнеріне баулудағы олардың әншілік дауыстарын қалыптастыру жолдары

11
ҚОРЫТЫНДЫ

26
21

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
22

КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі: Қазақстан Республикасының 2030 стратегиясының анықтап берген және ғылым мен білім беру жүйесіндегі тұрған жауапты міндеттің бірі еліміздің гүлденуіне, өсіп өркендеуіне өз үлесін қосатын мәдениетті жастарды тәрбиелеу негізі болып табылады. Еліміздің болашағы жастарға тәрбие беру мен музыкалық тәрбиенің орны зор болып отыр. Қазақ халқының жалпы ән айту дәстүрінде бірнеше дауыста үндесіп айтпаса да,унисонда бірігіп көпшілік ортада, ас - жиындарда ән шырқағанын тарихи деректер арқылы біліп жүрміз.
Қазақстанда музыка өнері әлемдік деңгейде дамыған.Музыка жанрының қай саласын алмасақта музыкалық кәсіби деңгейде көптеген орындаушыларымыз әлемге өз өнерлерін паш етіп көрсетуде. Қазақ халқы өнерлі ұлттар қатарына жатады. Түрлі салт-дәстүрге байланысты елімізде үлкен жиын отырыстарда ән айту мен күй тартудан,сонымен қатар көп болып унисонда ән орындау жар - жар, той жыры секілді халықтық ән орындау дәстүрге айналған.
Хор және вокал өнері халқымызға өткен ғасырдың басында келіп,қазіргі уақытта өз шарықтау шегіне жеткен болатын. Оқушылардың вокалдық ән орындаушылық және олардың дауыстарын қалыптастыру мәселелері бойынша зерттеулер әдістемелік теорияларымен қатар тәжірибиелері: Н.Орлова, М.Ахметова, И.Добровольская, А.Исағұлова, Қ.Қыдырбаева, А.Бандина, Е.В.Николаева, Ө.Байділдаев, Р.Р.Жәрдемалиева сынды Ресей және қазақ музыкант-педагогтарының еңбектерінен көрініс алды.
Мектепте музыка сабағында ән орындау көпшілік ән орындау немесе хормен ән орындауға жатады. Бұл әрекет оқушылардың музыкалық сауатын және хор дағдыларын қалыптасуына көп көмегін тигізеді. Жалпы білім беретін мектептерде музыка пәнінде және сыныптан тыс хор, вокал үйірмелерін ұйымдастыру кезеңінде оқушылардың вокалдық-хор дағдыларын меңгеріп орындаушылық шеберліктерін дамыту басты міндетке қойылған. Кез-келген жастағы оқушылар мектеп хорында бірігіп ән орындау арқылы вокалдық-хор дағдыларын меңгеріп және әншілік дауыстарын қалыптастырудың тиімді әдістерін анықтау мақсатында: Музыка сабағында оқушылардың вокалды хор дағдыларын қалыптастырудың технологиясы деген тақырыпты таңдадық.
Зерттеу мақсаты: Оқушылардың вокалдық-хор дағдыларын қалыптастыру технологиясын қолдану арқылы олардың әншілік дауыстарын қалыптастырудың тиімді әдіс-тәсілдерін анықтау;
Зерттеу пәні: Музыка сабағында оқушылар хорын ұйымдастыру арқылы,мектеп оқушысының хор өнерін игерте отырып оған қоса әншілік дауыстарын қалыптастыру үрдісі;
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер оқушыларды вокал және хор өнерін баулу негізінде,олардың әншілік дауыстарын қалыптастырудың тиімді деген әдістері теориялық тұрғыдан негізделіп музыка сабағында,хор үйірмесінде оқушылардың әншілік дауыстарының дұрыс қалыптастырудың тиімді жолдары қазіргі оқушының ән орындаушылық талаптарына сай келеді,себебі ол оқушының өз табиғи дауысының дұрыс қалыптасуына әрі орындаушылық орындаушылық дағдысының өсіп дамуына ықпал етеді;
Зерттеудің міндеттері:
-вокалдық-хор өнерінің дамуы туралы теориялық тұрғыда қарастырып талдау жасау;
-оқушыларды вокалды-хор өнеріне баулу арқылы олардың әншілік дауыстарын қалыптастырудың тәрбиелік маңызын анықтап білу;
-мектеп оқушыларына арналған хор үйірмесі жұмысын талапқа сай жүргізу әдістемелік құралына сипаттама беру;
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері:
Музыка-тану,музыкалық-педагогикалық ,психологиялық концепциялар және музыкалық білім беру әдістемелері;
Зерттеу базасы: Эксперименттік жұмыстар Тараз қаласы №21 орта мектебінде жүргізілді;
Зерттеу әдістері: музыкалық - педагогикалық әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау және мектептегі хор үйірмелеріне оқушының әншілік дауысын қалыптастырудың тиімді жолын ұсыну,көптеген саулнамалар жүргізу, оларды сараптап нәтижелерін шығару.

1.ОҚУШЫЛАРҒА МУЗЫКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДЕГІ ВОКАЛДЫҚ-ХОР ӨНЕРІНІҢ МАҢЫЗЫ
1.1 Жалпы вокал және хор өнерінің дамуы мен қалыптасу тарихы
Басқа да көптеген өнер түрлері секілді хор өнері қоғамдық ой сананың негізгі жеке бір формасы.Хор өнерінде біз білмейтін өзіне тән ерекшеліктері жетерлік.Солардың бірі сөз өнері,орындаушылық шеберлік,сахна мәдениеті тағы да басқа көптеген өнердің амалдарын бойына жинаған ерекше синтездік өнер.Хорда ән орындау өсу жолында эстетикалық көзқарастың қалыптасуына,оған қоса еліміздегі музыка мәдениетіміздің даму саласында аса ерекше маңызды рөл атқарады.
Хор-(грек тілінен аударғанда - хорес), қазақша мағынасы (топ, жиын), деген мағынаны білдіреді. Хор өнері халық арасында кеңінен таралып қанатын жайып даму үстінде келеді. Хор-бұл әр дауыста ән салатын адамдардан топтасып құралған ұйымдасқан ұжым.
Вокал(француз тілінде вокале), қазақша мағынасы дауыс,яғни дауыспен ән орындау деген мағына да. Концерттерде музыкалық шығармалар хор дирижерының басқаруымен болады. Әр адамның дауысы диапазонының кеңдігіне байланысты төмендегідей болып топтасып бөлінеді:әйелдердің жоғарғы дауысы - сопрано,ерлердің төменгі дауысы- бас. Әйелдердің төменгі дауысы - альт, ерлердің жоғарғы дауысы- тенор. Ал балалардың жоғарғы дауысы дисконт және төменгі дауысы альт дейміз.
ХХ ғасырдың 20 жылдарынан бастап елімізде өнерпаздарымыздың хормен ән салу қозғалысы кең бағытта шарықтап үкімет тарапынан қолдау өте жоғары деңгейде болды.
Орта Азия халқы сияқтры қазақ халқының хор өнері Қазан төңкерісінен бұрын болған жоқ дегенге біз қарсымыз,өйткені халқымызда бәрі бірге қосылып унисонда хор айту дәстүрі міндетті түрде болған. Жеке ән салуды былай алғанда халқымыз қосылып ән салуға селқос болмаған.Ойын сауық отырыстарда екіге бөлініп.біріншісі бастап,қалғаны қоштап бірінен соң бірі қосылып тілектермен шарықтап шырқаған.
ХХ ғасырдың ортасына қарай елімізде хор айту өнері профессианалды тұрғыдан дамуға бет бұра бастаған. Дәл осы кезеңде хор айту өнерін Жандарбеков Қ, Қашаубаев Ә, Байзақов И, Өмірзақов Е сынды өнер қайраткерлері қойылым бөлімінде драмалық шығармада ойнаса,келесі бөлімінде бірнеше дауысты хормен халық әндерінің бірнеше түрін орындаған. Ән халықтың өлмейтін қазынасы десек қателеспейміз. Мұндай қазынамыз бар қазақ халқы біз ең баймыз деп кеуде соғып айта аламыз. Біздің қазақ әндеріміздің мәні,мағынасы,ме,зімнің тереңдігі, мінсіз әдемілігі- бұның барлығы халқымыздың дарындылығының айғағы болып саналады. Қазақтай дарынды халық әлі туылмас деседі. Хор өнеріне оралар болсақ,өте ерте заманнан бері дамып келе жатқан көне тарихи музыка өнеріне жатады.
Ежелгі Египет, Вавилон да көп болып ән айту халық жиындарында дене қимылдарымен бірге және ән өнерімен байланыса отырып дамыған. Хор өнері ежелгі Грекияда дамып, гректің философы Платон музыка өнерін хордың негізі деп тани білген.Грекияда әр қалалармен хор айту арқылы жарыс өткізіліп отырған.Грекия бір дауыста орындап ,әйелдер мен еркектер болып орындаған. Ал трагедиялық жанрдағы хорларды 10-15 ерлер дауысынан құралған хорлар айтқан. Ежелгі Грекияда да жоғары және төменгі дауыс деп бөлген.
VI-VII ғасырлар арасында дәл осылай Византияның вокалды хор өнеріде өріс алып тереңінен дами бастады. Солардың ішінде хор айтудағы гимн-әнұранмен ерекшеленеді. Ал Иоанн Дамаскии, Андрей Крицкии сынды тағыда басқа салтанатты гимнді тудырушылар болды.
Гимн түрлі мерекелік іс- шараларда және шіркеулерде орындалған. Византия елінің хор құрамында 200 адамнан аса ән орындаушылардан құралған.
ХIV-ХV ғасырлардан бастап хор өнерінің дамуы қайта жанданды. Полифониялық стилде хор орындау пайда болып,осыған орай шіркеу хорының беделі де арта түсті.
Италия, Франция елдерінде ең таңдаулы деген арнайы жабық түрдегі үздік хор оқу орындары ашыла бастады. Венецияда бірнеше консерваториялар ашылып, оларда көптеген музыканттар дайындалды. Франция ревалюциясы арқылы хор өнерінің жаңа бағыты пайда болды. Астанасы Парижде революциялық ән орындау мейрамдарын жиі өткізіп отырды.
Германияда неміс ерлер хоры қалыптасты. Солардың ішінде неміс сазгерлері Шуберт, Вебердің шығармалары орындалды. Сондай-ақ хор өнері Ресей елінде де өз даму шыңына жетіп, славян халықтарының көп дауыста ән орындаулары халықтық өнердің негізі болып саналды.
Орыстардың вокалды хор мәдениеті шіркеумен бірге байланысты. Олардың алғашқы кәсіби хор капелласы 1450 жылдары Петербург қаласында құрылып, (Хор государьевых певчих дьяков) деп аталды. Ресейдің ауқатты адамдары өз хорларын ұстаған.Орыстың атақты патшасы Петр I-ші вокалды хор өнеріне аса маңыздылықпен қараған. Орыс хор мәдениеті бүкіл әлемдік деңгейдегі дамыған өнердің біріне айналды. Хор оқу орындарының ашылуына зор мүмкіндік жасаған орыс сазгерлері Глинка және Бортнянский болған. Хор ұйымына ұлдармен қатар қыз балаларды да қабылдаған.
Дәл осы өнер түрі Грузин және Украин сынды жалпы тау халықтары арасында ерте кезеңнен ақ ата бабаларынан бері дамыған.
1.2 Оқушыларды вокалды-хор өнерінде әншілік дауыстарын қалыптастырудың маңызы
Музыкалық тәрбие жұмысының негізгі түрі ол-музыка сабағы.
Музыка-ойдың терең бұлағы. Музыкалық тәрбие сана сезімнің қалыптасыун жіне адамгершіліктің нығаюын музыкалық педагогика тұрғысынан қадағалайды.
Музыкалық тәрбие-адам баласының ынта қабілетін жүйелі түрде дамытып музыкалық мәдениеі мен білім элементтерін жаңа ұрпаққа табыс ету процесін қамтиды. Әр халақтың рухани даму үрдісі музыкалық-эстетикалық тәрбиенің дамуы арқылы жүретіні белгілі.
Музыкалық және эстетикалық тәрбиеде кез келген халықтың мәдени мұрасына дұрыс сенімді қалыптастыру және оларды қазіргі заманғы мектепте пайдаға жаратудың жолдарын көрсету маңызды болып отыр. Осының барлығы музыкалық және эстетикалық тәрбиенің бүгінгі күнгі жай күйін терең талдауды қажет етіп отыр.Музыка сабағына арналған бағдарламада негізгі әрекеттің бірі-ән салу.
Ән өнері-халық тарихымен туылып,бірге жасап келеді. Ән өнері адамның жан серігі,сондықтан да ән өміршең. Қазіргі таңда өміршең өнермен жас ұрпақты тәрбиелеу - заманымыздың басты талабы болып отыр. Топпен ән сала білу,бір емес бірнеше дауыстардың өзара үйлесімділікті тауып орындау үлкен өнер.
Көп дауыста ән шырқаудың негізі-дауыстың таза, дұрыс, дыбыс биіктігін ұстай алуында. Берілген шығарманың ырғақтық,ладтық, дыбыстардың интонациялық тазалығын сезіне отырып, оқушының құра білуінде. Мұғалім хор репертуарын балалардың жас ерекшеліктеріне қарай таңдай білуі керек.
Мектеп әндерін қос дауыста айтқызудың ең тиімді жолдарын мұғалімнің тәжірибиесі арқылы тұжырымдауға болады. Шығарманы екі дауысқа бөліп уйретуді бастамас бұрын, әннің қалай орындалу керектігін күй табақ баспасы арқылы тыңдатып, оқушыларды таныстырып, әуеннің екінші дауысын орындағанда әсем ән болып шығатындай оқушылардың даусын ыңғайлап, әсерлеп түсіру қажет. Шырқалып жатқан әуенді баланың есінде сақталып қалғанша,ән салудың барлық тәртібімен мұғалім айналысуы тиіс. Сонда ғана балалар хоры нәтижелі болып естіледі.
Балаларға сабақтағы дауыс жаттығуын жасатуда немесе хор айтуда орташа музыкалық табиғи дарыны бар оқушыларды бір топ жинақтап,ал екінші құрамға музыкалық есту қабілеті жоғары дауыс темблері анықтау оқушыларды бір топ жинақтап құрылғаны жөн. Музыкалық дыбысты ұстай алмайтын,ырғақты сезінбейтін оқушыларды әуенді ұстай алатын топ әншілерге қосып орындату керек, өйткені ол балалар елеусіз қалмай олардыңда ән салу ынталарын ояту қажет.
Мектеп оқушыларын хорға баулуға әсер етуші фактор ол-музыкалық тәрбие.Педагогикада тәрбие баланың дүниетанымының кеңеюіне,білім беру арқылы белгілі бір дағдының қалыптасуына әсер етуші фактор негізінде қалыптастырылған.
Тәрбие берудің басты мақсаты-адамның жан дүниесін қалыптастыру. Музыка сабағында нақты мақсат қойылу арқылы оның міндеттері жүзеге асырылып отырылады.
Ең бірінші міндет-оқушының эмоциясын ояту.
Екінші міндет-музыканы саналы түсінуге баулу. Ал музыканы саналы түсіну үшін белгілі бір деңгейде музыкалық білім болуы керек. Бұл міндетті жүзеге асыру үшін нота сауатын меңгеру қажет.
Үшінші міндет-шығарманы шамасы келгенше орындауға уйрету үстінде орындаушылық дағдыларды меңгерту.Оқушының шығармашылық ой-қиялын дамыту. Осы үш міндетті жүзеге асыруда оқушының музыкалық талғамы қалыптасады, әр түрлі жанырдағы музыканы талдап, олардың сапасын ажыратуды уйренеді.
Осы мақсат-міндеттерді жүзеге асыратын-музыка пәнінің мұғалімі. Музыка сабағында көп болып ән орындау вокалдық хор жұмыстарына жатады. Алғашқы музыка сабағында-ақ мұғалім оқушыны ән орындау талаптары мен ережелерді сақтап, сыныптастарымен хор болып ән айтуды меңгерту жұмыстарын жүргізу керек.
Бастауыш сыныптарда музыка сабағында хор дағдысы бірінші сыныптан бастап қалыптастырылған. Музыка сабағының басты ерекшелігі аптасына бір рет қана жүргізіледі. Музыка сабағы сайын оқушылар ән айту арқылы және ән тыңдау арқылы жаттығады. Бастауыш сыныптарда әндер көбінесе унисонда айтылады. Орта сыныптардан бастап екі дауыста ән орындау жоспарланады. Осы талаптардың барлығы оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай жоспарланады.
Мектепте музыка сабағында ән айту ерекшеліктері арнайы дайындықтан өтетеін оқушыларға қойылатын талаппен сәйкес келмейді, себебі оларға қойылатын талап кәсіби бағытта болады, ал жалпы білім беретін мектепте ән айту талаптары жалпы ән орындауды ғана ұстанады. Музыка пәнінің мұғалімі баланың физиологиялық жас ерекшелігін ескеріп, соған сай репертуар алып,жүйелі түрде жұмыс жүргізсе,балалар әнді сезініп,шығарма мазмұнын өзінің дауысы арқылы беру машығы қалыптасады. Вокалдық шеберлікті белгілі деңгейге сай меңгермейінше,оқушылардың көп дауыста ән салуын хор деп айтуға болмайды.
Ән орындау барыында оқушыларды ән орындау қалпына түсуді уйрету керек. Балалар дауысының еркін жұмыс жасауына қолайлы мүмкіндік тудыру қажет. Ол үшін ең алдымен денені тік ұстап отыруды меңгерту керек. Басты төмен қаратпай немесе шалқайтпай тік ұстауды үйретуіміз керек. Аяққа салмақ салмай, орындықтың шетіне ғана отырып, денені еркін әрі тік ұстап, ән орындағанда екі қолды тізеге қойып отыруын үйретеміз. Әнді еңкейіп отырып орындау, тек дауысқа ғана емес, дене бітіміне де зиян әкеліп соқтырады. Сондықтан да музыка пәні мұғалімінен үлкен педагогтық жауапкершілік талап етіледі.
Вокалдық хор айту шеберлігін меңгерудің негізі - тыныс алу болып табылады.Себебі ән айту кезінде тыныс алудың үлкен маңызы бар.
Ән айту барысында дауысты дыбыстар ұзақ айтылуына байланысты ауа көп шығатындықтан созылыңқы болып айтылады.
Оқушылардың әншілік дауыстарын қалыптастырудағы хор айту дағдылары

ТЫНЫС АЛУ
Вокалдық-хор айту шеберлігін меңгерудің негізі. Дурыс дыбыс беру. ән айтудың тыныс алуына байланысты. Ән айту кезінде тыныс алудың орасан зор маңызы бар.

АНСАМБЛЬ
Хор партияларын орындау кезінде хор мүшелерінің дауыстарының унисонда ұласуы. Хордағы ансамбль ұғымына: ырғақтық, интонациялық, бояулық, екпіндік және динамикалық ансамбльдер жатады.
Вокалдық хор айтуда дем терең, дыбыссыз, мұрын арқылы алынып, көкірек қуысы ауаға толып, демді бір сәт ұстап барып дыбыс шығару керек.Шығармалардың сипатына қарай тыныс бірде жәй, бірде тез алынып отырады.
Мұқам-ән салудағы музыкалық әуенді терең түсініп орындау дағдысы. Орындаушы музыка үйлесімділігін терең түсініп, тыңдаушыға жеткізе алғанда ғана ән әсерлі болады. Ән әсерлі болу үшін дикцияны дұрыс меңгеру керек.
Ән уйрету барысында дауыс жаттығуларын жасау міндетті болып табылады.
Оқушылар дауыс жаттығуларын айту арқылы вокалдық дағдыны игереді. Дауыс жаттығуына шағын әндердің қиындық туғызатын бөлігінен үзінді алып орындауға болады.
Мектептегі музыка пәнінің басты мақсаты-әншілік тәрбие беру емес,ән айтқызудағы басты мақсат-шығарманы оқушының орындауы арқылы оны түсіндіріп баулу болып табылады. Осылардың барлығын жүзеге асыруда ең алдымен балалардың көңіл күйіне назар аудару қажет. Музыка сабағында үйретілетін әнді, әсерлі етіп орындау үшін,жаңа үйретілетін әннің мазмұнына байланысты болып табылады. Ол үшін музыка мұғалімінен ең алдымен шығармашылық шеберлік пен ізденімпаздылық талап етіледі. Шығарманың музыкалық бейнесін, оның бөліктерін, кульминациясын көрсету болып табылады.
Әннің қиын бөліктерін дауыс жаттығулары ретінде алуға болады. Әннің ырғағын ұрмалы аспаптармен орындап, дыбыстардың биіктігін қол қимылдары арқылы көрсетіп ұғындыру көптеген қиыншылықтарды шешуге жағдай жасалады.
Ән үйрету кезеңдерін осылай бөлуімізге болады:
Орындалатын әннің шығу тарихы;
Әнді мұғалімнің өзінің орындап көрсетуі және бейнетаспалар көрсетуі;
Ән орындамас бұрын, дауыс жаттығуларын орындау және ережелерді сақтау;
Әннің қиыншылық тудыратын бөліктерімен тереңірек жұмыс жасау;
Үйретілетін әнді сынып болып хормен орындап, салыстырып, талдап, үйге жаттау келуге тапсырма ретінде беру;
2.МЕКТЕП ОҚУШЫСЫН ХОР ӨНЕРІНЕ БАУЛУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ТЕХНОЛОГИЯСЫ
2.1Оқушыларға арналған вокалды-хор үйірмесінің жұмыстары
Технология-сөзі грек тілінен енген. Техно-іскерлік,логос-ғылым деген мағынаны білдіреді. Музыкалық тәрбие беруде оқушыларды хор өнеріне баулу үрдісі музыкалық-педагогикалық тұрғыдан музыкалық әдістемелік технология деп қараймыз.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп оқушысын вокалды хор өнеріне баулудың әдістемелік технологиясы
Бүгінгі таңда оқушылардың музыкалық - эстетикалық тәрбие мәселесі
Балалардың бос уақытын ұйымдастыру
Көркемөнер үйірмелері – балалардың бос уақытын ұйымдастырудағы рөлі
Мұқан Төлебаевтың музыкалық мұрасының тәрбиелік мәні
Музыка сабағында оқушының шығармашылық белсенділіктерін үйірмелер арқылы дамытудың түрі мен әдіс-тәсілдері
Сыныптан тыс жұмыстар да үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыру
Музыка сабағы - өнер сабағы
Оқушылардың музыкалық қабілетін дамыт әншілік дауыстарының ерекшеліктері
Жалпы білім беру пәндер циклы
Пәндер