ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТҰЛҒАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

3
1
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТҰЛҒАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
7
1.1
Музыка пәні мұғалімінің кәсіби ерекшелігі
7
1.2
Балалардың музыкалық қабілеттерін қалыптастырудың жағдайлары

11
2
МУЗЫКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ.
11
2.1
Балалардың музыкалық аспаптарда ойнауға үйретудің, негізгі әдістері
11
2.2
Музыкалық мәдениет ұғымының түсініктемесі

16
ҚОРЫТЫНДЫ

26
21

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
22

КІРІСПЕ.
Зерттеудің өзектілігі: Музыка мұғалімінің тұлғасын дамыту орта мектептегі білім беру үдерісінің ажырамас құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады. Оқушылардың музыкалық қабілеттерін дамыту қажеттілігі қазіргі әлеуметтік мәдени жағдайға байланысты. Заманауи музыка мұғалімнің тұлғасы баланың жан - жақты дамуында ерекше рөл атқарады. Музыка мүғалімнің тұлғасы біліктілікті, дарындылықты, шығармашылықты, замауиылықты, актерлық шеберлікті, жан - жақтылықты құрайды. Болашақ музыка мұғалімінің педагогикалық іс - әрекетінің кәсіпқойлығын қалыптастырудың заңды кезеңдері білім, білік және дағды болып табылады. Сонымен бірге көркемдік - шығармашылық қабілеттерінің дамуы үнемі жүріп тұрады. Музыка мұғалімі мамандығы - педагогика мен музыка, және педагогикалық және арнайы қабілеттер міндетті болып табылады. Музыканы оқыту әдістемесі жалпы білім беретін мектептегі музыкалық - педагогикалық қызметтің міндеттерін, мазмұнын және ұйымдастырылуын зерттейтін негізігі пәндердің бірі болып табылады. Музыкалық білім берудің теориясы мен әдістемесімен бірігіп мектепте музыка оқытудағы кәсіби тәсілдердің негізгі заңдылықтары оқытылады. Кез - келген педагогикалық мақсатқа жетудің болары әртүрлі болуы мүмкін.
Музыка мұғалімінің практикалық іс - әретінің ерекшеліктері келесі принциптерге сүйенеді: сабақтың ерекше эмоционалды және эстетикалық атмосферасын құру қажеттілігі, оқушы тұлғасының руханилығы, потенциалды дамыту мен қалыптастыруға назар аударту, музыка тыңдау, орындау, музыкалық және орындаушылық іс - әркетке қатысу барысында жеке шығармашылқты қабылдау арқылы ұжымдық құызметтің әртүрлі түрлері келісілген сабақтарды ұйымдастыру. Оқу құралы музыка мұғалімінің музыкалық және педагогикалық технологияларының мәнін анықтауды қарастырады олар: музыка тыңдау, музыкалық қойылым балалардың музыкалық аспаптарында ойнау. Мұғалімнің жұмыс біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерін үйрету, екіншіден шәкірттерімен әрдайым байланыста болып, білмес - үйренсем деген баланың мүмкіндіктерін басшылыққа алуға дайын маман. Бүгінгі мұғалім оқушыларға ғылым негіздерін үйретіп қана қоймай, оларды білім, ақпарат, экономика әлеміне енуге, яғни бәсекеге қабілетті ортада өмір сүруге тәрбиелеу керек. Мұны тек жақсы мұғалім жасай алады. Ал мектеп жүйесінде мұғалімдердің сабақ жүргізу бағыты көбінесе тұлғалық қызметіне байланысты. Жаңа заман талабына сай мұғалім өзгеріп отыруы тиіс. Мысалы: сабақтарды бірсараңды, қызықсыз жүргізбей керісінше жаңа технологияларды пайдалану арқылы оқушыны қызықтырып, өзіне оқушыны баулуы тиіс.
Ұстаз термині ежелгі Грекияда құлдық кезеңінде пайда болған, кейінірек бұл термин бірікен ғылымның атауына айналды. Ол кезде бұл термин құл иелерінің балаларын мектепке апаратын құлды білдіреді. Мектеп туралы алғашқы ақпаратты б.з.д. 2500 жыл бұрын Египет әдебиетінен табуға болады. Онда төрелердің балаларына арналаған сарай мектебі туралы айтылады. Кейінірек мектеп ұғымы ежелгі Грецияда пайда болады және терминнің негізгі мағынасы осы күнге дейін өзгерген жоқ. Сол уақыттан бастап мектеп - білім беру орны болып қалыптасты. Педагогикалық кәсіптің қалыптасуының алғашқы кезеңінен бастап мұғалімдерге ең алдымен тәрбиешілік, бірегей және бөлінбейтін функциялар тән болады. Мұғалім дегеніміз - тәрбиеші, тәлімгер. Бұл оның азаматтық және адами мәні. Тәрбиелік ықпал етпей оқытуға болмайтыны сияқты, тәрбиешілерді білім, білік және дағдылардың күрделі жүйесімен қамтамасыз етпей, тәрбиелік міндеттерді, орындау мүмкін емес. Барлық ғасырларда жетекші ойшылдар ешқашан оқыту мен тәрбиелеуді қарама - қарсы қойған емес, тіпті олар мұғалімді ең алдымен тәрбиеші деп атаған. Қазіргі сөздіктерде тәрбиеші басқа адамның дамуы үшін жауапкершілік алатын және сол адамды тәрбиелеумен айналысатын тұлға ретінде анықталған. Мұғалім және оқытушы сөздері кейінірек пайда болды, өйткені қоғам білімнің өзіндік құндылық екені және балаларды тәрбиелеу үшін арнайы ұйым қажет екенін түсінді. Бұл қызмет оқыту деп атала бастады. Ұстаз болашақ ұрпақтарды қоғамдық өмірге тез әрі оңай қосылуға және сол қоғамның сол мақсаттарды жүзеге асыратын адамдармен қамтамасыз ету қабілетін арттыруға бағытталған тәрбиелеу және оқыту қажеттілігімен байланысты әлемдегі ең танымал мамандықтардың бірі. Ұстаздар мен мұғалімдер адамзатқа ежелден бері белгілі болсада, тек жаңа заманда ғана ең көп тараған мамандыққа айналды.
Осыдан 100 жыл бұрын халықтың көп бөлігі, тіпті еуропалық отбасылар да тәрбие мәселесін халықтық және отбасылық педагогика әдістері арқылы шешуге мәжбүр болды. Бүкіл әдістің өз артықшылықтары болды және оның, кемшіліктері де болды. Ал білім беруге арнайы адам жалғауға адамдардың тек өз бөлігінің қолы жетті немесе тек арнайы мамандардың қажеттілігіне байланысты іске асты. Әр ғасырда білім беру мен оқыту міндеті әр түрлі адамдарға жүктелді: тәрбиешілер, кураторлар, мұғалімдер. К.Д.Ушинскийдің өзі оқушыны сапалы тәрбиелеу мәселесін білім беруден жоғары қояды, өйткені оның пікірінше, егер ол бір адамға білім беріп, нашар тәрбиеге байланысты ғылымды жаман мақсатқа қолданса, онда ол білім алудан гөрі қоғамға қауіпті болуы мүмкін.

\

1.ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТҰЛҒАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
1.1Музыка пәні мұғалімінің кәсіби ерекшелігі.
Жалпы білім беретін мектептегі музыка мұғалімі белгілі бір ғана саланың маманы болмау керек. Ол әрі теоретик, музыка тарихшысы, аспаты меңгерген, музыканың этнографы болуы тиіс. Ең бастысы, ол музыкалық әдебиет, яғни музыкалық композияция туралы мүмкіндігінше көп білуі керек. Бұл принципті Д.Б.Кабалевский де растап, Музыка мұғалімінің барлық дағдыларының арасында асапты меңгеруін ерекше бөліп алып қарау керек. Музыкалық сабақтарда, әсіресе сыныпта, хорда, оркестрде және т.б. көріністер тыңдау қажет болса, көріністер механикалық жазылымсыз болмайды. Бірақ бұл мұғалімнің тікелей жұмысына қосымша болуы керек. Оның мазмұны 3 түрлі тәсілмен ұсынылған:
1)Өзі тікелей орындау сыныпта эмоционалды ахуал туғызады.
2)Тікелей орындаушы кез - келген жерде тоқтай алады, қажет болған жағдайда, орындау кезінде кез - келген көріністі, тіпті жеке тактіні қайталай алады.
3)Музыкалық аспапта ойнайтын орындаушы, сондай - ақ ән айту мұғалімі өзінің оқушыларына үлгі бола алады, бұл іс жүзінде оның аспапта ойнау қабілеті қызықты және мағыналы болтындығын көрсете алады. Осы жоғарыда баяндалған қызмететрдің бірлігі - музыка мұғалімінің орындаушылық шеберлігің теориялық негіздері болып табылады.
Адамгершілік пен мейірімділіктің қайнар көзі - өнер туындалары. Біздің ұлттық өнерімізді құрметтейтін, әншілер мен музыканттардың, саусақтары мен иілген бишілердің шеберлігі мен мақтан ете отырып, олар жас ұрпаққа өнердің маңыздылығын түсіндіріп қана қоймай, оны үйренуге, болашақта өздері де солардай болуға шақырылып отрыған. Өнер адамның сенім, адамгершілік, сезімталдық, мейірімділік, сұлулық сияқти адами қасиеттердің, қалыптасуына пайдалы әсер етеді. Музыка мұғалімнің адмгершілік қасиеттері оқушылардың өз бетінше шншуге бағытталған болу керек. Музыканың көркемдік күші неғұрлым жоғары болса, сол күшті бізге жеткізуші - музыкалық аспап. Аспапта ойналатын кез - келген музыка ой мен жүрекке қатты әсер етеді. Музыка мұғалімдері мұндай музыканы халыққа, болашақ ұрпаққа жеткізушілер болып табылады. Мұғалімнің атап айтқында, музыка пәнінің мұғалімнің педагогикалық жұмысының табиғаты өзіндік ерекшеліктерге ие. Бұл өзі білгендерін басқалар мен бөлісудің қажетілігінен тұрады. Музыка мұғалімі дегеніміз - білім алуға деген сарқылмас ниеті бар дарынды тұлға, ал мұғалім актерлық қажеттілікті сезінеді.
Балалардың музыкалық - эстетикалық қабылдауын жүйелі түрде дамыту. Осының негізінде қоғамдық өмір мен айналаны терең тануты және олардың адамгершілік бейнесін қалыптастыру. Олардың зейінін өмірдегі, табиғаттағы, еңбектері, адамның тәртібі мен іс - әрекеттіндегі, тал бойындағы әсемдікті көре білуге аудару, өмірдегі шын әдемілікті, жасанды әдеміліктен ажырата білуге, оны дұрыс бағалауға үйрету. Балалардың музыкалық - эстетикалық түсінігі мен құштарлығын, сезімталдық қабілетін дамыту. Эстетикалық жан құбылысын тудыратын қуану, қайғыру, қобалжу, әсерлену, бейжай болу, көркемдікті қабылдауда шығармада бейнеленген кейіпкердің қуанышы мен ренішіне, табысына бірге қуанып, бірге қайғырып әсірленуін, көңіл - күйінің толқуын дамыту. Балалардың көркемдік талғамын тәрбиелеу. Оларды жақсы мен жаманды, сұлулық пен кейіпсіздікті, нәзіктілік пен дөрекілікті, бір түстілік пен ала - құлақты ажырата білуге, өлең, ән, музыка, бейнелеу өнері шығармаларының не себептен ұнамайтынын аңғара білуге үйрету. Музыкалық - эстетиккалық талғам - өте кең түсінік. Ол өнер шығармаларын түсініп, нәр алуға ғана емес, сонымен қатар табиғаттың, өмірдің, еңбектің, тұрмыстың, киімнің әсемдігін түсіну және бағалай білу.Балалардың күшін сай өзіне өнерде көрсете білу қабілетін, айналаға қажетті әдемілік жасауға, талпысын тәрбиелеу, көркем - шығармашылық қабілетін дамыту. Музыкалық - эстетикалық тәрбиенің тағы бір мәнді міндетті жас ұрпақты жас ерекшелігіне қарамай, өмірдегі, табиғаттағы әсемдікті қорғауға, бағалауға, сақтауға, молайтуға үйрету. Табиғатты әсемдікті өнердегі көрсеткіштер - ескерткіштер мен сәулет өнері туындыларын көзінің қарашығындай етіпаялауға баулу. Бұл адам еңбегін бағалауға, Отан табиғат байлығын ұқыпты қарауға үйрету.
Музыка пәні мұғалімінің күнделікті тәрбие жұмысында төмендегі міндеттер көрініс табуы тиіс: Балалардың жалпы мәдениетін көтеру қазақ халқының озық салт - дәстүрлері рухында тәрбиелеп, дүниетанымының дербестігін, мінез - құлқын жетілдіру көзделеді. Оқыту процесі сияқты тәрбие жұмысы да белгілі ұстанымдар негізінде жүргізіледі. Тәрбие ұстнамыдары және тұлғаны тәрбие жөніндегі әләмдерге және ғасырлар бойы жинақталған халықтық тәжірбиеге және ғылыми педагогикаға сүйенеді. Бұл ұстанымдардың идеялық негізі мектептің өмірімен тәжірбиемен еңбекпен байланысына сай Әл - Фарабидың айтуынша: Музыка теориясының негізгі принциптерін тек түсік тәжірбие арқылы білуге болады - дегендей ғылыми педагогика мен халық педагогикасындағы тәжірбиеде тексеріліп кеңейтілгені, музыка мұғалімінің, мектептен тыс жұмысын тиімді де нәтижелі атқаруына көп ықпалы тигізеді.
Бұл ұстаным музыка пәні мұғалімінің өз жұмысының мақсатын дәл түсінуді, тәрбие мазмұнын, түрлерін, әдістерін дұрыс таңдап ала білуді талап етеді де, тәрбиені қоғамның идеологиясы рухында ұйымдастыруды қажет етеді. Бұл мақсаттылық принципінен туындайды. Халықтық педагогика тәрбие өмір сүрген ортасын, ауыл, аймақта, отбасында іске асырылып, ата - ананың, ақылды теориялар мен әже, аналардың, ағалардың, есті үлкендердің үлгі - өнегесімен, кеңес - басшлығымен іске асырылады. Дұрыс тәрбиенің нәтижесі өмір сүру барысында еңбек үстінде көрініс табады. Бұл принциптің мәні - жеке адамға ұжымның оң ықпалын, ұжымға жеке тұлғаның ықпалын, дұрыс қатынасын қалыптастыру.Ұжыммен жұмыс істеу жастармен жеке тәрбие жұмысын жүргізуді жоққа шығармайды. Тәрбие міндеті ұжымның балаға оң қатынасын тудыру емес, баланың ұжымға жақсы қатынасын да қалыптастыру. Баланы ұжымға тарту ғана емес, лның ұжым мүшесі болуға талпыну тілегін тудыру, көпшілік мақсаты үшін күресу сезімін тәрбиелеу. Бұл прицип халықтық педагогикада Ісім жақсы деме, көпке ойлат, Ұлға отыз үйден тию, қызға қырық үйден тию, Жұмыла көтерген жүк жеңіл, Ақылды ауыл аймақты келер, Тентегін тиған ел берекелі, Елі үшін бас ауырып, балтыры сыздайтын аазмат етіп қалыптастыратынын атап көрсеткен. Әрекетке ықтиярлы талпыну жеке тұлғаның дамуының жеткілікті болып табылады. Тәрбие ісі - екі жақты процесс: тәрбиешінің де, тәрбиеленушінің де белсендігін қажет етеді. Тәрбие ісінде жастар, балалар күш жұмсап, белсенді қатысқанда ғана нәтижелі болады. Бұл мақсаттылық принціпінен туындайды. Халықтық педагогикада тәрбие өмір сүрген ортасын, ауыл - аймақта, отбасында іске асырылып, ата - ананың, ақылды қариялар мен әже, аналардың, ағалардың, есті үлкендердің үлгі - өнегесімен кеңес - басшылығымен іске асырылады. Дұрыс тәрбиенің нәтижесі өмір сүру барысында еңбек үстінде көрініс табады.
Қазақ халқының халық әндерімен қатар композиторлар мен ақындардың творчестволық табыстары, Абайдың, Ақан серінің, Біржанның, Жаяу Мұсаның, Құрманғазы, Тәттімбеттердің әндері мен күйлері балаларға мектепке дейін - ақ тыныс сүйсіне, тыңдайтын шығармалары болып табылады. Сондықтан әрбір жанұя мен мектеп баланың музыкалық құлағын ертеден тәрбиелеп, олардың жас ерекшелігін лайықты эстетикалық тәрбие беріп отыруға міндетті. Демек, баланың алдымен жанұяда, одан мектепте әнге, музыкаға үйретудің маңызы зор. Бұл - оның сан - сезімін, қиялын, талғамын, мәдениетті, адамгершілігін лайықты эстетикалық тәрбие беріп отыруға міндетті. Демек, баланың алдымен жанұяда, одан мектепте әнге, музыкаға үйретудің маңызы зор. Бұл - музыканың әсері мен ықпалы күшті екендігін дәлелдей түсетін өте маңызы зор пікір.
1.2 Балалардың музыкалық қабілеттерін қалыптастырудың жағдайлары.
Тәуелсіз елімізде табандылықпен жүзеге асырылып жатқан ілгерілесу саясатты қоғам өмірінің барлық саласына түбегейлі өзгерістер енгізуде. Тәуелсіз мемлекетіміздің өсіп - өркендеуі, қауіпсіздігі, әл - ахуалының артуын жүзеге асырудың аса маңызды құралы қоғамның барлық саласын, соның ішінде өнер саласында мәдениет пен білімді дамытуда аса маңызды рөл атқарады. Қазақстан Республикасының этникалық - мәдени білім тұжырымдамасында. Тәрбиенің түп мақсаты - қоғамның нарықтық қарым - қатынысқа көшуі кезінде саяси экономикалық және рухани дағдрысты жеңіп шыға алатын, өмірде иекеиделген, білікті, жан - жақты мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеу - деп өнер мен мәдениетті дамытуға ерекше мән берілген. Тәуелсіз еліміздің дамуы үшін мәдени - рухани мұраның жетістіктерін келешек ұрпаққа қалдырудың үлесі зор. Музыкалық білім беру тарихы мен теориясының басты мақсаты оқушылардың шығармашылық ой - өрісін және жеке қабілеттерін дамыту, музыка өнер арқылы әсімдікке, сұлулықтыы сезіне білетін, ішкі рухани дүниесі бай, жеке тұлғаны тәрбиелеу. Музыка мұғалімдерінің музыка - педагогикалық дербестілік және тұтастылық қағидасы ғылымилық теорияның тәжірбиесімен байланысты, оқыту мен тәрбиенің бірлігі сияқты нақты тұрғысынан тұжырымдалады. Музыка пәндері саласындағы теория мен тәжірбиесінің өзара байланысы бір жағынан, теория мен тәжірбиенің түсіндірудің және болжамаудың құралы, оның тиімділігі таңдаудың бағалаудың құралы, оның тиімділігін таңдаудың және бағалаудың негізі болып табылатынында көрініс табады. Ол музыка педагогика саласындағы құбылыстарды түсіндіруге ғана емес, олардың пайда болуын алдын ала білуге де көмектеседі. Білім берудің ұлттық модельіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші өз ісінде қатып қалған жаттандылықтан аулақ, тәжірбиелік қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген іскер педагог қажет. Білім беру - тәрбиелу мен оқытудың үздіксіз үрдісі екені заңды нәрсе.Бұл үрдістегі басты тұлға - мұғалім, демек ұрпақ тәрбиесі мәселесінің халықтық құндылықтар негізінде жетілдіру, қазіргі педагогика ғылымының алдында тұрған ауқымды істердің бірі. Жас ұрпақттың ұлттық игіліктігі мен азаматтың мәдени мұрасының сабақтастығын сақтай отырып, тәрбиелеу арқылы әрбірінің жеке тұлғалық салалары жан - жақты дамыту жаңа мектептің басты мақсаты болып табылады.
Қазіргі елімізде білім беру, жас ұрпақты тәрбиелеу мәселелері саласында түбегейлі, шұғыл бетбұрыстар жасалып жатқаны белгілі. Тәуелсіздік туын тіккен жас мемлекетіміздің болашағына тұтқа болар білімді де білгір, білікті азаматтарды даярлау - бүгінгі күннің мақсаттарының бірі. Сондықтанда мектептердегі оқу - тәрбие жұмыстары мен педагогикалық ғылым жүйесінде бұрынан жинақталған мол тәжірбиелерін тиімді жақтарын сұрыптай пайдалана отырып, қазіргі қоғамдық - әлеуметтік үрдістерге сай жаңаша түсінік - таным мен жан - жақты білім беру, келешектің әмбебап маман мұрагерлерін дайындау міндеті қойылып отыр. Қазіргі таңда білім шарттары бойынша оқушыларға музыкалық білім берудің мазмұны мен олардың музыкалық дамуы арасындағы байланысын, музыкадан сабақ беруін жаңарту үрдісінің тиімді критерлерін жасаудағы ұмтылыс оқушыларға музыкалық білім беру әдістемесінің интеграциясымен бағдарламалар нұсқаларында ереуше өзекті мәселе болып отыр. Қазіріг жас буын педагог - музыканттар балалармен жұмыс жасау барысында танымал отандық және шетел прогесшіл қайраткерлерінің ұсынған жаппай музыкалық білім беру идеясына сүйене отырып, оның мазмұнын жаңартуға тырысады. Мұғалім мамандығында қарым - қатынас жасау іскерлігі кәсіби қажетті қасиет болып табылады. Қазіргі жалпы білім беретін мектептегі оқытудың мазмұны мен құрылымы өзгеріп отырған кезеңде оқушылардың музыкаға деген қызығушылығын қалыптастыруда ойын техналогиясының алар орны ерекше. Музыка жалпы өмірдің, бүкіл дүниенің қимыл іс - әрекетін образды бейнелейтін диалектикалық құбылыстардың әсерлі дыбыстардың ұйқасуы, үндесуі, әуезі жинақтылығы. Ақылман Аристотель адамның жан - жақты мәдени және рухани дамуына ерекше мән беріп, әсіресе, өнер, соның ішінде музыка адамдарды тәрбиелеудің негізгі құралы деп атаған. Музыка - адамзаттың рухани азығы жан серігі және тілмен айтып жеткізе алмайтын ұшқыр қиялы, нәзік сезімі. Ол өзінің көркемдігі және нәзіктігімен адам жанын баурап, олардың ақыл - ой, сана - сезімінің кеңейіп жақсы мінез - құлықтардың қалыптасуына әсерін тигізеді. Эстетикалық тәрбиенің негізгі қүралдары - музыка, әдебиет және бейнелеу өнері. Олар зор идеялық роль атқарады. Өнер түрлері адамды қуанышқы бөлейді, жігерлендіреді, олардың идеялық жағынан баюына игі әсер етеді. Өнер түрлері адамның санасына белгілі бір көзқарастарды әр түрлі құралдар арқылы музыкада - симфония, оратория, ән; әдебиетте - проза, поэзия; бейнелеуде - жанр, пейжаз, енгізеді. Өнер өзінің нақты түрлерінде өмір сүреді: әдебиет, графика, театр, көркемсурет, мүсіндеу, хореграфия, музыка, сәулдет, қолданбалы және сәндік өнер т.б. Мектеп жұмыс жасайтын аймақтың өзіндік ерекшелік жағдайларын, оқушылардың ұлттық және әлеуметтік ерекшеліктерін есепке алуда көрінеді. Олар мектеп ұжымның оқыту мен тәрбиеде жоғары нәтежиелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Мектептердің барлығына тән жалпы белгілері бар; әрбір оқушы тұлғасын құрметтеуге негізделген педагогпен оқушылардың қарым - қатынас жүйесі; өзін - өзі басқару органдарын құру және олардың жұмысын қолдау; мектепүшін маңызды шешімдерді бірігіп қабылдау мектеп дәстүрлерін қалыптастыру; мектепте сезімдік қолайлы жағдай тудыру. Мектептегі оқушының музыкалық мәдениетін қалыптастыруда музыка мұғалімінің орындаушылық шеберлігі орындалатын шығарманың көркемдік, өнегелік мазмұнын ашу. Оқушалардың шығармашылық мүмкіндігін көтере білетін эстетикалық талғамын дамытатын мәні зор. Осы бағытта келешек жас ұрпақты сапалы білім беруші, ең алдымен, болашақ музыка мұғалімінің кәсіби даярлауға оқуы, іс - тәжірбиесінің қалыптасып шыңдалуына байланысты. Музыка мұғалімі маман педагогикалық тәрбиелік, ұйымдастырушылық дағдылардың басын біріктіріп әртүрлі іс - әрекеттерді құрайды. Осы іс - әрекеттер балалардың музыкалық мәдениетін қалыптастыруға және оны белгілі мақсаттарға жету барысындағы орындаушылық біліктілік пен дағдыларына тығыз байланысты. Мектептегі музыка сабағы бір сынып оқушылары ұжымдылық болып саналады. Білім берудің ұлттық модельіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, өз ісінде қатып қалған жаттандылықтан аулақ, тәжірбиелік қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген іскер педагог қажет. Мұғалімнің ғылыми білімдер жүйесін меңгеру жоғары болуы керек. Ал білімді педагогикалық қызметтің мақсатымен, әдіс - жағдайларымен байланыстыра ұштастыра білу шеберлігі шешуші көрсеткіш болып табылады. 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында музыкалық білім беру педагогикасы дербес ғылым ретінде дами бастады. Оған бірнеше факторлар себеп болды. Зерттеушілер музыкалық білім беру педагогикасының ғылым ретінде қалыптасу, даму жағдайын басты үш кезеңге бөліп қарастырды. Музыкалық білім беру педагогикасының проблемаларын, соның ішінде музыкалық тәрбиенің мазмұнын, әдіс - тәсілдерін анықтау ісімен айналысушылардың бірі А.Н.Карасев болды. А.Н.Карасевтің Ән айту әдістемесі өз кезеңінде аса танымал еңбектердің бірінен саналғанда. Әдістемеде ән айтуға үйретудің мақсаты және одан туындайтын нақты міндеттер, ән айтудың тәрбиелік маңызы анықталған. Автордың пікірінше, ән айтудың мақсаты - балалардың музыкалық қабілеттерін, сонымен бірге дауыс сөйлеу, тыныс алу органдарының іс әрекетін белсендіру қалыптасқан музыкалық қабілеттері мен іскерліктің оқуда қолдана білуге дағдыландыру. Ол нота сауатылығын ашу жөнінде де құнды пайымдаулар жасады. Осы жөніндегі әдістемелік ұсыныстары Францияда қолданылды.
19 ғасырдың соңында музыкалық білім беру педагогикасының қалыптасуына А.Л.Маслов өлшеусіз үлес қосты. Олар өздерінің педагогикалық тәжірбиесіне сүйене отырып, балалардың музыкамен шұғылдануға деген әуесқойлығын, шығармашылық белсенділігін арттыру негізінде олардың музыкалық болатындығын дәлелдеп берді. Қазіргі таңда шығармащылық тапсырмалар өтетіндей ұйымдастыру қажет. Ал қазір дәстүрлі оқу іс - әрекеті мен шығармашылық оқу іс - әрекеттерінің айырмашылығын көрсетіп кетейін. Дәстүрлі және шығармашылықпен ұйымдастырылған оқу - әрекетінің ерекшелігі Дамыта оқыту идеясын тәжірбиеде толық жүзеге асыруға шығармашылық тапсырмалар маңызды орын алады. Бүгінгі мектеп жасына дейінгі балалар кез - келген шығармашылық тапсырмаларды шешуді табыспен меңгере алаады деген ойдамын. Шығармашылық әрекетте баланың іздену жұмысын басты нысанада болады да нақты жағдайларын шешу арқылы нәтежиеге жететін шығармашылық қабілеттерді дамытады. Балалардың шығармашылық қиялы мен қабілететрін дамыту, олардың практикалық дағдыларын икемденуі сәбилік кезеңінен басталады. Тәрбиешінің бұл бағыттағы жұмысы ғылыми негізінде құрылуының және талантты бірте - бірте, жүйелі күрделендіру, әртүрлі жастағы балалардың білімі мен іскерлігін саралап қарау принциптерін сақтап, өнердің әртүрінің қазіргі кездегі даму деңгейін ескеретін белігі бір бағдарлама бойынша жүргізілуінің маңызы зор. Психологтар мен педагогтардың бірлесіп атқарған зерттеулердің соңғы жылдары балалардың ақыл - ой эстетикалықіс - әрекеттердің, адамгершілік - ерік қасиеттерің деңгейі неғұрлым жоғарлығын көрсетті. Бұл сәби кезден - ақ басқала бастайды. Сондай - ақ балабақшаның баланың адамгершілігін әлпетін қалыптастыруындағы рөлі мен мәні артып келеді. Баланың ақыл - ой ерекшеліктерін жаратылыстан шығармашылық, ізденгіштік сипаттарға ие, алайда оны дұрыс бағытта дамыту жағдайларын әрқилы болады, сондықтан баланың ақыл - ойын қабілетін дамыту, оның нақты дара ерекшеліктерін ескеріп тәрбиелеуге байланысты балалардың толыққанды ақыл - ойын тәрбиесін сенссорлық процестерді қалыптастырудан бастау қажет. Ойлау әрекетін дамыту сөйлеусіз мүмкін емес. Бала тілді меңгере отырып заттар, олардың қасиеттерін, белгілері туралы білімдерін игере бастады. Нақты бағдарлама мазмұнына сай балалар қарапайым математикалық ұғымды меңгеру негізінде санау, салыстыру заттардың ұзындығын, енін биіктігін өлшеу жиынтығын, сан, есептеу, ұғымдарын да дидактикалық және танымдық ойындар арқылы үйренеді. Балалардың логикалық қабілеттін, интелектуалды дарындылығын есте сақтау қабылеттері арқылы, өз бетімен ойлау қабілеті арқылы жоғарлай түседі. Түрлі логикалық, сенсорлық ойындар арқылы баланың ойлау шығармашылығын дамытып, ақыл - ой белсенділігін арта түседі. Мектепке дейінгі балаларға арналған көркемдік шығармалар баланы шынайы болмысты нақты әрекетті мен таныстыра отырып, оны көркемдеп, баяндап баланың сөздік қорын молайтып, тілін байытады. Мектепке дейінгі жастағы балалар айналасындағылардың сөйлеуін және өзінің сөйлеуін бақылай отырып, бағалаушылық сипатта болады.
Мектеп жасына дейінгі өнімді шығармашылық қызметін ұйымдастыруда, бейнелеу өнерінің сабақтары барлық жас топтарында өткізіледі.Мектеп жасына дейінгі балалар бейнелеу өнерімен жалпы топтық оқу іс - әрекетінен, тыс та, ойынға бөлінген уақыт мезгілінде шұғылданады. Тәрбиеші бұл ынтаны, алынған бейнелеу дағдыларын қолдануға баланың шығармашылығын қолданып отырады. Іс - әрекеттің түрлеріне үңілсек сурет салу, жапсыру, мүсіндеу, құрастыру - балалардың шығармашылық белсендігін көрсету үшін үлкен мүмкіндік беретін сабақтардың бірі. Мектеп жасына дейінгі балалар бейнелеу кезеңінде заттарды салыстыра алмауы мүмкін, дегенмени не нәрсеге қарап сурет салуда дәл ұқсастықпен бейнелеуіне мүмкіндік бар. Сондықтан бала бақша балаларына бейнелеу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыруда отбасы тәрбиесінің әсері туралы
Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыруда отбасы тәрбиесінің әсері
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастырудың педагогикалық мәселелері
Оқушылардың тұлғалық қасиеттерінің ерекшеліктері
Қазақ тілі пәнін оқыту барысында бастауыш сынып оқушыларының тұлғасын адамгершілікке тәрбиелеу
Мектептегі мұғалімдердің педагогикалық кәсіби тұлғасын қалыптастыру
Мұғалімнің жеке тұлғасының оқушылардың тәрбиесіне ықпалын анықтау
Мұғалімнің жеке тұлғасының оқушы тәрбиесіне ықпалы
Ана тілі пәнін оқыту барысында кіші мектеп жасындағы оқушылардың тұлғасын адамгершілікке тәрбиелеудің теориялық және әдістемелік негіздері
Жеке тұлғаның тәрбиесі, қалыптасуын зерттеу
Пәндер