Төтенше жағдайлардың түрлері мен шығу себептері


1, 2-практикалық сабақ
Төтенше жағдайлардың түрлері мен шығу себептері.
Төтенше жағдай дегеніміз - сырттай қарағанда күтілмеген, тосыннан болған және оның әсерінен жүйелі түрде қалыптасқан процестер немесе құылыстардың кенет бұзылуына әкеліп соқтыратын және сонымен қабат тұрғындардың тіршілігіне, экономикасына, әлеуметтік орта мен табиғатқа бірталай кері әсерін тигізетін жағдай.
Төтенше жағдайлардың түрлері мен шығу себептері. Әрбір ТЖ-ның өзіндік физикалық мәні, тек өзіне байланысты туу себептері, қорғаушы күштері, өрістеу сипаты, адамға және ол өмір сүретін ортаға әсер ету ерекшеліктері болады. ТЖ осы себептеріне байланысты түр-түрге бөлінеді.
Шығу себептеріне байланысты ТЖ мынадай түрлерге бөлінеді: табиғат зілзалалары, техногендік апаттар, антропогендік және экологиялқ апаттар (бұлардың бәрі бейбіт кездегі ТЖ) және әлеуметтік - саяси соқтығыстар.
Табиғат зілзалалары дегеніміз бұл төтеншелік ерекшеліктері бар, халықтың едәуір топтарының қалыптасқан тұрмысының бұзылуына, адамдар шығынына, материалдық құндылығы бар заттардың жойылуына әкелетін табиғаттың қауіпті құбылыстары мен процестері.
Техногендік апаттар деп өндірістік процестердің күрделі бұзылуына, жарылыстарға, өрт ошақтарының шығуына, үлкен аймақтардың радиоактивтік, химиялық немесе биологиялық залалдануына, көп адам өмірінің зақымдануына (өлімге ұшырауына) апаратын машиналардың, механизмдердің және агрегаттардың жұмыс істеуі кезінде кенет істен шығып қалуын айтады.
Антропогендік және экологиялық апаттар деп адамдардың шаруашылық тіршілігінен туындаған антропогендік фактордардың әсерінен биосфера сапасының өзгеріп, адамдарға, жануарлар мен өсімдіктер әлеміне, қоршаған ортағатұтастай кері әсерін тигізуін айтады.
Әлеуметтік-саяси соқтығыстар деп- бұл мемлекеттер арасындағы қайшылықты ең ауыр жолмен (осы заманғы қаруларды қолдана отырып) шешудің түрін айтады.
Таралу жылдамдығына байланысты ТЖ мынадай түрге бөлінеді: кенет болатын ТЖ (жер сілкінісі, жарылыс), екпінді ТЖ (өрт, улы заттардың асып төгілуі), бір қалыпты ТЖ (су тасқыны, вулканның атқылауы), созылыңқы ТЖ (қуаңшылық, эпидемия, топырақтың бүлінуі, көл мен теңіздің суалуы) .
3-практикалық сабақ
Табиғат зілзаласы дегеніміз - бұл төтеншелік ерекшелігі бар тұрғындардың едәуір топтарының қалыптасқан тұрмысының бұзылуына, адамдар шығынына, материалдық құндылығы бар заттардың жойылуына әкелетін табиғаттың қауіпті құбылыстары мен процестері.
Табиғат зілзалаларына мыналар жатады: жер сілкінісі, су тасқыны, сырғыма, опырылма, қар көшкіні мен қар басу, сел, дауыл мен құйын, өрттер. Табиғат зілзалаларына қуаңшылық, ұзақ жауған нөсер жауын, күшті тұрақты аяз, эпидемия, эпизоотия, эпифитотия, орман мен ауыл шаруашылық зиянкестерінің жаппай таралуы да жатады.
Табиғат зілзалалырынан зардап шекен адамдардың саны айтарлықтай болуы мүмкін, ал зақымдау сипаты алуан түрлі. Адамдар бәрінен көбірек су басудан (жалпы зиянның 40%), дауылдан (20%), жер сілкінісінен (15%), қуаңшылықтан (15%) азап шегеді.
Жер сілкінісі деп жер қыртысы немесе жер мантиясының жоғарғы қабатының кенеттен сөгілуі мен жылжуының салдарынан пайда болып, сонан кейін үлкен қашықтықтарға берілетін жер дүмпулері мен тербелістерін айтады. Жер сілкінісі техтоникалық не жанартау себептерінен болады. Жер сілкінісінің шыққан жері жер сілкінісінің ошағы деп аталады, бұл ошақта жерде жинақталған энергияның көп мөлшері бөлініп шығады. Ошақтың кіндігін гипоцентр (гипорталық) деп атайды да, оның жер үстіндегі проекциясын эпицентр (жер сілкінісінің кіндігі) дейді.
Су тасқыны деп әр түрлі себептер (көктемгі қардың еруі, қатты жауын мен нөсер, өзендегі мұздардың арнаға симауы, бөгеттің бұзылуы, судың қатты жел әсерінен болатын ағысы және т. б. ) салдарынан болатын өзендегі, көлдегі, су қоймасындағы су деңгейінің көтерілу нәтижесінде үлкен аумақтың уақытша су астында қалуын айтады. Су тасқыны жер сілкінісінің нәтижесінде де болуы мүмкін. Су тасқыны тек табиғаттың салдарынан ғана емес (нөсерлі жауы, қардың еруі, цунами) адамдардың да әр түрлі іс-әрекетінің (гидротехникалық құрылыстардың қирауы - бөгеттер, су қоймалары) нәтижесінде де болады. Су тасқыны ауыр табиғи апаттарға жатады.
Су тасқыны орасан зор материалдық нұсқан келтіріп, көптеген адамдар өліміне себепкер болады.
Су тасқынының тікелей материалдық нұсқаны болып тұрғын үйлер мен өндірістік ғимараттардың, автомобиль және темір жолдарының, электр желісі мен байланыс жүйелерінің, мелиоративтік тораптардың зақымдануы мен қирауы, малдар мен ауыл шаруашылығы дақылдарының жойылуы, шикізаттың бұзылуы; жанармай, азық-түліктер, жем-шөп, тыңайтқыш және т. с. с шығыны болып табылады.
Су тасқыны электр кабельдері мен өткізгіштердің және канализация құбырларының бұзылуына, сондай-ақ жер астында орналасқан электр, теледидар, телеграф кабельдерінің топырақтың бір қалыпты емес шөгуінен істен шығуына себеп болады.
Су тасқынын болжауға, уақытын анықтауға болады. Мұны анықтау - құтқару шараларын ұйымдастыру мен едәуір шығынды төмендетуге ықпал жасайды.
Су тасқынымен күресудің негізгі бағыты болып өзендегі судың ең көп мөлшерін жан жаққа ағызып тарату арқылы азайту болып табылады (орман қорғайтын жолақтар отырғызу, беткейге көлденең жер жырту, жағалау маңайындағы су қорғайтын өсімдіктер жолақтарын сақтау, беткейлерді террастау және т. б. )
Сонымен қатар жаңбыр мен еріген суларды жинау үшін сайларды, әртүрлі тоған сияқты орындарды тұрғызу да тиімді болып есептеледі. Орташа және ірі өзендер жағдайындағы бірден-бір тиімді әдіс - су тасқыны ағынын су қоймасы көмегімен реттеу.
Сонымен бірге су тасқынынан қорғану үшін ертеден келе жатқан әдіс-бөгеттерді тұрғызу кең қолданылады. Судың бір орынға жиналып қалу қауіпін жою үшін өзен арналарының жекелеген бөліктерін түзету, тазарту, тереңдету жұмыстары және мұздарды бұзылудан 10-15 күн бұрын арнайы жарылыспен бөлшектеу жүргізіледі. Зарядтарды мұздың қалыңдығынан 2, 5 есе тереңдікке орналастыру тиімді. Өзен тасудан 15-25 күн бұрын мұз қабатына тұз қосылған, ұнтақталған шлактарды себу де сондай нәтиже береді.
Мұздардың бір орынға жиналып қалу аймағы 3-4 м аспаған жағдайда, оларды өзен мұзжарғыштармен жояды.
Сырғыма деп әртүрлі себептермен (тау жыныстарының жаңбыр және дер асты суларымен шектен тыс ылғалдануынан беріктігінің әлсіреуі, адамдардың жөнсіз әрекетері, жиі дүмпулердің т. б. ) бұл ауырлық күшінің әсерінен тепе-теңдіктің бұзылуы нәтижесінде тау жыныстарының массасының беткей бойымен төмен қарай сырғып жылжуын айтады.
4-практикалық сабақ
Жарақаттар - бұл адам ұлпалары мен органдарының зақымдануы, сыртқы себептердің аяқ-қолдың сынуы мен буынның шығуынан, жұмсақ ұлпаның жаралануы мен дененің сыдырылуынан, органдардың зақымдануынан және көптеген басқа жәйттардың әсерінен ұлпалары мен органдары тұтастығы мен қызметінің бұзылуы. Әсер механикалық, техникалық, химиялық, спецификалық (рентген сәулесі, радиоактивті сәулелер, электр тоғы), психикалық (қорқыныш) болуы мүмкін. Балалар жарақатының көпшілігі механикалық әсерлерден болады, сіңірдің созылуы, буынның шығуы, аяқ-қолдың шығуы) .
Механикалық жарақаттар ашық және жабық болуы мүмкін. Жабық зақымдану -бұл тері жамылғылары мен кілегейлі қабықтар тұтастығы бұзылмайтын зақымдану түрлері. Бұған терінің сыдырылуы, сіңірдің созылуы, жұмсақ ұлпалардың ажырауы (бұлшық еттің, жүйкенің, сіңірдің), буын мен сүйектің зақымдануы жатады (буынның таюы, сүйектің сынуы) .
Ашық зақымдану бұл органдар ұлпаларының зақымдалуы, артынша тері жамылғылардың кілегейлі қабықтардың тұтастығы бұзылады (жарақаттар, сүйектің ашық сынуы) .
Организм ұлпасында бір сәтте, кездейсоқ, қатты әсер ету нәтижесінде пайда болған зақымдану қатты жарақат деп аталады, аз күштің көп мәрте және тұрақты әсерінен пайда болған жарақат созылмалы жарақат деп аталады.
Кез-келген жарақат бір орындағы ұлпалардың бұзылуымен қатар организмде басқа да белгілі бір жалпы өзгерістерді тудырады (жүрек-тамыр қызметінің, тыныс алудың, зат алмасуының бұзылуы) . Бұл құбылыстар орталық нерв жүйесінің тітіркенуінен, қанның кетуінен, өмірлік маңызды органдардың зақымдалуынан, уланудан пайда болады. Қатты сырқырататын және қан көп кеткен ауқымды зақымдану кезінде сырқаттың жалпы жағдайы өте жедел және күрт нашарлайды.
Талықсу- адам миының қансыздануы нәтижесінде естен кенеттен уақытша айрылу. Талықсу көбінесе психикалық жарақат деп аталады (қорқу, қанның түрі, дененің аяқ асты сырқырауы) .
Талықсуға қажу, ашығу, қанның аздығы, жуынатын бөлмеде ұзақ отыру әсер етеді. Талықсу көбінесе аяқ асты пайда болады, алайда кейде сырқаттың құсқысы келеді, ауаның жетіспеуін сезінеді. Бұл жағдайда сырқат бозарады, тамыр соғысы әлсірейді, дем алысы күшейеді. Есінен айрылған бойда сырқат құлайды.
Талықсу кезінде сырқатты оның басын денесінен төменірек етіп жатқызған жөн. Бұл бас миын қан ағынының көбірек келуіне көмектеседі. Сырқаттың тар киімдерін шешу қажет (жағаның түймесін ағыту, галстукты, белбеуді босату, таза ауаның келуін қамсыздандыру) . Тыныс алуды қоздыру үшін сырқатқа иіскеу үшін мүсәтір спиртін береді, оның бетіне суық су себелейді. Әдетте осы құралдар сырқатты талықсу күйінен шығару үшін жеткілікті.
5-практикалық сабақ
ТЖ кезіндегі халықты қорғау, бұл алдында ТЖ жағымсыз әсерінен жол бермеу немесе оның әсерінің деңгейін неғұрлым көбірек әлсірету мақсатын қойған іс-шаралар жиынтығы. ТЖ кезіндегі халықты қорғаудың тиімділігіне ТЖ кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету принциптерін саналы түрде ескергенде және құралдар мен әдістердің барлығын жақсы қолданғанда ғана қол жеткізілуі мүмкін.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету принциптері жүзеге асыру белгісі бойынша шартты түрде үш топқа бөлінеді.
Күнібұрынғы даярлық қатерлі және зиянды жәйіттерден халықты қорғайтын (ұжымдық және дара) құралдарды жинақтап және оларды қолдануға әзір ұстап, сонымен қатар қауіпті жерден эвакуациялау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға даяр тұруды қарастырады.
Сараланған амал қорғаныс іс-шараларының сипаты мен көлемі қауіпті және зиянды жәйттердің көздерінің түрлері мен жергілікті жағдайға байланысты белгіленеді.
Шаралар кешендігі ТЖ-ның салдарларынан халықты қорғаудың құралдары мен әдістерін тиімді қолданудан (олардың қазіргі техникалық-әлеуметтік ортада қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі барлық іс-шараларының жүзеге асырылуымен үйлестірілген) тұрады.
Халықты қорғаудың негізгі әдістеріне мыналар жатады:
- Қалада тоқтатпай жұмыс істейтін кәсіпорындардың жұмысшылары мен қызметкерлерін қала сыртындағы аумаққа таратып орналастыру, сонымен қатар осы қалалардан халықты эвакуациялау;
- Қорғаныс құрылыстарына паналату;
- Жеке қорғау құралдарын және медициналық сақтандыру құралдарын қолдану.
Осы аталғандардан басқа халықты қорғану әдістеріне жалпылама міндетті оқыту ұйымдастырылады және өткізіледі. Сондай-ақ келесідегідей жағдайлар қарастырылады: АҚ дабылы бойынша құлақтандыру; азық-түлікті, жер асты су көздеріндегі сумен қамтамасыз ету және су тарту жүйелерінің құрылыстарын радиоактивтік, уландырғыш заттармен және бактереологиялық барлау; жұмысшыларды, қызметкерлерді және объектілердің өндірістік қызметін қорғаудың тәртібін орнату; дозиметрлік және зертханалық (химиялық, бактереологиялық) бақылау. Өртке қарсы, эпидемияға қарсы және санитарлық-гигиеналық сақтандыру шаралары, зардап ошақтарында құтқару және қалпына келтіру жұмыстары, адамдарды санитарлық тазалықтан өткізу, техникаларды, аяқ-киімдерді, аумақты және құрылыстарды залалсыздандыру жоспарланады.
Бұл тарауда қарсыластың жаппай қырып-жою қаруларынан және басқада шабуыл құралдарынан халықты қорғаудың тек қана негізгі әдістері қарастырылады.
Халықты құлақтандырудың негізгі тәсілі - радио мен теледидар арқылы ауызша хабарлау.
Халықтың назарын бұру үшін әуелі ауызша берілетін хабардан бұрын «Баршаңздың назарыңызға» дабылын білдіретін дабылдамалар, өндірістік гудоктар және басқа дабыл тарату құралдары іске қосылады
10-практикалық сабақ
Жеке қорғану құралдары - жеке құрамды улағыш заттар, радиоактивтік заттар және биологиялық құралдардың организм ішіне, тері қабықтарына және киім-кешекке тиюінен сақтау, сондай-ақ ядролық жарылыс сәулесіне шалдығу зиянын азайту үшін қолданылатын құралдар кешені. Жеке қорғану құралдарына газтұмылдырық, қорғаныш жамылғыштар, шұлық, ерекше құрамдар сіңірілген киімкешек және т. б., сондай-ақ арнайы қорғаныш киімдер жинағы жатады. Қорғаныш киімдердің бір нұсқасы жалпы әскери қорғаныш жиынтығы (қорғаныш плащ, шұлық, колғап) болып табылады. Жеке қорғану құралдары жұмысшылардың зиянды және қауіпті өндіріс факторларынан қорғауы үшін арналған.
Жеке қорғаныс құралдары - өндіріс процесіндегі қауіпті және зиянды факторлардан және ластанудан қорғану мақсатында жұмысшылар тарапынан пайдаланылатын жабдықтар. ЖҚҚ өндіріс ұйымы тарапынан жұмысшыларға жұмыс істеу қауіпсіздігі, ұжымдық қорғаныс құралдары негізіндегі жабдықтардың жиынтығы толық қамтамасыз етілмеген жағдайда пайдаланылады. Жұмысшыларды жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету типтік тармақ нормасына сәйкес болуы керек, яғни жұмысшыларға арнайы киім, аяқ киім және басқа қажетті жеке қорғаныс құралдары тегін беріледі.
Оқшаулау костьюмдері
пневмокостьюмдер;
гидрооқшаулаушы костьюмдер;
скафандрлар;
Тыныс алу мүшелерін қорғау құралдары
противогаздар;
респираторлар;
пневмошлемдер;
пневмомаскалар;
- арнайы киімдерді - комбинезондар, полукомбинезондар; курткалар;
шалбарлар; костюмдер; халаттар; плащтар;
полушубалар, тулуптар; фартуктар; жилеттер; қолғаптар.
- арнайы аяқ қиім - етіктер, ботфорттар, полусапожкалар, ботиноктар,
полуботиноктар, туфлилар, галоштар, боты, бахилдар;
- қолды қорғау құралдары - қолғаптар;
- басты қорғау құралдары - каскалар; шлемдар, подшлемниктер; шапкалар,
береттер, шляпалар;
- бетті қорғау құралдары - қорғау маскалары; қорғау щитоктары;
- есту мүшелерін қорғау құралдары - шуға қарсы шлемдар; наушниктар;
вкладыштар;
- көзді қорғау құралдары - қорғау көзілдіріктері;
- сақтандырғыш құралдар - сақтандырғыш белдіктер; диэлектрикалы
төсеніштер; қол қыспақтар; манипуляторлар;
тізе қаптар, шынтаққаптар, иыққаптар;
қорғаушы, дерматологиялық құралдар - жуу құралдары; пасталар; кремдар;
мазьдар.
ЖҚҚ пайдалану максималды түрдегі қауіпсіздікпен қамтамасыз етуі, ал оларды пайдаланудан туатын ыңғайсыздық минимумға тең болу керек.
13-практикалық сабақ
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz